Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Интерннің өзіндік жұмысы

Поиск

 

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина университеті

 

 

Интерннің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Жалпы тәжірибелі дәрігер

Кафедра: Жалпы тәжірибелі дәрігер

Дисциплина: Балалар аурулары

Тақырыбы: Балалардағы Баррет өңеші

                                              Орындаған: Сисенова Ж.А 717

                                              Тексерген: Алтаева А.М

                                       Ақтөбе -2016

         

            1.Баррет өңеші - анықтамасы, этиологиясы

Баррет өңеші - өңештің кілегейлі қабығындағы көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителидің орнына өңештің кілегей қабатына тән емес тоқ ішектің цилиндрлік эпителий жайлайтын ауру болып саналады.

Баррет өңеші цилиндр жасушалы метаплазия деп те аталынады.

Өңештің төменгі бөлігінде көбінесе эзофагиттер асқазанның сөліндегі қышқылдың көбеюі нәтижесінде (қышқылы жоғары гастриттер)-жүрек қыжылының тиянақты қалыптасуынан туады, себебі асқазан сөлі кері өңешке құйылады, сөйтіп оның ішкі шырышты қабатын күйдіріп тастайды. Ұзаққа созылған бұл үрдіс қалыпты жағдайдағы өңеш қабырғасын басқа түрге- безді қабатқа айналдырып жібереді. Бұл жағдай өңеш обырына әкелу мүмкіндігі жоғары.

Баррет өңеші пайда болу үшін алдымен өңештің шырышты қабаты қабынып, қызарады, содан кейін жалпақтанады және жараланады, осылай эзофагиттер түзіледі. Бұл кезде жүрек қыжылы көбейіп, ас жүргенде төс арты ауырады. Осы белгілер түнгі мезгілде, ішілген ас қорытылғанда пайда болады.

Этиологиясы:

- дуоденогастроэзофагеальды ауру

- созылмалы қышқылдық жарақат

- эзофагит

- өңеш дисфагиясы

 

 

2.Балалардағы Баррет өңешін диагностикалау критериі

 

Шағымдары бойынша: төс артындағы немесе эпигастридағы ауырсыну, қыжылдау, жайсыздық сезімі, дисфагия, кекіру, құсу, алқызыл түсті қан құсу, дене салмағының азаюы мүмкін.

Лабораториялық зерттеулер бойынша: патогномикалық лабороториялық белгілері жоқ. Бірақ міндетті түрде жүргізілуі керек: ЖҚА, БхҚ, өңеш дисплазиясының генетикалық маркері (мысалы р53)

Инструментальді зерттеу әдістері бойынша: өңештің жоғарғы бөлігін эндоскопиялық зерттеу: хромоэзофагоскопия, флуоресцентті эзофагоскопия. Өңештің кілегей қабатынының биоптатын гистологиялық зерттеу- алтын стандарт болып табылады.

Қосымша зерттеу әдістері бойынша: 24-сағаттық өңеш рН мониторингі, манометрия, импедансометрия, өңешті рентгеноконтрасты зерттеу, эндосонография, оптикалық когерентті томография, лазерлі спектроскопия.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.133.154.2 (0.008 с.)