Айналым қаражаттарының айналымдылығын 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Айналым қаражаттарының айналымдылығын

Поиск

3.9. Айналым қаражаттарының айналымдылығын

жылдамдату жолдары

Капитал - айналым уақыты бүкіл авансыланатын капитал өндіріс пен айналыс сатысынан өтетіндіктен, оның айналымдылығын тездету, пайдалы қазбалар өндіруді жетілдіру мен өткізу көлемін арттыруда өте маңызды.

Өндірістік қорларды құру сатысында қосалқы қорларға экономикалық негізделген нормаларды енгізу; өнім жеткізушілерді тұтынушыларға жақындату; тікелей экономикалық байланыстарды кең көлемде пайдалану; материалдық-техникалық жабдықтаудың сақтау жүйесін кеңейтіп, материалдар мен жабдықтарды көтерме сауда әдісімен сатып алу, тиеу-түсіру жұмыстарын кешенді механикаландыру мен автоматтандыруды енгізу керек. Тау-кен өнеркәсібінде 1 т кен өндіруге арналған кен-даярлау мен аршу жұмыстарын қысқарту мәселесін шешу қажет.

Айналыс сатысында пайдалы қазбаларды өндіретін кәсіпорындар, оларды сатып алатындарға тез жеткізу; есептеу жүйесін жетілдіру; тікелей шаруашылық байланыстар бойынша тапсырыстарды орындау барысында өнім сату көлемін арттыру; келісім-шартқа сәйкес өнімді уақытында жөнелту жатады.

Капиталдың ауыспалы айналымының жылдамдығы, оның бір жыл ішінде жасалатын айналымының санымен өлшенеді, ол көп факторларға байланысты. Олардың ішінде бастылары: өндіргіш капиталының негізгі капитал мен айналмалы капиталға қаншалықты ара қатынаста бөлінетіні. Айналмалы капитал айналымының жылдамдығы, негізгі капитал айналымының жылдамдығынан жоғары. Сондықтан бүкіл капиталдың айналым уақыты неғұрлым аз болып, айналым жылдамдығы неғұрлым жоғары болса, айналмалы капиталдың авансыланған капиталдағы үлесі солғүрлым жоғары болмақ. Капитал айналымының жеделдеуі – өндіріс уақытын немесе екеуінің де айналысын қысқарту деген сөз, ол авансыланған капиталдың шамасын азайтып, оны пайдалану тиімділігінің артқанын айғақтайды.

Сөйтіп, айналым – қаражаттардың айналымдылығын жылдамдату үшін, өндірістік және шаруашылық шаралардың екі комплексін енгізу керек. Айналымды арттыруды қамтамасыз ететін шараларға мыналар жатады:

 - еңбек өнімділігін арттыру, өндірістік процестерді механикаландыру мен автоматтандыру, циклдік кестелер (график) арқылы жұмысты ұйымдастыру, пайдалы қазбалар кенорындарын қазуға оңтайлы жүйелерді пайдалану;

- пайдалы қазбалар өндірімін, сондай-ақ тауар өнім көлемін төмендететін жабдықтар мен жұмысшылардың кідірісін жою;

- жоспарлы тапсырманы қатал орындау.

Тау-кен кәсіпорындардың айналым қаражаттар керектігін төмендетуін қамтамасыз ететін шараларға мыналар жатады:

- әр түрлі материал шығындарының меншікті нормаларын төмендету;

- қоймадағы материалдық құндылықтар, қосалқы қорлар нормаларын төмендету; 

- қымбат және тапшы матариалдарды арзан материалдармен ауыстыру.

Айналым қаражаттардың айналымдылық көрсеткіштерін анықтау үшін, кәсіпорынның бір кезеңде өнім өткізілген көлемін талдау керек.

Айналым қаражаттарының айналымдылығын тездету – осы қаражаттардың бір бөлігін босатып, қосымша айналым қаражаттарынсыз көбірек өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Осы айтқанымызды дәлелдеу үшін, төменгі мысалды қарастырамыз (3.3-кесте).

Айналым қаражаттарының бір айналымының орташа ұзақтығының өзгеруіне байланысты, оның босатылған бөлігін (D АҚ) мына формуламен анықтауға болады:

                 D АҚ = (t 0 — t 1) Q1 /360 ,                        (3.19)

мұндағы D АҚ — айналым қаражаттарының оның айналым санының өзгеруіне байланысты босатылған бөлігі, теңге;

  t0 және t1 — базалық (жоспарлы) және нақты (салыстырмалы) бір айналымының орташа ұзақтығы, күндер;

Q1 – нақты өнім шығару көлемі, теңге.

 

Біздің кестеде көрсетілген мәліметтерге сәйкес:

D АҚ = (24-20)*630/360= 7 млн теңге.

Ал енді айналым қаражаттарының орнықтыру коэффициенті өзгергенде, оның босатылған бөлігін былай анықтайды:

D АҚ = (К жо – КЖ1) •Q1,                      (3.20)

мұндағы – К жо және КЖ1 – базалық (жоспарлы) және нақты (салыстырмалы) айналым қаражаттарының орнықтыру коэффициенті.

 

 

Айналым қаражаттарының айналым

жылдамдығын есептеу   

                3.3-кесте

 

 

 

Көрсеткіштер

Жылдар

Өзгеру

Базистік немесе жоспарлы

Нақты немесе салыстыр-малы

 

Абсо-люттік (+,-)

Салыстыр-

малы, %,  

 

Өнім, шығарылған көлемі (Q), млн теңге

+180

2

Айналым қаражаттардың орташа жылдық

мөлшері (АҚ), млн теңге

+5

116,7

Айналым қаражаты айналымының саны, айналымдылық коэффи-циент (Ка) (1 жолды: 2 жолға)

+3

Бір айналымының орташа ұзақтығы ( t ), күндер (360: 3 жолға)

-4

83,33

Айналым қаражаттарының орнықтыру коэффициенті (Кж)  (2 жолды:1 жолға)

1/15

1/18

-1/90

83,33

Айналым қаражаттарының жоспарлы айналымдылық коэффициенті деңгейінде босатылған сомасы, млн теңге

630:15=42

 

 

Айналым қаражаттарының айналым санының 15-тен 18-ге дейін өскендегі боса-тылған бөлігі, млн теңге

42-35=7

 

Біздің мысал бойынша D АҚ :

D АҚ = (1/15 – 1/18) *630 = 7 млн теңге.

Айналым қаражаттарының айналым саны және бір айналымның орташа ұзақтығы, өнімнің нақты көлеміне қатысты болғанда, оның босатылған бөлігі мына формулалармен анықталады (3.3-кесте):

D АҚ = Q1 ао – АҚ1                                 (3.21)

немесе

D АҚ = t 0 * Q1 / Т - АҚ 1,                (3.22)

мұндағы Қао – базистік немесе жоспарлы айналым қаражатының айналым саны;

Т – кезеңдегі күндер саны, 360 күн.

Сонымен, айналым қаражаттарының абсолюттік босатылуы 5 млн (35–30), ал салыстырмалы босатылуы 7 млн теңге болды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.118.25.169 (0.01 с.)