Функции государства - в конкурентную среду и местному самоуправлению 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Функции государства - в конкурентную среду и местному самоуправлению



 

Развитие государства требует передачи ряда государственных функций, а их сегодня в целом насчитывается почти 4,5 тысячи, в конкурентную среду.

С этой целью создается постоянно действующая комиссия во главе с заместителем Премьер-Министра с включением в ее состав депутатов Парламента, руководства центральных исполнительных органов, представителей НПП «Атамекен», Гражданского альянса Казахстана.

В ее рамках будет определен перечень функций, передаваемых в конкурентную среду по каждому госоргану. Также надо выбрать форму их передачи с учетом готовности конкурентной среды к осуществлению передаваемых госфункций, действующих регламентов, а также критериев цены и качества.

Комиссия будет рассматривать регламенты передачи госфункций, вести мониторинг и контролировать качество их исполнения.

Закономерным продолжением реформы на центральном уровне должно стать наделение органов местного самоуправления дополнительными полномочиями, которые им будут передаваться в три этапа.

На первом этапе (2016-2017 годы):

- согласование представленных акимом района кандидатур на должность акима города районного значения, поселка, села и сельского округа для дальнейшего внесения в маслихат района и проведения выборов;

- инициирование вопроса об освобождении акима;

- рассмотрение проектов программных документов о развитии местного сообщества и обсуждение актуальных вопросов благоустройства и общественного порядка;

- рассмотрение предложений акимата района на отчуждение имущества, приобретенного за счет контрольного счета наличности;

- контроль за целевым использованием и недопущением незаконного занятия физическими лицами земельных участков в пределах населенных пунктов;

- внесение предложений по назначению руководителей государственных учреждений местного сообщества;

- усиление налогового потенциала местного самоуправления путем передачи им права взимания дополнительно двух налогов - на транспорт и земельный налог с юридических лиц;

На втором этапе (с 2018 года):

- поэтапное формирование бюджета местного самоуправления, утверждаемого маслихатом района;

- согласование собранием проекта бюджета местного сообщества, внесенного акимом для утверждения маслихатом района, и одобрение отчета об его исполнении для представления в маслихат;

- вопросы управления коммунальной собственностью местного сообщества;

- внедрение бюджета только для административно-территориальных единиц с населением более 2 тысяч человек и утверждением его маслихатом района;

- введение института «коммунальной собственности местного самоуправления»;

- проработка вопроса укрупнения административно-территориальных единиц на уровне сельских округов с целью увеличения их потенциала.

На третьем этапе (с 2020 года) будет предусмотрено:

- создание представительного органа местного самоуправления;

- внедрение самостоятельного бюджета МСУ в населенных пунктах с численностью населения менее 2 тысяч человек;

- введение процедур рассмотрения предложений граждан по проектам местных бюджетов, которые затрагивают общественно значимые вопросы.

Выполнение всех этих мер повысит прозрачность процесса принятия решений государственными органами и будет способствовать развитию системы местного самоуправления.

 

План нации - проект масштабной модернизации Казахстана

 

Практический этап реализации Плана нации начался. Он будет идти под контролем Национальной комиссии по модернизации.

От всех государственных органов, общественных институтов и граждан будут востребованы слаженность действий, настойчивость, креативность и упорство.

Нам предстоит пройти большой путь, по которому сейчас мы делаем первые 100 шагов.

Будут и другие, я в этом абсолютно уверен.

Эволюционность и всеобъемлемость - вот главный принцип модернизационного процесса, который теперь движет нашу Историю Независимости, перешагивающую четвертьвековой юбилей.

Мы все должны помнить о том, что модернизация успешна только при сильном государстве и сплоченной нации. Она должна вести к порядку.

Во-первых, к порядку в государстве.

Во-вторых, к установлению прозрачных и обязательных для всех правил в бизнесе, воплощенных в букву обязательных для всех законов.

В-третьих, к порядку и согласию в общественной и политической жизни.

Мы с честью выдержали многие испытания, закалились, окрепли духом. Мы создали новый Казахстан - Ұлы Дала Елі, Страну Преображенной Великой Степи.

Выполняя План нации, мы раздвигаем горизонты нашей Эры Восхождения Нации, используем все возможности, которые достигнуты нами за годы независимости, и которые нам дает глобальное развитие.

В мире, безусловно, есть примеры стран, шагнувших из третьего мира в первый. Их яркий опыт мы изучаем и учитываем.

Сейчас мы примеряемся к самым успешным глобальным моделям развития экономики, государства и общества.

Мало кто в мире сейчас также формулирует свою общенациональную мечту: выйдя из столетий забвения, стать в один ряд с величайшими нациями мира.

Мы верим в эту историческую судьбу Казахстана.

Я призываю казахстанцев принять самое активное участие в реализации Плана нации и проведении реформ, пользоваться теми возможностями, которые они открывают.

Мы будем уверенно добиваться нашей казахстанской мечты и процветания Казахстана!

2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды.

Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді.

Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Оның үстіне, олар БІЗДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРМАНЫМЫЗ – ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады.

БЮРОКРАТТЫҚ ШЫҒЫНСЫЗ ЭКОНОМИКАҒА ҚАДАМ БАСУ

Ауқымды жұмыс ҮШІНШІ РЕ­ФОРМАТОРЛЫҚ БАҒЫТҚАиндустрияландыру мен эконо­микалық өсімді қамтамасыз ету бойынша жаңғыртулар кешенімен байланысты.

Біздің ұзақ мерзімді ұстанымымыз экономика қызметіндегі транзакциялық шығындарды ұдайы қысқарту болуы тиіс.

Олардың көлемі, ең алдымен, мемлекеттік институттардың қалай жұмыс істейтініне байланысты.

Салықтық және кедендік әкімшілік жүргізуді жақсартуға бағытталған шаралар зор маңызға ие болады.

Біріншіден, бұл арада әңгіме салықтық және кедендік жүйелерді кіріктіру туралы болып отыр.

Бірте-бірте электронды пішім­ге көшірілетін тауарлы-көліктік жүкқұжат бақылауы енгізіледі. Сондай-ақ, құжаттардың сәйкес­тендірілуі пішіні негізінде салықтық және кедендік тексерулер ресімі оңтайландырылады.

Тексерулерге шағым беру ресімі біртұтастандырылады.

Екіншіден, табыс пен мүлікті жалпыға ортақ декларациялауға кезең-кезеңімен көшу қарастырылады.

2017 жылы декларацияларды мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, ұлттық компаниялардың қызметкерлері – бұл шамамен 1,7 миллион адам – ұсынатын болады. 2020 жылдан бастап жалпыға ортақ декларациялаумен барлық жеке тұлғалар қамтылады.

Үшіншіден, салықтық әкімшілік жүргізуді оңайлату мақсатында қосымша құн салығының орнына сатуға салық енгізудің орындылығы мәселесі қарастырылып жатыр.

Төртіншіден, қолданыстағы салықтық режімдерді оңтайландыру жоспарланып отыр, онда 2017 жылдан салықтық кірістер мен шығыстардың есебі міндетті түрде енгізілетін болады. Бұл көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, табысты жұмыс істеп тұрған экономиканың маңызды қағидаты мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауы, оны қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жайлар бизнестің оңалтылуы мен банкроттығының жаңғыртылған құқықтық қырлары бар Кәсіпкерлік кодексінде көрініс тапқан.

Бизнесті қорғау мен кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсетудің орталық тетігі болуы тиіс бизнес-омбудсмен институты нығайып келеді. Оның қызметінің заңнамалық негізі де Кәсіпкерлік кодексінде бекітілген.

Бұдан бөлек, онда мемлекеттік монополияға қарсы қызметтің құқықтық шеңберлері ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес егжей-тегжейлі баян етілген.

Жаңартылған монополияға қарсы қызмет еркін бәсекелестікті жан-жақты дамытуға бағдарлануы тиіс.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап доминанттар тізілімі тек реттелетін рынок бойынша жүргізіледі, ал 2017 жылдан бастап толықтай алынып тасталады.

Тиісті тауарлы рыноктарға субъек­тілердің үлесін ұлғайтуға мұндай іс-қимылдар бәсекелестікті шектеу белгісі болмаған кезде ғана жол берілетін болады.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағалық реттеу алынып тасталады, оның орнына тек монополияға қарсы реттеу мен бақылау құралдары ғана пайдаланылады.

Монополияға қарсы қызмет жанынан жаңа институт – моно­полияға қарсы заңнаманы бұзушы­лықтар қорытындылары бойынша қабылданатын шешімдердің объективтілігі мен мөлдірлігін қамтамасыз ететін келісім комиссия­сы құрылатын болады.

Мемлекеттің кәсіпкерлікпен өзара іс-қимылы мен әріптестігінің жаңа қағидаттары Мемлекеттік сатып алулар туралы Заңның жаңартылған редакциясында көрініс тапқан.

Олар өнімді сату үшін ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу арқылы тікелей инвестициялар тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл, сондай-ақ, Қазақстанда жаңа жоғары технологиялы өндірістер құруға қызмет ететін болады.

Фермерлік пен бүкіл аграрлық секторды дамыту үшін айтарлықтай ынталандырушы күш Жер кодексіне енгізілген өзгерістер болды.

Жаңа құқықтық нормалар жұмыс істеп тұрған 224 мыңнан астам агро­өнеркәсіптік кешен субъек­тілеріне олар жалға алған 97,4 млн. га жерді жекеменшікке алуға мүмкіндік береді. Оның үстіне, кадастрлық құнының 50%-ы көлемінде 10 жыл мерзімге бөліп-бөліп төлеу қарастырылған.

Бұдан бөлек, 102 млн. гектар запас жердің ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған 85,3 млн. гектарын да Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары жекеменшікке аукцион арқылы сатып ала алады.

Мүлікті заңдастыру мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Мүлік пен ақшаны заңды айналымға қайтару үшін қосымша ынталандыру шаралары қабылданды. Құпиялылықты сақтауға, сондай-ақ, Қылмыстық және әкімшілік қудалаудан қорғауға кепілдік беріліп отыр.

Бұл капитал ағынын ұлғайтып, көлеңкелі экономика деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Заңды тұлғалардың оңалтылуы мен банкроттығы ресімдері заңнама­лық деңгейде нақты және түсінікті бекітілген.

Компаниялардың банкроттығы, әлемдік тәжірибеге сәйкес, кәсіпорындардың жұмысшыларын қысқарту арқылы тоқтап қалуына алып келмеуі тиіс.

Өндірістің өміршеңдігі мен жұмыс орындарын сақтау үшін төлеуге қабілетсіздікті сотқа дейінгі тәртіпте реттеудің жаңа тетігі жасалды. Ол борышкер мен кредиторға кәсіпорынды қаржылық сауықтыру мақсатында қайта құрылымдау мәселелерін бірлесіп шешуге мүмкіндік береді. Инвесторлар өздерінің шығындарын азайтуға, қалпына келтіруге мүмкіндік алады.

Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді белсенді ете түсу үшін жекешелендіруден, активтерді әділ нарық бағасы бойынша сатудан, сондай-ақ, қазақстандық және шетелдік инвесторларға жекешелендіруге барынша қатысуға жағдай жасау үшін шектеулерді алып тастауға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер қабылданды.

Жекешелендірудің шешуші тетігі акцияларды қор рыноктарына ашық аукциондар арқылы орналастыру болады.

2016 жылдың І тоқсанында мүліктен айыруға жататын нысандардың тізімі қысқартылып, барлық акционерлердің квазимемлекеттік секторда иеліктен шығарылған актив­терін сатып алуға басым құ­қық­тарын алып тастауды қарас­ты­ратын заң жобасы жасалатын болады.

Жаңа тетіктерді есепке ала отырып Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру басталды.

Осы құжат шеңберінде бәсекелесті ортаға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Бәйтерек» АҚ пен «ҚазАгро» АҚ-тың мемлекеттік меншіктегі аса ірі 65 компаниясы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың құрамына кіретін 173 еншілес және тәуелді ұйымдары берілетін болады.

Сондай-ақ, 545 ұйымнан тұратын Жекешелендіру нысандарының қолданыстағы тізіміне өзекті сипат беріледі.

2016-2018 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ пен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ активтерінің бір бөлігі бәсекелесті ортаға өткеннен кейін олар ықшам холдингтерге қайта құрылатын болады.

Мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен квазимемлекеттік сектор активтерін беру отандық кәсіпкерлікті, жеке бизнесті одан әрі нығайту мен дамыту үшін жүргізіліп отыр.

Жекешелендірудің кешенді жос­парын жүзеге асыру шағын және орта бизнесті дамытуға жаңа серпін береді.

Пайдасын ұлғайтуға мүдделі жеке бизнес қызмет көрсету ауқымын кеңейтіп, өнімінің сапасын жоғарылатады, бәсекелестік өсетін болады, демек – ұсынылатын қызметтің бағасы төмендейді.

Аграрлық секторда әкімшілік кедергілер қысқарады.

Қазірдің өзінде аукцион тетігін енгізу жолымен жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну ресімі жеңілдетілді.

Ал болашақта біз іздеуді, бағамдау мен кен орнын игеруді қоса алғанда, геологиялық жұмыстардың барлық түрін жүргізу тәсілін оңайлатуды қарастыратын жер қойнауын пайдаланудың австралиялық моделіне көшеміз.

Экономикалық өсімнің жаңа бастауын қалыптастыру мен қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда бүгінде «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасы маңызды шара болып отыр.

Оған қатысушылар – импорт алмастыруға бағыт ұстанған өндіріс секторының аса перспективалы компаниялары.

32 компания – «ұлттық чемпиондар» 2019-2020 жылдарға қарай ішкі тікелей инвестицияларды шамамен 750 млн. доллар көлемінде өсіруді, шамамен 15 мың жұмыс орнын құруды, еңбек өнімділігін 30-50%-ға арттыруды және шикізаттық емес экспорт көлемінің өсімін 260 млн. долларға дейін жеткізуді қамтамасыз етеді.

СЫРТҚЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЖАҢА КӨЗДЕРІ

Ұлт Жоспарының экономикалық блогына кіретін шаралар біздің экономикамыздың өңдеуші секторына кем дегенде 10 трансұлттық корпорацияны тартуды қарастырады.

«Зәкірлі инвесторлармен» бірлескен кәсіпорындар құру жөніндегі жұмыстармен өңдеуші өнеркәсіптің, инфрақұрылымдардың, энергетиканың және басқа отандық компаниялардың 3 тобы қамтылатын болады.

Бірінші топ – қайта инвестициялау арқылы терең жаңғыртуға жататын кәсіпорындар.

Екінші топ – трансұлттық корпорациялардың әлеуеті пайдаланылатын кәсіпорындар.

Үшінші топ – «зәкірлі инвесторлар» үшін жоғары нарықтық бәсекелі кәсіпорын мен экспорттық брендтердің пайда болуы.

Қазірдің өзінде 26-дан астам ТҰК-пен келіссөз жүргізілсе, олардың бірқатарымен нақты уағдаластыққа қол жеткізу мүмкін болды.

Ұлт Жоспарының үшінші бағы­­тының темірқазық мәселесі тәуелсіз сот жүйесі, ағылшын тілін қолдану және инвестициялық резиденттік қағидатын енгізу құқығымен жеке заң құзыреті қағидаты бойынша АСТАНА халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру болып табылады.

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданып, күшіне енді.

АХҚО қызметінің экономикалық нәтижелері қазақстандық капитал рыногына тікелей шетел инвестицияларының ағыны есебінен жыл сайын орта есеппен ІЖӨ-нің 1 пайызға дейін жеделдете өсуінде көрініс табатын болады.

Мұның сыртында АХҚО шең­берінде 2 мыңнан астам білікті жұмыс орындары құрылады.

Біздің елордамыз Астана Еура­зияның іскерлік, мәдени және ғы­лыми орталығы ретінде дамып, әуежайдың жаңа терминалын қоса алғанда, заманауи халықаралық көлік­тік-логистикалық жүйеге ие болады.

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КӨКЖИЕКТЕРІ

Ұлт Жоспарында экономиканың бірқатар перспективалы секторларын дамыту бойынша шаралар қарастырылған.

Бірінші кезекте ол электр энергиясы секторына және энергиялық тиімділіктің өсуіне қатысты.

Бізге 2020 жылға қарай ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығын 25 пайызға және ғасырдың ортасына қарай 50 па­й­ызға төмендетуге қол жеткізу керек.

Ол үшін энергия сервистік келісімшарттар тетігі арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторларды тарту қажет.

Жеке энергия сервистік компа­нияларды дамытуды белсен­ді­лендірудің, оларды энергия үнемдеу саласына қызметтер кешенін ұсынуға ынталандырудың маңызы зор.

Елдің тұтынушыларын электр энергиясымен сенімді жабдықтау – электр энергетикасының негізгі міндеті.

Электр энергетикасы саласын­дағы заңнамадағы өзгерістер энергия өндіруші ұйымдарға «бірегей сатып алушы» моделін енгізу арқылы негізгі қорларды жаңғыртуға, қайта құруға, ұлғайтуға және жаңартуға салынған инвестицияларды қайтаруда ұзақ мерзімді кепілдіктер беруді қамтамасыз етуді көздейді.

Энергия мен жабдықтау сенімділігін арттыру және түпкі тұтынушылар үшін электр энергиясы бағасының бақылаусыз өсуінің алдын алу үшін өңірлік электр желілік компаниялар мен электрмен жабдықтаушы ұйымдарды нығайту бойынша жұмыс жүргізіледі.

Ол салаға инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар туғызып, электр энергиясының халықаралық ағындарын ішкі тұтынушылар пайдасына қарай реттеуді қамтамасыз етеді, саланы мемлекеттік басқару сапасын арттырады.

Біз ғылымды қажет ететін экономиканы қалыптастыру бойынша жұмыстарды жалғастыра береміз.

Бұл орайда бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялы өндірістердің сыни массасын өсіруге қол жеткізу маңызды.

Қазір Дүниежүзілік банкпен «Технологияларды коммерцияландыру» бағдарламасын бірлесіп жүзеге асыру шеңберінде 65 ғылыми жоба орындалуда.

Зәкірлік ТҰК-терді тарту техно­логиялық даму орталықтарын құруға мүмкіндік береді.

Индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығының нәтижелері бойынша-ақ бірқатар ше­шуші көрсеткіштерге қол жеткізілмек.

Бизнестің инновациялық белсен­ділігі ІЖӨ-нің 20 пайызына дейін, инновациялық өнімдер үлесі 2,5 пайызға дейін артады.

Көлік тасымалдары жүйесі мен транзитті дамыту мақсатында, «Нұрлы Жол» Мемлекеттік бағдарламасында қаралғандай, республикалық маңыздағы 7 мың шақырымнан астам автомобиль жолдары қайта жаңғыртылатын болады. Оларда ақы алу жүйесін енгізу жоспарланған.

2022 жылға қарай жол жүруден түскен алымдар шамамен 41 млрд. тең­гені құрайтын болады, ал ол рес­пуб­ликалық маңыздағы автожол­­­­дардың бүкіл жүйесін ұстауға жағдай жасайды.

Қазақстанды халықаралық кө­­­­­ліктік-коммуникация­лық ағ­ын­дарға интеграциялау мақ­са­­тында мультимодальды «Еура­зия­лық трансқұрлықтық дәлізін» құру бо­йынша жоба басталды.

Ол жүктердің Азиядан Еуропаға кедергісіз транзитін қамтамасыз етеді, жүк жеткізу құнын 2 еседен астамға төмендетеді.

Қазақстандық маршруттарға қосым­­ша жүк ағындарын тарту көліктің бар­лық түрлерімен транзиттік тасымалды 2020 жылы қазіргі 18 млн. тоннадан 33 млн.тоннаға дейін және 2030 жылы 50 млн. тоннаға дейін ұлғайтады.

Контейнерлік тасымалдарды мемлекеттік реттеуден босату таяудағы 5 жылда олардың көлемін 500 мың тоннадан астамға ұлғайтуға жағдай жасайды.

Азаматтық авиация саласында әуе тасымалдары, ең алдымен, отандық та­сымалдаушылардың транзиттік әлеуеті мақсатты түрде ұлғайтылатын болады.

Әуе тасымалдарының рентабель­ділігін арттыру үшін Алматы ма­ңын­да халықаралық авиациялық хаб құрылады.

Астананың әлемдік деңгейдегі қаржы орталығы ретінде қалыптасуы үшін 2019 жылға дейін Токио, Син­гапур және Гонконг сияқты жетек­ші қаржы орталықтарымен жаңа халық­аралық бағыттар ашылатын болады.

Құрылыс саласында құрылыс салушылардың бүкіл рұқсат беру ресімдерін «бір терезе» қағидаты бо­йынша өту үдерісін реттейтін бірегей нормативтік құжат қабылданады.

Сараптаманың жекелеген түр­лері, жұмыстың технологиялық күрде­лілігіне байланысты жеке секторға берілетін болады. 2016-2020 жылдары жобалардың 90 пайызға дейінін жекеменшік рынокқа беру жоспарланып отыр.

Сол сияқты құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісіне көшу де жоспарланған, ол құрылыс материалдарының, жұмыс күшінің және басқа да қызметтердің ағымдағы нарықтық құнын ескеруге жағдай жасайды.

Оның сыртында 2015 жылдың 1 шілдесінен еурокодтарға негізделген жаңа құрылыс нормалары іске қосылған болатын.

Туризм сияқты перспективалы салада негізінен әкімшілік кедергілерді төмендету, жаңа туристік нысандар мен маршруттарды дамыту, көрсетілетін қызмет сапасын арттыру есебінен айтарлықтай өсімге қол жеткізу қарастырылуда.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРТУ ЫНТАЛАНДЫРУШЫЛАРЫ

Экономиканың қарқынды дамуы еңбек қатынастарының жаңа түрін қалыптастыру үдерісіне айрықша назарды қажет етеді.

Осы мақсатпен Қазақстан Рес­публикасының жаңа Еңбек кодексі қабылданды.

Ол Халықаралық еңбек ұйымы мен ЭЫДҰ-ның еңбек стандарттарына негізделген.

Еңбек шарты жағдайларын өзгерту ресімдері заңнамалық тұрғыда оңайлатылған, еңбек ұжымдарында өзін өзі басқару жүйесін енгізу бойынша шаралар, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің ұжымдық келіссөздері тетігі қарастырылған.

Білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларын реформалау адам әлеуетінің сапасын арттыруға жағдай жасайды.

Білім беру саласында мектепке дейін және мектепте білім берудің жаңа үйлестірілген стандарттарын әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Білім беру үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілетін болады.

Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы (МИИДБ) жобалары үшін кадрлар даярлау деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылданды.

Тұрғындардың денсаулығын сақтау саласындағы басты міндет – міндетті медициналық сақтандыруды енгізу. Арқаулық медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсетуде жеке сектордың үлесін ұлғайту есебінен бәсекелестік орта кеңейеді және денсаулық сақтау қызметінің сапасы артады.

Медициналық қызметтің сапасы бойынша бірлескен комиссия құрылатын болады.

Медициналық мекемелерде басқарудың корпоративтік моделін енгізу қарастырылған.

Сол сияқты мұқтаж тұрғындарға оның атаулы сипатын күшейту арқылы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін оңтайландыру жоспарланып отыр.

Мұндай көмек табыстары отбасын­ың әр мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50 пайыз төмен отбасыларына көрсетілетін болады. Сонымен бірге, көмек алушылар жұмыспен қамтуға ықпал ету және әлеуметтік бейімделу бағдарламаларына міндетті түрде қатысатыны туралы әлеуметтік келісімшарт бекітеді.

Әлеуметтік көмек көрсетудің мұндай түрлері мен қағидаттары 2018 жылдан бастап енгізіледі.

Бүтіндей алғанда, жаңа әлеумет­тік саясаттың аса маңызды қыры адам әлеуетін дамытуға инвес­тициялардың біртіндеп өсіп отыруына байланысты болмақ.

Бізге Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын табанды түрде өмірге енгізу қажет.

Қаржыландыру көлемін арттыра отырып, Жұмыспен қамтудың жол картасы өзекті етіле түседі. Оның бағ­дарламаларына қатысу еңбекке қабілетті халыққа қысқа мерзімді қайта даяр­лау курстарынан өтуге, өзінің білік­тілігін арттыруға, шағын несие алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Жаһан­дық дағдарыстың ағымдағы ықпа­лына байланысты объективті қиын­дықтарды еңсеруге жағдай жасайды.

2017 жылы «Барша үшін тегін кәсіптік-техникалық білім» жаңа жобасын жүзеге асыру басталады.

Оған қатысу, әсіресе, жас қазақ­стандықтарға олардың өмірлерінде кәдеге асатын арқаулық еңбек дағдыларын алуға жағдай жасайды.

РЕФОРМАЛАР ТАБЫСЫ – ҰЛТ БІРЛІГІНЕ БАСТАР ЖОЛ

Қазақстан Тәуелсіздігінің ширек ғасыры топтасқан халықтың ғана дамудың таңғажайып шыңдарына жете алатынын көрсетіп берді.

Біздің еліміз өзінің табысты даму моделімен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің қаншалықты маңызды екенін көрсетті.

Қазіргі заманғы әлемде барлық да­мыған мемлекеттер – біртұтас ұлттар.

Олар бірыңғай экономикалық, саяси және мәдени рет-тәртіппен өмір сүреді, оларды дамудың ортақ мақсаттары, жеке адамның табысы мемлекеттің қуатымен және табыс­тылығымен ажырағысыз байланыс­ты екендігіне деген бірегей түсінік біріктіреді.

Бүгінде әлемнің барлық дамыған елдері өздерінің жаңғыртушы жобаларын бұрыннан қалыптасқан біртектілік негізінде жүзеге асырады. Қазақстанға келер болсақ, біз де осы жолға түстік.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр­ғандай, біртектілік пен біртұтастық саласында әмбебап стандарттар мен ұсынымдамалар жоқ. Әлемде бірде-бір ел осы саладағы сын-қатерлерге дайын рецепттерге, модельдер мен жауаптарға ие емес.

Әлемде әлі ешкім де өмірдің осы саласын өлшеуге қабілетті қандай да бір жалпыға ортақ біртектілік пен біртұтастық индексін немесе формуласын ойлап тапқан жоқ.

Сонымен бірге, біздің біртектілік пен ұлт бірлігі саласындағы жұмыс­тарымыздың түпкі мақсаттары – немесе технократтық түрде бейнелегенде – күтілетін нәтижелер – ЭЫДҰ елдерімен ортақ.

Біздің жолымыз – ол бірлік жолы және азаматтық біртектілік негізінде ұлт­ты дәйектілікпен қалыптастыру жолы.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2020-03-02; просмотров: 129; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 52.14.150.55 (0.09 с.)