Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Мектепке дейінгі ұйымдағы әдіскердің кәсіби қызметінің негізгі педагогикалық шарттары↑ Стр 1 из 2Следующая ⇒ Содержание книги
Поиск на нашем сайте
Жоспар 1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім 2.1. Мектепке дейінгі ұйымдағы әдіскердің кәсіби қызметінің негізгі педагогикалық шарттары 2.2. Балабақша әдіскерінің міндеттері 3. Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізімі Тақырыбы: Өзіңіздің мектепке дейінгі ұйымыңыздың тәжірибесінен мысал келтіре отыра, мектепке дейінгі ұйымдағы әдіскердің кәсіби қызметінің негізгі педагогикалық шарттарының тізбегін құрыңыз: (ұйымдастырушылық-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, дидактикалық) Кіріспе Мақсаты: педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуетін дамыту; оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған ғылым және озық тәжірибе жетістіктеріне негізделген шаралар жүйесін жетілдіру. Әдістемелік жұмыс мазмұны мен педагог еңбегі нәтижесінің өзара байланысы әр тәрбиешінің кәсіби шеберлігін жетілдіру үрдісімен қамтамасыз етіледі. Мектепке дейінгі ұйымдағы әдіскердің кәсіби қызметінің негізгі педагогикалық шарттары Ақпараттық –аналитикалық Әдіскер мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі барлық инновациялар туралы білуі, басылымдардың талдаушысы және сарапшысы болуы, МДҰ алдында тұрған мақсат-міндет пен педагогтардың кәсіби шеберлігін ескере отырып, әдістемелік әдебиеттің қажеттісін таңдауы; ақпараттық технологияны пайдалана отырып мультимедиялық тұсаукесерлерді ұйымдастыруы; МДҰ визит карточкасын жасауы; ата-аналар үшін бала тәрбиесіне арналған мәселелер жарық көретін, балабақша туралы пікіралмасулар жүзеге асырылатын, педагог жұмысына көмек көрсетілетін сайт ашуы тиіс. Мотивациялық-мақсаттық Маманның табыстылығы оның білімінің көлемі емес, оның жинақылығы және бала тәрбиесі мен білім беру қызметіне белсенді араласуға дайындығымен, мәселенің тың шешімін, қажетті ақпаратты өз бетінше таба білуімен бағаланады. Педагог инновациялық әрекеттің қажеттілігін ұғынуы және қабылданған шаралардың нәтижелігіне сенімді болуы тиіс.
Жоспарлы-болжамдық Жалпы білім беретін мектептегі әдіскердің жұмысы Жас педагог мектебінің жұмыс жоспары Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың жаңа ережелері Білім алушыларды шығармашылыққа тарту Директор орынбасарының жазғы мектебі Жоспарлау – болжанатын іс-әрекеттер мен шешімдер жиынтығы. Жоспар құру арқылы өткен жұмысқа қорытынды жасап, алдағы уақыттағы жұмысты жоспарлауға болады. Алдымен білім берудің өзекті мәселелері бойынша жоспардың үлгісін жасалады, содан кейін ол педагогикалық кеңесте талданып, талқылау нәтижесі бойынша түзетулер енгізіледі. Одан әрі психологпен кеңесе отырып, педагогтың даму деңгейі, педагогикалық ұжым мен балалардың өзара қарым-қатынасы бойынша зерттеу жұмыстарына талдау жасалады. МДҰ жылдық, айлық жұмыс жоспарын, әдістемелік жұмыс жоспарын жасау және жоспарлау барысында Қазақстанның білім беру заңнамасын, білім беру стандарттары мен тұжырымдарын басшылыққа алу қажет.
Ұйымдастырушылық-орындаушылық Тәрбиешімен бірге жұмыс жасау кезінде әр педагогтың іс-әрекетінен тек жақсы жақтарын ғана таба білу маңызды шарт болып табылады. Қолдау, жақсы сөз айту –педагогтардың қызметін жандандырудың, олардың шығармашылық көңіл-күйін сүйемелдеудің таптырмайтын құралы. Ол үшін педагогтардың ғылыми-практикалық семинарларға, біліктілігін арттыру курстарына, кәсіби шеберлік сайыстары мен тұсаукесерлерге қатысуын ұйымдастыру қажет.
Бақылау-диагностикалық Әдістемелік жұмысты диагностикалаудың басты жолы – әдіскердің әрекеттерді өз бетінше талдай білуінде. Кәсіби маман педагогты оның ісі арқылы бағалайды. Адам туралы біреуден естігенді негізге алып, сырттан жоруға болмайды. Тәрбиешілер іс-әрекетінде әдіскер әдістемелік жәрдем көрсету үшін немесе озық тәжірибені зерделеу үшін қатысады. Әдіскер үшін оны ең жоғары бағалау – педагогтардың жұмыста қиналған кезінде оны өздігінен сабағына шақырып, жетістіктері мен қиындықтарын бөлісуі. Сонымен қатар, әдіскер тәрбиешілермен, психологпен бірге балалардың жеке ерекшеліктерін зерделеуді, балалардың жеке даму бағдарламаларын әзірлеуді; баланың мектепте оқуға дайындық дәрежесін анықтау мақсатымен диагностика өткізуді; педагогикалық іс-әрекетті кешенді бағалау мен мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің әлеуметтік мүмкіндіктерін зерделеуді жүргізеді, озық педагогикалық тәжірибені айқындап, оны жалпылауды және таратуды, тәрбие және білім беру үдерісі сапасының жай-күйіне бақылау жүргізуді және талдау жасауды жүзеге асырады, мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үдерістің нәтижелілігіне баға береді.
|
||||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.143.241.205 (0.01 с.) |