Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

зен эрозиясының үрдістері

Поиск

Өзен эрозиясы - аққан судың мүжу-шаю әрекеті. Терендеу эрозиясы, бүйірлік эрозия және регрессиялық эрозия болып бөлінеді.

Адамзаттың тіршілігі үшін өзендердің маңызы ауыз тола айтарлықтай: «өзен жағалағанның өзегі талмас». Өзен суы ауыз судың, өндіріске қажетті судың, жер суарудың, қуатты және таза электр энергиясының басты көзі.

Өзен суы жер бетіндегі және жер астындағы сулардан құралады. Өзеннің  суыжыл маусымынабайланысты сабасыжоғары немесе төмен болады.Жазғытұрым қар кілт ерігенде өзендер жағасынан шығып, Қазақстанжерінде бip-eкiайда өзен суының 70—80 проценті ағып өтеді. Жазаяғында сабасы ең төменге түсіп, қайырланып жеке қарасуларға бөлшектеніп қалады. Биік таулы қар (мұз) суымен қорланатын өзендердің биік сабасы керіciншeшілде кезінде болады.

Сабасы толған кезде су көлемі 5—20 есеөседі, ағыс жылдамдығысу деңгейi төмен кезде жазықтардың iрі өзендеріңдеceкундінe 1-1,5 м (сағатына 3- 5км),таулы өлкелерде 3—5 м (сағатына 15- 45 км) шамасында. Өзенарнасының ең терең жерінде ағыс қатты боладыда, жағалау және түп беттерінде судыңсүйкеліп қақтығысуынан ағыс баяулайды. Өзеннің бойында да оныылдиы өзгepiп, қайраң, апан тұстарында ағыс жылдамдығы кемиді.Өзен сағасында су ауытқып,теңселіп, құйынша (турбулентті) ағады. Соныңсалдарынан суирелендеп, оныңбарлық массасын түбінен бетіне дейін алмастырады,үгінділерді көтеріп, сүйреп, сыпырып отырады. Эрозия пpoцестepi оның бағыты мен арақатынасы өзен аңғарының даму сатысына байланысты. Эрозия екі түрге бөлінеді: түпкі (тереңдік) эрозия салдарынан ағыс түбін сойып, орып тереңдете түседі, бүйip эрозия салдарынан жағалау бұзылып, аңғар кеңи түседі.

Түпкі эрозия, өзен аңғарының бас жағында тереңдік эрозия басым болады. Тасқын тау жыныстарын бұзып-жарып, өзеннің құятын көл немесе теңіз деңгейіне тепе-теңдік бойлау қимасынжасайды. Өзен құятын бассейннің деңгейінен төмен қарай түпкі эрозия болуға тиic eмес. Содан осы деңгейді қзеннің эрозия базиci деп атайды.Өзеннің бастапқы (жас)кезінде оның аңғары кepi эрозия арқылы эрозия базисінен жоғары қарай қалыптасады.

Әдетте өзен аңғарының бойы үш бөліктен тұрады. Жоғарғыбөлігінде эрозия терендеп жәнежоғарғы су айырық бетке қарайжылжиды. Өзеннің орта шеніндеағын энергиясы көтерген үгіндіні тасымалдауға жұмсалады. Өзентөменгі тұсындааккумуляция басым болады.

Бүйірлік эрозия. Өзеннің бойлау қимасыжатықталғaн сайынтүпкі эрозия біртпідсп баяулайды дабүйір эрозиякүшіне кіреді. Өзенарнасының бойында бойлау ағыстан көлденең бағытты ағыстар туады. Олар әуелi су түбіне жетедідежағаға қарай ұрынады. Содан cу түбі шайылып, үгінді жағаға соғылады.Онынбip шамасыжара бойында шөгеді де арна жиегінде қайрағдар түзеді. Өзен суы қайраң жиегінесоқтырып, ағыс жылдамдығыбаяулайды да, алдынан  кездeceтін кедергіні «сезгендей» олай-бұлай буландап ирелендей бастайды. Арна өз жағасын кеміребереді.

Өзендердің аңғарының кеңеюіне және жаға беттерінің асимметриялық қимасы түзілуіне жер шарының өз бетімен айналуы да ықпал жасайды. Орыс ғалымы К. М. Бэр солтүсік жартышарда бойлық бағытта ағатын өзендердің (Еділ, Енесай, Ертіс, т. б.) оң жағасы кашанда болса биік, жарлы, ал қарсы жиегі төмен ойпат болатынын байқаған. Оңтүстік жартышарда, керісінше, өзеннің сол жағасы биік жарлы, оң жағасы ойпаң болады.Аңғардың осылайша жаралуы жердің тәулік айналуының ықпалынан: жер бетіндегі жазық бағытта қозғалған дене (су) солтүстік жартышарда оңға ұрынады,оңтүстік жартышарда солға ығысады: экваторда ол күш нөлге тең. Содан жазықпен аққан су 6ip жағына сусып, арнасып жырып отырады.

Беткі суға атмосфералық жауын-шашыннан бастап ipi өзен ағыстарына шейін жатады. Олардың құрлық бетіндегі денудациялық жұмысы алуан түрлі. Сол себептен ағын суды жер бейнесінің мүсіншісі дейміз. Беткі су жер бедерін бұзады да оны үнемі аласартып отырады. Ағын судың жұмысы оның көлемі мен жылдамдығына тікелей байланысты. Ол жұмыс судың шаюынан, кeмipiп-жыруынан, шайындыны төмен тасымалдауынан, ақыр аяғында оны жинап-үюден құралады. Осының барлығын бipіктipiп флювиалдық (латынша «флювио» — ағым, тасқын) процестер деп атайды.

Беткейдің көлкіме ағыны. Жауын-шашын, қар еруі кезінде көлкіген су күші мардымсыз, сонда да сорғалап аққан су үгілу-тозу кезінде пайда болған майда үгіндіні беткейден төмен ығыстырып, шайып жуады. Соны алаңдық шаю дейді, шайылған жумасы тау-төбенің бөктepi мен етегінде жиналады да оны делювий (латын­ша «делюо» — шаямын) деп атайды.

Делювий шөгінділер етекті жамшыдай (шлейф) көмкереді. Оның ең қалың жepi де осы етекте болады. Teгістіктен шаю салдарынан баурайдың тіктігі біртіндеп еңкіштеніп, кейде ойысталып кетеді. Делювий үйіндісінің жоғарғы басында құм, кала берсе түйіршік, малта жиыны болса, төменгі етегінде майда сазды, құмайт жыныстардан түзіледі. Сол сияқты жазық далаларда да ұсақ үгінділер орын алады. Оған далалы өлкенің шөбі селдір болуының да әсері бар. Лайлы су сорғалап, тік етектегі ipi қорымдар кесектерінің арасын бітейді. Бұдан көретініміз, делювий шөгінділеріқат-қабатқа жіктелмейтін біртұтас, жұмырланбаған, түйіршіктерінің өлшеміне қа­рай сұрыпталмаған, 

арасында жануар, өсімдік қалдықтары жоқ жынысүйіндісінің құрамынан тұрады.

Тұрақсыз ағынның әрекеті. Біркелкі тегістікті шаю жер беті жазық болғанда ғана орын алады. Әдетте жер үстінде табиғи жолмен немесе адам әрекетімен жаралған әр түрлі шұңқыр, өр-жылғалар жиі кездеседі. Оларға құйған су ағысы күшейіп, бетті ойып, жыртып әкетеді. Осы әрекетті эрозия (латынша «эродо— жырту, кемipy, сою) дейді. Соның салдарынан жыралар туады. Басында пайда болған кiшi-гipiм ойыстарға жауын-шашын жинала келе күшейіп, ойыстың бeтi мен шетін орып кетеді. Жыра өз бойынан төменге қарай да, ең басынан да өсе бастайды. Ол шақта жыраның бойлық қимасы өте тік түбі де ойлы-қырлы, сағасы аспалы болады да түпкі эрозия күшті бойлайды. Келесі күшті жауын неме­се қар күрт ерiген кезде ағын жыраның жар басын жоғары қарай әpi жырып-сойып кете барады. Сөйтіп жыл сайын жыруы су айырыққа қарай өсе түседі. Жыраның осылайша ұлғаю процесін кepi (peгрессивтiк) эрозия дейді. Жыралар жан-жағына да тармақтана ке­ле көп аумақты жыртып өтеді.

Жыралау эрозиясының қарқыны көп жағдайға — климатқа, жер бедеріне, жердің геологиялык құрылысына, өciмдік жамылғының қою, селдірлігіне байланысты.Кейде адамның шаруашылық әрекетінен де,мысалы, eгіндікті дұрыс жыртпау,туады.Жер бетініңжұмсақ жыныстардан түзілген аймақтарда сай-салалар сілемдері тезөседі.МысалыДон өзенінің төменгі даладарындажыралар жыл сайын 1 -1,5 метрге өседі, ал Кавказ етегіндежылына 2—3метрге жетеді. Украинада әpбip 100 шаршыкилометр жерде 100 -150 км жыра сілемдері бар Таулыөлкелерде де ауық-ауықсу тасқындары өтеді.Күшті жауын немесеқар кенеттен еріген шақтатаудыңбарлық сай-салалары,аңғарлары cyға толады да қатты ағыспен төменқұлдилайды. 

Жол-жөнекей алапат тасқын дөңбек, малта, қиыршық тастарды, құм-лайды қоса ағызып, жолындағының барлығын күйретеді,жайпайды. Тасқын тау етегіне жеткен кезде оның ағысжылдамдығы кенет басылады да ағын көптеген тарамдарға бөлінеді.Содан күші шұғылкеміген тасқын ағызып әкелген жыныс бөлшектерін бөктерге жайып салып шөктіреді.Осы жыныстар жиынтығын ысырынды конус дейді. Оның тау жақ үшкір бұрыштарында ipi дөңбек, шала жұмырланған малталар, кесектер жиналады. Етектен алыстаған сайын құм, құмайттар шөгеді. Ысырынды конустың сыртқы шегін шаң-тозаңнан түзілген леес, леестұқымдас тұнбалар алады.Шөгінділердің осы түрлерін ғалым А.П. Пав­ловпролювий (латынша «пролюо» - жуып-шаю) деп атады. Сол себептен алдыңғымайда түйірлі шөгінді келесі зор тасқынның ipi үгінділеріменкөміледі.Kepiсінше,одан кейінгі мардымсыз тасқыннан олардың бетін ұсақ түйірлі келесі шөгінділер жабады.Сөйтіп,осылайша кездескен жағдайдан өтекүрделі қабаттасу құралады.

 

      

Сурет 7. Өзен эрозиясы



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.191.67.90 (0.011 с.)