Тақырыбы: "Микоздар патоморфологиясы: актиномикоз, аспергиллез" 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тақырыбы: "Микоздар патоморфологиясы: актиномикоз, аспергиллез"

Поиск

                                10 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: "Микоздар патоморфологиясы: актиномикоз, аспергиллез"

Жұмыстың мақсаты- актиномикоз бен аспергиллездің морфологиялық көрінісін анықтау.

Жұмысқа керекті құрал жабдықтар: 1. Микроскоптар, балауса секциялық материал, альбомдар, түрлі-түсті карандаштар, плакаттар.

2. Патологиялық анатомиялық мұражайлық макропрепараттар: актиномикоздың фунгозды түрі, тері астындағы актиномикоздық абсцесс, төменгі жақ сүйегінің актиномикозы, тауықтың аспергиллездік пиевмониясы, қолтырауынның етек алған (генерализацияланған) аспергиллезі, жылқы өкпесіндегі аспергиллез түйіншектері, жылқының аспергиллездік лимфадениті

3. Гистоколлекциялық микропрепараттар:

актиномикоздық гранулема (75), торай қарнындағы микоздық ойьлым (756).

Жұмысты орындау әдістемесі

1 тапсырма

Актиномикоз - жануар мүшелерінде гранулемалар (түйіншектер) мен ірінді ошақтардың пайда болуымен сипатталатын созылмалы ауру. Қоздырушысы - патогенді саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтар мал денесіне закымданған кілегейлі қабық арқылы енеді. Актиномикоздық зақымданудың түйіншекті, ойылымды, фунгозды, диффузды және абсцесстік түрлері бар.

Макропрепарат. Актиномикоздың фунгозды түрі. Сиыр таңдайын кедірлі-бұдырлы, солғын-қоңыр түсті, нығыз ісікке ұксаған өсінді басқан. Көлемі адам жұдырығындай мұндай өсінді қызыл иекте де пайда болған. Өсінділер көптеген гранулемалардан тұрады, олардың тілік бетінде ақшыл-сұрғылт түсті, іріңге толған көптеген майда қуыстар бар (гранулемаларда орта шені іріңдеген). Тіліп қарағаңда тілік бетінен сарғыш-сұр түсті, іріңді, ұсақ қуыстар көрінеді.

Макропрепарат. Тері астындагы актиномикоздық абсцесс. Шыныда тері астында орналасқан актиномикоздық асбцессті көріп отырсыз. Ол домалақ пішінді, диаметрі 10 см шамасында. Абсцесстің тілік бетінен мынаны көресіз: ақшыл-сарғыш түсті іріңмен толған куыс қалың фиброзды капсуламен қапталған. Абсцесс тұсындағы тері қалыңдаған, оның жүні түсіп қалған.

Макропрепарат. Төменгі жақ сүйегінің актиномикозы. Зақымданған сүйек қалындаған, онын пішіні өзгерген, қызыл иекте ақшыл-сарғыш түсті іріңге толған дөңгелек пішінді актиномикоз ошақтарын көреміз.

№75 гистопрепарат. Актиномикоздық гранулема. Гематоксилин-эозинмен боялған. Ұсақ гранулемалар ортасында қызыл түске боялған, мицелий жіпшелерінен құралған шапақты друза көрінеді. Друза айналасында көптеген көк түсті сегментті ядролы лейкоциттерді көруге болады. Лейкоциттер шоғырланған жерден тысқары бозғылт түске боялған аймақта цитоплазмасы мен ядросы солғын түске боялған эпителиоидты торшалар бар. Гранулеманың шеткей жағы ядролары қою көк түске боялған лимфоциттер шоғырынан тұрады. Әбден пісіп жетілген ескі гранулемада друза ірі сілтілі бояумен боялған шапақты құрылымнан айырылған. Друза айналасында бұзылған көкшіл лейкоциттер шоғырларынан тұратын іріңді экссудатты көресіз. Гранулеманың шеткей бөлігінде эпителиоидты торшалар, лимфоциттер, дәнекер ұлпадан құралған қабық жән плазмалық торшалар орналасқан. Жаңадан пайда болған және әбден пісіп жетілген гранулемалардың суреттерін салыңыз.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 69; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.3 (0.009 с.)