Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Оқшаулағыш газқағарлар



Тыныс алу органдарын, көзді, бетті ауадағы кез келген қоспадан оның ерекшеліктері мен жинақталуына қарамастан қорғау үшін, сондай-ақ ауада оттегі жетпеген жағдайдағы жұмыс үшін қолданылады.

Бұл газқағарлар АҚ арнайы құрамаларының барлау, өрттен қорғау, заласыздандыру құрамаларының жабдықтау қоймаларында тұрады.

Оқшаулағыш газқағардың қорғаныс іс-әрекетінің принципі атмосфералық ауаның тыныс алу үшін пайдаланылмайтындығына, адамның газқағарды

 

пайдалану процесінде генеративті патрондағы заттан бөлінетін оттегімен демалатындығына негізделген.

Оқшаулағыш газқағар алдынғы бөліктен, жіберу икемделгіші бар тыныс алу қабынан, каркастан және сөмкеден тұрады. Газқағар жиынында артық қобдишадағы жіберу брикеті, шыны ыдыс салынған қорапша, ылғанданбайтын пленка салынған қорапша, жылжымалы кілт кіреді. Жіберу брикеті газқағарды пайдаланудың бас кезінде тыныс алу үшін қажетті оттегіні алу және регенеративті патронды қимылға келтіру үшін қызмет етеді.

Каркас дюралюминийден даярланған және тыныс алу қапшығын сығылудан және механикалық зақымдалудан қорғау үшін қызмет етеді. Каркасқа регенеративті патроны, тыныс алу қабы мен сөмке бекітіледі. Оның сыртқы екіи қалтасы бар, оған шыны салынған қорапша, ылғалданбайтын пленка салынған қорапша, артық қобдишадағы брикет, жылжымалы кілт және резина тығын салынады.

ИП-46, ИП-46М оқшаулағыш газқағарын практикалық пайдалану:

Жіберу икемделгіш қысқан кезде оттегі жіберу брикетіне түседі және оның үстінгі қабатын ыдыратады. Нәтижесінде брикеттің ыдырау процессі бұдан әрі қабаттан қабатқа беріліп өз бетінше жүреді.

Брикет ыдыраған кезде оттегі, су буы мен жылу бөлінеді. Су буы мен жылудың әсерімен регенеративтвік патрондағы затпен оттегі бөліне бастайды. Оттегінің бұдан әрі бөлінуі адам шығарған көмір қышқыл газ бен су буын жұту арқылы өтеді.

Бір регенеративті патроны бар ИП-46 газқағарының қорғаныстық іс-әрекетінің уақыты:

· ауыр жүктеме кезінде – 50 мин. шамасында

· орташа жүктеме кезінде – 1 сағат шамасында

· жеңіл жүктеме кезінде – 3 сағат шамасында

· тыныштық күйде – 5 сағатқа дейін

· судың астында – 40 мин. дейін

Оқшаулағыш газқағарының шлемін таңдау төбе, иек арқылы ұртқа өтетін тұйық сызық бойынша басты өлшеу жолымен анықталатын өлшем бойынша жүргізіледі, барлығы төрт өлшем.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 4; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.191.176.194 (0.005 с.)