![]() Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву ![]() Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Айналым қаражаттарын пайдалану көрсеткіштеріСодержание книги
Поиск на нашем сайте оның құралу көздері Кәсіпорынның ақша түрінде көрсетілген өндірістік айналмалы қорлары мен айналыс қорларының жиынтығын - айналым қаражаттары деп атайды. Айналым қаражаттардың әр түрлі элементтер арасындағы немесе олардың құрамдық бөліктер арасындағы қатынастары – айналым қаражаттардың құрылымы. Айналым қаражаттары: өндіріс саласындағы және айналыс саласындағы болып жіктеледі. Өндіріс саласындағы айналым қаражаттарының үлесі – 80-85 %, ал айналыс саласындағы айналым қаражаттардың арасалмағы – 15-20 %. Бұлардан басқа айналым қаражаттары бөліну жағынан - нормаланатын және нормаланбайтындарға жіктеледі, олардың тау-кен өнеркәсібіндегі арақатысы – 80-20 %. Нормаланатын айналым қаражаттарына – кәсіпорындардың жоспар-ланатын меншікті қаражаттары, ол – тауар-материалдық құндылықтардың ең аз қосалқы қорларын жасау мен өндірістің үздіксіз жұмыс істеуін және өнімнің өткізілуін қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Нормаланатын айналым қаражаттарына - өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, болашақ кезеңдер шығындары мен дайын өнім жатады. Дайын өнімнен басқа айналыс саласында жұмыс істейтін қаражаттар – нормаланбайтындарға жатады, олар: төлем мерзімі басталмаған жөнелтілген тауарларға, сатып алушылар мерзімінде төлемеген, жөнелтілген тауарларға, сатып алушылардан жауапкершілікпен сақтауға арналған тауарларға жұмсалған қаражат; банкідегі есеп айырысу шотындағы, кассадағы, аккредитивтердегі, жүк айналымы бойынша ерекше еcеп-шоттарындағы ақшалай қаражат; есеп айырысудағы қаражат. Айналым қаражаттарын нормалау үшін, ғылыми тұрғыда негізделген нормативтер мен материал шығындарының меншікті нормалары пайдаланылады. Құралу көздері бойынша айналым қаражаттары – меншікті, қарыз және сырттан тартылған болып жіктеледі. Меншікті капитал – кәсіпорынның міндеттемелері шегеріліп тасталғаннан кейінгі активтер. Әдетте, меншік қаражаттар шамасына: жарғылық, сақтық қорлары мен бөлінбеген капитал жатады. Жарғылық қор - құрылатын кәсіпорынның активтеріне құрылтайшы-лар салған салымдардың құны, яғни оның капиталының бастапқы сомасы, ол кәсіпорынның жарғысында айқындалады. Ол өнімді өткізуден, акцияларды сатудан түскен ақша есебінен құрылады. Өндірістік-шаруашылық және басқа да қызмет барысында оның мөлшері ұдайы өзгеріп отырады. Пайдамен қатар, меншікті айналым қаражаттарды толтыру үшін тұрақты пассивтер де пайдаланылады, олар меншік қаражаттарға жатады. Кәсіпорындарға жатпайтын, бірақ кәсіпорын оны пайдаланатын тұрақты пассивтерге – жұмысшыларға уақытында берілмеген жалақы, бюджетке төленбеген әлеуметтік салықтардың ең аз берешегі, алдыңғы шығындар мен төлемдер резерві, еңбек сіңірген жылдары үшін сыйақы төлеуге арналған резервтер, т.б. жатады. Қарыз қаражаты – кәсіпорын банктен қысқа мерзімді несие тәртібімен алған айналым қаражаттарының бөлігі. Қарыз қаражатының болу-болмауы, меншікті айналым қаражаттарының кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуіне қажетті ең аз мұқтажды ғана өтеуіне байланысты. Өндіріс жоспарының асыра орындалуына, дайын өнімді сатудың кідіртілуіне, өндіріс барысының бірқалыпты болмауына байланысты, қосымша мұқтаждық уақытша сипатта болады да, оны қысқа мерзімді банк несиесімен өтеуге болады. Тартылған қаражатқа кәсіпорынға тиесілі емес, бірақ оның уақытша иелігіндегі ақшалай қаражат жатады. Оған кредиторлық берешектің барлық түрлері кіреді. Кәсіпорындардың айналым қаражаттарды тиімді пайдалануын ұйымдастыруындағы маңызды рөлді, меншікті және қарыз қаражаттар арасындағы дұрыс қатысы атқарады. Әрине, өндіріс процесін ойдағыдай жүргізу үшін әр фирмада меншікті қаражат көлемі жеткілікті болуы тиіс.
Өндіріс тиімділігіне, айналым қаражаттарының айналымдылығы үлкен әсер етеді. Ол бір жылдағы, бір тоқсандағы айналым қаражат айналымының санын және бір айналымның ұзақтығын сипаттайды. Сонымен, айналым қаражаттарының айналымдылығы – оны тиімді пайдалануды сипаттайтын экономикалық көрсеткіш. Алдында айтқанымыздай, кәсіпорынның айналым қаражаттары ұдайы өндіріс процесінің бір сатысынан, екінші сатысына үнемі ауысып отырады. Оның бұл үздіксіз қозғалысы, айналым қаражаттарының ауыспалы айналымы болып табылады.
К а = ӨӨ / АҚ ; (3.1)
мұндағы Ка – айналым қаражаттарының айналымдылық коэффициенті; ӨӨ – белгілі бір кезеңде нарық белгілеген бағамен өткізілген өнім көлемі, теңге; АҚ – айналым қаражаттардың үздіксіз айналыста болатын орташа қалдығы, теңге. Айталық, шахтаның бір жылда пайдалы қазбаларды өткізуден алынған түсімі 900 млн теңге болды делік, ал сол кездегі оның айналым қаражаттарының орташа сомасы (орташа қалдығы) 100 млн теңгеге жетті. Сонда айналымдылық коэффициенті (айналымының саны): К а = 900:100 = 9. Айналымдылық коэффициент - сандық шамамен айналым қаражаттарының бір теңгеге шаққандағы сатылған өнім мөлшерін көрсетеді. Көрсетілген мысалды алсақ, айналым қаражаттарының 1 теңгесіне, 1 жылда 9 теңге пайдалы қазбаларды сатудан алынған түсім табады екенбіз. Екінші жағынан, айналым қаражаттарға жұмсалған 1 теңге бір жылда 9 айналым жасайды екен. Айналым қаражаттарының мөлшері бухгалтерлік баланс (теңгерім) мәліметтері бойынша анықталады. Айналым қаражаттарының орташа айлық қалдығы, олардың ай басындағы (АҚ б) және ай соңындағы (АҚс) сомаларының жартылай қосындысы болып табылады:
Айналым қаражаттарының орташа жылдық, тоқсандық сомасын (қалдығын) хронологиялық орташа мәнін есептеу арқылы табуға болады, яғни:
мұндағы АҚ – айналым қаражаттарының орташа жылдық, жарты жылдық, тоқсандық, айлық сомалары, теңге; АҚ б – айналым қаражаттарының есептік кезең басындағы мөлшері, теңге; АҚ с – айналым қаражаттарының есептік кезең соңындағы мөлшері, теңге; АҚ і – айналым қаражаттарының есептік кезең ортасындағы сомалары, теңге; n – қатардағы деңгейлер, көрсеткіштер саны. Тау-кен кәсіпорнының айналмалы капиталының есептік кезеңдерде сомалары мынадай (3.2-кесте). 3.2-кесте Кәсіпорынның айналым қаражаттары
Жылдың есептік кезеңдері
01.01.07
01.04.07
01.07.07
01.10.07
01.01.08 Айналмалы капиталдың қалдығы, млн теңге
Кәсіпорынның айналым қаражаттарының орташа жылдық қалдығын есептеуге болады:
Айналымдылық коэффициентіне кері көрсеткішті - жүктеме немесе орналастыру коэффициенті дейді, ол мына формуламен есептеледі:
Бұл көрсеткіштің экономикалық маңызы мынада - бір теңгеге өнім шығару үшін, қанша айналым қаражаттары керек екендігін білдіреді. Басқа маңызды көрсеткіш - бір айналымының уақыты (ұзақтығы). Ол кезеңдегі күндер санын айналымдылық коэффициентіне бөлу арқылы табылады:
мұндағы t – бір айналымның ұзақтығы, күндер; T – кезеңдегі күндер саны (жылда 360 күн, тоқсанда 90 күн). Келтірілген мысалда айналым қаражаттарының айналым уақыты мынағын тең: t = Т / Қ а = 360 : 9 = 40 күн.
мұндағы tі – айналым қаражаттары элементтерінің ауыспалы айналымының і– сатында болғандағы уақыты, күндер;
Осы көрсеткіштерден басқа айналым қаражаттардың қайтарым көрсеткіші (Қақ) пайдалануы мүмкін, ол өнім өткізуден алынған пайда мен кәсіпорынның айналым қаражаттарының қалдығы қатынасымен анықталады, яғни:
мұндағы П – өнім сатудан алынған пайда, теңге; АҚ – сол кезеңдегі айналым қаражаттардың орташа қалдығы (сомасы).
|
||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.21.158.106 (0.008 с.) |