Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Реттеуші –түзетуші әдіскер

Поиск

Реттеуші –түзетуші әдіскер

Әдіскер педагог қызметін бағалайды, оны оңтайландыру үшін қызмет етеді. Талдау негізінде тұжырымдар жасайды, педагогқа жұмысты нақты жоспарлай отырып, сол арқылы күн тәртібін сақтауға көмектеседі. Ғылыми-әдістемелік қызмет Әдістемелік жұмыс – жеке және ұжымдық кешенді үрдіс. Басшылықпен бірлесіп іс-шаралар жоспары жасалады, оларды өткізу қорытындысы бойынша айына 1рет «Әістемелік кеңес» ұйымдастырылады. Өз кәсіптік деңгейін сапалы іске асыруға жағдай жасау мақсатында біз педагогтарды бағалау рейтингін қолданамыз. Кері байланыс алуға және педагогтар қызметін сапалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік беретін технологиялар мен тәсілдер пайдаланылады. Ғылыми-әдістемелік қызметтің өзектілігі Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі, оның өз жұмысының мәнін анық білуінде. Тәрбиешінің ҰОӘ-ке дайындығы,оның жұмысының сапалы әрі нәтижелі болуының кепілі.

Балабақша әдіскерінің міндеттері

 Әдіскер (аға тәрбиеші) меңгерушімен бірге бала бақша ұжымын басқарады, кадрларды іріктеуге, педагогикалық жоспарларды әзірлеуге және енгізуге қатысады. Топтарды оқу құралдарымен, ойындармен, ойыншықтармен жасақтайды. Бас МДҰ-лармен, мектептермен, балалар орталықтарымен, мұражайлармен және т. б. қызметтесуді ұйымдастырады. Педагогикалық ұжымда ауқымды әдістемелік жұмыс жүргізеді. Әдістемелік басшылық түрлі нысандарда жүзеге асырылады: педагогикалық және әдістемелік кеңестер, сабақтарды, серуендерді, ойындарды ашық қараулар, әдістемелік кабинет жұмысын ұйымдастыру, жас топтарына мақсатты түрде бару, олардың жұмысын бетпе-бет және тақырыптық тексерулер, тәрбие жұмысының жоспарларын қарап шығу және талдау, жекелей және ұжымдық консультациялар. Ата-аналармен жұмысқа қатысады: отбасылық тәрбиеге арналған стендтер, жылжымалы папкалар дайындайды, балалардың үйдегі бос уақыты жөніндегі ата-аналардың сұрақтарына жауап береді, балаға арналған кітаптар мен ойыншақтар жөнінде кеңес береді, балабақшадағы оқу жоспарлары мен бағдарламалары туралы айтады және т. б. Оқу жылына жұмысты жоспарлауға кірісе отырып, әдіскер өткен жылғы жұмыс жағдайын талдайды және бағалайды, педагогикалық кадрлардың жағдайларын, құрамын және олардың іскерлік қасиетттерін есепке алады. Осыған орай, шешу бойынша бүкіл ұжым жұмыс істейтін негізгі міндеттер белгіленеді. Статьи по теме Үлгілік оқу бағдарламасы Тәрбиешінің жалақысы Балабақшада іс қағаздарын жүргізу Балабақша қызметінің циклограммасы Мектепке дейінгі білім беру мамандары үшін – жаңа 2018/2019 оқу жылына арналған материалдар Жылдық жұмыс жоспарының бөлімдері: өткен оқу жылындағы жұмысты талдау; әдістемелік тақырып; жылдық міндеттер; педагогикалық кеңестердің, әдістемелік семинарлардың тақырыптары; «Тілдер туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар; балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шаралар; ашық қарап шығулар; ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; педагогикалық ұжымға арналған консультациялар; ат-аналармен жұмыс; әкімшілік-шаруашылық жұмыс; психолог жұмысы; педагогикалық кадрларды стандарттау, сертификаттау, аттестаттау; басшылық және бақылау. Оқу жылының аяғында атқарылған жұмыстың қорытындысы шығарылады. Бұл үшін тәрбиешілердің есептері, меңгеруші мен әдіскердің жеке бақылауының жазбалары және әдістемелік пен өндірістік іс-шаралар өткізу хаттамалары пайдаланылады. Есептің шешімдері келесі жылға міндеттер айқындалғанда негізгі болулары тиіс.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халқына жолдауы»

2. «Отбасы және балабақша» журналдары

3. Е. Өтетілеуов «Дидактикалық ойындар мектеп жасына дейінгі басқа ұлт балаларына арналған»

4. 1992.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Астана, 2007.

5. Интернет желісі: https://edu.mcfr.kz/article/483-qqq-15-m7-06-07-2015-mektepke-deyng-yym-jmysyn-yymdastyru



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.140.195.8 (0.009 с.)