Форма выпуска препарата Кальцитонин 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Форма выпуска препарата Кальцитонин



Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Плазмаалмастырғыш және перфузиялық ерітінділер. Электролиттік ерітінділер. Кальций хлориді.

АТХ коды B05ХА07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қанда кальций қосылыстарда және иондалған күйде (белсенді және иондалған кальций) болады. Көктамыр ішіне енгізгенде, кальций хлориді сүйек тінінде жинақталады, ол жерде организмдегі барлық кальцийдің 99 %-ы болады. Организмнен негізінен ішекпен, ішінара – бүйрекпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Препарат жүйке импульстерінің берілісі, қаңқа бұлшықеттері мен жүрек бұлшықеттерінің жиырылуы, сүйек тінінің қалыптасуы, қанның ұюы және басқа ағзалар мен жүйелердің қалыпты қызмет атқаруы үшін қажетті кальций иондары тапшылығының орнын толтырады. Кальций жасуша жарғақшалары мен тамыр қабырғаларының өткізгіштігін төмендетеді, қабыну реакциялары дамуының алдын алады, организмнің жұқпаларға төзімділігін арттырады және фагоцитозды едәуір күшейтуі мүмкін. Көктамыр ішіне енгізгенде вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігін стимуляциялайды, эпинефриннің бүйрекүсті бездерінен бөлініп шығуын күшейтеді, орташадиуретикалық әсер береді.

Қолданылуы

- аллергиялық ауруларды (есекжем, ангионевротикалық ісіну, аллергодерматоздар, сарысу құю ауруы), жәндіктер тістеп және шағып алғанда

- қан плазмасындағы кальций иондарының концентрациясын жылдам арттыруды қажет ететін (қалқанша маңы бездерінің функционалдық жеткіліксіздігі кезіндегі тетания, D витамині жеткіліксіздігі кезіндегі тетания, ауыстырып қан құю және цитраттық қан құю кезіндегі гипокальциемияда, алкалозда) гипокальциемия жағдайларында

- жедел қорғасынды шаншуды кешенді емдеу құрамында

- магнийдің артық дозалануы кезінде туындайтын магниймен уыттану жағдайларында

- жүрек функциясының бұзылуымен ЭКГ-да тіркелген гиперкалиемияда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Көктамыр ішіне сорғалатып немесе тамшылатып 0,75-1,5 мл/минуттан аспайтын жылдамдықпен енгізеді. Енгізу аяқталғаннан кейін емделуші біраз уақыт "жатқан" қалыпта қалу керек.

Аллергиялық аурулар кезінде (есекжемде, ангионевротикалық ісінуде, аллергодерматоздарда, сарысу құю ауруында), жәндіктер тістеп немесе шағып алғанда, қорғасынды шаншуда, магний препараттарымен артық дозаланғанда – 7,5-15 мл.

Жедел гипокальциемияда – 1-3 күн бойы 7,5-15 мл, қажет болса енгізуді әр 1-3 күн сайын қайталайды.

Гипокальциемиялық тетания кезінде – 5-17,5 мл. Енгізуді емдік әсеріне жеткенше әр 8 сағат сайын қайталайды.

Гиперкалиемия кезінде (ЭКГ бақылауымен) – 2,45-15 мл, қажет болса қайталанатын дозасын 1-2 минуттан соң енгізеді.

Ауыстырып қан құю және цитраттық қан құю: ересектер мен балаларға әр 100 мл қанға 30 мг (0,3 мл).

1 жастан асқан балаларға:

Гипокальциемия: баяу, 0,5 мл/мин жылдамдықпен, кг дене салмағына 10-20 мг дозада енгізеді (кг дене салмағына 0,1-0,2 мл), қажет болса әр 4-6 сағат сайын қайталайды.

Тетания: 5-10 минут бойы кг дене салмағына 10 мг (кг дене салмағына 0,1 мл), қажет болса 6-8 сағаттан соң қайталайды немесе емдік әсеріне жеткенше инфузия түрінде жалғастырады.

Балалар үшін ең жоғарғы бір реттік дозасы – 0,3 мл/кг, ең жоғарғы тәуліктік дозасы – 10 мл.

Емдеу курсының ұзақтығы көрсетілімдер мен емнің тиімділігіне байланысты болады.

Көктамыр ішіне тамшылатып енгізу үшін ерітіндіні алдын-ала 5% декстроза ерітіндісімен немесе 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен сұйылтады.

Жағымсыз әсерлері

- депрессия

- ысыну сезімі, алдымен ауыз қуысының, содан кейін тұла бойдың шаншуы, бет терісінің гиперемиясы, ауыздың бор татуы, шеткергі вазодилатация, артериялық қысымның төмендеуі, аритмия (соның ішінде брадикардия), көктамыр тромбозы, жылдам енгізгенде естен тану және қарыншалардың дірілдеуі туындауы мүмкін

- гиперкальциемия сирек (бүйрек функциясы бұзылғанда)
- жергілікті реакциялар: көктамыр бойының тітіркенуі; тері гиперемиясы, ауыру, бөртпе, кальцификация айналасындағы тіндердің некрозына және қабыршақ түзілуіне алып келуі мүмкін экстравазацияны көрсетуі мүмкін

- аллергиялық реакциялар,есекжем.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- гиперкальциемия, гиперкальциурия

- бүйректің созылмалы ауыр жеткіліксіздігі (БСЖ)

- қарыншалардың дірілдеуі, асистолия және электромеханикалық диссоциациялар

- артериялық окклюзия көріністерімен жүретін атеросклероз, тромбоздарға бейімділік

- несептас ауруы

- саркоидоз

- жүрек гликозидтерін бір мезгілде қабылдау

- цефтриаксонмен бір мезгілде қабылдау

- жүктілік және лактация кезеңі

- 1 жасқа дейінгі балаларға

- тері астына немесе бұлшықет ішіне енгізу.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Аллергиялық ауруларды емдеу үшін кальций хлориді мен гистаминге қарсы препараттарды бірге қолдану ұсынылады. Тетрациклиндердің, дигоксиннің, пероральді темір препараттарының сіңірілуін баяулатады (оларды қабылдаулар аралығы 2 сағаттан кем болмауы тиіс).

Кальций хлориді бір мезгілде қолданылғанда кальций өзекшелері блокаторларының әсерін әлсіретеді.

Хинидинмен бір мезгілде қолданғанда қарыншаішілік өткізгіштігі баяулауы және хинидиннің уыттылығы артуы мүмкін.

Кальций тұздары бисфосфонаттар, фтор, фторхинолондар, тетрациклиндер сияқты дәрілік заттардың сіңірілуін төмендетеді. Бұл препараттарды қабылдау кальций тұздарын қолданғаннан кейін 3 сағаттан ерте жүргізілмеуі тиіс.

Кальций хлоридінің инфузиясы добутаминнің кардиотонустық әсерін төмендетеді.

Кардиоуытты әсерінің күшеюіне және өліммен аяқталуы мүмкін жүрек аритмияларының даму мүмкіндігіне байланысты, жүрек гликозидтерімен емдеу кезінде Кальций хлоридін парентеральді қолдану ұсынылмайды.

Тиазидтік диуретиктер кальцийдің шығарылуын төмендетеді, сондықтан кальция хлоридімен немесе құрамында кальций бар басқа препараттармен қолданғанда сақ болу қажет.

Цефтриаксон-кальций преципитациясы реакциясы дамуының және өліммен аяқталатын асқынуларының қаупіне байланысты, құрамында кальций бар ерітінділерді өмірінің 1 жылындағы балаларда цефтриаксонмен бірге қолдану қарсы көрсетілімді.

Құрамында кальций немесе магний бар басқа препараттармен бір мезгілде қабылдау, әсіресе БСЖ бар емделушілерде сәйкесінше гиперкалиемия немесе гипермагниемия қаупін арттырады.

Деполяризацияланбайтын миорелаксанттардың тиімділігін төмендетеді. Тубокурарин хлоридінің әсер ету ұзақтығын арттыруы мүмкін.

Фармацевтикалық тұрғыдан тетрациклиндермен, магний сульфатымен, құрамында фосфаттар, карбонаттар немесе тартраттар бар дәрілік заттармен үйлесімсіз.

5% декстроза ерітіндісімен және 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісімен үйлесімді.

Айрықша нұсқаулар

Тітіркендіргіш және некроздаушы әсеріне байланысты, кальций хлоридін тері астына немесе бұлшықетке енгізуге болмайды.

Тиімді әсер етуі үшін дәрі-дәрмектік инфильтраттың аумағына бірізді түрде бастапқыда 5-10 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісі, содан соң 10 мл 0,25% новокаин ерітіндісі (тері астына 10% кальций хлориді инъекциясы анықталғаннан кейінгі алғашқы 10-15 минут) инъекциясын енгізу, одан кейін осы аумаққа жартылай полуспирттік компресс қою ұсынылады.

Препараттың ерітіндісі тері астына немесе бұлшықетке түсіп кеткен жағдайда, мүмкіндігінше, кальций хлоридін еккіштің көмегімен сорып алу, ал инъекция орнына 1 % новокаин ерітіндісін егу керек.

Емдеуді қандағы кальций концентрациясын бақылай отырып жүргізеді

Препараттың тамыр қабырғасына зақымдағыш әсер ету мүмкіндігін азайту үшін, инъекция үлкен көктамырға жіңішке ине арқылы жүргізілуі тиіс.

Препаратты балаларға, ауырлығы жеңіл және орташа дәрежелі бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі бар емделушілерге, дегидратацияда, электролиттік теңгерім бұзылуларында (гиперкальциемия қаупі), жүрек ауруларында (аритмия қаупі), бүйрек ауруларында, "өкпелік" жүректе, респираторлық ацидозда, тыныс алу жеткіліксіздігінде (кальций хлоридінің тотығуы салдарынан уытты реакциялар қаупі) сақтықпен қолданады.

Кальцийдің асқазанның қышқыл түзу функциясына стимуляциялаушы әсеріне байланысты, кальций хлоридін қабылдау асқазан-ішек жолының тітіркену симптомдарын туғызуы мүмкін, әсіресе пероральді қабылдағанда.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе аса қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратпен емдеу кезінде автокөлік жүргізу және қауіпті механизмдермен жұмыс жасау қарсы көрсетілімді.

Артық дозалануы

Гиперкальциемия симптомдары: әлсіздік, анорексия, іштің ауыруы, құсу, жүрек айнуы, іштің қатуы, полидипсия, полиурия, қатты қажу, ашушаңдық, өзін нашар сезіну, депрессия, дегидратация, жүрек ырғағы бұзылуы мүмкін, миалгия, артралгия, артериялық гипертензия.

Емі: елеусіз артық дозалануында (қан сарысуындағы кальций концентрациясы – 2,6-2,9 ммоль/л) енгізуді тоқтатады және құрамында кальций бар басқа дәрілік заттарды да тоқтатады. Ауыр артық дозалануында (қан сарысуындағы кальций концентрациясы 2,9 ммоль/л асады) кальцитонинді кг дене салмағына тәулігіне 5-10 ХБ дозада парентеральді енгізу (оны 500 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылта отырып), көктамыр ішіне 6 сағат бойы тамшылатып енгізу керек. Көктамыр ішіне сорғалатып баяу тәулігіне 2-4 рет енгізуге болады. Тиазидтік емес диуретиктер қолданылады; сарысудағы калий және магний концентрациясына бақылау жүргізеді, қажет болса – калий және магний препараттарын енгізеді, жүрек-қантамыр жүйесі функциясына бақылау жүргізу, аритмиялардың алдын алу үшін бета-адреноблокаторларды енгізу керек. Қажет болса гемодиализ жүргізіледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл-ден бейтарап шыныдан жасалған ампулаларда немесе еккішпен толтыруға арналған стерильді ампулаларда.

Әр ампулаға заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңба жапсырылады немесе мәтінді тікелей ампулаға шыны бұйымдарға арналған терең баспа бояуыменжазады.

5 ампуладан поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады. Әр қаптамаға ампулалық скарификатор салынады.

Кертіктері, сақиналары және нүктелері бар ампулаларды қаптағанда скарифика­торлар салынбайды.

Пішінді ұяшықты қаптамаларды медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге картоннан жасалған қорапқа салады. Нұсқаулықтар саны қаптамалар санына сәйкес салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Д-Кальцин, D-Calcin

 

ҚҰРАМЫ

5 г түйіршікте

Белсенді заттар: кальций-магний инозитгексафосфаты 125 мг,

кальций глюконаты 375 мг,

Д2 витамині 3000 ХБ

Қосымша заттар: сахароза, ванилин.

 

Д-Кальцин– минералдар мен Д2 витаминінің жиынтығы, кальций-фосфор алмасуды реттегіш. Кальций-магний инозитгексафосфаты (фитин) – құрамында кальций және магний тұздары бар күрделі органикалық қосылыс. Сүйек тінінің өсуі мен дамуын күшейтеді. Препарат құрамына кіретін кальций глюконаты организмде кальций тапшылығының орнын толтырады.

Кальций сүйек тінінің негізін құрайды, бірқатар маңызды ферменттердің қызметін белсенді етеді, организмде ион тепе-теңдігін демеуге қатысады, жүйке-бұлшықет және жүрек-қантамыр жүйелерінде жүретін үдерістерге қатысады.

Фосфор – ақуыздардың, нуклеин қышқылдарының, сүйек тінінің құрамына кіретін маңызды элемент. Фосфор қосылысы қуат алмасуға қатысады (аденозинтрифосфор қышқылы және креатин-фосфат қуат аккумуляторы болып табылады), олардың айналуымен бұлшықет және ақыл-ой қызметі, организмнің тіршілігін қамтамасыз ету байланысты. Фосфор жүрек пен бүйректердің қызметіне ықпалын тигізеді.

Д2 витамині организмде Ca2+ мен фосфордың алмасуын реттейді. Оның белсенді метаболиттері (атап айтқанда, кальцитриол) жасушалық мембраналар арқылы оңай өтеді және нысана-ағзалардың жасушаларында арнайы рецепторлармен байланысады, ол кальциймен байланысатын ақуыздардың синтезінің белсенділенуіне, Ca2+ мен фосфордың ішекте (екіншілік) сіңуін жеңілдетуге, олардың бүйректердің проксимальды өзекшелерінде кері сіңуінің күшеюіне, сондай-ақ сүйек тінінің ұстап қалуының артуына және сүйек тінінен резорбцияны болдырмауға мүмкіндік береді.

 

ҚОЛДАНЫЛУЫ

- мешелдің алдын алуға және емдеуге: кальций алмасудың остеопатиямен, спазмофилиямен, сүйектің түзілу үдерістерінің бұзылуымен және тіс жарудың кідіруімен, организмнің қарқынды өсу кезеңінде өсудің кідіруімен қоса қабаттасатын бұзылуларында

- генезі әртүрлі остеопороздың алдын алуға

- Д витаминіне және кальцийге қажеттілік жоғарылайтын жағдайларда

- емшек еметін балаларға және/немесе ауада аз болатын балаларға

- Д витамині тапшылығынан жасанды тамақтандырылып жүрген балаларға

- мальабсорбция синдромында, созымаы іш өтуде, гастрэктомияда

- жүйке жүйесі әлсізденгенде

- стеатореяда

- гормональды ем, құрысуға қарсы дәрілер, иммунодепрессанттар, құрамында алюминий бар антацидтер, диуретиктер қабылдап жүрген науқастарға.

 

ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР

- гиперкальциемияда

- Д гипервитаминозында

- гиперфосфатемияда

- гиперпаратиреоидизмде.

 

ЖАҒЫМСЫЗ ӘСЕРІ

Әдетте жағымдылығы жақсы.

Ұзақ уақыт қолданған кзде гиперкальциемия болуы мүмкін.

 

ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ДОЗАСЫ

Д-Кальцин пероральды түрде қолданылады.

Остеопороздың алдын алуға – тәулігіне 1000 – 2000 ХБ (өлшеуіш стаканның ¼ – ½).

Мешел мен остеомаляцияның алдын алуға – тәулігіне 400 ХБ (1 кофе қасығы).

Тамақтағы Д витамині тапшылығын, мешелді және остеомаляцяны алдын алуға:

- ересектерде тәуліктік доза 1000 – 2000 ХБ құрайды (өлшеуіш стаканның ¼ – ½);

- балалара тәуліктік дозасы 1000 – 4000 ХБ (өлшеуіш стаканның ¼ – 1 өлшеуіш стакан).

Алдын алу бірнеше ай бойы созылуға тиіс. Алдын алу курсы аяқталғаннан кейін, қажет болған кезде, Д витаминінің ересектер үшін де, балалар үшін де алдын алу (400 ХБ) дозаларын қабылдауға көшеді.

Ұзақ уақыт бойы құрысуға қарсы дәрілерді қабылдаған науқастарда байқалатын остеомаляцияны алдын алу үшін:

- ересектерде тәуліктік доза 1000 – 4000 ХБ (өлшеуіш стаканның ¼ – 1 өлшегіш стакан);

- балаларда тәуліктік доза 1000 ХБ (өлшеуіш стаканның ¼) құрайды.

 

Д витаминінің әсеріне сезімталдық өзгеруі мүмкін болғандықтан, дозаны клиникалық реакцияларға сәйкес реттеп отыру қажет. Жалпы нормаға сәйкес Са × Р (мг/Dl) сарысуда 58-ден аспауға тиіс.

АРТЫҚ ДОЗАЛАНҒАНДА

Белгілері: іш қату, іш өту, тәбеттің жоғалуы, ауыздан тат тату, жүректің айнуы, құсу, шөлдеу, ауыз ішінің құрғауы, шаршау, әлсіздік, жарыққа сезімталдық, аритмия.

Емдеу: препаратты олдануды тоқтату, дәрігерге қаралу, сұйықтықты мол мөлшерде ішу. Қажет болған кезде ауруханаға жатқызу қажет етілуі мүмкін.

 

БАСҚА ДӘРІЛІК ЗАТТАРМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ

А витамині, токоферол, аскорбин қышқылы, пантотен қышқылы, тиамин, рибофлавин уытты әсерін әлсіретеді. Д гипервитаминозында жүрек гликозидтерінің әсері күшеюі және гиперкальциемияның дамуымен жүзеге асатын аритмияның пайда болу қаупі жоғарылауы мүмкін (жүрек гликозидінің дозасын түзеткен дұрыс). Барбитураттардың (оның ішінде. фенобарбиталдың), фенитоинның және примидонның ықпал етуімен эргокальциферолға қажеттілік елеулі жоғарылауы мүмкін (метаболизм жылдамдығын арттырады). Құрамында Al3+ және Mg2+ бар антацидтерді бір мезгілде қолдану фонында ұзақ емдеу олдардың қандағы концентрациясын және уыттанудың пайда болу қаупін арттырады. Кальцитонин, этидрон және памидрон қышқылының туындылары, пликамицин, галлий нитраты және глюкокортикоидты дәрілер (ГКД) әсерін төмендетеді. Құрамында фосфоры бар препараттардың сіңуін және гиперфосфатемияның пайда болу қаупін арттырады. Натрий фторидімен бір мезгілде қолданған кезде қабылдау арасындағы аралық 2 сағаттан кем болмауға тиіс; тетрациклиндердіңішілетін түрлерімен бір мезгілде қолданғанда - 3 сағаттан кем емес. Құрамында кальций және Д витамині бар басқа поливитаминді жиынтықтармен бір мезгілде қолданбаған жөн.

 

АЙРЫҚША НҰСҚАУЛАР

Д-Кальцинді қабылдаған кезде Д витаминінің басқа көздерден түсуін ескерген жөн.

Алдын алу үшін қолданған кезде артық дозалануы мүмкін екендігін, әсіресе балаларда, есте ұстау қажет. Жоғары дозаларда ұзақ уақыт қолдану созылмалы Д гипервитаминозына әкеп соқтырады.

Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіне шалдыққан адамдарға қолданғанда сақ болған жөн. Емделу кезеңінде кальцийдің несеппен бірге шығарылуын және кальций мен креатининнің плазмадағы концентрациясын жүйелі бақылап отыру қажет (тәулігіне 7,5 ммольден асып кететін кальциурия пайда болған жағдайда (тәулігіне 300 мг), дозаны азайту немес қабылдауды тоқтату қажет).

Д витаминіне сезімталдық әртүрлі емделушілерде жекелей екендігін және бірқатар емделушілерде тіпті емдік дозаларда қабылдау гипервитаминоз құбылысын тудыруы мүмкін. Жаңа туған балалардың Д витаминіне сезімталдығы әртүрлі болуы мүмкін, олардың кейбіреулері тіпті төмен дозаларға да сезімтал болуы мүмкін. Ұзақ уақыт бойы Д витаминін қабылдаған балаларда өсудің кідіру қаупі артады. Д гиповитаминозының алдын алу үшін тамақтануды теңдестірген өте дұрыс.

Егде жаста Д витаминіне қажеттілік Д витаминінің сіңуінің азаюы, инсоляция уақытының азаюы, бүйрек қызметі жеткіліксіздігінің пайда болу жиілігінің артуы салдарынан өсуі мүмкін.

Туберкулездің белсенді түріне және саркоидозға (түйіршікпен кальцификация мүмкін болатындықтан) шалдыққан емделушілерге қолданғанда сақ болған жөн.

 

ЖҮКТІЛІКТЕ ЖӘНЕ БАЛА ЕМІЗГЕНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Жүктілік кезеңінде Д витаминін, артық дозаланған жағдайда тератогендік әсері білінуі мүмкін болғандықтан, жоғары дозаларда қолданбаған жөн.

Д-Кальцинді бала емізетін әйелдерге қолданғанда сақ болған жөн - жоғары дозаларда анасы қабылдаған препарат нәрестеде артық дозалану белгілерін тудыруы мүмкін.

 

ШЫҒАРЫЛУ ТҮРІ

75 г түйіршік бұралатын қақпағы бар пластик банкада.

Өлшеуіш стаканы бар 1 банка мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

 

САҚТАУ ШАРТТАРЫ

Жарық түспейтін жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Жарық түспейтін ерде сақтау керек!

ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ

3 жыл

Кальций глюконаты - Calcii gluconas: 0,5 таб – 2-6 таб. тәулігіне 2-3 рет тамақтан алдын; 10% 10 мл еріт. амп шығарылып, б/е, к/т енгізіледі.

Остеопороз — сүйектің жоғарғы сынғыштығына әкелетін, сүйек тінінің микроархитектоникасының бұзылуымен және көлем бірлігінде сүйек массасының азаюымен сипатталатын қаңқа сүйектерінің жүйелік ауруы

(8.6 кесте). Остеопороз терминімен қатар екі түрлі мағынаға ие болатын остеопения термині қолданылады. Біріншіден, бұл сүйектің кез-келген минералды тығыздығының төмендеуін білдірсе, екіншіден, сүйек денситоментриясы мәліметтері бойынша «Т» критерийінің 1 –2,5 аралығында болуын білдіреді.

 

8.6 кесте. Остеопороз

Этиологиясы Біріншілік (менопаузадан кейінгі, сенильді, ювенильді, идиопатиялық); екіншілік, бірқатар аурулармен байланысты (гиперпаратиреоз, Кушинг синдромы, гипогонадизм және т.б.)
Патогенезі Сүйек түзілу үрдістерінен резорбция үрдістерінің басым болуын қауіп түрткілері ушықтырады (гипоэстрогения, кальций, D дәруменінің тапшылығы, түрлі дәрілерді қабылдау)
Эпидемиологиясы Менопаузадан кейінгі әрбір үшінші әйелде және 75–80 жас аралығындағы науқастардың жартысынан көбінде остеопороз бар. 50 жастан асқан әйелдердің 30 -да және ер адамдардың 20%-да остеопороз анықталады
Басты клиникалық көріністері >50% жағдайда симптомыз өтеді, сан сүйегінің проксимальды бөлігінің, аяқ-қолдың дистальды бөлігінің, омыртқа денесінің сынуы және қатты ауыру сезімі
Диагностикасы Сүйек денситометриясы, рентгенографиясы, сүйек резорбциясы мен жаңаруының маркерлері
Салыстырмалы диагностикасы Екіншілік (симптоматикалық) остеопорозды жоққа шығару
Емі Бисфосфонаттар, кальцитонин, эстрогендер, эстроген рецепторларының селективті модуляторлары, паратгормон, кальций дәрілері мен D дәрумені, D дәруменінің белсенді метаболиттері
Болжамы Сан сүйегінің мойны сынған науқастардың 20%-ы сынықтан 6 айдан кейін дүниеден өтеді, ал қалған 50 %-ы мүгедек болып қалады. Омыртқа сынғаннан кейін науқастардың 5%-ы және иық сынғаннан кейін науқастардың < 1%-ы мүгедек болып қалады

 

 

Этиологиясы бойынша остеопороз біріншілік ( менопаузадан кейінгі, сенильді, ювенильді, идиопатиялық) және басқа сырқаттар әсерінен дамитын екіншілік, яғни симптоматикалық болып жіктеледі (8.8 сурет). Остеопороздың дамуына әкелетін қауіп түрткілері төмендегі 8.7 кестеде көрсетеліген.

 

8.7 кесте. Остеопорозға әкелетін қауіп түрткілері

 

Жойылмайтын түрткілер Жойылатын түрткілер
1. Ересек жаста сүйектің сынуы 2.Бірінші сатыдағы туыстарда сынықтар болуы 3. Ақ нәсіл 4. Егде жастағылар 5. Әйел жынысы 6. Деменция 1. Темекі тарту 2.58 кг-нан төмен дене салмағы 3. Гипоэстрогения (45 жасқа дейінгі менопауза, екі жақты овариэктомия, пременопауза кезінде бір жылға созылған аменорея) 4. Өмір бойы жеткілікті мөлшерде кальцийді қабылдамау
7. Нәзік дене бітімі 5. Алькогольді көп қабылдау 6. Көрудің әлсіздігі 7. Жиі сүрініп құлау 8. Жалпы денсаулығының нашар болуы

 

 

8.8 сурет. Остеопороз этиологиясы

 

8.8 сурет Первичный остеопороз- Біріншілік остеопороз Постменопаузальный 1-типа- Менопаузадан кейінгі (1 типі) Сенильный 2-типа- Сенильді (2 типі) Ювенильный- Ювенильді Идиопатический- Идиопатиялық Вторичный остеопороз- Екіншілік остеопороз Заболевания эндокринной системы- Эндокринді жүйе аурулары Ревматические заболевания- Ревматизмдік аурулар Заболевания органов пищеварения- Асқорыту ағзаларының аурулары Заболевания почек- Бүйрек аурулары Заболевания крови- Қан аурулары Другие заболевания и состояния- Басқа аурулар мен жағдайлар Генетические нарушения- Генетикалық бұзылыстар Медикаменты- Дәрі-дәрмектер Эндогенный гиперкортицизм(болезнь и синдром Кушинга)- Эндогенді гиперкортицизм(Кушинг ауруы мен синдромы) Ревматоидный артрит- Ревматоидты артрит Резецированный желудок- Бөлігі алып тасталған асқазан Хрон.поч.недост- Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі Миеломная болезнь- Миеломды ауру Длительный постельный режим- Ұзақ төсек тартып жату Несовершеный остеогенез- Жетілмеген остеогенез Кортикостероиды- Кортикостероидтар Тиреотоксикоз- Тиреотоксикоз Гипогонадизм- Гипогонадизм Гиперпаратиреоз- Гиперпаратиреоз Сах.диабет 1 типа- Қантты диабеттің 1типі Гипофизарная недостат- Гипофизарлы жеткіліксіздік Системная красная волчанка- Жүйелі қызыл жегі Анкилозирующий спондилоартрит- Анкилоздаушы спондилоартрит Мальабсорбция- Мальабсорбция Хрон.заболев. печени- Бауырдың созылмалы аурулары Почечный канальцевый ацидоз- Бүйрек түтігінің ацидозы Талассемия- Талассемия Системный мастоцитоз- Жүйелі мастоцитоз Лейкозы и лимфомы- Лейкоздар мен лимфомалар Хроническое обструктивное заболевание- Созылмалы обструктивті аурулар Алкоголизм- Алкоголизм Нервная анорексия- Жүйкелік анорексия Нарушения питания- Тамақтану бұзылысы Трансплантация органов- Ағзалар трансплантациясы Синдром Марфана- Марфан синдромы Синдром Элерса-Данло- Элерс-Данло синдромы Гомоцистинурия- Гомоцистинурия Антиконвульсанты- Антиконвульсанттар Иммунодепрессанты- Иммунодепрессанттар Алюминий содержащие антациды- Алюминийі бар антацидтер Препараты тиреоидных гормонов- Тиреоидты гормон дәрілері

 

Жоғары сүйектік зат алмасу тән остеопороз кезінде қалыпты немесе жоғарылаған сүйектің түзілу үрдісі сүйек резорбциясын компенсациялай алмайды, ал сүйектік зат алмасу төмен остеопороз кезінде сүйек резорбциясы жылдамдығы төмен немесе қалыпты болып, сүйектің жаңаруы баяу болады. Аталған остеопороздың екі түрі де бір науқаста остеопороздың түрлі сатылары ретінде өтуі мүмкін. Менопаузадан кейінгі остеопороз патогенезінің дамуы сүйек массасының төмендеуіне әкелетін эстрогенді жеткіліксізділіктен басталады. Остеобластарда эстрогендер рецепторлары орналасады, ал эстрогендердің тапшылығы остеокластар белсенділігін ынталандырып, дифференцировкасын күшейтіп, сүйектің жоғары резорбциясын тудырады. Сенильді остеопороз патогенезі негізінде кальцитонин мен жыныс стероидтарының жеткіліксіздігінен басқа, D дәруменінің тапшылығы мен ішекте кальций абсорциясының бұзылысы нәтижесінде екіншілік гипопаратиреозбен және сүйек тіні резорбциясының жоғарылауына әкелетін теріс кальций балансы маңызды қызмет атқарады. D дәрумені алмасуының бұзылысы инсоляцияның төмендеуінен, стероидты гормондар тапшылығынан оның белсенді түрлерінің түзілуі бұзылуынан дамиды. Кез келген жаста қандайда бір гормон секрециясының артық немесе жеткіліксіз синтезделуі остеопороздың дамуына жол ашады (гиперпаратиреоз, тиреотоксикоз, Кушинг синдромы және т.б.). Глюкокортикоидтардың артық болуы сүйектің жаңаруын тежейді және бұл кезде ішекте кальций сіңірілуі тежеліп, бүйректермен оның экскрециясы артады, нәтижесінде екіншілік гиперпаратиреоз бен жоғары сүйек резорбциясына әкелетін екіншілік гипопаратиреоз дамиды. Гипогонадизм кезінде репродуктивті жастағы әйелдерде остеопороздың даму механизмі менопаузадан кейін дамитын механизмге өте ұқсас.

Менопаузадан кейінгі, стероидты және гипогонадалық остеопорозға сүйектің трабекулярлы тінінің жоғалуы тән (омыртқа денесі, қабырға, білек сүйегінің сынуы). Ал сенильді остеопороз, гиперпаратиреоз және тиреотоксикоз кезінде сүйектің кортикальды тіні зақымдалады (түтікті сүйектердің, сан сүйегі мойнының сынуы).

 

 

 

Салыстырмалы диагностиканың мақсаты екіншілік остеопорозды жоққа шығару болып табылады. Бұл кезде басты сырқатты симптоматикалық емдеумен қатар, этиотропты емді жүргізуге болады (8.8 сурет). Остеопорозбен сырқаттанған науқастардың барлығына дерлік жалпы және биохимиялық қан анализі, бүйрек пен бауыр қызметін анықтау, иондалған кальций мен фосфор, ТТГ, тестостерон (тек ер адамдарда) деңгейін анықтау жүргізіледі. Жарыққа шыққан клиникалық көрініске байланысты қажетті басқа зерттеу әдістері жүргізілуі мүмкін.

 

Емі

Остеопороз кезінде бірнеше топ дәрілерін қолдануға болады:

1. Бисфосфонаттар (алендронат, ибандрон қышқылы) омыртқа, сан сүйегі, білек сүйегінің сыну қаупін төмендетеді. Олардың әсер ету механизмі остеокластар белсенділігін, остеокластармен сүйек тіні резорбциясының төмендеуіне байланысты.

2. Кальцитонин (миакальцик) остеокласттардың спецификалық рецепторлармен байланысып, антирезорбтивті белсенділікке ие болуымен қатар, сүйектің сынуы кезінде ауырсу сезімін басады.

3. Менопаузадан кейінгі кезеңде эстрогендермен орынбасушы терапия остепороздың алдын алу ретінде де, емдік шара ретінде де тағайындала береді (5.4 бөлімді қараңыз).

4. Эстроген рецепторларының селективті модуляторлары (ралоксифен) бір тіндерде эстроген агонистері ретінде қызмет атқарса (сүйек тіні), ал басқа тіндерде анатогонист ретінде болады (эндометрий, сүт безі), сондықтан менопаузадан кейінгі кезде әйел адамдарда остеопорозды емдеуге қолданылады.

5. Терипаратид —адам паратгормонының N-терминалді фрагменті остеобластар белсенділігіне әсер етуі нәтижесінде сүйектің жаңаруын күшейтеді.

6. Кальций (карбонат), D дәрумені және D дәруменінің белсенді метаболиттері (α-кальцидиол, кальцитриол) жоғарыда аталған дәрілік заттармен бірге остеопорозды емдеуде кешенді терапия құрамында тағайындауға болады.

 

 

Қалқанша безінің гормондары

Тироксин қалқанша безінде 2 сатымен түзіледі.

Қалқанша без гормонының ең қасиетті бөлігі иод болады. Егер қалқанша безінің жұмысы бәсеңдеу болып, гормонын өте аз шығаратын болса, оны гормонның қалпынан аз жасалуы /гипофункция, гипотиреоз/ дейді. Гипофункция кезінде сүтқоректі жануарлардың зат алмасуы төмендейді.

Гиперфункция да /гипертиреоз/ қалқан безі громонының қалпынан тыс, көп жасалуынан болады.

Аурудың бұл түріндегі көрнекті белгілерінің бірі көз шатынау, бадыраю / «аты көз»/ - көз жанары жылтырап, үлкейіп шарасынан шыға жаздап тұрған сияқтанады.

Кальцитонин /тиреокальцитонин/.

Кальцитониннің нысана – органына сүйек ткань жатады. Кальцитонин кальцийдің қаннан сүйек тканіне өтуін қолдайды, яғни қандағы кальцийдің мөлшерін төмендетеді.

Қарбалас қалқанша бездерінің гормоны

Паратгормонның нысана органы – сүйек ткані мен бүйрек. Оларға паратгормон цАМФ арқылы әсер етеді.

Гиперпаратиреоз кезінде сүйектің минералдандырылу процесі бұзылады. Біртіндеп организмде фосфор мен кальцийдің тұздары азая түседі, мұның салдарынан малдың сүйектері бүлініп, бұзыла бастайды, сырқырап ауырады, сыңғыш келеді.

Паратгормон қалыпты мөлшерде болғанда сүйек ткандері жұмсарып, ериді де, кальций мен фосфор бөлініп қанға шығады. Паратгормон қандағы кальцийдің мөлшерін жоғарылатып, фосфорды төмендетеді. Паратгормон кальцитонинге кальций жағынан антагонист болып келсе, фосфор жағынан – синергист. Себебі, айтып өткендей, кальцитонин /тиреокальцитонин/ кальцийдің қаннан сүйекке өтуіне мүмкіндік туғызады, кальций мен фосфордың қандағы мөлшерін тұрақты деңгейде ұстап тұрады

Кальцитонин (лат. calcitonium) — құрамында йод болмайтын, қандағы кальцийдің сүйекке өтуіне ықпал етіп, оның қандағы деңгейін төмендететін, қалқанша бездің К-жасушалары бөлетін протеиндік гормон. Кальцитонин қалқаншамаңы безі бөлетін паратирин гормоны қызметіне (кальцийдің сүйектен, керісінше, қанға өтуіне әсер етіп, оның қандағы деңгейін көтереді) қарсы әсер етеді, яғни оның антагонисі.[1]

 


Показания к применению препарата Кальцитонин

Системные заболевания с перестройкой скелета (болезнь Педжета, несовершенный остеогенез, спонтанное рассасывание костей, асептический некроз головки бедренной кости); остеопороз (постменопаузный, сенильный, стероидный, паратиреоидный и др.), фиброзная дисплазия, травматическое повреждение костей с осложненным течением процесса репарации (замедленное сращение переломов); остеомиелит (травматический, лучевой), зональная патологическая перестройка костей у спортсменов, пародонтоз, синдром Зудека, с



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2017-02-10; просмотров: 265; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.133.79.70 (0.573 с.)