Экзоферменнтер,Эндоферменнтер. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Экзоферменнтер,Эндоферменнтер.



Бетте барррррр

34.Тамақтану типіне байланысты бактериялардыңф классификациясы:аутотрофтар,гетеротрофтар (көміртектің,азоттың,минералы заттардың бастаулары).Өсу факторы. 66 бетте

35.Нәрлі заттардың бактерия торына енуі.

Қоректiк заттар сыртқы ортадан бактериальды клеткаға үш негiзгi механизм

арқылы түседi:

1.Пассивтi диффузия- төменгi концентрациядан жоғарғы концентрацияға бағытталған, яғни

концентрацияның градиентi бойынша, бұл энергия талап етпейдi.

2.Жеңiлденген диффузия - мембранада орналасқан пермеаза- арнайы белоктың концентрациясының

градиентiнің қатысуымен жүредi. Энергия талап етпейдi.

3.Активтi транспорт- пермеазаның қатысуымен градиентке қарсы жүредi. Бұл

Page 17

клеткадан энергияны талап етедi.

4. Ферменттер немесе энзимдер- барлық тiрi клеткаларда бар арнайы белок катализаторы. Олар плазмидаларда

жəне кейбiр вирустарда жоқ. Бактерияларда барлық алты кластағы ферменттер бар.

1. оксидоредуктазалар

2. трансферазалар

3. гидролазалар

4. лиаза

5. изомераза

6. лигаза

Ферменттердің негiзгi үш топтары: конститутивтi синтезi - барлық клеткалық циклда жүредi; индуцибельдi

синтезi - субстраттың бар жерiнде индуцирленедi; репрессибельдi синтезi - берiлген ферментпен

каталирленетiн реакцияның тағамының артық жиналған кезiнде тежеледi.

36.Бактериялардың демі.(Бактериялардың энергетикалық қажеттілігі,субстраттық биолгиялық тотықтандыруының негізгі үлгілері(аэробты және анаэробты)).Аэробтар,Анаэробтар;Факультативті анаэробтар,Микроаэрофильдер,аэротолерантты. 72 бетте бар если че

Микрорганизмдердің тыныс алуы энергия бөлінетін органиалық қосылыстар тотығуының биологиялық жолмен жүретін күрделі процесі болып есептеледі. Жасыл өсімдіктер энергияны хлорофилл көмегімен күн көзінен алынатын мәлім. Ал микроорганизмдердің басым көпшілігі күн энергиясын пайдалана алмайды. Энергияны олар химиялық реакциялар көмегімен қамтиды. Осы энергияның көмегімен олар клеткада күрделі органикалық қосылыстар түзеді.

Әр жасушада тотығу процесі жүретіндіктен, микроорганизмдердің қоректенуі мен тыныс алуы арасында тығыз байланыс болады.Өйткені клеткадағы қоректік заттар ыдырағанда энергия бөлініп шығады. Ал тыныс алу кезінде энергияның клетка сыртына бөлініп шығатыны да белгілі.

Тыныс алу түріне байланысты микроорганизмдерді үлкен екі топқа бөледі: аэробты және анаэробты микроорганизмдер. Аэробты микроорганизмдер ортада оттегі болғанда ғана тіршілік ете алады. Ал анаэробтар оттегіне мұқтаж емес.Анаэроб микробтар облигат және факультатив деп екіге бөлінеді. Облигат анаэробтар тек оттегі жоқ жерде ғана тіршілік етеді. Молекула күйіндегі оттегі олар үшін – у (газды гангрена, сіреспе қоздырғыштары). Ал факультативті анаэробтар молекула күйіндегі оттегінің бар не жоғына қарамай тіршілік ете береді (стрептококк, дифтерия таяқшасы ж.т.б). Анаэроб ауа енуі қиын терең қабаттарда тіршілік етуге бейімделген. Кей бактериялар оттегінің өте төмен парциалды қысымында тіршілік ете алады, оларды микроаэрофилдер деп атайды (бруцеллез қоздырғышы). Ал басқалары оттегі мол жерде жақсы тіршілік етеді – аэрофилдер (туберкулез, дифтерия, тырысқақ қоздырғыштары).


37.Микрофильдердің пигменттері.Физиологиялық ролі.Мысал.

Бетте

38.Микроорганизмдердің биохимиялық белсенділігінің анықталуы.Сахаролитикалық қасиеттері. Қара лекция даптердеги 2 дәрістің аяқ жағында

39. Микроорганизмдердің биохимиялық белсенділігінің анықталуы.Пептолитикалық қасиеттері. Қара лекция даптердеги 2 дәрістің аяқ жағында

40. Микроорганизмдердің биохимиялық белсенділігінің анықталуы.Протеолитикалық қасиеттері. Қара лекция даптердеги 2 дәрістің аяқ жағында

41.Бактериялардың өсуі және көбеюі.(культуральды).Микроорганизмдерді зерттеу әдістері.Бактерияның баулуының (культиирования) негізгі ұстанымдары.

Бактерияның өсуі деп-жасушаның барлық компоненттерінің бір мезгілде келісімді түрде ұлғайюын айтады.жасушаның өсуі шексіз емес.ең улкен деңгейіне жеткен кезде жасуша бөлінеді.бактериялардың көпшілігі көлденеңінен 2-ге бөлінеді.грамша оң боялатын бактериялардың көпшілігінде бөліну көлденең қалқаның шетінен ортасына қарай синтезделуі арқылы жүреді.грамша теріс боялатын бактериялардың жасушаларының көпшілігінде көбею ортасынан тартылып,екіге бөліну арқылы жүреді.Қоректік ортаға бактерияларды енгізген кезде олар қажетті компоненттерінің бірі азайғанша өседі,сонан соң бактериялардың өсуі мен көбеюі тоқтайды.егер осы уақыт аралығында ортаға қажетті өоректік заттарды енгізіп.ал зат алмасудың соңғы өнімдерін тазартып отырмаса статикалық бактериялық дақыл алынады.

Сұйық ортадағы бактериялардың өсу қисығы бойынша бірін-бірі белгілі бір дәйектілікпен алмастырып отыратын бірнеше фазаларды ажыратуға болады:

1.Бастапқы –лаг-фазасы(ағыл.қалып қою).ьактерияларды себу мен көбею аралығындағы уақытты қамтиды.бұл фаза узақтығы орташа 2-5 сағатқа созылады,қоректік ортаның құрамы мен себетін дақылдың ұзақтығына байланысты.Лаг-фаза кезінде бактерияларда дақылдандырудың жаңа жағдайларына бейімделу жүріп,индуцибельдік ферменттердің синтезделуі басталады.

2- Экспоненциалдық(логарифмдік) фаза.Жасушалардың тұрақты түрде максималдық жылдамдықпен бөлінуімен сипатталады.бұл жылдамдық бактерия мен қоректік орта түріне байланысты болады.Бактериялардың арту уақыты генерациялану уақыты деп аталады.Экспоненциалдық фазада жасушалар көлемі мен құрамындағы ақуыздар саны бір қалыпты болады.Бактериялық дақыл бұл фазада стандартты жасушалардан тұрады.

3-Статционарлық фаза.жасушалар саны көбеюді тоқтатқан кезде болады.

4-Өлім фазасы.зат алмасудың қышқыл өнімдерінің салдарынан немесе өзіндік ферменттердің аутолизінің нәтижесінде болады.бұл фазаның ұзақтығы ондаған сағаттан бірнеше аптаға дейін созылуы мүмкін.

5-бактериалық популяция өсуінің логарифмдік фазасында болуы үздіксіз дақылда байқалады,бұған қоректік заттарды біртіндеп өлшемді түрде енгізіп отыру арқылы қол жеткізіледі.

42.Микробиологияның бактериологиялық зерттеу әдістері.

Құралдарды, адам организмін бактериологиялық зерттеуге болады, мысалы әйел адам жатырын, тісті, медициналық кызметкерлердің қолдарын немесе басқа дене мүшелерін зерттеу.

43.Қоректік ортаНәрлі(питательная среда)орта және оның топтастырылуы. Қара лекция даптердеги 2 дәрістің ортасында 10 бет

қоректiк орта дегенiмiз - күрделi жəне жай құрамдардың əртүрлi қосылыстары болып келетiн орталар. Оны

лабораториялық жағдайда бактериялар мен басқа микроорганизмдердi көбейтiп өсiру үшiн қолданылады.

Консистенциясы бойынша қоректiк орталар сұйық, жартылай сұйық, тығыз болып келедi.

құрамы бойынша- табиғи, синтетикалық жəне жартылай синтетикалық. Тағайындалуы бойынша негiзгi,

элективтi жəне дифференциалды -диагностикалы болып бөлiнедi.

2. қоректiк орта мына талаптарға сай болуы тиiс: бұл жерде барлық қоректiк заттар жеткiлiктi болуы керек,

тұздар, өсу факторлары, микроорганизмнің өсуiне қажеттi заттары жеңiл сіңiмдi түрде болуы тиiс,

оптимальды ылғалдылығы, тұтқырлығы, рН-ы стерильдi болуы тиiс, мүмкiндiгiнше мөлдiр жəне

изотоникалы болуы тиiс.

Бөгде заттар болмауы тиiс. °рбiр қоректiк ортаны құрамына қарай əртүрлi əдiспен стерилизациялайды.

3. қоректiк ортаны жануардан немесе өсiмдiктен туындаған өнiмдерден дайындайды. қоректiк ортада өсу

факторының болуы үлкен маңызға ие. Оларды дайындау үшiн экономикалық рентабельдi тағамдық емес

шикiзат қолданылады: жарамсыз қалған қан алмастырушылар, жануар қанының гидролизаты,

аминопетиферментативтi, қан гидролизаты, биотехнология өнiмдерi- жем ашытқылары, жемдiк лизин,

жүзiм ұнтағы, белоклизин. Синтетикалық орталардың құрамына химиялық таза заттар- аминқышқылдары,

минералды тұздар, көмiрсулар, витаминдер жəне өсiру факторлары кiредi.

4. Элективтi /селективтi/ қоректiк орталар əртүрлi бөгде микрофлорасынан микроорганизмнің белгiлi-бiр түрiн

таңдамалы түрде бөлiп алып жинақтау үшiн тағайындалған. Элективтi қоректiк орталарға I пептон суы, рН-

8,0 тең орта, сiлтiлi агар /тығыз орта/, қоректiк агар рН- 7,8; Леффлер ортасы, УТА / уызды тұзды агар/,

Китта-Тароцци ортасы, Мюллер, селенит, Раппопорт т.б.

5. Дифференциальды-диагностикалы орталар қайсы-бiр микроорганизм түрлерiн олардың ферментативтi жəне

дақылдық қасиеттерi бойынша шектеуге қолданады. Оның құрамына мына компоненттер кiредi: негiзгi

қоректiк орта - бактерияның өсуiн қамтамасыз етедi, белгiлi бiр көмiр-қышқылы, түрлi-түстi индикатор.

Дифференциалды-диагностикалы орталарға Гинс, Россол, Эндо, Плоскирев, висмут-сульфат агары ортасы

жатады.

6. қоректiк орталарды келесi əдiспен стерильдейдi:

1. Жоғарғы қысымдағы бу арқылы /автоклавта/ стерильдеу.

2. Кох аппараты жəне автоклав арқылы ағынды бумен стерильдеу.

3. Механикалық стерильдеу /фильтрлеу/.

7. Бактерияларды өсiру үшiн келесi дақылдау тəсiлдерiн қолданады:

1. Стационарлы тəсiл: қоректiк орталар қалыпты сақталады.Олармен ешқандай қосымша манипуляция

жүргiзбеймiз. Осылай сұйық қоректiк орталарда дақылдау тəсiлiнде биомассаның шығып кетуi шамалы.

Page 12

2. Тереңге аэрациялық дақылдау əдiсi: осы тəсiл арқылы дақылдаған кезде арнайы құрылым реактердi

қолданады. Бұл жерде қалыпты температура, оптимальды рН, керектi қоректiк заттың мөлшерлi түсуi бiр

қалыпты болады. Олар əрдайым стерильдi ауамен желденiп тұрады, орта əрдайым араласып тұру үшiн

араластырғыш орналастырылған. Осы ерекшелiктерге байланысты биомассаның максимальды шығуын

қамтамасыз етiледi.

44.Аэробты бактериялардың таза дақылын алу әдістері.

45. Анаэробты бактериялардың таза дақылын алу әдістері.(Температуралық режим,Сутекті ионның РН концентрациясы,қышқылдық-қалыптастырғыш потенциал)

Анаэробты микрофлораны алу мақсатындағы себулер қатаң анаэробты жағдайда жасалады. Спора

түзушi анаэробты бактерияларды бөлiп оларда алғашқы себудi 80оС-тық су моншасында 20 минут бойы

қыздырады, яғни бөгде микрофлораның вегетативтi клеткаларын қояды.

Бiрiншi себулерде байыту орталарында /Китта-Тароцци, тиаглюхол/

жасайды, сонан соң Петри шынысындағы тығыз орталарға

бөлектенгенколониялар алу үшiн қайта себедi. қантты қан агарына қантты

қоректiк тығыз агарының биiк бағанасына Виньял-Вейем тəсiлi бойынша

егемiз. Бұл тəсiл анаэробты егiндiлердi ауадан механикалық жолмен

сақтауға негiзделген. Егiлген агарды стерильдеу трубкаға /қуыс ортаға/

сорып алып бiтеп тастайды. Осылай қатаң анаэробтарға қолайлы

жағдай жасаймыз.

Анаэробты бактерияларды дақылдау үшiн физикалық жəне химимялық,

биологиялық əдiстердi қолданады.

Физикалық əдiстер:

1. Редукциялаушы жəне жеңiл тотығатын заттар бар ортаға себу.

2. Микробты тығыз қоректiк ортаның терең қойнауына себу.

3. Түтiкшелерден ауаны механикалық жолмен ùығару. Түтiкшелердегi ауаны қандай да бiр интерференттi

химиялық газбен /пирагален, натрий гидросульфат/ алмастыру.

Биологиялық əдiстер анаэробтарды қатаң аэробтармен бiрге өсiруге

негiзделген.

Химиялық əдiс ауаны /

/ сіңiрiлуге негiзделген.

Комбинирленген əдiс физикалық, химиялық, биологиялық тəсiлдердi

қосып қолданғанға негiзделген.

Page 13

12. Тығыз қоректiк ортада бактериялар колония түзедi. Олардың сыртқы көрiнiсi қайсыбiр бактериялар үшiн

дифференциалды белгi ретiнде қарастырылады.

Колониялар өлшемi, пiшiнi, түсi, консистенциясы, шеттiк контуры,

құрылымы жəне беткейлiк сипаты бойынша ажыратады.

Колониялар мөлшерi бойынша iрi /4-5мм/, орташа /2-4мм/ жəне ұзақ /1-2мм/. Пiшiнi бойынша домалақ,

резетка тəрiздi, жапырақ тəрiздес болады. Түсi бөлiнген пигменттерге байланысты ақ, сары, қызыл т.б.

болады.

Консистенция бойынша құрғақ, ылғал, маңызды немесе кiлегейлi колония болады. Колониялардың беттерi

тегiс, əжiмдi, сызылған, жалпақ, дөүес басылған. Колониялардың iшкi құрылымы аморфты, дəнектi жiптер

тəрiздi болуы мүмкiн. Сұйық қоректiк орталарда кейбiр бактерия дақылдары мыналармен белгiленедi,

диффузды лайлану, кейбiреулерi түбiне немесе қабырғаға өсумен, бетiнде қабықша пайда болу,

кейбiреулерi пробирканың түбiнде тұнба түзедi.

46.Риккетсияның,хламидияның,микоплазманың баулуының өзгешеліктері. Риккетсиялардың морфологиясы мен құрылысы.

Риккетсиялар - ұсақ, грам тәріздес бактериялар (0,3-2,0 мкм), облигаттық (міндетті түрде) жасушаішілік паразиттер. Цитоплазмада бинарлық бөліну арқылы, ал кей жағдайларда жұқтырылған жасуша ядросында көбейеді. Егесі болып табылатын буынаяқтыларда (бит, бүрге, кенелерле) тіршілік етеді. Қоздырғыштарының біреуін ашқан американдық ғалым Х. Т. Риккетстің атымен аталған (жартасты таулардың таңбалы қызбасы). Риккетсиялардың пішіні мен көлемі өсу жағдайларына байланысты өзгеріп отыруы да мүмкін (бұрыс пішінді жасушалар, жіпше тәріздес). Оларың құрылымы грам-теріс бактериялардың құрылымынан ерекшеленбейді.

Риккетсиялар егесінің метаболизміне тәуелсіш болады, бірақ кюбею кезінде егесінен макроэргетикалық қосылыстарды алуы мүмкін. Жағындылар мен тіндерде оларды Романовский-Гимза, Маккиавелло-Здроводский әдістерімен бояйды (риккетсиялар қызыл түсті, жасушалар көк түске боялады).

Адамдарда риккетсиялар эпидемиялық бөрітпе сүзек, кене риккетсиозын, жартасты таулардың таңбалы қызбасын және де басқа раккетсиоздарды қоздырады.

Хламидиялар – облигаттық жасушаішілік кокктәріздес грам-теріс (кейде грам-вариабельді) бактерияларға жатады. Хламидиялар тек қана тірі жасушаларда көбейеді: оларды энергетикалық паразиттер ретінде қарастырады; олар аденозинтрифосфат (АТФ) және гуанозинтрифосфат (ГТФ) түзбейді. Жасушадан тыс хламидиялар сфера пішінді (0,3 мкм), зат алмасуы белсендірілмеген, элементарлы денешіктер деп аталады. Элементарлы денешіктердің жасуша қабырғасында сыртқы мембрананың негізгі ақуызы және цистейн қаныққан ақуыз болады. Хламидиялардың геномында ішек таяқшасының геномына қарағанда 4 есе кем генетикалық ақпарат болады.

Эпителиалдық жасушаға элементарлы денешіктер жасушаішілік вакуоль түзетін эндоцитоз арқылы енеді. Жасуша ішінде олар үлкейіп, бөлінетін ретикулярлы денешіктерге айналып, вакуольдарда (қосындылар) жинақталады. Ретикулярлы денешіктер элементарлы денешіктерге айналыпғ экзоцитоз немесе жасушаны ерітіп сыртқы шығады. Жасушадан шыққан элементарлы денешіктер жаңа айнлымға түсіп, келесі жасушаларды зақымдайды. Адамдарда хламидиялар (басыр-трахома, конъюктивит), несеп-жыныс жолдарын, өкпені зақымдайды.

. Микоплазмалар – тек қана цитоплазматикалық мембранамен қоршалған, ұсақ бактериялар (0,15-1,0 мкм). Олар Mollicutes класына жатады, құрамында стеролдар болады. Жасуша қабырғасы болмағандықтан микоплазмалар остосқа жоғары сезімтал. Пішіні әртүрлі: кокк, жіпге, колба тәріздес бола береді. Бұл пішіндерді микоплазмалардың таза дақылдарын фазалы-контрастты микроскоппен қарағанда ажыратуға болады. Тығыз қоректік ортада микоплазмалар қуырған жұмыртқаға ұқсас колониялар түзеді: орталық бөлімі мөлдір емес қоректік ортаға батып, ал шеттері шеңбер тәрізденіп жатады.

Адамдарда микоплазмалар атипті пневмония қолдырады, несеп-жыныс жолдарын зақымдайды. Сонымен қатар микоплазмалар жануарлар мен өсімдіктердің де ауруларын қоздырады. Патогенді емес түрлері де кеңінен таралған.

47.Вирион.Вирус түсініктері.Қазіргі кездегі классификация принциптері және вирустардың номенклатурасы.

Вирустар басқа тірі организмдер сиякты өсіп-өніп көбейе алады; тұқымқуалаушылық және өзгергіштік қасиеті бар, ортаның өзгеруіне бейімделу қабілеті бар; табиғи және жасанды сұрыптау нәтижесінде биологиялық эволюцияға ұшырай алады. Вирустардың РНК және ДНК-лы болып екіге бөлінеді. Вирусологияның молекулалық-биологиялық кезеңі кезінде вирустарды организм ретінде қарастыру концепциясына көзқарас өзгере бастады. Вирион деген түсінік енгізілуіне байланысты вирустар құрылысымен ерекшелігі бар екені, сонымен қатар жасушаға қарағанда вирустар айрықша-

Вирустардың жіктелуі. Қазіргі заманда вирустар

· Нуклеин қышқылының типіне

· Липопротеидті қабатының болуына

· Вирионның морфологиясына және мөлшеріне

· Генетикалық өзара әсерлесу

· Қабылдағыш иелер

· Патогенділігі

· Географиялық таралуы

· Антигендік қасиеттері

Вирустардың шығу тегі бойынша бірнеше болжамдар бар

1. Вирустар жер бетіндегі тіршілік белгісінің ең алғашқы,жасуша пайда болғанға дейінгі,тіршілік формасы.

2. Вирустар белгілі жасушалык гендерден пайда болған,олар жасушадан шығып кету және қайтадан оралу қабілеттілігін сақтайды.

Вирустар тіршілік етудің ерекшк түрі,оларға мынадай қасиеттер тән:

Өсіп-өну қабілеттілігі бар

Тұқым қуалаушылық қасиеті бар

Генетикалық өзгергіштік қабілеттілігі бар

Вирустардың тіршілік ету қабілеттілігі болуына қарамастан оларды бүтін организм деп атауға болмайды.Вирустардың басқа тірі жүйелерден бірқатар ерекшеліктері бар:

Мөлшері өте ұсақ

Құрылысы өте қарапайым яғни вирион-құрамында ДНҚ немесе РНҚ –дан тұратын геном болады.

Жасушалық құрылымы жоқ цитоплазма,рибосомалар болмайды.

Екі бөлініп өсу қабілеттілігі жоқ,өзінше репродукцияланып дисъюктивті тәсілмен көбейеді

Вирустар организмнен тыс өмір сүре алмайды.

Құрылымдық сипаты бойынша вирустардың едәуір айырмашылығы бар екі түрін ажыратады:Жасушадан тыс орналасқан – вирион,жасушаішілігін – вирус, жасуша ішілігін-вирус деп атайды.Мөлшері 25нм-ден 400 нм-ге дейін болады.Вирустардың морфологиясы жақсы зерттелген және олар жіктеу кезінде ескеріледі.Вирионның негізгі компененті акуыздық қабат оның ішінде нуклеин қышқылы 4-6% болады.Ақуыздар 70-80%, липидтер және көмірсулар болады.

48.Вирион,морфологиясы,құрылымы,,химиялық құрылысы.

52 бетте барррр!!!!!!!!!

Вирустар организмнен тыс өмір сүре алмайды.

Құрылымдық сипаты бойынша вирустардың едәуір айырмашылығы бар екі түрін ажыратады:Жасушадан тыс орналасқан – вирион,жасушаішілігін – вирус, жасуша ішілігін-вирус деп атайды.Мөлшері 25нм-ден 400 нм-ге дейін болады.Вирустардың морфологиясы жақсы зерттелген және олар жіктеу кезінде ескеріледі.Вирионның негізгі компененті акуыздық қабат оның ішінде нуклеин қышқылы 4-6% болады.Ақуыздар 70-80%, липидтер және көмірсулар болады.

49.Вирустардың репродукциясы. 55 бетте! Қара даптердеги лекция 17 бетте!

50.Вирионның баулуының (культивирования) әдістері, тауық эмбрионында және жануарлар организмінде

Тауық эмбрионын тұмау, герпес, шешек вирустарын дақылдауда кеңiнен қолданады, олар амнионда,

хорионалантоисты қабықшада, сарыуыз қапшығында аллантоисты қуыста репродукцияланады. Бұл əдiстің

көпшiлiгi эмбрионды жармай жатып зерттелушi микробты таба алмауы жəне онда белок деп басқа

қосылыстардың көп болуы, бұл əртүрлi препараттар дайындағанда олардан вирусты тазартып алу

қиындығын туғызады.

51.Вирустардың индикациясы. (гемагглютинация,клеткаішілік реакциялар бойынша) Қара даптердеги лекция 18 бетте

Вирустарды идентификациялау үшiн иммунофлюресценция əдiсi, тағы басқа ДНқ-ДНқ (РНқ-

РНқ) – гибодоизация əдiсi.

52.Вирустардың идентификациясы. Қара даптердеги лекция 18-19 бетте!

. Вирустар облигатты клеткаiшiлiк паразит болып табылады, олар жасанды қоректiк ортада өсуге

қабiлетсiз. Оларды дақылдау үшiн 3

əдiс қолданады. 1. Клетка дақылында. 2. Тауық эмбрионында.

3. қабылдаған жануар организмiнде.

53.Фагтардың морфологиялық және структуралық өзгешеліктері.Химиялық құрылысы.Вируленттік фагтар.

Бактериофагтар- бактерия вирусы. Бактериофагия- фагтардың бактерия мен өзара əсерлесу процесi,

олардың бұзылуымен аяқталады. Вирустардың барлық биологиялық қасиеттерi де фагтарға тəн. Олардың

геномды ДНқ не болмаса РНқ-мен сипатталады жəне белокты қабықшасы (капсид), структуралық суббiрлiгi

спиральдi не болмаса кубты симметриялы типтi болып келедi.

Iрi фагтар, құйрығы бар бинарлы симметрия типтi болып құралған. Пiшiнi бойынша фагтар-жiпше

тəрiздi, сфера тəрiздi, басы жəне құйрығы бар фагтар болып бөлiнедi.

11. °ртүрлi формадағы фагты инфекция шақыратын инфекциялық фагтар жəне инфекциялы емес. Олар

көбею стадиясында тұрады. Инфекциялық фагтар қозғалыссыз (клеткадан тыс тұрушы), вируленттi

инфекцияның продуктивтi формасын шақырушы жəне əлсiз фагтар-продуктивтi фагты инфекцияны

шақыруымен сипатталады.

12. Фагтардың өмiрлiк циклi, продуктивтi инфекциямен қатар жүредi, 6 стадиядан, əрқайсысы бiрнеше этаптан

тұрады:

1. спецификалық рецепторлар көмегiмен бактерия клеткасының беткейiне фагтардың адсорбциялануы.

2. Клетка қабырғасы жəне цитоплазматикалық мембрана арқылы фагты геномның клетка iшiне енуi

жəне қабықшадан шығуы.

3. Геномдағы хабарды тасымалдау үшiн белогы көмегiмен фагты геномның тұрақталуы.

4. Фагты генномды ДНқ не болмаса РНқ-ү репликациясы.

5. Синтезделген вириондардың қайта жиналуы-белокты қабықшаға геномды РНқ-ү тұрақталуы,

фагтардың морфогенезi.

6. Клетка iшiнде лизиске ұшырауы не болмаса бүршiктену жолы арқылы синтезделген фагтардың

клеткадан шығуы.

13. Редуктивтi инфекциясының келiп шығуы- фагтың геномы клетка iшiне енгенде, бiрақ фагтың көбеюi

жүрмейдi, қожайын клеткасы хпромосомасына олардың геномы интеграцияланады, демек фаг профагқа

Page 20

айналады клетка болса лизогенияға ұшырайды. Оларды əлсiз фагтар ғана шақырады жəне өмiрлiк циклi

келесi стадиядан тұрады:

А. Клетка беткейiне фагтардың адсобциялануы.

Б. Бактериальды клеткаға фагты ДНқ-ү енуi.

В. Сайт-фагты ДНқ-ү қожайын клетка хромосомасының спецификалық интеграцияның жəне фагтың

профагқа айналуы.

14. Бактерия арасында генетикалық материалдардың алмасуында əлсiз фагтар негiзгi роль атқарады. Бұл

процесс трансдукция деп аталады. Жалпы жəне спецификалық трансдукция болып бөлiнедi. Жалпы

трансдукция процесiнде фагтардың клетка iшiлiк көбеюi кезiнде кездейсоқ олардың басына фагты ДНқ

фрагментi орнына бактериальды ДНқ кiредi жəне дефектi вириондар келiп шығады. Осы фагтар

инфекциялық қажеттi сақтайды, əрi қарай фагтардың көбеюi жүрмейдi.Спецификалық трансдукция кезiнде

фагтар анықталған пəндердi тасымалдайды жəне əлсiз фагтардың қожайын ие клеткасы. Спецификалық

трансдукция кезiнде фагтар анықталған гендерi тасымалдайды жəне əлсiз фагтардың қожайын ие

клеткасының хромосомасының интеграциясына байланысты.

15. Бактерия фагтарының спектр əсерi бойынша поливаленттi, менофагтар жəне типоспецификалық фагтар,

түр iшiндегi бактерияларды белок варианттары мен лизиске ұшырауына алып келедi. Бактерия

қүрылымдарын бұзушы қасиетi бойынша фагтар емдiк жəне профилактика ретiнде көптеген ауруларға

қолданады, стандартты фагтарды ауру қоздырғыштарының қатарын фаготиптеу үшiн қолданады.

Микроорганизмдердің генетикасының зертеуде фагтар кең түрде қолданады.

16. Вируленттi фагты алу үшiн фильтрат дайындайды, бактериальды фильтр арқылы материалды (суды,

нəжiс суспензиясын) өткiзедi. Фильтратты осыған тиiстi бактерия дақылын бульонға егiп 370С 18-24

сағатқа инкубациялайды.Дақылдық лизиске ұшырағаннан кейiн қалған бактериальды клеткаларды

центрифуга арқылы немесе фильтр қағазы арқылы алып тастаймыз. Фильтраттарға фагтарды сапалық жəне

сандық əдiспен анықтаймыз.

54.Бактериялардың фагтардың жасушаларымен әрекеттестігі.

Бактериофагтар бактерияға спецификалы нетін,оны толық жойғанша ішінде паразиттенетін бактерияның вирустары.олар кеңінен таралған ж.е басқада микроорг кездеседі.Пішіні мен құрылымдарының ұйымдасуына байланысты фагтарды бірнеше морф типтерге бөлінеді жіпше тәрізді, майда куб тәріздісперматозоид пішіндес фагтар.Фагтардың мөлшері 20-800 нм болады.Бактериофагтарда не ДНҚ не РНҚ болады. Фагтардың нуклейн қышқылдары екіжіпшелі,біржіпшелі,сызықтық,сақиналы болады.Фагтардың көпшілігі екіжіпшелі,сақинаға тұйықталған ДНҚдан тұрады.Олардың арнтигендік,резистенттілік қаситтері бар.Антигендік қасиетттері.Бактериофагтың құрамында иммундық қасиетке ие,орг де спецификациялық антидене түзіледі,Бактериофагтармен әрекеттескен антиденелер олардың бактерияларға тигізетін литикалық белсенділігін бейтараптай алады.Резистенттілігі төзімділігі Бактериофагтар қ.о төзімді болып келеді.65-70 темпм,жоғ мөлшерде УК сәулененудің,иондаушы радиация әсерінен инактивацияланады.Төменгі темп және кептіргенде ұзақ сақталады.

Бактериофагты жұқпалы ауруларға зерт диагноз қоюда,бактерияның фаготипін анықтауда қолд.Қоршаған орта обьектісінде бактериофагтың болуына қарап,исоған сәйкес патогенді бактерияның бар екендігін анықтауға болады.Мұндай зерттеулерді жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жаппай таралуын талдау негізінде жүргізеді.Фагтарды бірқатар ауруларды емдеу үшін және алдын алу үшін қолд.ішсүзектік,дизентериялық,стафилококтык,стрептококтык фагтар және аралас препараттар шығарылады.Оларды парентералды немес жергілікті жолмен сұйық,таблетка түрінде тағайындайды

55.ЛизогениЯ мағынасы.Профаг.Дефекты фагтар.Фагтық конверсия.

56.Табиғатта фагтардың таралуы.Медициналық микробиологияда фагтардың қолданылуы.Фагтар қоршаған ортаның ластануының көрсеткіші.Фаговар түсінігі. 63-64 бетте!

57.Бактерия және вирустардың генетикалық аппаратының ұйымы. Бактериальдық хромосома.Генотип және фенотип.

Бактерия хромосомасы екі тізбекті сақиналы ДНК молекуласы, Бактерия хромосомасы бактерия жасушасының жинақы нуклеоидын құрайды. Бактерия хромасомасының гаплоидты генднр жиынтығы бар. Ол бактерия жасушасына тән маңызды қызметтерді кодтайды.

Вирустардың басқа тiршiлiктен айырмашылығы негiзгi қасиетерiне байланысты:

1. Ультрамикроскопиялық өлшемi.

2. Вирустар тек бiр нуклейн қышқылы болады ДНқ немесе РНқ.

Page 9

3. Вирустар өсуге жəне бинарлы бөлiнуге бейiмсiз.

4. Вирустар өзiне сай геномындағы нуклейн қышқылынан көбейедi.

5. Вирустардың өзiнің энергия жүйесi жоқ.

6. Вирустардың өзiнің белок синтездеушi жүйесi жоқ.

7. Вирустар абсолюттiк клетка iшiлiк паразиттер.

8. Вирустардың дамуының соңғы фазасы ретiнде жəне таксономия негiзгi-вирион болып табылады. Вирион

бiр геномды нуклейн қышқылынан жəне оны қоршаған бiр немесе екi қаптан тұрады.Геномды нуклейн

қышқылының қабы-капсид, ал оның сыртындағы күрделi құрылған вирустардағы қабы-суперкапсид деп

аталады.

 

58.Бактерия плазмиді.жалпы мағлұмат.Конъюгативті және конъюгативті емес плазмидтер.Плазмидтер түрлері (F,R,Ent,Col)Олардың ролі.. 78 бетте!

Плазмида екі тізбекті ДНҚ молекула,Бактериялар қолайсыз жағдайға ұшырағанда маңызды рөл атқарады.Олар антибиотиктерге тұрақты,колицин түзеді,патогендік факторының өнімі,орг заттын ыдыратады.Пазмидалық ДНҚ репликациясы фермент жиынтығымен жүзеге асырылады,бірақ плазмиданың репликациясы хромосомаға тәуелді емес.Әр бактерияда бір н.е бірнеше плазмида болады.Кейбір плазмида бактерия хромосомасына тіркесіп,бір репликон түрінде жүруі мүмкін.Оларды интегративті плазмида д.а.Кейбір плазмида бір жасушадан келесі жасушаға ауысып жүруі мүмкін.Ондай плазмида трансмиссивті д.а.Трансмиссивтілік тек ірі плазмидаға ғана тән.Ұсақ плазмида опероны жоқ, өз бетінше беріле алмайды.Бұндай плазмида мобилизациялық д.а.Мед микробиологияда маңызды орынды R плазмида алады.Оның көбісі трансмиссивті болады.Олар бактерияға қарсы әсер ететін препаратты бұзатын фермент синтезін детерменттейтін гендері бар.Олар ауруханаішілік инфекцияның этиологиялық агенті болып саналады.Плазмидаларды адамның практикалық қызметінде,гендік инженерияда,бактерия штамын конструкцияланғанда қолданылады. ТРАНСПОЗОН молекула синтезін қамтамасыз етеді.М.ы улылықты н.е антибиотикке тұрақтылықты қамтамасыз етеді.Репликондар н.е репликон арасына ене отырып, генетикалық элементтер туғызады.Олар тіркескен ДНҚ ң сол аймақтағы ген инактивациясын,генетикалық материалдың зақымдануын,репликон жанасуын,бактерия популяциясына геннің таралуына,ол популяция қасиетінің өзгеруіне,микроб арасындағы эволюциялық өзгерістерге әкеледі.

Плазмидтер- өте қарапайым, майда клетка қабырғасыз,

геномы анықталмаған яғни тiрi организм деп айтуға болмайтын, сонымен қатар ол қожайын клеткасына

енiп паразиттiк өмiр сүрiп көбеюге қабiлетi бар ғажайып организм. Ол қоршаған ортаның қайнату УК-

сəулесi, мұздату т.б. əсерлерге өте тұрақты.

59.Бактериялардың және вирустардың модификациясы.

Модификациялар жеке микроб жасушасының немесе жалпы популяцияның өзгеріске ұшыраған қ.о жауабы б.т адаптациялық реакц түрінде көрінеді.Бұндай өзгеріс түрі микроб популяцияның қ.о тез үйреніп,сол жағдайда өз тіршілігін сақтап қалуға мүмкіндік береді.ОЛар морф,биохимиялық,ж.е басқа да модификациялық құбылысты сақтау қажет болмағанда оларды туғызатын факторлардың әсерін жою арқ бастапқы фенотипіне орала алу қасиеттерімен көрінеді.Модификацияның биохим негізін индуцибельді ферменттердің синтезін құрайды, ал олар реттеуші гендермен бақыланатын сәйкес құрылымдық гендердің индукциясы ж.е реперессиясымен аяқталады.М.Ы ішек таяқшасы лактоза болған жағдайда ғана оны ферменттеуге қажетті ферментті синтездей алады.Стафилококтар тек пенициллин болғанда ғана сол антибиотикті бұзатын ферментті синтездей алады.Модификацияларға кейбір микроорг үнсіз гендердің қосындыларын жатқызуға болады,себебі жұқпалы аурулар кезінде олардың антигендері алмасады.Соынымен бірге оларға бағдарланбаған гендік ақпараттардың өзгеруінде жатқызуға болады.Ол геннің хромосомаға көшуі,әртүрлі жиілікте белгілі бір локустарға тіркесіп,нәтижесінде қасиеттернің өзгеруімен сипатталады.Модификациялар антибиотиктермен мысалы пеницилинмен тікелей әсер еткенде п.б мүмкін.Соның салдарынан түзілген,жасуша қабығын жолғалтқан L пішінді бактериялар иесінің жасушаның ішінде сақталып қана қоймай,көбейіп,пеницилиннің әсері тоқтатылған жағдайда қайта қалпына келеді.Көптеген бактерияны антисептиктердің суббактериостатикалық концентр бар қоректік ортасында өсіргенде олар модификацияға ұшырап,морф ж.е басқада қасиетін өзгертуі мүмкін.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2017-02-21; просмотров: 542; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.138.110.119 (0.157 с.)