Стандартталған науқасты оқыту 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Стандартталған науқасты оқыту

Поиск

Ойын бойынша инструкция:

Киімі – қарапайым күнделікті; көңіл-күйі – көңіл-күйі салыстырмалы тұрақты – дәрігермен әңгімелесу кезінде қобалжулы, аздап тітіркенгіш, бірақ дәрігерді мұқият тыңдайды, жақсы нәтижеге үміттенеді.

 

Ø Эмоционалды тақырыптар мен сұрақтарға қалай жауап беру керек – жауаптар келесі түрде құралуы қажет: науқас жазылуы үшін дәрігер тағайындауларын орындау керектігіне сенімді; ол қобалжулы. Дәрігерден бәрі жақсы болатынын естігісі келеді.

Ø Науқастың ауруына қатысты қорқыныш, абыржу, сенімі жайлы сұрақтарға қалай жауап беру керек – науқасты жағдайының жақсаруына қол жеткізуге болатына сендіру керек және ары карай не істеу керектігін айту қажет. Ары қарай зерттеу ауру себебін анықтауға көмектеседі.

 

Ойнауды қажет ететін физикалды симптомдар - бұл жағдайда өзінің денсаулығына алаңдаулы, қобалжулы науқасты ойнау керек.  

Физикалық көрсеткіштер:

Қарағанда дәрігер науқастың жағдайын орташа ауырлықта деп бағалайды. Бойы 177 см, салмағы 96 кг. ДСИ 31 кг/м2. Дене бітімі нормостениялық, теріасты май қабаты денесінің жоғарығы бөлігі мен ішінде артық дамыған. Тері және шырышты қабаттары құрғақ, қолтық асты, шынтақ және мойын аймақтары терісінің гиперпигментациясы анықталады (acantosis nigricans). Жүрек тондары тұйықталған, ритмді. АҚ - 140/85 мм сын.бағ. ЖСЖ 80 рет минутына. Іші жұмсақ, ауру сезімінсіз. Бауыры ұлғайған, қабырға доғасынан 2 см шығыңқы. Зәр шығаруы жиілеген, науқастың айтуынша ауру сезімінсіз. Шеткері ісіктер жоқ.

Status localis: Аяқтары ұстағанда жылы. Табан гиперкератозы. А.dorsalis pedis пен tibialis posterior-де пульсация сақталған. Оң жақ балтырының алдыңғы бетінде сулы, размері  2х3 см жергілікті ісінумен және гиперемиямен сипатталатын жара анықталады. Жарадан іріңді бөлінулер жоқ.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.133.155.253 (0.008 с.)