Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Терапия» мамандығы бойынша 7 курс интерндерінің↑ Стр 1 из 5Следующая ⇒ Содержание книги
Поиск на нашем сайте
«Терапия» мамандығы бойынша 7 курс интерндерінің Қорытынды мемлекеттік аттестацияна арналған КЛИНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА Клиникалық тапсырма номері:___________________________
Клиникалық толықтырулар: Сіз емхананың дәрігер-терапевтісіз.Сіздің қабылдауыңызға 45 жастағы ер адам қандағы қант деңгейінің жоғарылауына, салмақ қосуына, аузының құрғауына, шөлдеуге, жалпы әлсіздікке, жиі зәр шығаруға, аяғында жазылмайтын жараның пайда болуына шағымданып келді. Ауру анамнезі: Қант диабетінің 2 типімен соңғы 2,5 жылдан бері ауырады. Сол кезде ауызының құрғауы, шөлдеу, шаршағыштық, бас ауруы мазалаған. Артериялық қан қасымының 150/90 мм сын.бағ-на дейін көтерілуін байқаған. Эндокринологте диспансерлік есепте тұрады. Соңғы 3 ай бойы оң жақ балтырында маса шаққаннан кейін, қасынған жерде жазылмайтын жаралардың пайда болуы мазалайды. «Тау Сұңқар» МО-да қаралып, сол жерде жараны хирургиялық тазалау жүргізген. Антибактериальды терапия тағайындалған, алайда жаралар жазылмаған. Осыған байланысты қандағы қант деңгейі анықтау жүргізілген. Қандағы глюкоза деңгейі 13,6 ммоль/л-ке және гликирлеген гемоглобин (НвА1с) деңгейі 8,2% жоғарылаған. Ұйықтар алдында 1000 мг метформин және 60 мг гликлазид таңертең тамаққа дейін қабылдайды. Диетаны сақтамайды және қант деңгейін түсіретін препараттарды кейде қабылдауды ұмытып кетеді. Өмір анамнезі: тұқым қаулаушылығы қолайсыз: ата-анасының екеуінде де қант диабеті және артериальды гипертензия бар. 20 жыл бойы күніне 1 қораптан темекі шегеді. Әкесі 66 жасында кенеттен жүрек талмасынан қайтыс болған, бүйректері ауырған. Анасы тірі, 69 жаста, 3 ай бұрын инсульт өткерген. Автобус жүргізушісі болып жұмыс жасайды. Отбасынан айырылысып кеткен. 20 жастағы ұлы бар. Аллергоанамнез: аллергиялық реакциялар байқалмаған. Науқас алаңдаулы, сұрақтарға дұрыс жауап береді. Дәрігермен сойлескен кезде алаңдаулы, дәрігерді бар ынтасымен тыңдайды, жақсы болжамдар күтеді.
Объективті: Жағдайы орташа ауырлықта. Бойы 177 см, салмағы 96 кг. ИМТ 31 кг/м2. Дене бітімі нормостениялық, теріасты май қабаты денесінің жоғарғы бөлігі мен ішінде артық дамыған. Тері және шырышты қабаттары құрғақ, қолтық асты, шынтақ және мойын аймақтары терісінің гиперпигментациясы анықталады (acantosis nigricans). Жүрек тондары тұйықталған, ритмді. АҚ - 140/85 мм сын.бағ. ЖСЖ 80 рет минутына. Іші жұмсақ, ауру сезімі жоқ. Бауыры ұлғайған, қабырға доғасынан 2 см шығыңқы. Науқастың айтуынша, зәр шығаруы жиілеген, ауру сезімінсіз. Шеткері ісіктер жоқ. Status localis: Аяқтары ұстағанда жылы. Табан гиперкератозы. А.dorsalis pedis еt и tibialis posterior пульсация сақталған. Оң жақ балтырының алдыңғы бетінде сулы, көлемі 2х3 см жергілікті ісінумен және гиперемиямен сипатталатын жара анықталады. Жарадан іріңді бөлінулер жоқ.
Жалпы зәр анализі: Мөлшері 150,0 мл Түсі сары Салыстырмалы тығыздығы Белок анықталмайды Лейкоциттер 1- 2 к/а Глюкоза 3,9 ммоль/л Кетон анықталмайды Қанның биохимиялық анализі: Жалпы белок 72 г/л Қалыптыда 66-87 г/л Креатинин 92 ммоль/л Қалыптыда 45-115 ммоль/л Мочевина 6,3 ммоль/л Қалыптыда 2,3-8,3 ммоль/л Глюкоза 13,2 ммоль/л Қалыптыда 4,2-6,0 ммоль/л Билирубин 11, 5 ммоль/л 8,5-20,5 ммоль/л холестерин 6,9 ммоль/л 3,1-5,2 ммоль/л ТГ 2.2 ммоль/л 0,41-1,8 ммоль/л ТТЛП 4,1 ммоль/л 1,71-3,5ммоль/л ТЖЛП 1,0 ммоль/л <0.9 ммоль/л Гликозирленген гемоглобин –10,9 % (қалыптыда <5,7%) Іш қуысы мүшелерінің УЗД-і: Бауыр: оң бөлігі – 10,9 см, сол бөлігі – 7,8 см, ұсақ ошақтар салдарынан эхотығыздығы аздап жоғарылаған. Өт қапшығы – 1,1 х 4,0 см, қабырғасы қалыңдамаған 4 мм-ге дейін, контурлары айқын. Ұйқы безі: басы - 28 мм, денесі – 18 мм, құйрығы – 20 мм. Эхогенділігі аздап жоғарылаған, біркелкі емес, контурлары айқын. Ұйқы безінің диффузды өзгерістері. Бүйректер: оң: 55 х 42 мм,тостағанша диаметрі– 2 мм, сол: 53 х 40 мм, тостағанша диаметрі – 1,5 мм.
Қорытынды: Майлы гепатоздың белгілері. Созылмалы панкреатит.
ЭКГ: Синусты ритм, ЖСЖ 85 минутына. ЖЭО горизонтальды . Сол жақ қарыншаның гипертрофиясының белгілері. Тапсырма:
2. Психологиялық жағдайын ескере отырып науқаспен әңгімелесу және науқаспен көз байланысын орнату, сұрау нәтижелері бойынша қорытынды жасау. 3. Науқасқа түсінікті тілде қарап-тексеру нәтижелерін түсіндіру. 4. Алдын-ала диагноз қою (қорытындылау дағдысы). 5. Зертханалық-аспаптық зерттеулер тағайындап, науқасқа олардың қандай мақсатта жүргізіліп жатқанын түсінікті тілде жеткізу. 6. Зертханалық-аспаптық зерттеулер қорытындыларын науқасқа түсінікті түрде түсіндіру. 7. Дифференциалды диагностика жүргізу. 8. «Бірлесіп шешім қабылдау» дағдысын қолданып, диагноз қою. 9. Ары қарай жүргізу тактикасын анықтау (жоспарлау дағдысы). 10. Науқаспен кері байланыс дағдысын орнату (кері байланыс және суммарлық қорытынды).
|
||||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 10; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.103.119 (0.008 с.) |