Д витамині (кальциферолдар, антирахиттік) 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Д витамині (кальциферолдар, антирахиттік)



Д витаминінің бірнеше витамерлері бар. Олардың ішінде ең көп тарағандары – Д2 (эргокальциферол), Д3 (холекальциферол) витаминдері. Химиялық құрылымы жағынан бұл витаминдер, жо­ғары молекулалы циклді спирттер – стеролдардың туындылары:

Д2 мен Д3 витаминдері ультракүлгін күн сәулесінің әсерінен эргостерол мен холестерол провитаминдерінің В сақинасындағы 9-шы және 10-шы көміртек атомдары арасындағы байланыстың үзілуі арқылы активтеліп, синтезделеді.

Д2 витамині ультракүлгін сәулесінің әсерімен эргостеролдан бірнеше аралық заттар (люмистерин, тахистерин) түзілу арқылы пайда болады.

Қазіргі кезде бұл реакцияның барлық өнімдері таза күйінде бөлініп алынған.

Д2 және Д3 витаминдері дәмсіз, түссіз, иіссіз кристалдар, 115-117°-та балқиды. Органикалық еріткіштерде: хлороформда, бен­золда, эфирде, ацетонда, спиртте жақсы ериді де, су мен глице­ринде ерімейді.

Бұл витаминдер тотықтырғыштардың әсерінен В сақинасын­дағы 7-ші және 8-ші көміртек атомдары арасындағы қос байла­ныстары үзіліп, өте тез бұзылады.

Д3 витамині ас арқылы түспесе де, организмде тиісті прови­таминнен синтезделе береді. Д - авитаминозы көбінесе солтүстік жақта, қыста кездеседі.

Биомедициналық қызметі

Д витамині организмде фосфор мен кальцийдың ащы ішектің сілемей қабатының клеткаларында сорылуына әсер етеді. Қанда кальцийдың фосфорға қатынасы 2:1 (Ca/P=2/1) болатындықтан, осы тепе-теңдікті сақ­тайды, сүйектің беріктігін қамтамасыз ететін фосфор-қальций тұздарының түзілуіне қатысады, қалқанша безі­нің функциясына әсер етеді. Кальциферол қанның белоктарымен кешен түзе отырып тасымалданады. Бұл кешен Д витаминін биологиялық тотығудан сақтайды.

Д витамині тағамда жетіспегенде балалар – мешел (рахит; грек. zhachіs – арқа қыры, омыртқа бағанасы), ересектер – остео­маляция (ostean – сүйек, malatіa – жұмсару), немесе остеодистро­фия, ал бөгде адамдар остеопороз (грек. poros – саңылау, тесік) ауруларына шалдығады.

Аурудың себептері: азықта Д витаминінің жетіспеуі, қарбалас қалқанша бездері қызметінің бұзылуы, азық пен суда кальций мен фосфор тұздарының аздығы, күн сәулесінің жетіспеуі.

Д витаминдері балық майында, сары майда, жұмыртқа сары­сында, бауырда, сүтте көп болады.

Организмге Д витамині көп түскен кезде гипервитаминоз орын алады. Бұл жағдайда ішкі органдарда кальций тұздары көбейеді, сүйек ерте минералданады, балалардың өсуі тежеледі.

1936 жылы Брокман Д3 витаминін балық майынан бөліп оны холестерин туындысы екендігін анықтайды. Ғалым Виндаус 1937 жылы шошқа терісінің үстіңгі қабатынан 7-дегидрохолестеринді бөліп, оның ультракүлгін күн сәулесінің әсерінен активті Д3 вита­миніне айналатындығын анықтайды. Д3 витаминінің синтезделу процесі төмендегідей:

 

 

Остеопороз – это заболевание скелета, характеризующееся снижением минеральной плотности костей, нарушением их микроархитектоники и уменьшением массы. В процесс вовлекаются все кости организма.

Остеопороз у детей различных возрастных групп – проблема, решением которой озабочено немало специалистов. Для борьбы с ним важно выявить причину заболевания, и устранить её. Кроме того, нужно назначить адекватное лечение, направленное на ликвидацию дефицита кальция. Одним из препаратов прекрасно справляющимся с этой задачей является Кальций д3 Никомед инструкция, аналоги, применение для детей и взрослых, состав, противопоказания, показания, побочные эффекты, которого приведены здесь на www.rasteniya-lecarstvennie.ru как свободное изложение.

Вначале хочется отметить, что недостаток кальция долгое время протекает бессимптомно, организм приспосабливается к этому состоянию. На первых порах увеличивается всасывание кальция в кишечнике и уменьшение его выведения почками с мочой. Затем кальций начинает вымываться из костей. При длительном процессе у детей это проявляется снижением массы тела и задержкой роста. Поэтому своевременное применение препаратов кальция у детей имеет такое важное значение.

На усвоение любого таблетированного кальция для приема внутрь могут влиять несколько факторов:

• кислотность желудочного сока;
• особенность диеты;
• физическая активность пациента;

При разработке Кальций Д3 Никомед фармацевты все эти нюансы учли и выпустили его в удобной форме – жевательные таблетки с лимонным или мятным вкусом. На усвояемость кальция в этом случае не влияют внешние факторы.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2017-02-10; просмотров: 167; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.15.221.136 (0.005 с.)