Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Дозалау қондырғыларыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
7.4.2. Дозалау қондырғылары
Ұңғымалардың өнімін жинау және дайындау жүйелерінде деэмульсиялауға, тұзсыздандыруға, жабдықтарды тотықтандырмауға және тасымалданатын сұйықтың тұтқырлығын азайту үшін түрлі реагенттер қолданылады. Әдетте, реагенттер өте аз үлестермен беріледі. Сондықтан оларды қажетті мөлшерде беріп отыру үшін бір плунжерлі сораптар қолданылады. Олардың бірнеше түрін қарастырайық. Мысалы, НДУ-50/150 қондырғысы сораптан, редуктордан, электрлі қозғалтқыштан және реагентке арналған ыдыстан тұрады. Плунжердің бір минуттағы жүріс саны 50-ден 150-ге дейінгі аралықта болады. Соған сәйкес сораптың берілімі 0,006-0,12 және 0,03-2,16 л/сағ мәндерінде болады. Айдау қысымы 12,5 МПа-ға дейін жетеді. Реагенттерге арналған ыдыстың көлемі 0,215 м3 мөлшерінде болады. Сораптың плунжері бір жаққа қарай серіппенің көмегімен қозғалса, екінші жаққа қарай электрлі қозғалтқышпен редуктор арқылы байланысқан эксцентриктің көмегімен жылжиды. Плунжердің жүру жиілігі жұдырықшаларды ауыстыру арқылы реттеледі. Сыйымдылығы үлкен резервуары бар дозалау қондырғыларының маркалары келесідей: БР-2,5; БР-10; БР-25. БР-2,5 қондырғысына маркасы НД-0,5Р22,5/400 дозалау плунжерлі сорабы орнатылған және оның өнімділігі 2,5 л/сағ, ал қысымы 10 МПа-ға дейін жетеді. Реагентке арналған ыдыстың көлемі – 0,9 м3 және онда қуаты – 3,75 кВт-қа тең электрлі қыздырғыш қойылған. Қыздырғыш ыдыстағы реагенттің температурасын 60 0С шамасында ұстап тұруға арналған. Маркасы НД-10/100 дозалау сорабының өнімділігі 10 л/сағ, ал қысымы 10 МПа. Реагенттің орналасу ыдысының көлемі 200 л. Ыдыстағы реагент құбырлар арқылы өтетін будың көмегімен қыздырылады.
7.4.3. Блокты сорап станциялары
Блокты сорап станциясы таза мұнайды немесе мұнай-су қоспасын немесе тауарлы мұнайды тасымалдауға арналған. Блокты мұнайға арналған сораптық станция қабаттағы қысымды ұстап тұруға арналған шоғырлық станцияға ұқсас етіп салынады. Станцияның сораптық блоктарының құрамына электрлі жетегі бар негізгі сорап қондырғылары мен қосымша сорап қондырғылары да кіреді. Қосымша сорап қондырғысына маркасы 8НДв сораптары жатады. Оның өнімділігі 500 м3/сағ, тегеуріні 67 м. Олар қуаты 160 кВт жарылысқа қауіпсіз вариантта орындалған электрлі қозғалтқышпен жабдықталған. Негізгі сораптың (маркасыНК-560/335-300) өнімділігі 335 м3/сағ, ал тегеуріні 300 м-ге тең. Тауарлы мұнайға арналған блокты сораптық станцияның «Рубин» типті өлшеуіш қондырғысы бар. Мысалы, мұнайға арналған бір БННС-1000-30 маркалы блокты сораптық станция тоғыз блоктан тұрады: үш блок негізгі сораптардан, екеуі – қосымша сораптардан, екі блок 6 кВ-қа арналған тарату құрылымынан, бір трансформаторлар блогы және бір блок - басқару және құбырлар жүйесінен тұрады. Тауарлы мұнайдың блоктық станциясы айдалатын мұнайдың тығыздығы 0,6-0,9 кг/м3, тұтқырлығы 1,5 см2/с, сулануы 1%, механикалық қоспалары 0,2 %-ға дейін және сұйықтың температурасы 5-тен 600С-қа дейінгі мәндеріне есептелінеді.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.15.34.50 (0.007 с.) |