Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Тақырып:. Ішектің қабыну аурулары. Созылмалы панкреатит.
Тақырып:. Ішектің қабыну аурулары. Созылмалы панкреатит. Созылмалы панкреатит– диффузды немесе сегментарлы фиброзбен қосарланған, функционалды жеткіліксіздік пен этиологиялық факторлардың əсері тоқтағаннан кейін үдеумен дамитын, фокальдық некрозбен мінезделетін ұйқы безіндегі қабынулық-деструктивті процессі. ЖІКТЕМЕСІ
1. Созылмалы кальцилейтін. 2. Созылмалы обструктивті. 3.Созылмалы паренхиматозды-фиброзды. Созылмалы панкреатиттің клиникалық-морфологиялық жіктемесі(Кузнецов В.В., Голофеевский В.Ю. 2000 ж.) Этиология Клиникалық мінездемесі Морфологиялық варианты Басым морфологиялық өзгерістер Аяқталуы Алкогольді А. Клиникалық варианттар: ауысынулы; диспепсиялық; латентті; бірлескен.
экзокринді функцияның бұзылуы; инкреторлы функцияның бұзылуы.
Г. Ағым фазасы: өршу; ремиссия.
Д. Асқынулар: ерте, кеш. Паренхиматозды - Отек и воспаление; - Некроз; - Дистрофия; - Липоматоз. - Фиброз; - Кисталар; - Кальциноз; - Қатерлілену? Билиартəуелді Гастродуоденальді патология Фиброзды-склероздық - Паренхима фиброзы - Паренхима Дəрілік Инфекциялық Жалғанту морозды (гиперпластиялық) - Паренхима - Паренхима Идиопатиялық Ишемиялық жəне басқа
Созылмалы панкреатиттің ауырлық дəрежесі Жеңіл дəреже, сыртқы жəне ішкі секреторлық жеткіліксіздік болмауымен мінезделеді. Клиникалық белгілер (ауыру, диспепсия) аздап айқан. Қан мен зəрдегі панкреаттық ферменттердің белсенділігі артуы мүмкін. Асқыну жылына 1-3 рет.
Ауыр дəреже,анық клиникалық лабораторлық көріністермен, «панкреатикалық» жəне панкреатогендік іш өтулермен, ақуыздық жеткіліксіздікпен, полигиповитаминозбен, үдемелі жүдеумен, ағзалар мен жүйелердің заңды зақымдануымен мінезделеді. Жылына 6-7 рет жəне одан көп асқынулар.
- Алкоголь; - Өт тас ауруы; - Метаболикалық бұзылыстар (алмасулық жəне гормоналдық бұзылыстар); -Тұқымқуалаушылық созылмалы панкреатит; - Алғашқы слероздайтын холангит, алғашқы биллиарлы цирроз жəне Шегрен синдромымен байланысты аутоиммундық панкреатит; - Операциялар, ұйқы безінің жарақаттары; - Вирустық инфекциялар; - Ұйқы безіндегі қанайналымның жіті бұзылыстары; - Аллергиялық реакциялар, уыттану əсері (бүйрек трансплантациясы кезіндегі уремия), тағамдағы антиоксиданттардың тапшылығы; - Гиперпаратиреоз - қандағы кальцидің артуы.
Диагностика критерилері Физикалық тексеру: 1. Рецидив беретін ауырулық абдоминалды синдром (жиірек құрсақтың алдыңғы қабырғасында, арқаға берілумен, диеталық жүктемелермен, алкоголь қабылдаумен). Ойықжара тəрізді ауырулық синдром, моториканың бұзылуымен сол жақтық бүйректік шаншумен клиниканы еске түсіреді. 2. Дене салмағының төмендеуі (мальабсорбция синдромы). 3. Сыртқы секреторлық функцияның жеткіліксіздігі (стеаторея, гипокальциемия, гиповитаминоз). 4. Ішкі секреторлық функцияның жеткіліксіздігі (глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы, қантты диабет). 5. Созылмалы фиброзды-индуративті панкреатит үшін аралық сарғыштану тəн.
1. Рентгенологиялық белгілер: ұйқы безінің кальцинаттары, екінші бел омыртқасы маңына жылжуы. 2. УДЗ белгілері: көлемнің, эхотығыздылық ұлғаюы, кальцинаттардың болуы, ісіктер немесе киста. Ісікке күдік болса УДЗ КТ толықтырылады. 3. Компьютерлік томография: некроз ошақтары, ұйқыбездің кисталары мен жалған кисталары. Бездің карциномасы кезінде диагностикалық тиімділік 85% жақын, əсіресе қайталамалы зерттеулерде. 4. ЭРХПГ: өзекшелердің деформациясы мен диффузды кеңеюі, дұрыс емес нақты тəрізді түрде, басты өзекшелер мен шеткі бұтақтардың тасы мен стриктураны анықтау. ЭРХПГ көрсетімдер – ҰБ карциномасына күдік, СП жалғанісіктік формасы, ауырсыну синдромы, жүдеу. Негізгі каналдың стриктурасын анықтау үшін жəне оның бүйірлік бұтақтарын кенейту үшін «Алтын». Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:қосарланған патологияларға байланысты.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: 1. Зəр, қан амилазасы. 2. Қанның жалпы анализі. 3. С-рективті ақуызды анықтау. 4. АЛТ мен АСТ анықтау. 5. Жалпы билирубин мен фракцияларын анықтау. 6. Сілтілік фосфатазаны анықтау. 7. ГГТП. 8. Қан липазасы. 9. Қан глюкозасы, қанттық қисық. 10. Копрограммаға нəжіс. 11. Ұйқы безі, өт қабын УДЗ. 12. Гастроэнтеролог консультациясы.
|
||||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 44; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.147 (0.006 с.) |