Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина Университеті

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина Университеті

 

Кафедра: Жалпы тәжірибелік дәрігер

 

 

 Интерннің  өзіндік  жұмысы

Тақырыбы: Гемоглобинопатиялар, диагнозын анықтау және жүргізу реті.

 

                                                               Орындаған: Жаңгірова Гүлдана

                                                               Тобы: 617

                                                               Тексерген: Нурбаулина Э. Б.

 

 

                                   

 

                            Ақтөбе – 2017

 

  Аты – жөні: Айбатыров Арман Асылбекұлы

  Жасы: 6 жаста

  Шағымдары: әлсіздік, тез шаршағыштық, қозғыштық, тәбетінің төмендеуі, тәбетінің бұрмалануы ( анасының айтуы бойынша ай уақыт тығылып сабын, эпидермисін жейді) ,бас ауыруы, ішінің эпигастрий аймағында әлсіз ауырсынуы.

          Anamnesis morbi

Өзін 1  ай көлемінде ауырамын деп есептейді, анасы ауылдан келгенде терісінәі әлсіз сарғайғанын байқаған. Басқа да жасырын сабынды, шекілдеуік қабығын, өз терісін жейтінін, баласы жүгірген кезде ішінің ауыратынын, жоғардағы шағымдардың пайда болуына байланысты өзінің қалауымен жалпы қан анализін тапсырған, гемоглобин көрсеткішінің төмендегенін байқаған содан соң  учаскелік дәрігер қаралуына келген.

Anamnesis vitae

Бала төртінші жүктіліктен. Төртінші жүктілік бірінші жартысы токсикозбен өткен, екіншісі жартысы еш өзгеріссіз. 39 – 40 аптасында, өзгеріссіз, салмағы – 3600 г болып туылған. Туылғанда кіндік жарығы анықталған. Екпелері уақытымен алынған. Осы уақытқа дейін бала тек суық тиюмен ( жедел респираторлы аурумен ғана  ауырған). Операциялар мен гемотрансфузия болмаған. Аллергоанамнезі теріс. Анасының айтуы бойынша 3 жасында аяғынан жарақат алып, көп мөлшерде қан жоғалтқан, бірақ дәрігерге қаралмаған. Тұқымқуалаушылық анасы жағынан әжесінде туа пайда болған жүрек ақауы, әкесі жағынан семіздік бар.

Status praesens

Жағдайы: қанағаттанарлық, санасы: айқын, қалпы: активті. Терісі бөзғылт. Бөртпелер жоқ. Терінің ылғалдылығы әлсіз, эластикалығы сақталған. Көзге көрінетін лимфа түйіндері ұлғаймаған. Бұлшықеттері жақсы дамыған, сүйек буындарында деформациялар жоқ.

Кеуде клеткасын қарағанда деформация жоқ. Аускультацияда жүрек жиырылу ритмі дұрыс. ІІ тонның өкпе артериясында күшеюі байқалады. ЖСЖ 94 рет минутына.

Өзінің тапсырған жалпы қан анализінде: HB – 68 г/л , Эрит – 2,9*10 / л, СОЭ – 6 мм/сағ. Интерпретация: анемия ауыр дәрежесі.

Диагноз: Теміржетіспеушілік анемиясы, ауыр дәрежесі.

Қосымша аурулары:Кіндік жарығы.

Зерттеу жоспары:

1. Жалпы қан анализі

2. Жалпы зәр анализі

3. Биохимиялық қан анализі ( сарысулық темір)

Емдеу жоспары:

1.Темір препараттары

2.В12 витаминін парентеральді енгізу.

3.Полихимиотерапия

Дифференциалды диагноз: В12 және де фолий қышқылы жеткіліксіздігі анемиясы, созылмалы аурулардағы анемиямен жүргізіледі.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.138.134.163 (0.009 с.)