Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тапсырманы орындау мерзімі: 14,15 апта

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Кәсіпорын экономикасы. Тәжірбиелік құрал./ Рахметов Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н.М. Экономика баспасы., Алматы 2012ж.

2. Экономика предприятия. Учебное пособие/ Куатова Д.Я. Алматы, Изд.: «Экономика», 2011г.

3. Экономика предприятия. Учебное пособие/ В.П.Волков, А.И.Ильин, В.И.Станкевич и др.; под общей редакцией А.И.Ильина, М.:Новое знание, 2008г.

 

 

 

 

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

«Экономика және басқару» факультеті

«Экономика» кафедрасы

 

 

СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

KE/EP3202 «Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша

 

«5В051000-Мемлекет және жергілікті басқару», «5В050800 – Есеп және аудит», «5В050900 – Финансы», «5В030400 - Кеден ісі», «5В050700 – Менеджмент» мамандықтарына арналған

 

 

Алматы, 2013

 

Тақырып 1. Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу

Тапсырма №1. Өнеркәсіп салалары мен оларды индустриялық- инновациялық дамыту тетіктерін негіздеужәне сұрақтарға жауап беру:

Сұрақтарды талқылау:

1. 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық саясаттың негізгі бағыттары туралы пікірталас ұйымдастыру.

2. Дамыған мемлекеттердегі экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері бойынша ғылыми негізделген баяндама дайындау.

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Өндіріс күштерінің дамуы жоғары деңгейге жеткен кезде, нарықтық үйлестіру механизмі де, кризистер де экономикалық пропорцияларды құруға жеткілікті бола алмайды. Осы жағдайда экономикалық пропорциялар жүйесін, пропорционалдықты саналы түрде құру қажеттілігі туындайды. Саналы түрде кұрылран пропоршюналдык - жоспарлылык болып табылады. Жоспарлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:

1. қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын анықтау;
2. жоспарлы кезең экономикасыпың сандык жәңе сапалык сиппатамаларын белгілеу;
3. материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалык, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;

4. жекелеген салалар мен аумақтардың даму қаркыны мен пропорцияларын аныктау.

№ 1 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.

Бақылау нысаны: Тапсырманы қорғау

Тапсырманы орындауды бағалау баллы-100 балл

Бағалау критериі:максималды балл алу үшін тапсырма толық орындалуы тиіс, жауаптары мазмұнды, әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, өз уақытында орындалуы тиіс.

СӨЖ тапсырмасын орындау мерзімі – 2 апта.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.

 

Тақырып 2. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде

Тапсырма №2. Кәсіпорындардың меншік түрлері бойынша қызмет ету ерекшеліктерін анықтау

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Нормативтер мен нормалар келесі топтық белгілер бойынша жоспарлы нормативтердің жүйесін құрады. Ресурстардың түрлері бойынша өндіріс қорлары, еңбек құралдары, жұмысшы күші, жұмыстар мен қызмет көрсету шығындарының шамасын реттейтін нормалар мен нормативтер, кәсіпорындағы әртүрлі өндірістік ресурстарды пайдалану нормативтері мен коэффиценттерін бөліп қарастыруға болады.Өндіріс сатысы бойынша ағымдық, сақтандыру, технологиялық материалдардың өндірістік және тасымал қорлары, сондай-ақ аяқталмаған өндіріс, жартылай фабрикаттар, жинақтаушы бұйымдар мен дайын өнімді шығару нормативтері болып бөлінеді, олардың шамасы мен серпіні материалды ресурстардың дайын тауар немесе қызмет түрлеріне айналу үдерісін сипаттайды.

Орындалатын қызметтері бойыншанормативтержоспарлы, экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік, еңбектік, экологиялық, басқарушылық, құқықтық т.б болып бөлінеді.

№ 2 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.

Бақылау нысаны: Тапсырманы қорғау

Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 100 балл.

Бағалау критериі:максималды балл алу үшін тапсырма толық орындалуы тиіс, жауаптары мазмұнды, әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, өз уақытында орындалуы тиіс.

СӨЖ тапсырмасын орындау мерзімі – 3 апта.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. 1. Кәсіпорын экономикасы. Тәжірбиелік құрал./ Рахметов Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н.М. Экономика баспасы., Алматы 2012ж.

2. Экономика предприятия. Учебное пособие/Куатова Д.Я. Изд.: Экономика, Алматы 2011г.

Тақырып 3. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

Тапсырма №3. Нақты кәсіпорын мысалында дифференциялды және өндіріс рентабельділігі көрсеткіштер арқылы жеке ресурстарды қолдану тиімділігін есептеу.

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Нарық экономиканың және кәсіпкерліктің негізі табыс болып табы­латындықтан, экономикалық тиімділіктің алғашқы критерийі негізінде шығын мен ресурстың бірлігіне өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапалылығымен сақтай отырып, олардың бәсекеқабіліттілігін қамтамасыз ете отырып табысты максималдау алға қойылады. Жаңа жағдайда тиімділіктің жалпыұлттық критерийі де сақталады: шығын мен ресурстың бірлігіне халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарта отырып ұлттық табысты, жалпы ұлттық өнімді максаималдау.

Тиімділіктің критерийлерінің мұндай иерархиясы қисынды және нарық экономикасындағы жағдайды көрсетеді, яғни қызмет етудің жалпыұлттық тиімділігі, қызмет етудің алғашқы ұяшығының қызметінің тиімділігіне тәуелді (кәсіпорының акционерлік қоғамның). Алғашқы буының қызмет ету тиімділігі жоғары болған сайын бүкіл жалпыұлттық экономиканың тиімділігі жоғарылай түседі, қоғамда, мемлекетте әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге ресурс көп болады.

Тиімділік жалпы (абсолюттік) және салыстырмалы (қатысты) болып ажыратылады. Жалпы тиімділік жалпыэкономикалық нәтижелер мен белгілі-бір кезеңдегі экономикалық әртүрлі деңгейіндегі (макро-микро) қызмет ету тиімділігін және кәсіпорындар мен аудандар бойынша тиімділік деңгейінің динамикасын салыстыру үшін, бағалау үшін және талдау үшін қажет.

Салыстырмалы тиімділік альтернативті ең ұтымды (оптималды) бала­маны таңдау үшін өндірістік-шаруашылық, техникалық және ұйымдық шешімдерді қабылдағанда есептеледі және талданады. Мұндай таңдау технико-экономикалық көрсеткіштер жүйесінің баламаларын салыстыру негізінде, өтелу мерзімін есептеу немесе қосымша капитал салымдарының тиімділігі, экономикалық тиімділіктің көлемінің коэффициентінің негізінде жүзеге асырылады.

Келесі тарауда экономиканың басты буыны – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет ету тиімділігінің көрсеткіштер жүйесі қарас­тыралады. Бұл көрсеткіштер жүйесі өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерлік субъектісінің барлық ресурстардың пайдаланылуына жан-жақты баға береді.

№ 3 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.

Бақылау нысаны: Өндірістің салыстыру тиімділігіне әсер ететін уақыт факторы туралы конспект жазу.

Тапсырманы орындауды бағалау баллы –100 балл.

Бағалау критериі:максималды балл алу үшін тапсырма толық орындалуы тиіс, жауаптары мазмұнды, әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, өз уақытында орындалуы тиіс.

СӨЖ тапсырмасын орындау мерзімі – 4 апта.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. Кәсіпорын экономикасы. Тәжірбиелік құрал./ Рахметов Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н.М. Экономика баспасы., Алматы 2012ж.

2. Экономика предприятия. Учебное пособие/Куатова Д.Я. Изд.: Экономика, Алматы 2011г.

3. Экономика предприятия. Учебное пособие/ В.П.Волков, А.И.Ильин, В.И.Станкевич и др.; под общей редакцией А.И.Ильина, М.:Новое знание, 2008г.

Тақырып 4. Кәсіпорындардың ресурстары және оларды тиімді пайдалану. Кәсіпорынның негізгі капиталы.

Тапсырма №4. Өнеркәсіптік саладағы бірқатар нақты кәсіпорын мысалында негізгі капитал құрылымын анықтау және оның оның салалық ерекшелігін жекелеу.

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

1. Негізгі капиталды жаңарту формасы ретінде лизинг қызметі туралы ақпараттарды қорытып, оларды қорғау.

2. Материалдық емес активтердің амортизациясы: мәні және шетелдік тәжірибесі туралы конспект жазу.

3. Берілген мәліметтер бойынша негізгі құралдардың орташа жылдық құнын есептеу. Әртүрлі әдістермен амортизациялық төлемдерді есептеу. Негізгі құралдарды пайдалану және жаңарту көрсеткіштерін есептеу.

4. Есептерді шығару:

1) Негізгі қорлардың обьектісінің құны 370мың тг. Сатып алынған, олардың пайдалы қызмет ету мерзімі 5 жыл. Жеделдету коэффиценті 3 тең.

Төмендетілген қалдық әдісінің көмегімен амортизациялық аударымдардың жылдық соммасын анықтаумыз керек.

2) Негізгі қорлардың обьектісінің құны 180 мың тг. Сатып алынған, олардың пайдалы қызмет ету мерзімі 3 жыл. Жеделдету коэффиценті 2 тең.

Төмендетілген қалдық әдісінің көмегімен амортизациялық аударымдардың жылдық соммасын анықтаумыз керек.

№ 4 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.

Бақылау нысаны: Тапсырманы қорғау

Тапсырманы орындауды бағалау баллы –100 балл.

Бағалау критериі:максималды балл алу үшін тапсырма толық орындалуы тиіс, жауаптары мазмұнды, әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, өз уақытында орындалуы тиіс.

СӨЖ тапсырмасын орындау мерзімі – 5 апта.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

4. Кәсіпорын экономикасы. Тәжірбиелік құрал./ Рахметов Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н.М. Экономика баспасы., Алматы 2012ж.

5. Экономика предприятия. Учебное пособие/Куатова Д.Я. Изд.: Экономика, Алматы 2011г.

6. Экономика предприятия. Учебное пособие/ В.П.Волков, А.И.Ильин, В.И.Станкевич и др.; под общей редакцией А.И.Ильина, М.:Новое знание, 2008г.

Тақырып 5. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар

Тапсырма №5. Қазақстан Республикасының жанармай-энергетикалық кешенінің дамуын талдау.

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Кәсіпорынның қосалқы цехтары мен өндірістерінің жұмыстарының басты факторына, өндірілген қосалқы өнім көлемінің өсуі, өзіндік құнының төмендеуі, сапаның жақсарды, өндірістік қорларды тиімді пайдалану дәрежесі, еңбек өнімділігінің жоғарылауы жатқызылады.

Кәсіпорынның қызметіне байланысты емес факторларға жататындар: мемлекет реттейтін өткізілетін өнімнің бағасының өзгеруі, өнімді өндіруге және өткізуге табиғи, географиялық, транспорттық және техникалық жағдайдың әсері.

Кәсіпорынның қосалқы өндірісіне әсер ететін келесі фактор қосалқы өнімді өндіру және оны өткізу бөлемінің өзгеру болып табылады. Нәтижесінде өткізу көлемі өскен сайын, кәсіпорынның тиімділігі арта түседі және керісінше.

Маңыздылығы кем емес тиімділікке әсер ететін факторлардың бірі өнімнің өзіндік құнының өзгеруі болып табылады. Табыс көлемі мен өнімнің өзіндік құны арасында кері байланыс бар. Өнімді өндіру және өткізу шығындарының көлемімен анықталатын өнімнің өзіндік құны төмендеген сайын, табыс жоғарылайды және керісінше.

Сондықтан өзіндік құнның өзгеруін талдау барысында оның төмендеуі немесе жоғарылауының себебі анықтаулы тиіс, бұл шығындарды қысқартуға қажет шара, яғни, соның есебінен табыстың және қызмет ету тиімділігінің жоғарылауына қол жеткізу.

Кесте 1 – Кәсіпорынның қосалқы цехтары мен өндірістерінің жұмысына әсер ететін сыртқы орта факторлары

Факторлар тобы Факторлар
1. Саяси факторлар Саяси тұрақтылық; халықтың әлеуметтік қамқорлыққа алынуы; жергілікті өндірушілерді қорғау; шетел инвестицияларының бағыттылығы, сыртқы экономикалық саясат.
2. Экономикалық факторлар Меншік, жер қатынастары; инвестициялық саясат; инвестициялық орта; салық жүйесі; қаржы нарығының даму жағдайы.
3. Әлеуметтік факторлар Өмір сүру деңгейі; демографиялық жағдай; қозғалыс еркіндігі.

 

Кәсіпорынның қосалқы цехтары мен өндірістерінің жұмысына тікелей әсер ететін факторларға қолданыстағы баға жатады. Өнімнің ерікті бағасының деңгейі белгілі-бір жеңгейде кәсіпорынның өзіне байланысты болады. Ал кәсіпорынға байланысты емес факторға жоғарыда айтылғанда мемлекет реттейтін момоколистер белгілейтін баға жатқызылады.

Жоғарыда қарастырылған факторлардан басқа кәсіпорынның қосалқы цехтары мен өндірістерінің жұмысына әсер ететін факторлар қосалқы өндірістің шығындар құрылымына да байланысты. Рентабельділігі жоғары өнім көлемінің үлесі көп болған сайын, кәсіпорын табысы көбірек болады. Жалпы алғанда, кәсіпорынның қосалқы цехтары мен өндірістерінің жұмысына ықпал ететін факторлар осы кәсіпорынның негізгі қызметінің ерекшелігіне, оның экономикалық белсенділігіне, қызмет түріне, өнім өткізу нарығына және т.б. жағдайларға байланысты ерекшеленіп отырады.

№ 5 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.

 

Тақырып 6. Айналым капитал

Тапсырма №6. Кәсіпорынның айналым құралдарының айналу көрсеткішін есептеу және талдау.

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Айналым қорларының құрылымы жеке өндiрiстiк айналым қорларының элементтерi мен айналым құралдарының ара-қатынасын бiлдiредi, яғни айналым құралдарының жалпы сомасындағы әр элементтiң үлесiн бiлдiредi.

Өндiрiстiк айналым қорларының басымды бөлiгiне шикiзат, негiзгi және көмекшi материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар, отын және жанармай сияқты еңбек құралдары жатады. Сонымен қатар өдiрiстiк айналым қорларына құны төмен және тез тозатын заттар, құралдар, арнайы құрылғылар, инвентарь, ағымдағы жөндеуге қажет қосалқы бөлшектер, арнайы киiм сияқты еңбек заттары да жатады. Бұл еңбек заттары бiр жылға дейiн қызмет етедi. Айналыстағы құралдар құнының шектеулiгi өзгерiп отырады, олар негiзгi қорлармен жүргiзетiн бағалау мен оларды сатып алу кезеңiне байланысты.

Сонымен бiрге кәсiпорында бұл еңбек заттарының атаулары мыңға жуық болады, соның нәтижесiнде ол тозу есебiн жүргiзудi техникалық жағынан қиындатады. Сондықтан тәжiрибеде оларды негiзгi емес айналым қорларына жатқызады.

Аталған құралдар мен еңбек заттары өндiрiстiк айналым құралдарының тобы өндiрiстiк запастарды құрайды. Олармен қоса өндiрiстiк айналым қорларына аяқталмаған өндiрiс пен болашақ кезең шығындары кiредi.

Өндiрiстiк айналым қорларын аванстайтын құралдардың негiзгi мiндетi өндiрiстiң үздiксiздiгiн және ырғақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Өндiрiстiк айналым қорларынан басқа кәсiпорындарда айналыс қорлары болады. Оларға қоймадағы дайын өнiм, тиелген тауарлар, кәсiпорын кассасындағы және банк счеттерiндегi ақша-қаражаттары, дебиторлық қарыздар, басқа счеттегi қаражаттар жатады. Айналыс қорларының негiзгi мiндетi айналыс үрдiсiн ресурстармен қамту болып табылады. Айналым құралдарының құрылымы мен құрамы экономиканың әртүрлi саласында бiрдей емес. Олар өндiрiстiк, экономикалық және ұйымдастырушылық тәртiп факторларымен анықталады. Мысалы машина жасау саласында өндiрiстiк цикл ұзақ болғандықтан аяқталмаған өндiрiс үлесi жоғары. Жеңiл және тамақ өнеркәсiбi кәсiпорындарында басты орынды шикiзат пен материалдар алады (мысалы тоқыма өнеркәсiбi). Сонымен қатар тамақ өнеркәсiбiнде (мысалы сүт, май өндiретiн кәсiпорындар) көмекшi материалдар запасы жоғары.

№ 6 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.

Бақылау нысаны: Тапсырманы қорғау

Тапсырманы орындауды бағалау баллы –100 балл.

Бағалау критериі:максималды балл алу үшін тапсырма толық орындалуы тиіс, жауаптары мазмұнды, әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, өз уақытында орындалуы тиіс.

СӨЖ тапсырмасын орындау мерзімі – 6 апта.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

7. Кәсіпорын экономикасы. Тәжірбиелік құрал./ Рахметов Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н.М. Экономика баспасы., Алматы 2012ж.

8. Экономика предприятия. Учебное пособие/Куатова Д.Я. Изд.: Экономика, Алматы 2011г.

9. Экономика предприятия. Учебное пособие/ В.П.Волков, А.И.Ильин, В.И.Станкевич и др.; под общей редакцией А.И.Ильина, М.:Новое знание, 2008г.

 

Тақырып 7. Еңбек ресурстары

 

Тапсырма №7. Кәсіпорынның еңбек ресурстарының әлеуеттік ұтымды пайдалану және ынталандыру жүйесін жетілдіру, еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру мәселелріне қатысты ұсыныстар әзірлеу және оны негіздеу.

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

ҚР Еңбек Кодексі іс – сапарға бағытталатын жұмысшы үшін белгілі бір кепілдерді қарастырады – жұмыс орнын (қызметін), орташа айлық жалақысын сақтап қалу, қызмет іс – сапарымен байланысты шығындардың орнын толтыру. Барлық іс – сапар шығындары құжатты түрде дәлелденуі керек. Яғни іс – сапардан келгеннен кейін жұмыскер ол бухгалтерияға пайдаланылған көліктің барлық түрлеріне, поездағы төсекке, қонақ үйлерінен, кафелерден, көрмелерден және т.б. түбіртегін тапсыру керек. Барлық құжаттарда мөрлері, күндері, лауазымды тұлғалардың қолдары болуы керек.

Іс – сапарларға жұмыскерлерді бағыттаудың мәселелерін реттейтін нормативті құқықтық акт болып 22.09.2000 жылы ҚР үкіметі қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен ҚР Парламенті депуттарының мемлекеттік қаражаттары есебінен ҚР шекарасында қызмет іс – сапарлары туралы Ережелер» табылады (әрі қарай – Ережелер). ҚР Еңбек Кодексінің мәні бойынша аталған ережелер тек қана мемлекеттік мекемелермен ғана емес, басқа да жұмыс берушілермен қолданыла алады, егерде олармен іс – сапарларға жұмысшыларды бағыттау тәртібі өз инструкциясымен немесе жұмыс берушінің басқа да актісімен өз бетінше реттелмеген болса. Іс – сапарға жіберілген жұмысшыға «ҚР еңбек туралы» ҚР заңының 83 бабына сәйкес іс – сапарда болғаны үшін тәуліктілері, бару орны мен қайтуына жолына кеткен шығындары, үйді жалға алғаны үшін шығындар төленеді.

Әрбір нақты жағдайда жұмыскер іс – сапарының ұзақтылығы жұмыс берушімен тапсырмадан шыға отырып орнатылады. Қажет болған жағдайда іс – сапар мерзімі жұмыс берушінің құқығымен создырылуы мүмкін. Ережелердің 3 бабына сәйкес жұмыскерлер іс – сапарларының мерзімі мемлекеттік мекемелердің басшыларымен анықталады, бірақта ол жолда болу уақытын есептемегенде 40 күннен аса алмайды. Қызметтік қажеттілік жағдайында іс – сапар мерзімі аталған мекеменің басшысының сәйкес бұйрығымен создырылуы мүмкін.

№ 7 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.

Бақылау нысаны: Тапсырманы қорғау

Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 100 балл.

Бағалау критериі:максималды балл алу үшін тапсырма толық орындалуы тиіс, жауаптары мазмұнды, әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, өз уақытында орындалуы тиіс.

СӨЖ тапсырмасын орындау мерзімі –7апта.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

10. Кәсіпорын экономикасы. Тәжірбиелік құрал./ Рахметов Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н.М. Экономика баспасы., Алматы 2012ж.

11. Экономика предприятия. Учебное пособие/Куатова Д.Я. Изд.: Экономика, Алматы 2011г.

12. Экономика предприятия. Учебное пособие/ В.П.Волков, А.И.Ильин, В.И.Станкевич и др.; под общей редакцией А.И.Ильина, М.:Новое знание, 2008г.

Тақырып 8. Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі. Еңбек ақы төлеу.

 

Тапсырма №8. Нақты кәсіпорын мысалында еңбек ақы қорының құрылымын есептеу.

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Еңбек ақының мәнін қарастырған кезде оның жалдамалы жұмыскерлерге, яғни өз еңбегі үшін ақы алатын адамдарға қатысты екенін ескеру қажет. Ал экономикалық категория ретінде еңбек ақы деген не? сұрағы тууы мүмкін.

Еңбек ақы - бұл жалдамалы жұмысшының табыс алу элементі, өзіне қатысты еңбек ресурсын экономикалық жүзеге асыру нысанының құқығы. Сонымен бірге жұмыс берушіге, яғни еңбек ресурсын өндіріс факторларының бірінің сапасын жақсарту үшін, сатып алушыға жалдамалы жұмысшыларға еңбек ақыны төлеу өндіріс шығындарының элементтерінің бірі болады.Нарықтық экономика жағдайында еңбек ақы көлеміне нарықтық және нарықтық емес бірқатар факторлар әсер етеді.

Нарыққа өткеннен кейін еңбек ақыға қатысты жаңа қатынастар пайда болады. Яғни, нарық ресурсы болатын еңбек нарығы пайда болады. Оның субъектілері ретінде мыналар болады: жұмыс беруші (жеке кәсіпкер, біріккен кәсіпкерлер). Олар белгілі еңбек ресурсы санына сұраныс білдіреді. Сонымен бірге жалдамалы жұмысшылар – еңбек ресурсының меншіктері. Олар еңбек нарығындағы еңбек ресурсының сапалы санын ұсынады. Ал объекті, ол белгілі бір уақыт аралығында сапалы еңбек ресурсы санын қолдану құқығы болады.

Еңбек бірлігінде нарықтық баға - уақыт бірлігіне нақты кәсіби сипаттамасы бар келісім шартқа негізделген және ақы мөлшерлемесі. Маркс бойынша жалақы мөлшерлемесі жұмысшы күшінің құнымен анықталады,яғни жұмыс күнін жақсы өндіру үшін қажетті тұтылу тауарлары, қызметтері және өмір қаражаттары. Бірақта қазір нарықтық экономикасы дамыған елдерде жалақы мөлшерлемесі өндіруші минимумынан асып кетеді және ол сол елде, салада нақты сападағы еңбек ақы деңгейінен құрылады. Одан басқа жалақы мөлшерлемесін кейде «теңестіру айырмашылығы» деп айтуға болады – төлемдер, жұмыс орнын ауыстырғандағы айырмашылақтарды көрсетеді.Жалақының негізгі элементі – жалақы мөлшерлемесі. Бірақта ол еңбек нәтижесіне әсер ететін жұмысшылардың мүмкіншіліктерін, физикалық күнін, реакциясын ескермейді. Сондықтан жалақы құрылымында тағы бір элементті бөліп айтуға болады, ол өтпелі бөлігі. Ол еңбек қызметінің жеке нәтижесінің өзгешелігін көрсетеді: (сыйақы, қосымша төлем және т. б.) Сонымен бірге табыстың басқа түрлері де бар. Ол жұмысшының нақты кәсіпорында алатын мүмкіншілігі (материалды көмек, бағалы сыйлық, зейнетақы сақтандыруы).

 

№ 8 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.

Бақылау нысаны: Тапсырманы қорғау

Тапсырманы орындауды бағалау баллы-100 балл

Бағалау критериі:максималды балл алу үшін тапсырма толық орындалуы тиіс, жауаптары мазмұнды, әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, өз уақытында орындалуы тиіс.

СӨЖ тапсырмасын орындау мерзімі – 8 апта.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. 1. Кәсіпорын экономикасы. Тәжірбиелік құрал./ Рахметов Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н.М. Экономика баспасы., Алматы 2012ж.

2. Экономика предприятия. Учебное пособие/Куатова Д.Я. Изд.: Экономика, Алматы 2011г.

Тақырып 9. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты

Тапсырма № 9. Кәсіпорынға жаңа өнім еңгізу инвестициялық жобасы бойынша инвестициның өтелу мерзімін есептеу.

Сұрақтарды талқылау:

1. «2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы» бойынша пікірталас ұйымдастырып, олқылықтары мен артықшылықтары туралы пікір бөлісу.

2. Қазақстандағы венчурлік кәсіпкерлікті дамыту бағыттары бойынша конспектжазужәне оны қорғау.

3. Берілген мәліметтерге сүйене отырып кәсіпорынның инвестициялық жобаларының тиімділігін бағалау, кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын анықтау бойынша есеп шығару.

4.Есептерді шығару:

1) Инвестициялардың дисконтталған сомасы нұсқаулар бойынша анықтап, уақыт факторының есебінен инвестицияларды жүзеге асыру нұсқаларының ішінен тиімдісін табу керек. Есептеуге қажетті мәліметтер кестеде көрсетілген.

 

Қаражат салымдары формасында инвестициялардың нұсқалары. Есепті кезең (инвестицияларды жүзеге асыру жылдары)   Инвестиция    
1-ші жыл 2-ші жыл 3-ші жыл 4-ші жыл
нұсқа нұсқа нұсқа          

2) Инновациялық жобаны жүзеге асырудан күтілетін таза табыс (пайда мен амортизацияның сомасын)және жобаға қаражат салымдары нысанындағы инвестицияларды қайтару мерзімін (кәсіпорын 2 жыл ішінде енгізуді жоспарлайтын) анықтау керек. Есептеуге қажетті мәліметтер кестеде келтірілген.

 

Көрсеткіштер Жоспарлы кезең
1-ші жыл 2-ші жыл
1. Қаражат салымдары нысанындағы инвестициялардың көлемі, мың тг. 2.Тауарды өткізу көлемі (ҚҚС-сыз) мың.тг. 3.Өткізілген тауар көлемінің өзіндік құны мың тг. Амортизация мың тг. 4.Пайдадан аударылатын салықтар мен басқада да аударымдар мың тг.      

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Өнімді өткізуден түсетін таза табысты факторлық талдау.

Ауыл шаруашылық өнімін өткізуден түсетін табыс үнемі мына факторлардың әсерінде, ықпалында болады: өнімді өткізу көлемі, өнімнің құрылымы; өткізілген өнімнің сату бағасы; шикізат, материал, отын, электрэнергиясының тарифтері, тасымал шығындары, материалды және еңбек ресурстарының шығындарының деңгейі.

Өнімді өткізуден түсетін табысқа факторлардың әсерінің формальды есебін келтірейік.

 

1. Өнімді өткізуден түсетін табыстың () жалпы өзгерісінің есебі:

(17)

мұндағы Р1- есепті кезеңдегі табыс, теңге

Р2 – өткен жылғы табыс, теңге

Кәсіпорын үшін табыстың жалпы өзгерісі мынаған тең:

= 729-666 = 63 мың теңге

2. Өткізілген өнімнің сату бағасының өзгерісінің 1 табысқа әсерінің есебі:

1= (18)

мұндағы - есепті кезеңде осы кезеңдегі бағамен өнімді өткізу (р-өнім бағасы, q – өнімнің жалпы саны);

- есепті кезеңде өткен жылғы бағамен сату.

Кәсіпорынныңмәліметтері бойынша табысқа баға өзгерісінің әсері мынадай:

1= 49444-51210= -1766 мың теңге

3.Өнім көлеміндегі өзгерістердің табысқа әсерінің есебі ( 2):

2= P0K1 - P0 = P0 (K1 - 1) (19)

мұндағы P0 – өткен кезеңдегі табыс

К1- өткізілген өнім көлемінің өсімінің коэффициенті:

К1 = S1.0/S0 (20)

мұндағы S1.0 - есепті кезеңде өткен жылғы баға мен тариф бойынша өткізілген өнімнің нақты өзіндік құны;

S0 - өткен жылдағы өнімнің нақты өзіндік құны

Берілген кәсіпорын үшін К1 мынаған тең:

К1 = 50520/53797=0,939

Бұдан мынаған тең:

= 666* (0,939-1)= -36 мың теңге.

4. Өнімнің құрылымындағы өзгерістер нәтижесінде өнім көлеміндегі өзгерістердің табысқа әсерінің есебі ():

0 2 – К1) (21)

мұндағы К2 - сату бағасы бойынша бағаланған өнімді өткізу көлеміндегі өсім коэффициенті:

К2 = (22)

мұндағы - есепті кезеңде өткен жылғы бағамен өнімді өткізу;

- өткен кезеңдегі өнімді өткізу.

Кәсіпорынның мәліметтері бойынша К2 мынаған тең болады:

К2 = 51210/54463= 0,94

Бұдан мынаған тең:

= 666* (0,94-0,939) = 0,85 мың теңге

5.Өнімнің өзіндік құнының өзгерісінің табысқа әсері:

= S1.0 – S1 (23)

мұндағы S1.0 - есепті кезеңдегі өткен жылғы баға және шарт бойынша өткізілген өнімнің өзіндік құны;

S1 – есепті кезеңде нақты өткізілген өнімнің өзіндік құны.

Кәсіпорынның мәліметтері бойынша тең болады:

= 50520 – 48715 = 1805 мың теңге.

6. Өнімнің құрамындағы құрылымдық өзгерістер есебінен өнімнің өзіндік құнының өзгерісінің табысқа әсері былай анықталады ():

(24)

Кәсіпорынның мәліметтері бойынша мынаған тең:

= (53797*0,94) – 50520 = 59,18 мың теңге.

Факторлық ауытқулардың қосындысы есепті кезеңдегі өнімді өткізуден түсетін таза табыстың жалпы өзгерісін береді және келесі формуламен анықталады::

немесе

 

мұндағы Р – табыстың жалпы өзгерісі;

Р1 –i- ші фактордың есебінен табыстың өзгерісі

Біздің кәсіпорында табыстың жалпы ауытқуы -1514,4 мың теңге, бұл факторлық әсерлердің сомасымен теңестіріледі:

= -1766 -36 + 0,85 + 1805 + 59,18

Талдау нәтижелері өнімді өткізуден түсетін табыстың ауытқуына факторлардың әсерін жинақтау кестес



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-04-06; просмотров: 681; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.191.29.13 (0.013 с.)