Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

г) халықаралық жеке құқықта ілім

Поиск

в) әдет ғұрып.

Әдет ғұрып дегеніміз – құқық нормасы ретінде танылған, ортақ тәжірибе болып табылады. Халықаралық жеке құқықта халықаралық сауда әдет ғұрыптар, іскерлік айналым әдет ғұрпы және теңізде жүзу әдет ғұрпы үлкен роль атқарады. СИФ халықаралық сауда терминдерін талқылауға байланысты халықаралық ереже (ИНКОТЕРМС), аккредетив және инкассо бойынша унификацияланған ережелер және т.б.қолданады. Барлық осы актілердің нормативтік сипаты жоқ, бірақ құқықтың қайнар көзі болып табылады.Халықаралық сауда тәжірибесінде егер, шарт негізінде дау туындаса қабылданған әдет-ғұрыпты арбитраждық сот қолданады.

Халықаралық әдет ғұрыпты lex mercatoria (халықаралық коммерциялық құқық, трансұлттық сауда құқығы, халықаралық комерсанттар бірлестігі құқығы) түсінігімен байланыстырады. Халықаралық коммерциялық құқықтың түсінігі дегеніміз, сыртқы экономикалық қызметті мелекеттік емес жүйемен реттеу болып табылады. Сонымен қатар, бұл жүйені " жұмсақ, икемді " құқық деп атайды (норма ұсыныстық сипатта болады). lex mercatoria – сыртқы сауда мәселесі бойынша халықаралық ұйымның резолюциясы – ұсыныс болып табылады. (жеткізудің жалпы ережесі, шарт – формуляры, қосылу шарты, типтік шарттар, типтік регламенттер). Халықаралық коммерциялық құқықтың маңызды ролін, ДСҰ, ХКО, ЮНСИТРАЛ және басқада ұйымдар атқарады.

Ілім дегеніміз – мемлекеттік және халықаралық деңгейде ресми танылған ғалымдардың пікірлері. Қазіргі уақытта халықаралық жеке құқық ілімдері унификациялау мен үйлестіру үшін қолданылады.

Пысықтау сауалдары:

1. Халықыраралық жеке құқықтың анықтамасын беріңіз.

2. Шетел элементі құқықтық қатынастың қай элементі арқылы көрініс табуы мүмкін?

3. Құқық саласы ретіндегі халықаралық жеке құқық жүйесінің

құқықтану ғылымы ретіндегі халықаралық жеке құқық жүйесінен негізгі  айырмашылығы неде?

4. Халықаралық жеке құқықты унификациялау процесінен   

гармонизация процесінің басты ерекшелігі?



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 4; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.188.218.134 (0.007 с.)