Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Киінуге барады (Самина,Саянұр,Самида,Нұрай,Саяжан,Қарақат,Т.Кәусар.)↑ ⇐ ПредыдущаяСтр 2 из 2 Содержание книги
Поиск на нашем сайте
Қаршақыз-Фарида Мақта қыз,досыңды жаңа жылда ренжітуге болмайды.Ол сенен өтініп тұр.Жаңа жылға достасып, бірге барсаңдар, келер жылда еш ренжіспей өтесіңдер. Мақтақыз-Саянұр -Жарайды онда , тек тентек болмай менің қасымда жүресің, түсіндің бе? Ұста менің қолымнан. Мысық-Самида -Ура!Рахмет апатай!(деп қуанады) Қаршақыз- Осымен біздің Жаңа жыл мерекесіне жиналған қонақтарымыз да түгелденді ау деймін.Ендеше достар не тұрыс барлығымыз жаңа жылдың сәнін келтірмейміз бе?Дайынсыңдар ма? Хормен -Ия (Барлығы бірге флешмоб билейді)Би: Жаттығу. Қаршақыз- -Қане,барлығымыз Аяз ата мен Ақшақар ауылына барайық. (Осы кезде біреудің жылаған даусы естіледі) Қаршақыз- -Кім жылап жатқан жаңа жылда?(деп жан –жағына қарайды,) (Қаршақыздар ортаға шығады) Кішкентай қаршақыздар –Инкар,Ақнұр,Айару,Амина А,Анель,Айзере Т,Асия, Айзере Ж. Қаршақыз- -Не болды менің кішкентай сіңілдеріме?Кім сендерді ренжіткен? Қаршақыз- Кішкентай қаршақыз Инкар: -Аяз ата шаһарында мыстан кемпір Ақшақарды сиқырлап тастады.Оны оятсақ оянбайды.Енді жаңа жылда аяз атаға кім көмек береді. (деп барлығы жылайды) Қаршақыз- -Жыламаңдар, менің кішкентпай ханшайымдарым.Қазір барлығымыз Қарлы шаһар елінің сарайына кіреміз де аяз атаны шақырамыз.Тек аяз атағана сиқырлы таяғымен оятады.Бірінші сендер қонақтарға арнап өз өнерлеріңді көрсетіңдер. Содан соң сарайымызға Аяз атаны шақырамыз. Би: «Ақшақарлар» Аяз атаның келуі- -Армысыңдар, халайық!Мына менің сарайыма хош келдіңдер!Мен көрші ауылдарға қонақтықтан келемін.Менің Ақшақар қызым қайда? Қаршақыз- -Мыстанкемпір сарай ішіне келіп Ақшақарды сиқырлап,шырша шамдарын өшіріп кетіпті.Ертегілер еліндегі қонақтар әдейілеп сізді көруге, қонақ болып келіп тұр.Ақшақарды сиқырлы таяғыңызбен оятып, шырша шамдарын жағып,жаңа жыл мерекесінің сәнін өзіңіз ғана кіргізбесеңіз. Аяз ата- Аяз Ата -Ал,сиқырлы таяғым сиқырыңды аямай менің қызымды оят.(деп Ақшақарды оятады) Ақшақар- Салтанат -Ойй,мен көп ұйықтап кетіппін ғой.Аяз атам келгенше сарай ішін әдемілеп безендіріп жатқанмын.Мыстан әжей келіп басымнан сипады, одан соң не болғанын білмеймін.Сарайымызға ертегілер әлемінен қонақтар келіпті ғой.Қош келдіңіздер!Олай болса не тұрыс,шырша шамдарын жағып,Жаңа жылдың сәнін келтірмейміз бе. (Аяз атаның шыршаны жағуы) Қаршақыз: Ендеше балалар Аяз Атамен бірге шыршаны айнала ән айтайық Ән: «Шырша» Қаршақыз- -Ертегілер елінен келген қонақтар Аяз ата сарайына өздеріңнің өлең, жырларын ала келіпті.Олай болса өнерлерін тамашалайық. Тақпақтар: Айдана: Тілеймін мен бар әлемге Дос көп болсын жаңа жыл Ата әже, Ата әже Құтты болсын жаңа жыл! Альмина: Жаңа жыл келді еліме, Жаңа жыл келді жеріме Шаттыққа бөлеп даланы Жаңа жыл әнге салады. Айару Жаңа жылды қарсы алдың, Мініп алып күймеге Менде бүгін ән салдым, Араластым биге де. Ақнұр: Сылдырлайды моншағы Шыршалардың мол шамы Жаңа жылмен жайдары Құттықтаймыз баршаны Амина А: Ал келіңдер ортаға Қарт атаны қоршала Жаңа жылды тойлайық Көңілдене ән сала Әбілмансур: Аппақ, аппақ дала, Аппақ ауыл қала Жапалақтап ақшақар, Жауа берсін жауа Ән: «Жаңа Жыл» Алинур: Қуанып ойнайық, Қызыққа тоймайық Жаңа жыл кешінде Би билеп тұрайық Сардар: Өлеңде әзір,әнде әзір Ойында әзір, бәрі әзір Кел жаңа жыл біздерге Кел жаңа жыл ,жаңа жыл Анель: Айнала аппақ қар, Айтамыз әнмен жыр Шыршамыз ортада Шамдары жайнап тұр Асылхан: Әлде қарлы боранда, Тау басынан түсті ме. Аяз ата оралды, Ақ тон киіп үстіне Ән: «Ақшақар» Би: «Современный» Аяз ата- (Ұялы телефонмен сөйлеседі) -Алло, алло! Амансыңдар ма қарақтарым...Әрине жетем, меніңде сарайыма ертегілер елінен қонақтар келіп жатыр.Ия,ия қазір жолға шығам.Жақсы. Ал, менің сарайыма амандаса келген қонақтарым. «Қуыс үйден құр шықпа»- деген сөз бар.Мерекелік сыйлықтарымды қабыл алыңдар балаларым.(сыйлықтар беріліп, аяз ата жолға шығады) Ақшақар сарайымызға келген қонақтарды жақсылап шығарып сал, ал Ит екеуміз бізді күтіп жатқан басқа жерлерге жолға шығайық.Кездескеше құрметті қонақтарым,сау болыңдар! Қаршақыз- -Құрметті, Ақшақар!Біздің де қайтатын уақытымыз болды,бізде өз елімізге қайтайық.Келер жылы кездескеше аман, сау болайық! Ақшақармен ертегі әлемінен келген қонақтарда қоштасып өз елдеріне қуанышпен қайтады.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.135.193.17 (0.007 с.) |