йнекелердің қасиеттерінехимиялық құрамының әсері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

йнекелердің қасиеттерінехимиялық құрамының әсері

Поиск

4.

Кептіру

Кептіргіштер

Температура, қысым ылғалдылық, кептіру мерзімі, келіп кететін газдардың температурасы, газдардың ылғалдылығы, кептірілген бұйымның сапасы

5. Күйдіру процесі. Күйдіру -керамикалық бұйымдар жасау технологиясының ең маңызды және соңғы сатысы. Керамикалык бұйымдардың маңызды физикалық-механикалық қасиеттері 900-Н100°С аралығындағы температурада күйдірілуі нәтижесінде калыптасады. Нақтылап айтқанда күйдіру нәтижесінде бұйымдар тас тәрізді күйіне көшіп беріктік, суға және аязға төзімділік көрсеткіштерін жетерліктей жоғарылатып, керекті құрылыстық қасиеттеріне ие болады.

Күйдіру

Вагонеткаға орналастыру, күйліру

Пеш

Вагонеткаға орналастырудың дұрыстығы, орналастырудың тығыздығы, плитканың ылғалдылығы

 

6. Үшінші бақылау – қорытынды бақылау, яғни дайын бұйымдарды сынау. Қоймаға келген бұйымдардың әр жерінен біреуден алып лабораториялық сынаққа жібереді. Сол жерде материал талапқа сай сай еместігі анықталады.

Дайын бұйым

Сақтау

Қойма алаңы

Су сіңіргіштігі, аязға төзімділігі, беріктігі

 

7. Бірінші бақылау түрі - кіріспе бақылау, яғни бұйының шикізатын бақылау. Күйдірілмеген материалдар мен бұйымдарды дайындау барысында балшыққа қоспа ретінде диотомит, трепел, опока, құм сияқты тау жыныстарын пайдаланады. Балшықтың керамикалық бұйымдарды дайындауға жарамдылығы, бірінші кезекте, минералды құрамымен, дисперсиялығымен (бөлшектердің өлшемімен), иілгіштігімен және жылуға шыдамдылығымен анықталады. Балшықтың химиялық құрамы негізінен кремнийдің, алюминийдің, темірдің тотықтарынан құрастырылған мыс: SiO2 – 40-50; Al2O3 – 40-50; Fe2O3 – 9-15; MgO – 1-4; CaO – 0,5-2,5; Na2O, K2O – 1% дейін болады.

8. Екінші бақылау түрі – ағымды бақылау түрі, яғни бұйымның технологиялық процесін бақылау. Масса дайындау. Саз массасын пластикалық әдіспен дайындау жұмысы мынандай процестерді қамтиды: сазды карьерден шығаруды, оны және кұнарсыздандырғыш қоспаларды майдалауды, оларды алдын-ала араластырып ылғалдауды, шихтаны үлпа етіп майдалауды және саз массасын дайындауды. Осы аталған процестерді тек мұқият орындағанда ғана, жақсы сапалы керамикалық бұйымдар алуға мүмкіндік туады. Қалыптау процесі. Пресс калпынан масса сығылып шығарда оның сыртқы қабаты қалып қабырғасының үйкеліс күші арқылы ететіндіктен, қалыпталынған бұйымдардың бетінде түрлі ол қылықтардың пайда болып қалуы мүмкін. Сондыктан, саздық массаның ылғалдылығын құнарсыздандырғыш қоспалардың мөлшерін дұрыс тағайындау арқылы оның серпімді-созымталдық қасиетін жақсартады. Күйдіру процесі. Күйдіру -керамикалық бұйымдар жасау технологиясының ең маңызды және соңғы сатысы. Керамикалык бұйымдардың маңызды физикалық-механикалық қасиеттері 900-Н100°С аралығындағы температурада күйдірілуі нәтижесінде калыптасады. Нақтылап айтқанда күйдіру нәтижесінде бұйымдар тас тәрізді күйіне көшіп беріктік, суға және аязға төзімділік көрсеткіштерін жетерліктей жоғарылатып, керекті құрылыстық қасиеттеріне ие болады.

9. Үшінші бақылау – қорытынды бақылау, яғни дайын бұйымдарды сынау. Қоймаға келген бұйымдардың әр жерінен біреуден алып лабораториялық сынаққа жібереді. Сол жерде материал талапқа сай сай еместігі анықталады.

10. Техникалық бақылау бөлімі (ОТК) сапалы және шикізат материалдарының дұрыс қабылдауларына жауап береді.

Өндірісті бақылаудың негізгі жұмысы:

- материалдар мен жартылай фабрикаттардың сапасын бақылау;

- технологиялық шарттардың орындалуын бақылау;

- операциялық бақылау.

 

13. Өндіріс қалдықтары мен әр түрлі жанама өнімдерді пайдалану, әсіресе кондициялық шикізаттың қазба қорының азайып бара жатқанын есепке алғанда экономикалық жағынан маңызы зор. Бұдан геологиялық барлау, карьер құрылысы алынып отынға кететін шығын айтарлықтай төмендейді, өйткені көп қалдықтар жанатын компоненттерден тұрады. Мұнымен қоса экологиялық мәселелер шешіледі.

    Қәзіргі уақытта құрылыс материалдар кәсіпорындары өндірістің өзіне тән ерекшеліктері мен талап етілген дайын бұйымның қасиеттеріне байланысты өндіріс қалдықтарын тиімді, әрі кең көлемде пайдалануда халық шаруашылығының жалғыз саласы екендігін тәжірибелер дәлелдейді.

 Кірпіш зауыттарының тех-экономикалық көрсеткіштерін жақсартып және керамикалық бұйымдардың сапасын жоғарылату жұмыстарының бірден-бір бағыты болып технологиялық отын шығынын азайтып, кей жағдайларда алып тастауға да болатын шихтаға енгізілетін реттегіш қоспаларды пайдалану. Мұндай қоспаға ЖЭС күлі жатады. Құрамындағы кокс қалдықтардың болуынан бұлар бір мезгілде жанып кететін қоспалар әрі жүдеткіш, яғни иілгіштігін, саздың ауалық және оттық шөгуін төмендетуге ықпал жасайды.

Керамикалық кірпіш пен тас өндірісінде қоспа болып ЖЭС күл-уносы, сонымен қатар үйіндіден алынған күл-шлакты аралас болуы мүмкін.

    Құрылыстық керамика өндірісінде қолданылатын күлшлакты аралас немесе күл-унос келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

-  күлдер жеңілбалқитын немесе орташа балқитын болуы тиіс (жібу температурасы сәйкесінше 1200-14000С-ге дейін).

- күлдегі жанбай қалған отын құрамы шектелмейді, өйткені күлдегі 10% және одан көп жанғыш бөліктер болғанда шихтаға технологиялық отынның енгізілуі айтарлықтай төмендейді;

- түйір өлшемі 3мм асатын отындық шлак мөлшері күлшлакты араластың көлемінен 5 % аспау керек.

- rүлдегі күкірт құрамы (SO3 пересчете) 2 % –н аспауы керек;

- түйір өлшемі 1мм үлкен болатын карбонатты жыныстар құрамы рұхсат етілмейді.

Қабырғалық керамика шихтасына қоспа үшн СаО +МqО құрамы 5% жоғары емес, 20% кем емес жанбай қалған отын мөлшері бар күлді пайдалану қажет. Шикізат араласпасына күлді 15% -дейін мөлшерде қосады, ал кейбір зауыттарда күлді 50% дейін көтереді, бұл кірпіштің орташа тығыздығын 1250кг/м3 –қа дейін төмендетуге мүмкіндік береді (кәдімгі керамикалық кірпіштің орташа тығыздығы 1600...1900кг/м3 аралығында болады).

 Күл қоспасындағы кірпіш пен керамикалық тастың физика- механикалық қасиеттері керамикалық бұйымға тиісті әрекеттегі МемСт талабына жауап беруі тиіс.

Сазды жыныстардың қасиеттерінің әр түрлілігіне байланысты, сондай-ақ шихтаға қоспа ретінде қолданылатын ЖЭС күлі керамикалық бұйымдар технологиясы мен оларды өндірудегі технологиялық схемасы бірдей. Керамикалық кірпіш өндірісіндегі технологиялық линия негізгі болып табылады. Күлді жүдеткіш, немесе отынды қоспа ретінде пайдаланады. Шихтаға қосымша келесі қоспа түрлерінің бірі- ағаш үгіндісі, шамот, кварцты құм, қоспа мөлшері тәжірибелік жолмен тағайындалады.

ЖЭС үйіндісіндегі күлшлакты аралас қоспа ретінде пайдаланады, алдын ала кептіріп, елеп және бөлшектенеді.

    Иілгіштік қасиетіне байланысты сазға түрлі мөлшерде күл қосады, %: жоғарыиілгішті саз үшін-40-48; орташа иілгішті-30; иілгіштігі төмен-8...20, 20%-н аса күл немесе күлшлакты араласты біркелкі иілімді кебуге жоғары сезімтал сазды пайдаланатын жеке зауыттарда ғана ендіреді.

ЖЭС күліндегі керамикалық бұйымдардың технологиялық ерекшелігі: шикі-кірпіш- массасында жанатын күлдегі майдаұнтақты жанғыш қалдықтардың біркелкі таралу есебінен біркелкі күйдірілуі; жоғары сапалы бұйым, соның ішінде беріктігі жоғары, тығыздығы төмен; технологиялық отын шығыны аз. Техника-экономикалық тұрғыдан қарағанда ЖЭС күлін қосу бұйымды өндіру шығынын төмендетіп, шикізат шығынын қысқартады, дайын бұйымның өзіндік құнын төмендетеді.

ЖЭС күлін енгізгенде бұйымның беріктігі 15-60%-ға артады (сәйкесінше бұйым маркасы жоғарылайды). Орташа тығыздығы 1500кг/м3 аспайды; технологиялық отын шығыны 20...70% төмендейді. Шикі-кірпіштің кептіру циклын 20% аса қысқартады.

Отынды күл мен шлактан басқа құрылыс керамика өндірісінде басқа техногенді шикізат түрі де қолданады.: қара және түсті металлургия шлактары, химиялық өнеркәсіп қалдықтары (фосфор шлагы, фосфоргипс пен борогипс, пиритті огарка), қырып және жолай қазылған жыныстарды, орман және ағаш өңдейтін кәсіпорындар қалдықтары.

    Керамиканы дайындау үшін қалдықтарға келесі негізгі техникалық талаптар қойылады: силикат пен алюмосиликаттың құрамы жоғары, қыздырғанда газ бөлінумен ыдырайтын карбонат пен басқа қосылыстардың құрамы шектеулі; (1% төмен) SO3 есептегендегі күкірт құрамы төмен; қыздырғанда улы газ бөлетін қосылыстар болмауы керек; ірідисперсті түйір өлшемі (1,5-2мм) шектеулі.

14. Күл – түрлі отындардың толық жануы кезінде олардың құрамындағы минералдық қосылыстардан түзілетін жанбайтын қалдық. Химикалық құрамы жағынан күл SіО2, Al2О3, CaO, MgO, Fе2О3, т.б. оксидтерден тұрады. Тас көмір мен қоңыр көмірдің 1 – 45%-ы, жанғыш тақтатастың 50 – 80 %-ы, шымтезектің 2 – 30%-ы, ағаш отынның 1% мөлшері күлге айналады. Күл қазандық агрегаттардың оттығында, т.б. бөліктерінде қож (шлак) түрінде тұтылып, ластайды да қыздыру беттерінің жылу беруін нашарлатады әрі қазандықтың аэродинамикалық кедергісін арттырады. Ұшпа күлдер қазандық түтіктері мен түтін тартқыш құбырларын үйкелеп мүжиді және түтінмен бірге сыртқа шығып, қоршаған ортаны ластайды. Күл құрылыс материалдары өндірісінде бетонның кейбір түрлерін дайындауға, керамикалық кірпішке жүдеудеткіш қоспа ретінде пайдаланады. Көмір күлінен сирек кездесетін элементтер (галлий, германий) алынады.

ЖЭБ күлі деп тас көмірді жағу нәтижесінде тозаң тәрізді қалатын қалдықты айтады. Керамикалық кірпіш өндірісінде жүдеудеткіш қоспа ретінде беттік ауданы 2000-3000 см2/г болатын ЖЭБ күлдерін қолданады. ЖЭБ күлінің жылубергіштігі 1000-3200 ккал/кг.

ЖЭБ күлінің ағаш жаңқаларымен немесе шлакпен 10-15% қоспасы кірпішті кептіруге шыдамдылығын және беріктігін арттырады. Бұл күлдің басқа қоспалармен қолдану кезінде біртекті араласуының нәтижесінде болады. Шихтаның құрамына 15-45% ЖЭБ күлін қосады. Көмірбайыту фабрикаларының қалдықтары. Бұл қалдықтар көмір түрлерін байыту салдарынан алынады. Бұл өз бетіне сазды және басқа да 10-30% дейін жанғыш бөлшектері бар жыныстардан тұрады. Құрамында көмірі бар жыныстардың су сіңіргіштігі 10-12%, бөлшектерінің ірілігі 6-100 мм болса, 70% - ға жуығы күлге айналады. Құрамында көмірі бар жыныстардың қалдықтарын қосу нәтижесінде жеңіл балқитын саздардың пісу интервалы және бұйым беріктігі ұлғаяды.

15. Қазақстанда қазіргі заманғы керамика өндірісі 20 ғ-дың 50-жылдарынан бастап өрістеді. Күйдірілген кірпіш өндіретін жүзден астам қыш зауыты іске қосылды. Алматыдағы керамикалық тәжірибе зауыты алуан түрлі сәндік, тұрмыстық бұйымдар шығарды. Астана техникалық фарфор зауыты, керамика комбинаты, Фарфор зауыты, Ленгердегі керамикалық құбыр з-ты, Қапшағай фарфор зауыты заманауи талаптарға сай керамикалық бұйымдар шығарады.

Осы заманғы керамикалық бұйымдар мен материалдар қолданылатын орны мен қасиеттеріне, негізгі шикізатына немесе күйдірілген керамиканың фазалық құрамына қарай жіктеледі.

16. Шикізатты өңдеу және массаны дайындаудағы технологияға сәйкес керамикалық бұйымдарды қалыптау үш әдіс бойынша жүргізіледі: иілгішті, жартылай құрғақ, құю не шликерлі.

Бірінші әдіс кеңінен тараған. Бұл әдіс қабырғалық керамикалық бұйымдарды черепица, канализациялық және дренажды құбыр, сондай-ақ сәулеттік көркемдік керамикаларды қалыптауға арналған.

Екінші әдіс керамикалық плиткаларды қалыптау үшін қолданады. Күрделі конфигурациядағы бұйымдарды қалыптайды. (сантех бұйымдар және әсемдік керамика), сонымен қатар плиткалардың кейбір түрлері үшінші әдіс бойынша жүргізеді.

Қалыптаудың иілгішті әдісі. Ылғалдылығы (18-26 %) иілгішті қамырдан керамикалық бұйымдарды дайындауды әдетте таспалы шнекті престе (вакууммен немесе вакуумсыз) жүргізеді, ал пішіндері күрделі бұйымдарды, мысалы, пазалы (ойықты) черепицаны- револьверлі немесе басқа престе жаншу (штамповка) арқылы, сәулеттік- көркемдік бөлшектерді гипсті формада қолмен қалыптау арқылы жүргізеді.

Таспалы шнекті прессте бұйымды қалыптау сыртқы күш әсерінен бүтіндей жарылмай деформацияланатын және сол күш тоқтағаннан кейін берілген пішінді сақтайтын сазды массаның қасиетімен негізделген.

Иілгішті массадан күрделі конфигурациядағы бұйымды (черепица және т.б) ленталы престе алдын ала қалыпталған дайын массаны револьверлі, рычагты және басқа престерде штамптау әдісімен дайындайды.

Қалыптаудың жартылай құрғақ әдісі (керамикалық ұнтақтан престеу) ылғалдылығы 8-10 % болатын, жоғары қысыммен (15-40МПа) сусымалы ұнтақ тәрізді массадан бұйымды компрессорлық престеуден тұрады. Мұның бір түріне ылғалдылығы 2-8 % болатын керамикалық ұнтақтан престейтін құрғақ әдісі жатады.

Жалпақ жұқа қабатты бұйым дайындау үшін керамикалық ұнтақтан бұйымды престеу кеңінен тараған (мысалы, керамикалық плита). Кейінгі жылдары қабырғалық керамика бұйымдар өндірісінде пресстеу кеңінен дамуда (кірпіш және керамикалық тас).

Бұл әдіс кешенді механизация тұрғысынан келешегі бар. Пластикалық әдістен артықшылығы: азиілгішті сазды пайдалану мүмкіндігі, бұйымды кептіру ұзақтығы мен барлық технологиялық циклды қысқартуды, қалыпталған бұйымның беріктігінің жоғары болуы.

Құю әдісін санитарлы- техникалық бұйымдар, сәндік керамика, сонымен қатар жұқа қабырғалық шағын габаритті керамикалық плиталар өндірісі үшін қолданады. Бұл әдіс саздың сулы ортада тұрақты суспензиясын түзу қабілеті мен сонымен қатар қолданылатын форманың үлкен суаккуляторлайтын қабілетімен негізделген (гипсті-санитарлы-техникалық бұйымдар өндірісінде және кеуекті керамикалық плиталар өндірісінде).

Форманың жақтарында қалыптанатын бұйымның қабырғасы болып табылатын біршама тығыз, жарым-жартылай сорғыған қабаттың түзілу процессін «бұйымның жинақталуы» деп аталады. Бұйымның жинақталуындағы құйманың қаттылығы капиллярлық күштің әсерінен ылғалды сорумен негізделеді. Форманың жақтарында құйманы алу процесінде ылғал өткізгіштігі төмен тығыздалған қабат түзіліп, соның арқасында шликердегі ылғалдың орын ауыстыру қарқыны, қабат тығыз болған сайын айтарлықтай төмендейді. Осылайша бұйым жинақталғанда жүйеде ылғал алмасатын процесс жүреді: шликер-отливка (черепок)-форма.

Пластикалық әдіспен қалыптау тәсілі кеуек кірпіштерді шығаруда қолданады. Сондықтан да осы курстық жұмыста пластикалық әдіспен қалыптау тәсілі таңдалынып алынды. Қалыптау (пресстеу) процесі онда жүруі үшін массаның ылғалдылығы оның катты түйіршіктерінің беті қалыңдығы екі су молекуласындай шамада болатындай гидраттар қабығымен қапталуына жететіндей болуы керек. Саздық массаның Мұндай ылғалдылығы 18-24 %-ға сәйкес болады. Бұйымдарды қалыптау арнаулы пішіндегі пресс ойығы арқылы массаны брус тәрізді етіп сығып шығаруға, таптап қысуға немесе күрделі бұйымдарды жапсыруға негізделген. Ең көп қолданылатыны горизонтальді шнектік прессте таспалық (ленталық) қалыптау әдісі. Бұл прессте жасалынатын шала фабрикаттың тығыздалынуымен және белгілі орынға жылжытылуымен қатар, масса қосымша үдемелі иленіп және біртектіленіп үлгереді.

Тиімді керамикалық кірпіштер кеуекті болып келген соң, пластикалық тәсіл таңдалды. Себебі, кірпіш массасына қалыптау кезінде күрделі қуыстар жасау үшін масса жеткілікті иілгішті болуы керек. Саз массасын пластикалық әдіспен дайындау жұмысы мынандай процестерді қамтиды: сазды карьерден шығару, оны және құнарсыздандырғыш қоспаларды майдалау, оларды алдын-ала араластырып ылғалдау, шихтаны ұлпа етіп майдалауды және саз массасын дайындау. Осы аталған процестерді тек мұқият орындағанда ғана, жақсы сапалы керамикалық бұйымдар алуға мүмкіндік туады. Араластырғышқа ұсақталған сазды және құнарсыздандырғыштарды өлшеп салады. Керек болған жағдайда ғана суды немесе буды береді. Пластикалық массасын толық ұнтақтауды тегіс немесе тісті бетті жанышқыларда (вальцаларда), жүгіртпелерде және басқа жабдықтарда орындайды. Уқалай араластыру және майдалау нәтижесінде саздық массасының қалыптану және кептіру қасиеттері жақсара түседі. Ең жақсы нәтиже, әсіресе, ылғалдылығы қалыптау үшін қажет шамадағы саз массасын илегенде алынады. Егер де саздық массада суды біртіндеп өзіне тартып алатын созымталды қою саз араласқан болса, онда оларды, келтірілген саз араластырғышта, сумен немесе бумен ылғалдандыра қосымша өңдейді. Әсіресе, бумен қыздырылған масса аздаған ылғалдылык шамада өте ыңғайлы калыпталынып, пресстің өнімділігін 8-10 %-ға көбейтеді және шала фабрикаттың құрғату ұзақтығы 40-50 %-ға қысқарылады.

17. Ангобтау – керамикалық бұйымның бетіндегі түрлі түсті және ақ топырақты қабат. Ангобтың құрамы: ақ топырақ ақ 75%; кварцты құм 20%; ұнтақталған бор 5%. Ангобтарға табиғи бояғыштар қосуға болады. Мысалы, түрлі түсті топырақ; лимонит кремді темір, кремний тотығы, мырыштың тотығы. Ангобты және глазурьлерді келесі әдістермен жағуға болады: себу, құю, батыру, жағу арқылы. Ангобтың бетіне қасиетін арттыру үшін глазурь жағуға болады.

Ангобты ақ немесе түрлі- түсті саздан жасап, жұқа етіп шикі бұйым бетіне жағады. Әйнекейден айырмашылығы, ангоб күйдіргенде балқыма бермейді, яғни шыны тәріздес қабат түзбейді, қасиеттері жөнінен ангоб негізгі сүйекшелерге жақын тұруы тиіс.

Күйдіру – керамикалық бұйымдар жасау технологиясының ең маңызды сатысы. Керамиклық бұйымдардың маңызды физикалық-механикалық қасиеттері 900-11000С аралығындағы температурада күйдірілу нәтижесінде қалыптасады. Нақтылап айтқанда күйдіру нәтижесінде бұйымдар тас тәрізді күйіне көшіп,беріктік,суға және аязға төзімділік көрсеткіштерін жетерліктей жоғарлатып, керекті құрылымдық қасиеттеріне ие болады.  

Туннелді пештердің ерекшелігі сол күйдіру зонасының бөліктерінде температураның ауытқып өзгеруі өте аз болады.

Кірпішті күйдіруге арналған туннелді пеш дегеніміз ол ұзын күйдірілетін канал, оның ішінде темір жол салынған, сол жолмен оқтын-оқтын вагонетка оған отырғызылған кірпішпен бірге жылжиды, күйдіретін каналдың төменгі едені отқа төзімдіматериалдармен қаланған және онда арбаша болады,олар отқа төзімді кірпіштен,блокпен немесе отқа төзімді бетонмен қапталған. Туннелді пештердін вагонеткасында тығыздаушы құрылғы бар: бүйірінде құмды бекіткіш (затвор), жанында құлыпты құрылғы. Ұзындығы бойынша туннелді пеш үш зонаға бөлінеді: қыздыру, күйдіру, суыту.Пештің ішіндегі вагонетканың санына қарай оны позицияға бөледі. Пеш температурасының тұрақты мағынасы арбашадағы күйдірілетін кірпіштің бір уақытта барлық жылу бөлімінде жүйелі жылжуына ықпал жасайды.

Күйдіру пешіне алдын ала кептірілген бұйымдар келіп түскен соң 1100С дейін баяу (50-800С/сағ) қыздырғанда, байланыссыз бос су толық бөлініп ажырайды. Температура 2000С-ден аса көтерілгенде органикалық қоспалары жанып кетеді, 500-7000С-ге дейін қыздырғанда массадағы сазды минералдармен және басқа қосындылырмен химиялық байланысқан су ажырай бастайды да, минералдық масса созымталдығы мүлде жоғалады. Сазды минералдардың толық ыдырауынан бастап, олардың кристалдық торларының толық таралуына дейінгі процестер жүреді, Аl2О3 және SіО2 тотықтарының аморфты араласы пайда болады. Мұның алдында температура 4750С шамасында шихтада болатын β-кварц көлемін үлкейтіп, өзінің α- модификациясына көшеді. Сондықтан, бұйымдарда олардың беріктігін төмендететін ішкі кернеу туады. Бұл кезеңде температураның көтерілу жылдамдығы 300-4500С/сағ аралығында болуы мүмкін. Температураны 8000С-тан 10000С-ге дейін көтергенде қатты фазалар арасында жүретін реакциялар нәтижесінде жаңа кристалдық силикаттар түзіледі. Бұл кезең сазды минералдардың кристалдық торларының бұзылып, керамикалық құрылымның өзгеруімен байланысты екенін ескере отырып,қыздыру жылдамдығын 100-2000С/сағ дейін төмендетеді. Осы кезеңде қатты фазалық синтездермен қабат керамикалық массаның жеңіл балқитын қосындылары және минералдары сұйық фаза құрады. Және де температура жоғарлаған сайын сұйық фаза көлемі көбейе түсіп, керамиканың тас тәрізді дене болып қалыптасуына ықпал етеді. Пайда болған сұйық фаза массадағы түйіршіктердің әрқайсысын бүркеп, бір-біріне тартады және кеуектерін толтырып, материалдың тығыздығын артырады. Сұйық балқымада жаңа қосындылар түзілу процесі тоқтаусыз жүреді де, одан кейінгі олардың кристалдануы күйдірілетін материалдың тұтас бірігуін қамтамасыз етеді. Сұйық фаза суый келе тас сияқты тығыз керамикалық сүйекке (черепок) айналады. Бұл процесс пісу деп аталады.

18. Керамикалық материалдардың бетіне жағылған шыны түріндегі әйнекей қабатын жоғары температурада күйдіру арқылы бекітеді. Олар түрлі- түсті мөлдір және мөлдір емес күңгірт солғын болуы мүмкін.

19. Сазға да, одан жасалған бұйымдарға да қажетті қасиеттер беру үшін сазға түрлі қоспалар енгізеді.Жүдеулеткіш материалдарды иілгіш саздарға кептіру және күйдіру кезіндегі шөгінуді азайтып, бұйымда жарықшақтар мен деформацияларды болдырмау үшін қосады. Бұл мақсатта сусыздалған сазды, шамот, шлактарды, күлді, сондай- ақ бірқатар табиғи материалдарды пайдаланады /кварцты құм, тозан тектес кварц/. Сусызданған сазды кәдімгі сазды шамамен 500 -700°С- ге дейін /бұл температурада ол иілгіштігін жоғалтады/. Қыздыру арқылы алады. Шамотты негізінен отқа төзімді немесе баяу балқитын саздарды 1000- 1400°С- де күйдіріп, уату арқылы алады.

Қуыс түзуші материалдарды шикізат массасына бос қуыстылығы жоғары, жылу өткізгіштігі төмен жеңіл керамикалық бұйым алу үшін енгізеді. Ол үшін күйдіргенде газ бөлінуімен ыдырайтын, мәселен,  /ұстатылған бор, доломит, т.б./ заттар пайдаланылады. Мұндай қоспалар сонымен бірге жүдеулеткіш болып та табылады.

Балқытатындарды сазға оның /дала шпаты, темір рудасы доломит, магнезит, тальк, т.б./ пісу температурасын төмендету қажет болғанда қосады.

Түрлі-түсті керамиканың бірқатар түрін алу үшін шикізат массасына металл тотықтарын /темір, кобальт, хром, т.б./ қосады.

Жүдеулетктің материалдар. Сазға да одан жасалған бұйымдары да қажетті қасиеттер беру үшін сазға түрлі қоспалар енгізіледі. Жүдеулеткіш материалдарды иілгіш саздарға кептіру және күйдіру кезіндегі шөгуді азайтып, бұйымда жарықшақтар мен пішінінің өзгеруіп болдырмау үшін қосады.

Жүдеулеткіш материалдар табиғи және қолтума деп бөлінеді. Табиғи иілгіш емес қосындыларға кварцты құм және олардың түрлері жатады /кварц, кремень, тозаң тектес кварц/. Бұлар 1000°С дейін күйдіргенде сазбен әрекеттесіп шыны фазасын түзейді. Бұл қоспалар 1()()0°С дейін сазды қыздырғанда ауада және отта шөгуін азайтумен қатар, керамикалық массаның капиллярын көбейтеді, сол себептен кептіру процесін жылдамдатады. Температураны 1000°С жоғары күйдіргенде, кварцты материалдар саздың құрамындағы төмен температурада балқитын қосылмалармен және керамикалық массаға, әдейі енгізілген балқытқыштармен химиялық реакция болатындығы сезіледі. Кварцты материалдар күйдіру кезінде пайда болған балқымада ериді, сөйтіп сұйық фазаның тұтқырлығы ұлғаяды, күйдіру процесінде бұйымның тұлғасының өзгеру мүмкіндігін азайтады.

Қолтума жүдеулеткіш қоспаларға сусызданған сазды, шамот пен шлактарды, күлді т.б. жатқызады. Сусызданған сазды кәдімгі саздан шамамен 600~700°G дейін /бұл температурада ол иілгіштігің жоғалтады/ қыздыру арқылы алады. Шамотта отқа төзімді немесе баяу балқитын саздарды 1100-1300°С да күйдіріп, уату арқылы алады.

Жүдеулеткіш қоспалар саздарды иілгіштігін төмендетеді. Олардың шөгуін, кептіруге және қыздыруға сезінгіштігін азаңтады. Шамох бағалы керамикалық бұйымдарды өндіруде қолданылады, сол сияқты өнімдердің іске жарамсыз қалдыққа шығып ұсақталғанын және күйдірілген бұйымдардың сынықтарында ұсақтап пайдаланады. Шамот жоғарғы температурада күйдіріледі, оның күйдіру температурасы дайын бұйымдардың күйдіру температурасымен бірдей болады. Шамотты күйдіру

Балқытқыштар - сазды заттармен әрекеттесіп күйдіру кезінде жеңіл балқитын қосылыстар құрады. Керамикалық массаға кіргізген балқытқыштар бұйымның пісу температурасын, отқа төзімділіпн гимендетеді, беріктігін үлкейтеді, су сіңірімділігін азайтады. Балқытқыштар екі топқа бөлінеді:

а) балқу температурасы төмен материалдар. Олардың балқу
температурасы темен болғандықтаң балқуды оңайлатады, керамикалық
массаның төменгі температурада пісуін қамтамасыз етеді.

б) балқу температурасы жоғары материалдар. Олар бұйымды
күйдіргенде керамикалық массаның комлоненті мен төмен
температурада балқитын қосылыстар түзейді. Бірінші топқа жататын
балқытқыштар дала шпаттары, пегматиттер, сиениттер, сподумендері т.б. Екінші топқа жататын балқытқыштар доломит, магнезит,
кальцийдің көмір қышқыл тотығы /СаС03/.

Калий дала шпаты - ортоклаз немесе микроклин /К20 AI,0j Si02/ белгілі балқу температураеы жоқ, өйткені балқығанда ол лецитке /К20 AIjOj 4SiC)2/ және кремний қышқылына бай шыныға ыдырайды; Ортоклаздың немесе микроклиннің бұзылуы П70°С басталады да 1510-rl 530°С да толық балқиды. Кадвд Дала шпатының түрі ақ, сүр, сарылау, қоңыр-қызыл, күңгірт қызыл т.б. болады. Ол басқа дала шпатына қарағанда жоғарғы температурада өте тұтқыр болады да қыздыру температурасың жоғарылатқанда балқыманың тұтқырлығы oтe тез төмендейді.

20. Қазақ минералдық шикізат ғыл.-зерт. ин-тында, Металлургия және кен байыту ин-тында жүргізілді (С.М. Зубаков, М.Ф. Назаренко, Б.Н. Бабин, А.А. Балакирев, Г.А. Нечистых). Хим.-минерал. құрамы, технол. қасиеттері жан-жақты зерттеліп, оның негізінде республикадағы саз шикізатының өнеркәсіптік қоры анықталды. 20 ғ-дың 70 – 80-жылдары Алматы құрылыс материалдарын жобалау ғыл.-зерт. ин-тында (С.Т. Сүлейменов, С.С. Тәкібаева) Қазақстанның орта ғасырлардағы архит. ескерткіштеріндегі керамикалық құрылыс материалдарын нақты хим.-петрогр. зерттеулер жүзеге асырылды. Керамика біздің ерте заманнан бері қолданып келе жатқан өте көне материалдардың бірі. Керамикалық өнеркәсіптің соңғы жүз жылдықтардағы дамуы орыс ғалымдарының еңбектерімен байланысты екенінде дау жоқ. Әсіресе, академик В.И.Вернадскийдің және профессор А.П.Земятченскийдің керамика өндірісіне керекті шикізат қасиеттерін зерттеу жұмыстары,академик П.П.Будниковтың, Д.Н.Полубояриновтың, А.К.Киптенко және т.б. ғалымдардың керамикалық материал өндірісін жетілдіру тұрғысындағы еңбектері, керамикалық өнеркәсіптің жан – жақты дамуына, сан – алуан құрылыстық керамиканы жергілікті шикізаттар негізінде қалыптасқан технологиясымен жасап шығаруға және санын көбейтіп, сапасын жақсартуға ғылыми – өндірістік әсер етті.

 

21. Керамика(грек. keramіke – қыш өнері, keramos – саз) – қыш-саз бен олардың минералды қоспаларымен араласқан, сондай-ақ тотықтармен, т.б. органикалық емес қосындылардан (карбидтер, боридтер, нитридтер, силицидтер, т.б.) күйдіріліп жасалған бұйымдар мен материалдар. Керамика тұрмыстың барлық салаларында: үй тұрмысында (әр түрлі ыдыстар), құрылыста (кірпіш, қыш, құбыр, тақта, т.б.), техникада, т. ж., су және әуе көлігінде, мүсін өнерінде т. б. кеңінен қолданылады. К-ның негізгі технол. түріне құрылыстық кірпіш, терракота, майолика, фаянс, фарфор жатады. Керамика адамзат өмірінде ертеден пайдаланылған. Ежелгі замандарда, атап айтқанда палеолит, неолит дәуірінде (б.з.б. 5-мыңжылдық) жасала бастап, ғасырлар өткен сайын технологиясы күрделене түскен. Саздан түрлі бұйым жасап, оның беріктігін арттыру үшін күйдіру ісі кең таралған. Керамика жасауды әр халық өз бетімен ойлап тапқандықтан, олардың өзіндік ерекшеліктері де бар. Халқы мен заманына тән ерекшелігі, әр түрлі ою-өрнектер мен таңбалардың, тіпті, кейде жазулардың болуы бұларды бағалы тарихи ескерткіштер қатарына жатқызады. Ең алғашқы керамикалық бұйым ас пісіру және сақтау үшін қолданылатын ыдыс түрінде жасалған. Күйдіру арқылы беріктігін дамытып, әдемілік үшін ыдыстың қалың бүйірлеріне әр түрлі оюлар салған. Энеолит дәуірінен бастап (б.з.б. 3 – 2-мыңжылдық) жазу да жазады. Б.з.б. 4 – 3 мыңжылдықта Мысыр, Бабыл және Таяу Шығыс елдерінде сыртына шыны тектес қабат күйдіріліп бекітілген (глазурьленген) керамикалық заттар кездесе бастайды. К-ны тек ыдыс-аяқ жасауда ғана пайдаланбай, одан кітап беттерін (Ежелгі Шумер, б.з.б. 4-мыңжылдықта), түрлі адамдар мен хайуандардың, т.б. мүсіндерін (Ежелгі Мысырда, Грекияда, Қытайда, Орталық Азияда) жасаған. Б.з.б. 3 – 1-мыңжылдықта түрлі түсті өрнектелген архит. кірпіштер шыққан. Керамиканың ежелгі заманда дамыған жерлері Оңт. Шығыс Азия, Орт. Азия елдері, Ежелгі Мысыр болды. Осы елдерден кейін грек саяхатшылары Шығыстың ұлы өркениетті мәдениетімен танысып, оның озық үлгілерін өз елдерінде жасауға, орнықтыруға асықты. Керамиканың даму тарихында ежелгі гректердің орны ерекше. Б.з.б. 1-мыңжылдықтан бері грек шеберлері шығыс үлгісіндегі керамика жасауды қолға алып, өзіндік әдіспен дамыта білді. Соның нәтижесінде Ежелгі Грекия, Римде керамика жасаудың мектептері қалыптасты, жүздеген шеберханалар жұмыс істеді. Олардың өнерінің өзге халықтарға да ықпалы мол болды. Керамика қазіргі Қазақстан аумағында ежелден (б.з.б. 17 – 15 ғ-лардан бастап) өзіндік белгімен, әдіспен дамыды. Осы кезеңде қазіргіқомша, текемет өрнектеріне ұқсас белгілер салынған ыдыстар күнделікті өмірде орын алды. Ал б.з.б. 10 – 6 ғ-ларда (Беғазы – Дәндібай мәдениеті) беті глазурьленген, түрлі түсті айшықтары бар ыдыстар пайда болды. Б.з. 6 – 12 ғ-ларында керамикалық ыдыстар жасайтын орындар (цехтар) ежелгі Шаш, Тараз, Сауран, т.б. қалаларда көптеп бой көтерді. Осы кезеңде шағын пішінді әр түрлі жануарлардың, адамның керамикалық мүсіншелері жасалды. Сонымен бірге астық сақтайтын хумдар (ірі, биікт. 1 – 1,5 м. болатын қыш ыдыс), су құбырлары жасалды (Отырар, 8 – 12 ғ-лар). Орт. Қазақстандағы Алаша хан, Жошы хан, Тараз маңындағы Айша бибі, Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауидің мазарлары керамикалық материалдармен безендірілген.

22. Кептіру процесінің мақсаты – керамикалық бұйымның сапасын жоғарлату. Кептіру процесінде ішкі және сыртқы диффузия болады. Ішкі диффузия дегеніміз – материалдың ішіндегі судың буланып сыртқа шығуы.

Сыртқы диффузиясы сыртқы қабатынан судың буланып шығуы. Кептіру процесі жақсы болуы үшін, ақаусыз өту үшін сыртқы және ішкі диффузия тең болу керек. Кептіру процесінің тиімділігін жоғарлату үшін:

1. Жүдеудеткіш қоспалар қосу

2. Керамикалық массаны қатты сумен және бумен өңдеу

3. Электролиттерді енгізу

4. Керамикалық массаны дайындаған кезде массаны борқалыптығына көп кеуек бөлу керек.

Бұйымдарды кептіру – технологияның өте жауапты сәті, өйткені жарықшақтар әдетте осы кезеңде пайда болады. Ол күйдіру кезінде тек біржола байқалады. Әдетте шикі өнімді күйдіру алдында 8-10 процент қалдық ылғалға дейін кептіру жеткілікті.

Кептіру процесінде ылғалдың керамикалық бұйым қалындығынан сыртқы қабаттарға жылжуы, оның сыртқы ылғалының жылжуымен салыстырғанда елеулі түрде баяу өтеді, әсіресе бұл бұйымның қырлары мен бұрыштарында анық байқалады. Бұл кезде сыртқы және ішкі қабаттардың түрлі дәрежеде шөгуі байқалады, яғни материалдың шытынап кетуіне соқтыратын қысым пайда болады. Мұны болдырмас үшін әдетте майлы саздарға, сазды бөлшектердің жақындасуына жол бермейтін қатты қаңқа құратын жудеулеткіштер қосады, бұйымның ішкі қабатындағы судың сыртқы қабатына жылжуына ықпал ететін, оның бос қуыстылығын арттырады. Саздың кептіруге сезімталдылығын азайту үшін суқыздырғыш ауасыздандыру әдістерін қолданады, шағын көлемдегі органикалық заттарды (сульфидті – ашытқылы ашыма, дегті және битумдалған заттар, т.б.) пайдаланады.

Ертеректе шикі өнімдер негізінен табиғи жағдайда (кептіргіш сарайларда) кептірілді. Табиғи кептіру шығынын қажет етпесе де негізінен ауа райына байланысты болып өте ұзаққа созылады (10-20 тәулі). Қазір шикі өнімді әдетте мерзімді немесе тұрақты арнайы кептіргіштерде жүзеге асырады. Жылу көзі ретінде күйдіру пештерінің түтін газын немесе колорифердің ыстық ауасын пайдаланады. Кептіру мерзімі 2-ден 3 тәулікке дейін кейде бірнеше сағатқа дейін қысқарады. Шикі кірпіштің кептіру процесін жылдамдату үшін сазды
массаны бумен ылғалдандырады, иілгіш емес материалдарды,
мысалы, сусыздандырылған сазды қосады, сазды алдын ала кептіру
процесін кептіруші барабанда өңдейді. НИИСтройкерамика
қызметкерлерінің анықтауынша, сазды массаға 50 пайыз
сусыздандырылған сазды қосса, кірпіштің кептіру процесінің мезгілін
азайтады. Соидықтан кептіруге сезімтал және карьер ылғалдылығы
жоғары, суын азайтуды керек ететін сазды сусыздандырып пайдалану
қолайлы, сусыздандыруды    400-500°С температурада сусыздандырғанда одан 2 молекула су бөлінеді /химиялық байланысқан су-каолиниттегі/.

23. Иілімді қалыптау әдісінің кемшілігі – технологиялық циклдің ұзақтығы: 1 күннен 3 күнге созылатын шикізатты кептіру процессі болып табылады. Қалыпталынған шикізаттың, әсіресе қуыс денелі бұйым беріктігінің төмен болуы, материалдың кептіру кезіндегі шөгу дәрежесінің жоғары болуы және де кептірудің жеке процессі болуы шикізатты кептіруге отырғызу, кептірілген шикізатты күйдіруге жіберу сияқты қиын операцияларды механизацияландырау қиындығын және кептіру және күйдіру процессін біріктіру бір құрылғыда біріктіруді қиындатады.

Пластикалық әдіспен калыптау тәсілі кірпіш, черепица және баска бұйымдар шығарарда колданады. Қалыптау (пресстеу) процесі онда жүруі үшін массаның ылғалдылығы оның қатты түйіршіктерінің беті қалыңдығы екі су молекуласындай шамада болатындай гидраттар қабығымен қапталуына жететіндей болуы керек. Саздық массаның мұндай ылғалдылығы 18-24 %-ға сәйкес болады. Бұйымдарды қалыптау арнаулы пішіндегі пресс ойығы арқылы массаны брус тәрізді етіп сығып шығаруға, таптап қысуға (штамптауға) немесе күрделі бұйымдарды жапсыруға негізделген. Ең көп қолданатыны горизантальды шнектік прессте таспалық (ленталық) қалыптау әдісі. Бұл прессте жасалынатын шалафабрикаттың тығыздалынуымен және белгілі орынға жылжытылуымен қатар, масса қосымша үдемелі иленіп және біртектіленіп (гомогенизданып) үлгереді.

Пресс калпынан масса сығылып шығарда оның сыртқы қабаты қалып қабырғасының үйкеліс күші арқылы ететіндіктен, қалыпталынған бұйымдардың бетінде түрлі олқылықтардың пайда болып қалуы мүмкін. Сондыктан, саздық массаның ылғалдылығын құнарсыздандырғыш қоспалардың мөлшерін дұрыс тағайындау арқылы оның серпімді-созымталдық қасиетін жаксартады.

Пресстегі массаның сығылу сипаты оның серпімді-созымталдық қасиетіне, кабырға бетіндегі үйкеліс күшіне, шнек кысымына және пресс мундштугінің кедергісіне байланысты. Массаны мундштук аркылы итеріп щығаруға пресс қуатының едәуір бөлігі (40 %-ға дейін) жұмсалады.

Көрсетілгендей, жасалынатын бұйымдардың түрлеріне байланысты мундштук кисығы тікбұрышты (кәдімгі кірпіштер үшін), алмалы-салмалы желісі бар (куысты тастар шығару үшін) және сакинасы бар (құбырлар қалыптау үшін) мундшуктар болып бөлінеді. Мундштуктың бұйым шығатын кеңістік мөлшерін пресстейтін массаның серпімділік деформация шамасы мен кептірердегі және күйдірердегі шөгуін ескере тағайындайды.

24. Кірпіш толық және қуыс денелі, ал тас-тек қуысденелі болады, қуыс пішіні мен орналасуы, саны әр түрлі. Қырларының беттерін көбінесе рифленді етіп жасайды, кеуектері постельге перпендикуляр немесе параллель бағытта орналасады және өтпелі не бітеу болады. Кірпіш пен тасты құрғақ күйдегі орташа тығыздығы бойынша 3 топқа бөледі:

а) әсерлі, ол қабырғаның жылутехникалық қасиеттерін жақсартып кәдімгі кірпішке қарағанда қабырға қалыңдығын жұқартуға мүмкіндік береді. Бұл топқа: а) орташа тығыздығы 1400 кг/м3 аспайтын кірпіш; б) шартты әсерлі, жылутехникалық қасиеттерін жақсартатын: орташа тығыздығы 1600 кг/м3 көп кірпіг пен тас. Кірпіш пен тастың салмақтары МемСт талап етілген нормадан асып кетпеуі керек.

    Беріктігі бойынша кірпіш пен тас келесі маркаларға бөлінеді: 300, 250, 200, 175, 150, 125, 100 аязға төзімділігі бойынша Мрз 35 и Мрз 50. Олардың белгілі бір қысу және иілу беріктік шегі болуы тиіс.

    Сыртқы пішіні мен өлшемдерінің дәлдігі әрекеттегі МемСт талабын қанағаттандыруы қажет. Кірпіш пен тастың жеткіліксіз және аса қатты күйдірілуі жіберілмейді. Жеткілікті күйдірілмеген кірпіштің (алау кірпіш) беріктігі мен аязға төзімділігі төмен, ал қатты күйіп кеткен кірпіштің (темір) беріктігі мен жылуөткізгіштігі жоғары және пішіні қисайған болады.

Салмақ бойынша толықденелі кірпіштің сусіңіргіштігі 8% кем болмауы; қуысденелі бұйым үшін - 6% кем болмауы тиіс.

Қуыс денелі кірпіш пен тас үшін массаны мұқият өңдейді, қалыптауды қуысты тесіктерін түзу үшін арнайы қондырғылары (керн) бар вакуумды прессте жүргізген дұрыс. Бұл бұйымдарды фундамент, цоколь және ылғалды бөлмелерде қолдануға болмайды.

Қуысденелі кірпіш пен тасты өндіру шикізат пен отынды үнемдеуге,

кептіргіш пен пештің өнімділігін жоғарылатады, транспорттық шығынды азайтуға әкеледі.

Ғимараттың қасбетін қаптауға, ішкі қабырға, монтажды тор, вестюбиль және т.б. арналған беттік кірпіш қабырғалық керамиканың бір түріне жатады. Беттік кірпіш кәдімгі кірпіштен табиғи-боялған шикізат пен бояғыш қоспаларды қолданып және беткі қабатын механикалық әсемдеп өңдеу есебінен болатын сыртқы беттерінің сапалылығымен ерекшеленеді. 

    Беттік кірпішті табиғи-боялған ашық-сары және қызылшаңқай саздан, сонымен қатар түрлі түстегі саз араласынан пластикалық әдіс бойынша өндіру кеңінен тараған. Шикізатты түс беру үшін минералды қоспалар: марганец, хромды және темірлі минералдар, әртүрлі әктастар қосады. Беттік кірпішке қатаң талаптар қойылған.


 

3-деңгей

Ангобтар, түрлері,шикізат, дайындау, жағу , дербес бұйымға таңдау -Ангобты ақ немесе түрлі- түсті саздан жасап, жұқа етіп шикі бұйым бетіне жағады. Әйнекейден айырмашылығы, ангоб күйдіргенде балқыма бермейді, яғни шыны тәріздес қабат түзбейді, қасиеттері жөнінен ангоб негізгі сүйекшелерге жақын тұруы тиіс. Ангобтың құрамы: ақ топырақ ақ 75%; кварцты құм 20%; ұнтақталған бор 5%. Ангобтарға табиғи бояғыштар қосуға болады. Мысалы, түрлі түсті топырақ; лимонит кремді темір, кремний тотығы, мырыштың тотығы. Ангобты және глазурьлерді келесі әдістермен жағуға болады: себу, құю, батыру, жағу арқылы. Ангобтың бетіне қасиетін арттыру үшін глазурь жағуға болады.

Әйнекелер түрлері, шикізат, дайындау, жағу, дербес бұйымға таңдау -Глазурьлеу (әйнекей) – керамикалық бұйымдардың бетіндегі жұқа шыны тәрізді қабат. Глазурьдің жіктелуі: сыртқы түріне байланысты- мөлдір және мөлдірсіз; түрлі және түссіз; мөлдірсіздегі және мөлдірлігі шынының құрамына және құрылысына байланысты. Егер негізгі шынының ішінде кристаллдар кеуектер; құрамы басқаша шының тамшылары болса онда мөлдірлігі төмендейді. Өйткені күннің сәулесі түскен кезде негізгі шынының және ішіндегі қоспалардың сәуле сынығы коэффициенті әртүрлі болады. Неғұрлым айырмашылығы жоғары болса соғұрлым шыны мөлдірсіз болады. Негізгі шының құрамындағы қоспалар (кристаллдар, тамшылар кеуектерді) кереңдеткіш деп аталады. Балқу температурасына байланысты: қиын балқитын 1250-14500С; қиын балқитын 12500С төмен. Құрамында Al2O3, SiO2 бар глазурьлер қиын балқитын болады. Ал құрамында сілтілі тотықтар бар болатын болса жеңіл балқитын болады. Глазурьді таңдаған кезде керамикалық бұйымның пісу температурасына назар аударамыз. Глазурьдің бастапқы құрамына байланысты: дала шпаттары бар және дала шпаты жоқ.

Беттік керамикалық кірпіш. Түрлері, қасиеттері, әшекелеу әдістері технологияның ерекшеліктері, бұйымның сапасын жоғарылату жолдары -ицевой кирпич (он же облицовочный, фасадный) – предназначен для отделки фасадов зданий и сооружений и внутренних работ (стены, перегородки, камины и т. д.). Некоторые его виды используют в качестве тротуарной плитки и для выкладывания заборов. Кроме декоративной функции, лицевой кирпич создает дополнительную «защитную оболочку» для стен и других конструкций. Это защитное покрытие должно быть стойким к механическим повреждениям, к истиранию, капризам погоды, и при этом не терять внешнего вида. Поэтому главные требования к отделочному кирпичу это:

– высокая прочность самого кирпича и монолитность кладки;
– низкое водопоглощение. Кирпич не должен впитывать влагу, тогда сложенные из него стены не пропускают сырость внутрь здания, в то же время поверхность фасада во время дождя очищается;

– высокая морозостойкость. Лицевой кирпич переносит до 50 циклов замерзаний и оттаиваний;
– сохранение декоративных свойств на протяжении многих лет: покрытие не должно выгорать и выцветать под прямыми солнечными лучами.

Облицовочный кирпич может быть уже, чем обычный (тогда при укладывании вторым рядом он создает меньшую нагрузку на фундамент) или иметь больший размер, что сокращает сроки строительства.

В зависимости от технологии его производства, облицовочный кирпич бывает:
– Керамический («красный»).

– Силикатный («белый»). Силикатный кирпич боится морозов, так как он хорошо впитывает влагу, к тому же это «холодный» материал, поэтому он используется в основном для нежилых зданий и внутренней отделки.

– Клинкерный. Это кирпич светло- и темно-серого, белого или красного цвета, он прочен, долговечен, устойчив к морозу, обладает повышенной термостойкостью и устойчивостью к влаге, при этом по размеру несколько больше, чем стандартный лицевой кирпич. По характеристикам он близок к керамической плитке.

– Гиперпрессованный. Изготовленный способом сухого прессования, он имеет гладкие бока, жесткие углы и острые шероховатые кромки. Применяется в качестве декоративного, в том числе для реставрации старых зданий, и для внутренних работ – например при создании ретро-интерьеров.

– Глазурованный и эмалированный (шамотный), покрытый прочной стекловидной массой: цветной, белой или прозрачной. Его применяют в интерьерах мест общественного пользования – это покрытие допускает влажную уборку и обладает огнеупорными свойствами.

Еденді керамикалық бұйымдар. Номенклатура, технологяның ерекшеліктері, бұйымның сапасын жоғарылату жолдары -Кілемді керамика дегеніміз әйнекеленген және әйнекейленбеген тығыз қағаз жапсырылған (нәтижесінде кілем пайда болады) мозайкалық плиталар шығарады. Жартылай құрғақ қысылған плиталардың өлшемі мм 48х46, 22х22, 48х22, қалыңдығы 3-4мм болғанда. Кілемдік керамика-керамикалық материалдардың ішіндегі барынша индустральды саналады, әрі сыртқы панельдер мен блоктарды заводтарда жасау кезінде, вестибюль қабырғаларын, баспалдақ торларын, сондай-ақ санитарлық құбырлар мен асхананы қаптау үшін дара қаптама көзді плиталар пайдаланылады.

Жартылай құрғақ тәсілмен өндірілген кірпіштің сапасына пресі ұнтақтың құрамының қасиеттерінің қысу режимінің әсері -Жартылай құрғақ әдіспен кірпішті престеу құрғақ араласпасыз бір немесе екі қабатты ғимараттарды қалауда пайдаланған өте перспективті. Бірақ бұл әдістің жетіспеушілігі де бар: 15-40МПа қысымда жұмыс істейтін күрделі престеу құрылғыларын қолдану қажеттілігі, күйдіргенде өте жоғары температура және жоғары дәрежедегі қызмет көрсету қажеттіліктері. Шикі кірпіштің беріктілігі оның тығыздалуына байланысты, беріктігі үлкен болса орташа тығыздығыда жоғарылайды, кеуектігі төмендейді. Престің қысымы жоғарылаған сайын шикі кірпіштің тығыздығы үлкейе береді. Шикі кірпіштің беріктігі жоғары болса күйдірілген кірпіштің де беріктігі ұлғаяды. Сол себептен дайын кірпіштің сапасы бастапқы сазды ұнтақтың қасиеті мен шикі кірпіштің қысым жағдайына байланысты. Сазды ұнтақты қысу кезінде пластикалық және серпінді деформация пайда боладі. Соңғысы қысу күшін босатқанда жоқ болып кетеді. Қысқыштан шыққан шикі кірпішті серпінді деформацияның әсерінен қысымға берілген бағытына қарай 1-2 пайызға дейін кеңейтуді тудырады. Сазды ұнтақтың ылғалдығы азайса оның серпінділігі ұлғаяды. Шикі кірпіштің сапасын қысу тәртібімен қамтамасыз етеді. Үйлесімді тәртіппен қысқанда қысу күшінің 3 тен 15 МПа-ға өсу мезгілі қысу күшіне 0,3 тен 3МПа-ға дейінгі өсу мезгіліне қарағанда 5-6 рет көп.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.224.51.27 (0.026 с.)