Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Шлемнің талап етілетін өлшемі



Бастың өлшемі, см

Шлемнің талап етілетін өлшемі

60,5-63,5

63,5-66,5

66,5-68,5

68,5-70,0

 

Тыныс алу органдарын құрайтын

қарапайым құралдар

Егер газқағар, респиратор, өнеркәсіп даярлаған қорғаныс құралдары жоқ болса, қарапайым мақта-мата дәкесін және шаңнан қорғайтын мақта-мата маскасын (ПТМ) пайдалануға болады. Олар адамның тыныс алу органдарын (ПТМ көзіді де қорғайды) радиоактивті шаңнан, зианды аэрозольдар мен бактериалдық (биологиялық) құралдардан сенімді қорғайды. Олардың улы заттардан қорғамайтындығын есте ұстау қажет. Әрбір азамат өзінде газқағардың бар жоғына қарамастан қарапайым құралдарды жасап үйренуге, олардың қорғаныс сипаттарын білуге және қажет жағдайда дұрыс қолдануды білуге тиіс.

Мақта-мата таңғышын80х40 см көлеміндегі дәкі кесіндісінен жасайды. Ортасы бойынша бір қалыпты көлемі 20х15 см қалындығы 1-2 см мақта қабатын жаяды. Дәкі кесіндісінің бойымен екі жағынан да бүгіп, мақтаның үстіне қояды. Байлау үшін екі жағын 25-30 см етіп қияды. Егер мақта жоқ болса, мәрлі таңғышын әзірлеуге болады. Бұл үшін мақтаның орнына кесіндінің ортасында дәкініңң 5-6 қабатын жаяды.

Киілген маска иекті ауыз бен мұрынды көзге дейін жабуға тиіс. Олардың ұшын төменгі жағының төбе сүйекте, ал жоғары жағының құлақ үстіндегі желкеде болатындай етіп байлайды.

 

Теріні қорғау құралдары

Теріні қорғаудың оқшаулағыш құралдары қорғаныш комбинезонды костюм, Л-1 жеңіл қорғаныш костюмі және жалпы әскерлік қорғаныс жиыны болып табылады. Бұл құралдар радиоактивтік, улағыш заттардың және бактериалдық құралдардың тікелей түсуінен, ал кейбір жағдайларда жалпы әскерлік қорғаныс жиыны улы заттар буының адамның тері жамылғысына әсерінен қорғауды қамтамасыз етеді.

Теріні қорғаудың сүзгілік құралы киімді қорғайтын сүзгілік қорғаныс жиыны болып табылады (ЗФО). Бұл жиынның негізгі мақсаты – адамның тері жамылғыларын бу тәріздес күйіндкгі улағыш заттардың әсерінен қорғау. Жиын сонымен қатар аэрозольдік күйдегі радиоактивтік шаңнын бактериалдық құралдардан қорғауды қамтамасыз етеді.

Қорғаныш комбинезон мен костюмрезиналы матадан даярланады. Комбинезон біртұтас күртеге тігілген шалбар мен капюшоннан тұрады; костюм комбинезоннан капюшоны мен шалбары бар күртеге қарағанда біртұтас еместігімен ерекшеленеді, дербес, бөлек бөліктер болып табылады.

  Комбинезон мен костюмді шағын шлем, резина етік пен қолғап жиынымен бірге пайдаланады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.226.96.155 (0.005 с.)