Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Мұнай мен газды тасымалдауға дайындау жабдықтары

Поиск

7.5. Мұнай мен газды тасымалдауға дайындау жабдықтары

 

7.5.1. Мұнайды деэмульсациялау және сусыздандыру жабдықтары

 

Мұнайды деэмульсациялау және сусыздандыру үшін бірнеше технологиялық әдістер қолданылады: құбыр ішіндегі деэмульсациялау – мұнда құбырдағы белгілі ағыс режимін сақтай отырып, реагенттерді құбыр ішіне тікелей беру; газды барботаждау процесі арқылы деэмульсациялау немесе салқындатып тұндыру; эмульсияларды центрифугада қирату; эмульсияларды сүзгілі қабат арқылы өткізу кезінде қирату (қиыршық тас, полимерлі шариктер, ағаш немесе металл үгінділері, т.б.); термохимиялық сусыздандыру және электрлі дегидраторларды қолдану.

Қазіргі кезде суды алдын ала айырып алу қондырғылары ретінде – УПС, ОГ-200П, СибНИИНП аппараттары қолданылады, ал мұнайды ақырғы сусыздандыру үшін ОГ-200С аппараты пайдаланылады. Қыздыру блоктары НН типті қыздыру құбырлары түрінде және БН, ПТБ, ПТ-Р/Д типті қыздыру пештері қолданылады.

7.5-суретте УПС-3000/6м және УПС-6300/6м типті қондырғылардың технологиялық сұлбасы көрсетілген.

Бұл қондырғылар бір-бірінен технологиялық ыдыстарының көлемімен және тиекті-реттеуші арматураларының өту диаметрлерімен ажыратылады. Бірінші қондырғының технологиялық ыдысының көлемі 100 м3 болса, екіншісінің көлемі 200 м3-қа тең. Қондырғылардың өткізу шамасы (өнімділігі) сәйкесінше 3000 және 6300 т/сағ, массалары 29,5 және 43,5 т. Өңделуге келіп түсетін мұнайдың сулануы 90%-дан, ал қондырғыдан шыққан кезде 20%-дан аспауы керек. Газ факторы 120 м33 шамасында, қондырғыдағы жұмыстық қысым 0,6 МПа-дан жоғары болмау қажет.

Қондырғының жұмыс істеу ретін қарастырайық. Ұңғыманың өнімі сол жақтағы бөлікке сопло (1) және мұнай құйылатын сөре (2) арқылы келіп түседі. Бұл сөреде газдың негізгі бөлігі ажыратылады. Газ оң жақтағы бөліктің үстіңгі жағына әкетіліп, тамшы ұстағыш (3) және қысым реттеуіш (4) арқылы газ коллекторына жіберіледі. Су және мұнайдан тұратын эмульсия сол жақтағы бөліктен оң жаққа тамшы түзгіш (8) бен таратқыш (7) арқылы келеді. Эмульсияның қозғалуы сол жақ пен оң жақтағы бөліктердің арасындағы қысым айырмашылығы арқылы іске асырылады. Бұр қысым айырмашылығы 0,2 МПа-ға дейін жетеді.

 

7.5-сурет. УПС технологиялық қондырғыларының сұлбасы

 

Сол жақ бөліктегі сұйықтың деңгейі (9) аспабы арқылы реттеледі. Ұңғыманың өнімі мұнайды термохимиялық өңдеуден өткізетін қондырғыдан келетін ыстық сумен араласады. Сол себепті тамшы түзгіштің (8) ұзындығы жеткілікті болуы керек, яғни бұл ұзындық 200-300 м шамасында болады. Тұндырылған су перфорацияланған құбыр (6) арқылы қондырғыдан алып кетіледі. Тазаланған мұнай перфорацияланған құбыр арқылы қондырғының жоғарғы жағынан штуцерлер (5) арқылы алынады (суретте ол көрсетілмеген). Қондырғының жұмыс істеу кезінде мұнай-газдың, мұнай мен судың деңгейлері бақыланып, реттеледі. Ыдыстағы қысым мен температура өлшенеді. Мұнай деңгейі мен қысымның мәндері шекті мәндерінен асқан кезде дабыл қағылып, қондырғы өшіріледі.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.138.181.90 (0.005 с.)