анау отшашуды қарашы, -саусағымен нұсқап отырды. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

анау отшашуды қарашы, -саусағымен нұсқап отырды.

Поиск

31.12.2017. Бүгін жаңа жыл! Бүгін әрбір адам үшін керемет күн ғой! Әрбір жан асыға, сағына күтетін мереке. Сарғылт түсті тәтті мандариндер, ыстық тамақтар, шампан. Дастарханды ысырып ойлағанда да қандай күшті. Табиғаттың өзі жаңа жылға қуанатын секілді. Аппақ қар қалыңдап жауып, мереке көркін қыздырады. Қар астында ойнап, аққала соғатын кішкентай балалар қандай сүйкімді еді! Теледидардан үзбей көрсететін жаңа жылдық бағдарламалар, анимациялар, фильмдерді көрудің өзі керемет. Адамдар бір-біріне сыйлық сыйлап, махаббаттарымен бөліседі. Жылы тілектер айтысып, жылы сөйлеп үйренеді. Бірақ....мұның барлығы Наина үшін дәл қазір арман нәрсе. Кешкі сағат 23:30. Наина терезеден қарап отырды. Үстінде қара көйлек, үстінен сарылау адеало жамылып алған. Далада түрлі түсті отшашулардың тарсылдаған қазірден естіліп жатыр. Наина соларға қызыға қарап отыр. Азамат шарап ішіп отырған болатын. Үйде үстел жаюлы. Түрлі-түрлі ас дайындалып тұр. Бірақ оған қарайтын Азамат жоқ. Ол тіпті Наинаға да қараған жоқ.

- Азамат.

- м?

- анау отшашуды қарашы, -саусағымен нұсқап отырды.

- кетш...

- ту қойшы! -орнынан атып тұрып Азаматтың жанына келді.

- не?! "Қойшы" деген несі? Өзің ғой миыма су құйып отырған.

- жаңа жылыңмен...-жымиды.

- мммм.

- мен сені сүйемін...Азамат...Зенкаев..

- мхм..-Наинаның бетіне қараған жоқ. Наина оның иегінен ұстады:

- 'мхм' емес, мені сүйетініңді айт.

- айтпаймын!-стаканын лақтырып жіберді де, кетіп қалды. Наина оның артынан жүгірді. Далаға шығып кетті.

- Азамат!!!-айқайлады.

- .....-үн қатпады. Наина оның артынан барып, құшақтады. Азамат көзін жұмды.

- сүйемін сені...тастамаш...өтінемін.

- жыныма тимеші, Наина! -кетіп қалды. Наина оның артынан қарап тұрып қала берді. Амалсыздан ішке кірді. Бөлмесіне кірді де, төсегіне жатты. Көзінен кішкентай жас ағып жатыр. Жанында тұрған көгершіндеріне қарады. Тордың есігін ашты да, көгершінін қолына алды. Терезені ашты.

- жандарым...сендер маған көп қамқор болған едіңдер. Бірақ...ұшыратын сәт келді. Мен...өз бақытымды өзім қолдан құрттым. Енді сендерді де ұшырамын...қош болыңдар....-ұшырып жіберді. Екі көгершін қыстың қарлы түнінде ұшып кетті. Наина жылап қарап тұрды. Азамат тіпті түнде де келген жоқ. Наина жалғыз ұйықтады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 13.59.84.174 (0.01 с.)