Жұмысты орындау әдістемесі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жұмысты орындау әдістемесі

Поиск

Жұмысты орындау әдістемесі

1 тапсырма

Инфекциялық энцефаломиелит (ИЭМ), делбе - жылқының жіті түрде өтетін, көбінесе өліммен аяқталатын вирустық ауруы. Негізгі сипаты мидың, жұлынның зақымдануы, жалпы сарғаю. Ауруға тән патоморфологиялық өзгерістер бауырда байқалады.

Макропрепарат. Инфекциялық энцефаломиелиттен өлген жылқының бауыры. Бауыр кішірейген, қара-көкшіл реңді қоңыр түсті, нығыз, оның жиектері сүйірленген.

Макропрепарат. Делбемен ауырған жылқының қуыгы. Қуықтың кілегейлі қабығында көптеген нүктелі және дақты қаңталаулар бар.

№93 Гистопрепарат. Жылқы делбесіне тән альтерациялық гепатит. Микроскоптың кіші үлкейткіші арқылы зерттей отырып, триада аймағындағы торша (негізінен лимфоциттер) инфильтраттар табыңыз. Бауыр бөлікшелері кішірейген, беларалык құрылым жоиылған. Микроскоптың кіші үлкейткіші арқылы қараңыз. Көпіршіктенген бауыр торшалары (майлану дистрофиясына ұшыраған) арасында лимфоциттер мен гистиоциттер инфильтраттары бар. Кейбір гепатоциттер мен гистиоциттер цитоплазмасында қоңыр түсті гемофусцин пигментінің түйіршіктерін көресіз. Енді орталық венаны зерттеңіз: оның қабырғасы қалыңдаған, гомогенді, қызғылт түсті (гиалиноз). Бауыр бөлікшелерінің шет жағында көп ядролы, әртүрлі пішінді алып құрылымдар бар. Оларда ядролар қос қатар орналасқан. Бұл алып торшалар регенерациялық процестің бір көрінісі, бауыр торшаларының бөлініп көбеюіне байланысты пайда болған.

Сурет салыңыз: бауыр белараларының бұзылғанын, гепатоциттердің майлану дистрофиясына ұшырағанын, алып құрылымдарды, лимфоцит, гистоцит инфильтраттарын, гемофусцин түйіршіктерін, орталық венаның гиалинозын көрсетіңіз.

2 тапсырма

Жылқыныңинфекциялық анемиясы — негізінен ұзаққа созылатын тақ тұяқтылардың  вирустық ауруы. Ол әлсін-әлсін дененің қызуының көтерілуімен, қан түзетін мүшелердің және эритроциттердің зақымданып жалпы анемияның туындауымен, септицемияға тән өзгерістермен, гистиоцитарлық-лимфоцитарлық инфильтраттардың пайда болуымен, гемосидерин алмасуының бұзылуымен сипатталады.

Макропрепарат. Жылқының инфекциялық анемиясының жіті түріне тән көк бауырдағы өзгерістер. Көк бауыр бірнеше есе үлкейген, қара-қошқыл түсті, оның капсуласында қанталаған жерлер бар.

Макропрепарат. Жылқының инфекциялық анемиясының жітілеу түріндегі көк бауыр. Көк бауыр сәл үлкейген, бірақ аурудың жіті түріндегідей емес. Кесіп көргенде оның  түсі қызғылт-қоңыр (мал өлген бойда оның көк бауыры қызыл-күрең, қара-қошқыл болады), ұлпада лимфоциттер мен гистиоциттер гиперплазияға ұшыраған, сондықтан түйіршікті.

Макропрепарат. Инфекциялық анемиядан өлген жьілқының бауыры. Бауыр біраз үлкейген, тілік бетінің тусі біркелкі емес: қара-қызғылт жерлер солғын-сұр және тотықты қоңыр түсті жерлермен алмасып отырады (жұпар жаңғағына ұқсайды).

№92а гистопрепарат. Жылқының инфекциялық анемиясының жітілеу түріндегі бауыр. Гематоксилин-эозинмен боялған. Препаратты микроскоптың үлкейткіші арқылы зерттеңіз. Бауырдың беларалық құрылымы негізінен сақталған, кейбір жерлерде бүлінген. Микроскоптың үлкен үлкейткішімен қарағанда беларалар арасындағы синусоидтарда эритоциттер мен бірге адро хроматині және цитоплазмасы солғын боялған ірі гистоциттер бар. Олардың цитоплазмасында қоңыр түсті гемосидерин түйіршіктері көрініп тұрады. Перлс тәсілімен боялған басқа препаратты қарасаңыз гемосидерин түйіршіктері көгілдір түске боялған. Препаратта гистоциттер мен қатар лимфоциттер кездеседі.

Лимфоциттер цитоплазмасы көрінер-көрінбес көкшіл түсті дөңгелек ядросы бар ұсақ торшалар. Лимфоциттер шоғьрын бауыр бөлекшелерінің арасында да көруге болады. Бауыр бір бөлігінің суретін салып, цитоплазмасында гемосидерин бар гистоциттерді және белараралық синусоидтар қуысындағы лимфоциттерді көрсетіңіз.

№92 гистопрепарат. Жылқының инфекциялық анемиясының жіті түріндегі көк бауыр. Зерттеуді микроскоптың кіші үлкейткішімен бастаңыз. Препараттың түсіне назар аударыңыз: ол сары және қызыл түсті. Осы арада қара-қоңыр пигменттер шоғыры (гемосидерин түйіршіктері) көрініп тұр. Лимфофолликулдер кішірейген, бір-бірінен алшақ орналасқан. Микроскоптың үлкен үлкейткіші арқылы зерттегенде сары не қызыл түске боялған жерлер (эритроциттерден тұратынын аңғаруға болады, пульпа қанға толған). Осы арадағы қызыл пульпаның әр жерінде аралшықтарға ұқсап лимфоцит шоғырлары орналасқан. Сонымен көк бауырдағы негізгі өзгеріс - қанға толып, кернелгені. Қанға толған қызыл пульпаны және лимфофолликулдерді көрсетіп, көк бауырдың бір бөлігінің суретін салыңыз.

№92в гистопрепарат. Жылқының инфекциялық анемиясының созылмалы түріндегі көк бауыр. Препаратты микроскоптың кіші үлкейткішімен зерттеңіз. Препарат негізінен көк түске боялған. Лимфофолликулдер лимфоциттік гиперплазияға байланысты үлкейген. Қызыл пульпада лимфоцитгердің саны көбейген, сондықтан фолликулдер мен қызыл ұлпа шекаралары жөнді көрінбейді, біркелкіленген. Ұлпада әдеттегідей гемосидерин түйіршіктері кездеспейді. Аурудың созылмалы түрінде көк бауыр пигменттен айырылады, гиперплазияга ұшырайды.

Сурет салыңыз: үлкейген лимфофоликулдерді және өзгерген қызыл пульпаны көрсетіңіз.

Бақылау сұрақтары:

1. Делбемен ауырып өлген жылқыны сойып зерттегенде табылатын өзгерістер.

2. Делбемен ауырып өлген жылқы бауырының морфологиясы.

3. Инфекциялық анемияның жіті түрінен өлген жылқыны сойып зерттегендегі  өзгерістер.

4. Жылкының инфекциялық анемиясына тән көк бауырда болатын макро және микроөзгерістер.

5. Жылқы инфекциялық анемиясына тән бауырдағы макро-микро өзгерістер.

6. Жылқының инфекциялық анемиясының патогенезіне сипаттама беріңіз (эритроциттердің зақымдануы, гемосидерин алмаусының бұзылуы, ММЖ реакциясы).

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 57; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.3 (0.011 с.)