Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ар суының ағынынан пайда болған құмды, зандрлы жазықтардың қалыптасу үрдісі

Поиск

Зандр (исл. Sander – құм) – ежелгі және қазіргі мұздықтардан еріген ағын сулар әсерінен мореналық материалдардың шайылып және шоғырлануынан пайда болған құмды, қиыршықтасты жазық. Әдетте, олар мұздықтардың алдыңғы немесе шет бөліктерінде қалыптасады. Таулы аудандарда Зандрларлар мұздықтардың “тілі” мен ең соңғы қалыптасқан моренаның аралығындағы шағын аймақтарды алып жатады. Кейде Зандрлар соңғы морена аймағынан төмен орналасады. Ең ауқымды Зандрлы далалар жазықтарда, төрттік мұздықтар көмкерген аймақ шетінде қалыптасады. Бетін өсімдік жауып үлгермеген құмды Зандрлар жел әрекетінен құм төбелерге айналады. Зандрлы ландшафтарға, негізінен, біркелкі тегіс жер бедері, ежелгі құмды төбелер, құмды топырақ, қарағайлы ормандар мен батпақтар тән. Орыс жазығындағы (Шығыс Еуропа жазығындағы) “полесье” деп аталатын жерлер Зандрлардың классикалық мысалы бола алады.

Белоруссия Республикасындағы плейстоцендік жамылғы мұзбасу атырабында кең тараған. Полесьеде, Мещера ойпатында,Ресейдегі Батыс Сібірде үлкен аудандарды алып жатады. Таулық мұздықтық өзендерде зандрлық террасалар түзіледі.

Қабаттасқан мұздық суларының шөгінділерінен тұрады: малтатас, гравий, құм. Зандрлар біріккен жайпақ тегіс, радиусы үлкен шығарынды конустар болып келеді. 3андр аландары тау етектерінде дамыған.

Мұз суының ағыны және оның шөгінділері.Мұз айдынының беті үнемі буланып, еріп отырады да олар мұзбен құрсауланған нағыз өзендерге айналады. Тасқын мұз бетімен де, оның жарықтарын бойлап та, мұз табанымен де ағады. Ағындары жол бойында кездескен морена үйінділерінен құм-лайды ағызып әкетіп, оларды әрі апарып шөктіреді. Осылайша мұз суынан шөккен угінділерді флювиогляциялдық шөгінділер дейді. Олар жер бетінде зандр, оз, кам деп аталған бедерлер түзеді.

Зандрлар (датша «зандр» — құм) деп негізгі моренаның сырт жағында құм, қиыршық, малта үйіндісінен қалыптаскан жайпау бедерді атайды. Мұз астынан жайық жерге шыккан судың ағысы кілт баяулайды да көптеген арналарға бөлініп, жайылып кетеді. Сонда ағызып жеткізген үгінділердің барлығы шөге бастайды. Ақырғы моренаның жиегінде ірі кесектері — малта қиыршық, ірі құм шөгеді, әрі қарай ауқымды өлкеде құм үйіледі, одан әрі ағысы әбден басылғанда құмайт, лай шөгеді. Сонымен зандрлы аймақ негізінде құм шөгінділерден құралады. Бет бедерінің көлбеуі 3—5° шамасында.

Мұздықтардың рельеф түзудегі әрекеті, қазіргі кезде қар түсетін, бірақ бірақ еріп үлгермейтін, нивальды климатты аймақтарда байқалады. Жиналған мұздық, өзінің салмақ күшінің әсерінен серпімді қасиетке ие болады, қозғалады. Жылжуы кезінде, жер бетін қазады, осы әрекетті экзарация деп атайды. Босаған жыныстарды, мұздық ысырып, бір орыннан екінші орынға тасымалдайды. Осы әрекетпен байланысты дамыған рельеф формалары мен тау жыныстарын мұздықты не гляцияльды деп  атайды. Кейде, ол шөгінді тау жыныстарын моренналар деп атайды.

Дүние жүзінде ірі материкті мұздықтар қазіргі кезде Антарктидада, Гренландияда, Жаңа Зеландия мен Солтүстік Мүзды мұхиттың аралдарында тараған. Алып жатқан аудандары миллиондаған шаршы шақырым, ал қалыңдығы 0,5 – 4 шақырым болады.

Тауларда мұздықтар, әдетте, ой – шұңқырларға жиналады, сондықтан олар тұтас емес ойдым – ойдым болып жатады. Бұл мұздықтар аса қалың емес (100 – 300 метр), ені де ұзындығы да шағын (10 – 100 шақырым), бірақ қозғалысы жоғары болады.

Ол тау беткейлерінің құлау бұрышының үлкендігіне және қоректенуінің молдығына байланысты. Дүние жүзіндегі ең үлкен таулы мұздық – Федченко мұздығының (Памирде) ұзындығы – 80 шақырым, ені – 5 шақырым, ал қалыңдығы 1 шақырымға жетеді.

Қазіргі кездегі мұздықтар материктердің 10% жер бетін жауып жатыр, ал таулардағы үлесі небары 0,5%.

Мұздықтардың таралуы, шектеулі болғанымен, олармен байланысты дамыған рельеф формалары жер бетінде кең тараған. Бұл құбылысты, 600 мың жыл – 25 мың жыл бұрын жүріп өткен төрттіктегі (Q) мұздану процесімен түсіндіруге болады. Дәл сол кездегі материкті мұздықтар Солтүстік жарты шардағы құрлықтың әжептәуір алабын жауып жатқан еді. Мысалы, Шығыс Еуропа жазығында, максимальды мұздану Днепр өзенінің аңғарында, Днепропетровск қаласының ендігіне дейін келген.

Батыс Еуропада мұздықтар Финляния, Швеция, Норвегия, Дания, Исландия, Голландия, Польша, Германияның жартысынан көбән, Англия мен Ирландияны тұтастай жауып жатқан.

Солтүстік Америкада, мұздықтар Канада жерін тұтас, Нью – Иорк ендігіне, Огайо өзенінің Миссисипиге құяр сағасына дейінгі алқапта тараған.

Қазіргі материкті, әрі таулы мұздықтардың алабында екі аймақты ажыратады:

1. Қоректену аймақтары қар сызығынан жоғары бөлікте, тау шыңында жатады. Мұнда мұздың көлемі ылғи артып отырады.

2. Мұздықтың еру аймағы – қар сызығынан төмендегі бөлігі. Мұндағы мұздықтар қоректену аймағынан жылжып келетін мұздықтардың есебінен толтырылып отырады.

Қалыңдығы артқан мұздықтар құрлық бетін қазады, шұңқырлар жасайды, оны кеңейтеді. Қазып босатқан жыныстарын, өзімен бірге, жылжыған бағытында алып кетіп отырады. Олар мұз денесіне жабысқан күйде, үлкен – үлкен кесектер түрінде тасымалданады.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.116.27.225 (0.007 с.)