Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ақтөбе қаласының білім бөлімі

Поиск

Ақтөбе қаласының білім бөлімі

№15 «Жидек» МДҰ

 

 

Жаңа жыл қызықтары

Тәрбиешілер: Бәшентаева Ф.К

         Көптілеуова Г.Ж

Музыка жетекшісі:Жоламанова З

 

Ақтөбе,2020ж

 

(Зал іші жаңа жылдық мерекеге сай безендірілген)

(Әдемі әуен ойналып, үйшік терезесі ашылып ертегі әлемінің ханшайымы сөз алады)

Ертегі ханшайымы

-Армысыңдар, қадірлі менің ертегі әлемінен нәр алған көрермендерім!Бүгінгі кешімізді көргендерде арманда, көрмегендер де арманда!

Ерте, ерте , ертеде, Қарлы үлкен шаһарға жаңа жыл мерекесін көруге ертегілер әлемінің барлық қонақтары үлкен залда бас қосады.Қонақтарымыздың бірі жаңа жыл мерекесін жыл сайын тойлап жүрсе,бірі мүлде жаңа жыл мерекесіне қатысып та көрмепті.Мен қазір дүрбіммен қарап жіберейін.Ооо, келіп қалды әнекей, күймелерінен түсіп жатыр.(Әдемі жаңа жылдық әуен ойналып , ортаға барлық ертегі кейіпкерлер кіреді.)

Қаршақыз- Фарида:

Амансыздар ма, Қарлы шаһардың тойын өткізгелі отырған тұрғынддары!

Келе жатқан Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!Менде бүгін қарлы шаһарға қонақтар ертіп келіп тұрмын.Қонақтармыз мерекені көруге асығып келді.Барлығы залға топырлап кіруге ұялып та , жатырқап тұр.

(Осы кезде кішкентай Сантаклаустар жүгіріп кіреді)

Сантаклаустар- Әділжан,Сардар,Қайсар,Ерасыл,Алинур,Асылхан,Әбілмансур,Амина Ж, Азалия,Сезим,АйданаАиша, Медина,Альмина.

Сантаклаус-Әділжан:

Сәлеметсіздер ме, қонақтар?! Біз Қарлы шаһарға жаңа жыл мерекесін тойлаудан еш қалмаймыз және де ұялмаймыз.Солай ма,достарым? (Барлық гномдар қосылып «Ия»- деп жауап береді.)Олай болса не тұрыс қәне тойдың сәні би емеспе ортаға біз шығайық.(Барлығы қосылып билей жөнеледі.)

Би: «Сантаклаустар»

Қаршақыз-

-Міне , кішкентай қонақтарымыз Жаңа жылды тойлауға құр қол келмеген екен.Тамаша!

(Маша менАю ертегісінің музыкасы ойналып кейіпкерлер жүгіріп келеді.)

Маша мен Аю:-Сәлеметсіздер ме апайлар, қонақтар?!

МашаСамина:

Аю досымды мен бүгін жаңа жыл кешін көруге ертіп келдім.Себебі ол қыста жылы көрпені жамылып алып, еш қыс мезгілін көрмей ұйықтайды да жатады.Ұйқыдан тұрғаннан соң Аяз ата,шырша туралы айтсам «-Ол не, бұл не?»- деп, сұрақтарын маған жаудырады.

Аю-Т.Кәусар:

Маша, менің енді ұйқым келеді.Анам маған «-Ұйықтамасаң өспейсің»- деген.Сол себепті мен ұйықтаймын.(осы жерде есінеп алады.)

-Тағы да ұйқым келіп тұр.Жоқ мен ұйықтамаймын жаңа жыл, Аяз атаны өз көзіммен көруім керек.Маша маған жыл сайын айтады Аяз ата, Ақшақар- деп.Сосын жыл сайын ұйықтағанда түсімде көріп шығамын.Бірақ тұрғанда ұмытып қалам.Осы жолы көруім керек енді.

Маша-Самина:

Дұрыс айтасың досым! (деп екеуі қол ұстаса қуанып айналады)

Қаршақыз-

(қолымен маңдайын көлеңкелеп алысқа қарап)

-Андағы келе жатқан  кіп-кішкене қыз кім?

Түймеқыз- Саяжан:

Менғой, мен.Көрмей тұрсыңдар ма,Түймеқызбын.Жаңа жылды мен алғаш көргелі тұрмын.Бұл мереке қалай тойланады?Анам мені көзге көп көріне бермеген соң ,мұндай тойларға жібермейді.Достарым бара жатқан соң менде қалмай келдім,Менде Жаңа жыл мерекесін тойлауым керек.

Қаршақыз-

Әрине, Түйме қыз төрлет қонағымыз бол.

(Осы тұста домалап  бауырсақ келеді.)

Бауырсақ- Қарақат:

-Мен домалақ бауырсақпын,мен атамнан да , әжемненде қашып келем.Және де аңдардың бәріне ұстатпай қашып жаңа жылды тойлауға асығып келем.Мен домалақ бауырсақпын, домалаймын, домалаймын,ұстап жесең тәттімін,бірақ мен сендерге ұстатпай жаңа жылды тойлаймын.(деп секіріп билейді)

Қаршақыз-

-Жарайсың, сары бауырсақ жаңа жылды тойлаудан шаршама!

Ана жақтан қызыл бірдеңе көрінеді.(Осы кезде қызыл телпек секіріп ортаға музыкамен шығады)

Қызыл телпек-Нұрай:

-Сәлеметсіздер ме, достар?!Менде келдім жүкіріп, шыршаны айнала ән айтып,би билеуге.Мен көңілді жүргенді жақсы көремін.Әжемде шақырып еді,бірақ жаңа жыл тойын қалай тастап барайын.Осы мереке аяқталған соң әжеме барармын.

Қаршақыз:Қош келдің Қызыл телпек! Әрине, әжеңе баруға үлгересің.Ана жақта мысықтың даусы естіле ме?Не болды екен ол мысыққа?(Мақта қыз бен мысық келеді)

Мысық- Самида:

-Апатай, апатай менде де жаңа жыл мерекесіне алып барыңызшы.Мен ол жақта өте ақылды болам.

Мақтақыз- Саянұр:

-Жоқ сен үйде қалып үйді тазала, мен келгенше.Енді тыңдамасаң құйрығыңды кесіп бермей қоямын.Сен мені мүлде тыңдауды қойдың. Соңымда тек мияулап жүресің де қоясың.Жаңа жылды өзім тойлап келем.

(-деп қолын жымқырып, қабағын түйіп ашуланады)



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.17.110.42 (0.008 с.)