Люмбрикоморфа отряды – Lumbricomorpha 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Люмбрикоморфа отряды – Lumbricomorpha



Бұл отрядқа негiзiнде топырақта тiршiлiк ететiн Lumbricidae тұқымдасының Lumbricus, Eusenia, Allolobophora, Dendrobaena туыстары жатады. Тропикалық топырақтарда Megascolecidae тұқымдасының iрi түрi Megascolides australis кездеседi және Branchiobdellidae тұқымдасының өкiлдерi шаянтәрiздiлердiң паразиттерi болып келеді.

 

50-сурет. Медициналық сүліктің (Hirudo medicinalis) көлденең кесіндісі (Петрушев бойынша): 1 - тері эпителийі, 2 - сақиналы бұлшықеті, 3 - диагональді бұлшықеті, - ұзынабойы бұлшықеті, 5 - дорзо- вентральдыбұлшықет талшығының шоғыры, 6 - бүйір лакунарлы каналы, 7 - бүйір асқазан қалтасы, 8 - нефридий, 9 - тұқым қапшығы, 10 - тұқымжолы, 11 - құрсақ жүйке тізбегінің бүйір каналы, 12 - асқазан, 13 - лакунарлы канал, 14 - қуық, 15 - ботриоидтыұлпа, 16 - арқа лакунарлы каналы

 

Классификациясы. Сүлiктер класы екi класс тармағына бөлiнеді: ежелгi немесе ертедегi сүлiктер - Archihirudinea және нағыз сүлiктер - Euhirudinea.

ЕЖЕЛГІ СҮЛІКТЕР КЛАС ТАРМАҒЫ - ARCHIHIRUDINEA

Денесiнiң алдыңғы сегменттерiнде қылтандары бар. Целом метамерлы бөлшектерге бөлiнген, қан айналу жүйесiнiң қан тамырлары жақсы жетiлген. Бұған бiр отряд жатады - қылтанды сүлiктер - Acanthobdellida.

 

Қылтанды сүлiктер отряды - Acanthobdellida

Албырт (лосось) балықтарының сыртқы паразиттерi, солтүстiк өлке көлдерiнде, Сiбiр және Камчаткада кездеседi. Бiр ғана тұқымдасы (Acanthobdellidae) бар. Денесi 30 сегменттi, ұзындығы 30 мм, жуандығы 3 мм. Негiзгi түрлерi: Acanthobdella peledina және Acanthobdella livanovi.

НАҒЫЗ СҮЛІКТЕР КЛАС ТАРМАҒЫ - EUHIRUDINEA

Қылтандары жоқ. Целом қуысы редукцияланып, лакуна,синус түрiнде қалған. Қан жүйесi де редукцияланып, оның қызметiн лакуна жүйесi атқарады. Бұларға екi отряд жатады: тұмсықты сүлiктер - Rhynchobdellida және жақты сүлiктер - Gnathobdellida.

 

Тұмсықты сүлiктер отряды - Rhynchobdellida

Бұл отрядқа еркiн жүзетiн және паразиттiк тiршiлiк ететiн сүлiктер жатады. Тұмсықтарының болуымен ерекше. Ол ауыздан уақытша сыртқа шығып қорегiне қадалуға қабiлеттi. Branchellion туысының өкiлдерiнде желбезектерi болады. Негiзгi тұқымдастары: Ichthyobdellidae, Glossiphonidae.

Балық сүлiктер - (Ichthyobdellidae) тұқымдасының өкiлдерi балық шаруашылығына көп зиян келтiредi. Бұлар теңiздерде, тұщы суларда кең тараған. Негізгі өкiлдерi: балық сүлiгi- Piscicola geometra, сүйектi балықтардың желбезегiне жабысып қанын сорады. Ұзындығы 20-50 мм, алдыңғы сорғышы жақсы дамыған, диск тәрiздi, денесiнен айқын бөлiнiп тұрады (51-сурет). Көл, өзен, тоспа суларда кездеседi. Pescicola caspica - Каспий теңiзiнде мекендейтiн, сүйектi және бекiре балықтардың паразиттерi, ұзындығы 8мм шамасында. Cystobranchys fasicatus - жайынның, C.mammillatus-налимнiң паразитi. Trachelobdella turkestanica Орталық Азияда (Iле өзенiнде) кең тараған қаяз бен маринканың паразитi.

Жалпақ сүлiктер (Glossiphonidae) тұқымдасының өкiлдерi әртүрлi омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың паразиттерi. Protoclepsis туысының өкілдерi құстардың жұтқыншағы мен кеңiрдегiнде паразиттi тiршiлiк етедi. Haementeria costata-тасбақалардың, Batracobdella algira – қос мекендiлердiң, Glossiphonia complanata - ұлулардың паразиттерi.

 

Жақты сүлiктер отряды - Gnathobdellida

Ауыз қуысындағы үш хитиндi тiстерi арқылы тiстi ара сияқты жақты құрайды. Еркiн тiршiлiк ететiн және паразиттi формалар. Негiзгi тұқымдастары: Gnathobdellidae, Herpobdellidae.

Жақты сүлiктер (Gnathobdellidae) тұқымдасының негiзгi өкiлi медициналық сүлiк - Hirudo medicinalis. Қоғалы көлдерде, өзен қайырларында, тоспаларда, ағын суларда, Сырдария бойларында, Кавказ суларында өте көп. Ұзындығы 120-150мм, алдыңғы және артқы сорғыштары жақсы жетiлген (51-сурет). Омыртқалы жануарлардың қанымен қоректенедi.

Медицинада кейбiр ауруды сүлiк салып емдеу әдiсi ертеден бар. Мұны бделлотерапия дейдi. Сүлiктiң 15-ке жуық түрi емге пайдаланылады.

Медициналық сүлiктi гипертония, склероз, инсульт, көз, терi ауруларын емдеуге қолданады. Сүлiктiң гирудин затынан дәрi - дәрмек жасайды.

Адамға және малға қауiптi сүлiктердiң бiрi- жылқы сүлiгi (Limnatis nilotica). Ол сумен бiрге жұтылып жұтқыншаққа, кеңiрдекке жабысып, қанның тоқталмай ағуына себепкер болады. Ашхабатта, Самарқанда, Бұқарада кездеседi.

Қан сормайтын сүлiктердiң iшiнде жалған жылқы сүлiгi - (Haemopis sanguisuga) барлық тұщы суларда кең тараған. Олар моллюскалармен, құртармен, насекомдардың личинкаларымен қоректенетiн жыртқыштар.

Haemadispa туысының өкiлдерi құрлықта тiршiлiк етiп, адамның және сүтқоректiлердiң қанын сорады.

Жұтқыншақты сүлiктер (Herpobdellidae) тұқымдасының өкiлдерi жыртқыштар-ұсақ құрттармен, насекомдардың личинкаларымен қоректенедi.Үлкен, үш қырлы жұтқыншағы болады. Артқы сорғышы дамымаған. Тұщы суларда жиi кездеседi. Қара теңiз, Каспий жағалауларында да мекендейдi.

БУЫНАЯҚТЫЛАР ТИПІ – ARTHROPODA

 

Жануарлар дүниесіндегі жер жүзінде кең таралған және түрлерінің саны жағынан ең көбі - буынаяқтылар типі. Олардың 2,5 миллионнан астам түрі бар. Жануарлар жүйесіндегі қалған 22 типтің түр саны буынаяқтыларға жетпейді.

Буынаяқтылар типіне шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер, көпаяқтылар және насекомдар жатады. Бұлардың барлығына тән белгілерінің бірі - аяқтары бірнеше буындарға бөлінген, (буынаяқтылар деп аталатыны да осыдан). Олар екі жақты симметриялы және гетерономды сегменттелген жануарлар. Денесі екі немесе үш бөлімге бөлінеді: баскеуде, құрсақ немесе бас, кеуде, құрсақ. Денесін хитинді кутикула жауып тұрады. Ол жануардың ішкі мүшелерін зақымданудан қорғайды және оның ішкі жағына бұлшықеттер бекінеді. Хитинді кутикула өспейтін, созылмайтын қосынды, сондықтан буынаяқтылардың өсуі түлеу арқылы өтеді. Бұлшықеттері көлденең салалы - жолақ, тез жиырыла алады.

Буынаяқтылар - дара жыныстылар. Жыныс диморфизмі жақсы дамыған. Эмбриональды және постэмбриональды дамудың ұзақтығы өзгеріп тұрады. Даму кезеңі әр алуан: тура даму немесе анаморфоз, алғашқы даму - проморфоз немесе эпиморфоз, шала түрленіп даму - гемиметаморфоз, толық түрленіп даму - голометаморфоз, жеткіліксіз даму - гипоморфоз, күрделі даму - гиперметаморфоз.

Буынаяқтылар мұхиттарда, теңіздерде, тұшы су қоймаларында, ыстық су қайнарларында, қарлы жерлер мен мұздарда, топырақ қабаттарында, тіпті ауада да көп кездеседі. Адамда, жануарлар мен өсімдіктерде паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар.

Буынаяқтылардың табиғатқа және адам өміріне ықпалы зор. Олар - адамның, жануарлардың, өсімдіктердің паразиттері және түрлі жұқпалы ауруларды таратушылар, сондай - ақ егістік өсімдіктердің және орман шаруашылығының зиянкестері. Бірақ екінші жағынан буынаяқтылар азық -түлік және техникалық шикізат есебінде пайдаланылады, әрі өсімдіктерді тозандандыруға қатысады, топырақ құнарлылығын арттырады және өздері адамға кәсіптік қажетті жануарлардың маңызды қорегі, біраз түрлерін адам тамаққа да пайдаланады.

Эволюциялық даму тұрғысынан қарағанда буынаяқтылардың арғы тегі көпқылтанды буылтық құрттар (Polуchaeta) екендігіне күмән жоқ. Оларды байланыстыратын ұқсастық белгілері өте көп: үш қабатты, екі жақты симметриялылар, екеуінің де денелері сегменттелген және кутикула қабатымен қапталынған, жылжу (локомоторлы) мүшелері метамериялы орналасқан, ішкі мүшелерініңқұрылысы (ас қорыту, нерв жүйесі т. б.), даму жолдары да бірдей. Осы ұқсастықтарына қарай 1817 жылы француз ғалымы Ж. Кювье буылтық құрттар (Annelida) мен буынаяқтылар (Arthropoda) типін Articulata деген бір топқа біріктірген. Сонда да, буынаяқтылар типінің буылтық құрттармен салыстырғанда олардың өзіне тән біраз күрделі ерекше белгілері бар.

 

БУЫНАЯҚТЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

 

Буынаяқтылардың денесі кутикула қабатымен қапталынған буылтық құрттарға қарағанда құрылысы өте күрделі, үш қабаттан тұрады: астыңғысы - өте жұқа аморфты базальды мембрана, оның үстінде бір қатар эпителиальды клеткалардан құралған гипо­дерма - тірі қабаты және гиподерма клеткаларының бөлінуінен (өлген клеткалардан) пайда болған - нағыз кутикула қабаты. Кутикула гиподерманың туындысы. Оның өзі үш қабатқа бөлінген: гиподерма - мен жанасып жататын - эндокутикула, содан кейін экзокутикула және эпикутикула. Эпикутикула ең жоғарғы қабат, липидтерге, балауызға өте бай, ішкі денедегі ылғалды сыртқа шығармай жануарды кеуіп кетуден сақтайды, сондықтан суда тіршілік ететін буынаяқтыларда бұл қабат дамымай, тек құрлықта тіршілік ететін буынаяқтыларда жақсы дамыған. Экзокутикула мен эндокутикула қабаты суларға, минералды тұздарға, органикалық заттарға және әр түрлі түс беретін ферменттерге бай, сондай-ақ олардың құрамында хитин заты көп. Буынаяқтылардың сыртқы қабатын хитинді кутикула деп атайды. Хитин - өспейтін, созылмайтын, ешбір қышқылдарда, майларда, спирттерде, сілтілерде және органикалық ерітінділерде ерімейтін өте берік зат. Хитин (французша chitine, грекше chiton - тері, қабық) деген терминді, насекомдардың қатты кутикула қабығын зерттеп, 1823 жылы француз ғалымы Л. Одье ұсынды. Хитин - полисахаридтер тобындағы табиғи қосынды, ұзын полимерлер бір-бірімен (3-1,4 гликозоидты байланыстармен жалғасқан, N - ацетилглюкоза-миндерден тұрады.

Хитин кутикуланың яғни сыртқы қаңқаның негізгі қосындысы, дененің қаттылығын қамтамасыз етіп қорғаныш және тірек қызметтерін атқарады.

Хитиннің осындай қасиеттеріне байланысты барлық буынаяқтылардың денесінің өсуі түлеу арқылы жүреді. Түлеу кезінде арнайы ішкі секреция эндокриндік бездері, яғни проторакальды бездері экдизон деген затты бөліп, сол экдизон хитинді ерітеді де, кутикула жарылып жануар ескі жабыңдысын тастап түлеп шығады да, денесі бірнеше сағат ішінде өте жылдам өсіп, кутикуласы қатайып осы қалпында келесі түлегенше өмір сүре береді. Біраз буынаяқтылардың кутикуласы ізбестермен және қатқан белоктармен безендіріліп, қатты болып келеді, мысалы, өзен шаянының, крабтың, қоңыздардың т. б.

Хитинді кутикула бөлшектеніп дененің әрбір сегменттерінде қабыршақ немесе тақта ретінде орналасады, сол тақталардың барлығын склерит деп атайды. Олар орналасуына қарай дорза (латынша dorsalis - арқа) немесе үстіңгі тергит деп аталатын тақталарды құрайды, вентра (лат. ventralis - құрсак) немесе төменгі стернит деп аталатын және екі бүйіріндегі - плейрит тақталарын құрайды. Барлық склериттер бір-бірімен жұқа жарғақшалар арқылы бірігеді. Склериттер дененің сыртына қарай бағытталған көптеген қылтан тәрізді өсінділерді, ал ішке қарай қатпарларды түзейді. Қатпарларға бұлшықеттері және кейбір ішкі мүшелері бекінеді. Сөйтіп, буынаяқтылардың хитинді кутикуласы дене жабыны, сыртқы қанқасы болып, ішкіылғалды сыртқа шығармай, денені әр түрлі механикалық, химиялық әсерлерден қорғайды, әрі тірек қызметін атқарады.

Буынаяқтылардың денесі сегменттелген, сегменттері буылтық құрттардікіндей гомономды (біркелкі) емес, әркелкі болып келеді де гетерономды (грекше heteros - басқа, nomos - заң) сегменттер деп аталады. Тек кейбір төменгі сатыдағы буынаяқтыларда (шаянтәрізділерде, көпаяқтыларда) гомономды сегменттері сақталған. Гетерономды сегменттер атқаратын қызметтеріне сай өзара бірігіп, бір типті сегменттерді құрайды, оларды тагма немесе бөлім деп атайды.

Буынаяқтылар денесінің сегменттері әдетте үш бөлім немесе үш тагма құрайды - бас (cephalon), кеуде (thorax) және құрсақ (abdo­men). Көп жағдайда сегменттерінің жіктелуі түрліше, мысалы, бас пен кеуде сегменттері бір-бірімен тұтасып баскеуде бөлімін құрайды, сонда жануардың денесі баскеуде және құрсақ бөлімнен тұрады.Бұл шаянтәрізділер мен өрмекшітәрізділерге тән, бас және тұлға -көпаяқтыларға тән, ал насекомдардың денесі бас, кеуде және құрсақ тагмасына айқын бөлінген.

Буынаяқтылардын дене сегменттерінің саны әр түрлі, тек бастың сегменттер құрамы тұрақты. Басыакроннан және төрт сегменттен құралады. Акрон арғы тегінің бас қалқаншасы немесе простомиумы (prostomium - ауыз алды сегмент). Акронда сезім мүшелері: антенна немесе мұртшалары, күрделі фасеттік көздері және бірнеше қарапайым құрылысты көзшелері орналасқан, тек өрмекшітәрізділердің антеннасы жоқ. Акронга денесінің төрт сегменті қосылып бас бөлімін құрайды. Бас бөлімінің осылайша қалыптасуын цефализация (грекше kephale - бас) процесі деп атайды.

Басына қосылған сегменттерінің буындалған аяқтары қорегін ұстау, майдалау, шайнау қызметтерін атқаруға бейімделіп ауыз мүшелеріне немесе ауыз аппаратына айналған, олар жұп үстіңгі жақ -мандибула және астыңғы жақ - максилла І-ші мен максилла ІІ-ші. Максилла ІІ-ні астыңғы ерін деп те атайды.

Буынаяқтылардың кеуде сегменттері өте жақсы дамыған, олардың жұп аяқтары жылжу, жүру, жүзу, яғни қозғалысқа (локомоторлы) бейімделген. Құрсақ аяқтары көпшілігінде редукцияға ұшырап, олардың қалдықтары құрсағының соңында әр түрлі өсінділер ретінде қалған, мысалы, құйрық жіпшелері, церкийлер, грифелькийлер, шаншарлар, жұмыртқа салғыштар, тек өзен шаянының аналықтарында құрсақ аяқтары ұрықтанған жұмыртқаларын жинап ұстауға, ал аталықтарыңда жыныс өнімін аяғына құйып сақтауға бейімделген.

Буынаяқтылардың аяқтары арғы тегінің параподия деп аталатын жалған аяқтарынан дамып, эволюция барысында атқаратын қызметіне сай бірнеше буындарға мүшеленген (типтің аты да осыған байла­нысты). Аяқтары өз сегментінде қозғалмалы түрде орналасқан.

Буынаяқтыларда арғы тегінің тері - бұлшықет қапшығы барынша жіктеліп, бөлініп, шоғырланған бұлшықеттерге айналған. Олар көлденең жолақты, жиырылып босаңсуы арқылы мүшелерді қозғалысқа келтіреді, ұштарымен хитинді кутикуланың ішкі өсінділеріне тіркелген.

Буынаяқтылардың дене қуысы аралас немесе миксоцель. Ұрықтық даму кезіңде бұларда екінші реттік қуыс, яғни целом пайда болады да, кейін целомның арнайы перитонеальды эпителий қабаты әр жерден еріп, сонда екінші реттік қуыстың сұйық заты бірінші реттік қуыстың қалдық сұйығымен араласады да, миксоцель қуысына айналады, оның қызметі - тірек, тасымалдау және қор жинау.

Буынаяқтылар тек қана жынысты жолмен көбейеді, көпшілігі дара жыныстылар, жыныс диморфизмі айқын.

Ұрықтануы іштей, дамуы жұмыртқаның ішінде (эмбриональдық) және жұмыртқадан шыққаннан кейін (постэмбриональдық) өтеді.

Буынаяқтылар типі төрт тип тармағына бөлінген: желбезектыныстылар -Branchiata; трилобиттәрізділер - Trilobitomorpha; хелицералылар - Chelicerata; трахея немесе кеңірдекпен тыныс алушылар -Tracheata.

 

ЖЕЛБЕЗЕКТЫНЫСТЫЛАР ТИП ТАРМАҒЫ - BRANCHIATA

 

Желбезектыныстылар суда тіршілік ететін, арғы тегімен тығыз филогенетикалық байланысы бар алғашқы буынаяқтылар. Желбезектері арқылы тыныс алады (тип тармақтың да аты осыдан). Олар түрліше пішінді келген, аяқтарының түрі өзгерген эпиподит өсінділері.

Бас бөлімінде екі жұп мұртшалары бар, яғни антеннулалары мен антенналары немесе антенна I және антенна II. Осыған байланысты тип тармақтың екінші атауы - қосантенналылар немесе диантенналылар - Diantennata. Осы тип тармағына бір ғана шаянтәрізділер класы - Crustacea жатады.

 

ШАЯНТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ – CRUSTACEA

 

Шаянтәрізділердің 30000-ға жуық түрі белгілі, негізінен тұщы су қоймаларында, теңіздерде кең тараған. Олардың арасында бентосты (су түбінде мекендейтін), планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде,дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері оларды суда тіршілік ететін формалардан шыққандығын дәлелдейді.

 

ЖЕЛБЕЗЕКАЯҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - BRANCHIOPODA

 

700-ге жуық түрі бар. Дене сегменттерінің саны тұрақсыз. Бас бөлімі (протоцефалон) жэне кеуде бөлімдерінің сегменттері тұтасып бірікпеген, фасеттік және науплиус көздері бар. Жапырақтәрізді кеуде аяқтарымен жылжиды, тыныс алады әрі қорегін аузына жеткізеді. Құрсағында аяқтары жоқ, соңғы бөлігі ашалы (furca). Дамуы метаморфоз жолымен өтеді, личинкалары - науплиус, метанауплиус.

Екі отрядқа бөлінеді: желбезекаяқтылар - Anostraca және жапырақаяқтылар - Phyllopoda.

 

Желбезекаяқты шаяндар отряды - Anostraca

Денелері ұзын, гомономды сегменттелген, басы - протоцефалон құрылысты (акрон және антеннальды сегмент), жақ сегменттері тұтас бірікпеген, науплиальды және фасеттік көздері бар қарапайым шаянтәрізділер, 11-19 сегментті кеудесінің әрқайсысында орналасқан екі тарамды жапырақтәрізді аяқтарымен қозғалады, тыныс алады және қорегін аузына жеткізеді. Құрсағы 8 - сегментті, аяқтары жоқ, жақсы дамыған айыршамен (furca) аяқталады.

 

Қалқанды шаяндар отряд тармағы - Notostraca

 

Бақалшақты жапырақаяқты шаяндар отряд тармағы -

Conchostraca

 

Бұтақмұртты шаяндар немесе су бүргелері отряд тармағы -

Cladocera

Негізгі туыстары: Daphnia, Bosmina, Diaphanosoma, Leptodora т.б. Daphnia туысының 26 түрі бар, негізгі түрлері кәдімгі дафния -Daphnia pulex, D.longispina.

 

ЦЕФАЛОКАРИДАЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ –CEPHALOCARIDA

 

Цефалокаридалар шаянтәрізділердің ерекше алғашқы қарапайым тобын құрайтын, теңіз түбіндегі шөгіндіде тіршілік ететін жануарлар. Ұзындығы 2,8-3мм., созылыңқы денесі бас бөлімінен, аяқтары бар 10 сегментті кеудесінен және аяқтары жоқ 9 сегментті құрсағынан тұрады. Құрсағының соңында 2 ұзын қылтандардан құралған айыршасы бар. Шөгіндіде көміліп тіршілік етуіне байланысты көздері жоқ. Ең негізгі қарапайым белгілері: антенналары ауыздың артқы жағында орналасқан (бұл белгі шаянтәрізділердің науплиус личинкаларына тән); мандибулалары дамымаған, ал келесі бас аяқтары - максилла I және максилла II құрылысы және атқаратын қызметі жағынан кеуде аяқтарына өте ұқсас, яғни олар протоподиттен, экзоподит пен эндоподиттен және желбезекті өсінді эпиподит буындардан тұрады, сондай - ақ кәдімгі екі бұтақты кеуде аяқтарынан ерекшеленбеген және сол аяқтарымен қозғалады, тыныс алады, әрі қоректік бөлшектерді аузына жеткізеді. Аналығы жұмыртқаларын кеуде сегменттерінің ең соңғысындағы жұмыртқа қапшығына салады.

Жұмыртқалардан науплиус личинкалары шығып, тек 18 рет түлеуден кейін ересек түріне айналады.

 

МАКСИЛЛОПОДАЛАР НЕМЕСЕ ЖАҚАЯҚТЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ – MAXILLOPODA

 

Бұлар еркін немесе субстратқа бекініп және паразиттік тіршілік ететін шаянтәрізділер. Ауыз аяқтары жақсы жетілген, қорегін судан сүзіп алуына бейімделген. Кеуде бөлімі 6, кейде 5 не 4 сегментті. Кеуде аяқтары қозғалу немесе қорек заттарды ауыз тесігіне апару және су ағындарының қозғалысын реттеу қызметін атқарады. Олар ешқашан тыныс алуға қатыспайды және де шайнағыш өсінділері болмайды. Құрсақ аяқтары жоқ.

Максиллоподалар класс тармагы 5 отрядқа бөлінеді: мистакокаридалар - Mystacocarida, ескекаяқты шаяндар - Copepoda, тұқы балық биттер - Вrапсhіuzа, мұртаяқты шаяндар - Cirripedia, қапкеуделі шаяндар - Ascothoracida.

 

Мистакокаридалар отряды - Mystacocarida

Мистакокаридалар да цефалокаридалар сияқты шаянтәрізділердің қарапайым құрылысты тобын құрайтын, теңіз құмайт жағажайында, теңіз суы сіңірілген құм түйіршіктерінің арасындағы жіңішке кеңістіктерде мекендейтін псаммофил (грекше psammos - құм, fileo - сүйіспеншілік) жануарлары. Ұзындығы 0,5 мм-ге дейін, созылыңқы, цилиндр тәрізді. Денесі: басы - протоцефалоннан; буындалмаған жақкеудеден (мандибула, максилла I, максилла II және екі алдыңғы кеуде сегменттерінен құралған); буындалған 4 кеуде және 6 құрсақ сегменттерінен тұрады. Құрсағының соңы айыршамен біткен.

Ұсақ органикалық бөлшектермен қоректенеді, оларды ауыз және жақаяқтарының ішкі шеттеріндегі қылтандарының көмегімен ауыз тесігіне жеткізеді.

Жұмыртқадан науплиус личинкасы шығып, 9 рет түлеуден кейін ересек түріне айналады.

Мистакокаридалар 1943 жылы ашылған, қазіргі кезде Derocheilocaris туысына жататын 7 түрі белгілі. Атлант мұхитының Америка, Африка, Еуропа және Жерорта теңіздік құмайт жағажайынан табылған.

 

Ескекаяқты шаяндар отряды - Copepoda

Бұлар тұщы суларда және теңіздерде тіршілік ететін, планктонның және су түбі фаунасының ең маңызды және тұрақты құрамы. Паразиттік түрлері де бар. Ұзындығы 0,1 мм-ден 3 см-ге дейін, кейбір паразит түрлері 30 см-ге дейін. Денелері жақсы сегменттелген: басы кеудесінің бірінші сегментімен бірігіп біткен; кеудесі 5, құрсағы 4 сегментті, ұшы айырша аналь қалақшасымен аяқталады. Тек науплиус көзі дамыған, күрделі көздері жоқ. Антеннулалары ұзын, кейде денесінен де ұзын (Diaptomus туысында), планктонды тіршілік етуіне байланысты, суда қалқып жүзіп жүреді. Антенналары қысқа.

Мұртаяқты шаяндар отряды - Cirripedia

А Ә

)

 

Қапкеуделі шаяндар отряды - Ascothoracida

Маржан полиптердің (Anthozoa) және тікентерілілердің (Есһіпоdermata) денесінде паразиттік тіршілік ететін шаянтәрізділердің шағын ғана отряды. 40-тан астам түрі бар, бұлар паразиттіліктің әсерінен көп өзгерістерге ұшырамаған. Мысалы, Sinagoga туысының өкілдері жорғалап немесе жүзіп жүру қабілетін жоймаған, бұлардын құрылымы еркін тіршілік ететін шаяндарға едәуір ұқсас, тек антеннулалары қысқаштәрізді, ауыз аяқтары бірігіп сорғыш ауыз конусын түзейді.

БАҚАЛШАҚТЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ -OSTRACODA

 

ЖОҒАРҒЫ САТЫДАҒЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ –MALACOSTRACA

 

Теңіздерде, тұщы суларда кең тараған, сонымен қатар құрлықта және паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар. Басқа класс тармақтарына қарағанда құрылыс деңгейі жоғары, сезім мүшелері күшті дамыған және соған сай іс-әрекеттері де күрделі, ірі шаяндар. Бұлардың басты ерекшелігі: дене сегменттерінің саны тұрақты, басы (акрон және 4 сегмент), 8 кеуде және 6 құрсақ сегменттері болады (Leptostraca отрядының өкілдерінде ғана өзгеше). Кейде бас капсуласының құрамына акрон және 4 сегменттен басқа, кеуденің I-ші сегменті кіреді (Amphipoda және Isopoda отрядында) немесе басы протоцефалон (акрон және антенна сегменті) түрінде қалады. Жоғарғы сатыдағы шаяндар класс тармагы 14 отрядқа бөлінеді, солардың ішінде ең көп тараған әрі маңызды отрядтарды қарастырамыз.

 

Мизидалар отряды - Mysidacea

Басым көпшілігі теңіздерде, тұщы суларда тіршілік ететін шаяндар. Ұзындығы 0,5-2,5 см. Басы - протоцефалон, бір жұп сабақшалы фасеттік көздері және мұртшаларынан тұрады. Кеудесінің алдыңғы 3 сегменттері жақкеуде құрамында. Кеуде аяқтарының бірінші жұбы жақаяғына айналған, қалғандары екі бұтақты. Желбезектері жоқ, карапакс арқылы тыныс алады (карапакс үш кеуде сегментін жауып тұрады). Соңғы жұп құрсақ аяқтарының эндоподиттерінің түбінде тепе-теңдік мүшелері - статоцисттері орналасқан.

 

Эуфаузиялар отряды - Euphausiacea

Бұлар теңіздерде, планктон қабатында мекендейтін шаяндар. ¥зындығы 7 мм-ден 96 мм-ге дейін. Басы - протоцефалон, бір жұп сабақшалы фасеттік көздері және мұртшалары бар. Көздің сабақшасында және кеуде мен құрсақ сегменттерінде 10 жұп жарық шығару (жарқырау) - фотофора мүшесі болады. Жақкеуде құрамына барлық кеуде сегменттері қосылған, аяқтары жақаяқтарына айналмай, тек жүзуге бейімделген, екі бұтақты, олардың түбінде желбезектері орналасқан. Жүзуге құрсақ аяқтары да қатысады. Карапаксы жақсы дамыған.

Жұмыртқаларын суға салады немесе құрсақ аяқтарына жабыстырады. Дамуы метаморфозбен өтеді, личинкасы - науплиус.

80-нен аса түрі бар. Негізгі өкілдері: Euphausiasuperbaжәне Thysanoesiaraschii. Бұлар балықтардың және мұртты киттердің негізгі қорегі. Антарктика суларындағы мұртты киттердің көптеп бір аймақта жинақталуы - крильдың қарқынды жылдамдықпен дамуына және көптігіне байланысты.

Криль (голландша Кгіеі - ұсақ - түйек, құртақандай) - көптеген ұсақ планктонды шаянтәрізділердің кәсіптік аты. Euphausiasuperba криль құрамының негізгі компоненті (бөлігі). Криль ауланып, олардан толып жатқан - сыр қоспасы, пасталар, мал шаруашылығының азық қоры, витаминдер әзірленеді.

 

Теңаяқты шаяндар отряды - Isopoda

Бұлар теңіздерде, тұщы суларда, құрлықта мекендейтін және паразиттік тіршілік ететін шаянтәрізділер. 4500-ге жуық түрі бар, ұзындығы 1 мм-ден 5 см-ге дейін, ал теңіздің терең қабаттарында мекендейтін Bathynomusgiganteus-тың ұзындығы 37 см.

Негізгі өкілдері, кәдімгі есекқұрт (Oniscus asellus), погребті есекқұрт (Porcellio scaber) ылғалды жерлерде тіршілік етеді. Орта Азия мен Қазақстанның шөл даласында Hemilepistus туысының өкілдері кездеседі. Н. cristatus 1 метрдей тереңдікке ін қазып, оны арқасындағы қалқанымен жауып жатады (бүктеліп жатып). Әрқайсысында 53-ке дейін особьтары болады.

Тұщы суларда тіршілік ететін су есекқұрты (Asellus aquaticus), ұзындығы 12-20мм. Ақпайтын тұщы су және баяу ағатын су қоймалардың жағалауларында кең тараған.

 

Амфиподалар немесе бүйірімен жүзуші шаяндар отряды-Amphipoda

4500-ге жуық түрі бар, басым көпшілігі теңіздерде жағалау аймақтарда топыраққа көміліп, арнайы қорғаныш түтіктерде және су беттерінде (планктонды) еркін жүзіп тіршілік етеді. Біразы тұщы су қоймаларында да мекендейді, паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар. Тайыз суларда бүйірінен жатып жүзе алады (бүйірімен жүзушілер деген аты да осыдан), ал тереңдеу суларда денесінің кеуде және құрсақ бөлімдеріндегі әр түрлі құрылысты болып келген аяқтарымен жүзеді (екінші атауы да осыдан). Ұзындығы 1-2 см-ден 28 см-ге дейін, денесі екі бүйірінен қысыңқы. Теңаяқты шаяндардағыдай бұлардың да бас құрылысы күрделі, оған акрон және 4 сегменттен басқа кеуде-нің 1-2 сегменттері қосылады. Фасетті көздері жақсы дамыған, кара­паксы жоқ. Кеуде және кұрсақ сегменттеріндегі аяқтарының құрылысы әртүрлі.

Негізгі туыстары: Gammarus, Anisogammarus. Бұлар теңіздердің литоральды (латынша - litoralis - жағалау, жақын жиек) аймақтарында кең тараған. Мысалы, Чукот теңізінің түбінде 1 м.кв. өлшемінде 40000-ға жуық особьтар мекендейді.

Тұщы суда көп тараған бүйірімен жүзуші бүрге (Gammarus pulex), көлді бүрге (G.lacustris) және тұнба бүргесі (Carinogammarus roeseli). Бұлар өзендердің тайыз жерінде, көлде және тұнба суларда тіршілік етеді. Байқал көлінде тек оған ғана тән Amphipoda-лардың 300-ден аса түрлері кездеседі.

Бүйірімен жүзушілер балықтардың сүйікті қорегі болғандықтан, кейбір түрлері қолмен су қоймаларына ауыстырылып, жерсіндірілген.

Онаяқты шаяндар отряды - Decapoda

Шаянтәрізділердің ішіндегі жоғары дәрежелі және ең үлкен отряды. 8500-ден астам түрі бар

 

ТРИЛОБИТТӘРІЗДІЛЕР ТИП ТАРМАҒЫ –TRILOBITOMORPHA

 

Трилобиттер өліп біткен теңіз буынаяқтылары. Палеозой эрасының кембрий дәуірінің қазбаларынан белгілі. Кембрий, ордовик, силур, девон дәуірінде кең тараған, тас көмірде трилобиттер азайып, ал пермь дәуірінде түгел жойылып кеткен. Трилобиттәрізділерге бірнеше кластар кіреді, соның бір ғана трилобит (Trilobita) класы зерттелген.

 

ТРИЛОБИТТЕР КЛАСЫ – TRILOBITA

 

Трилобиттер теңіз түбіндегі қорыста жорғалап немесе теңіз жағалауындағы суда жүзіп жүрген, ұзындығы 10 мм-ден 80 см-ге дейін болған

Трилобиттер дара жынысты, метаморфоз жолымен дамыған, протаспис атты личинкалары болған.

ХЕЛИЦЕРАЛЫЛАР ТИП ТАРМАҒЫ - CHELICERATA

 

Хелицералылардың 54000-ға жуық түрі бар, басым көпшілігі құрлықта тіршілік етеді. Алғашқы хелицералылар су жәндіктері болған. Хелицералылардың денесі - баскеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Баскеуде 7 (бас қалақшасы мен кеуде) сегменттің қосылуынан түзілген, сондай-ақ 7-ші сегменті көп түрлерінде редукцияға ұшыраған. Баскеуде бөлімінде 6 жұп аяқтары бар. Олардың бірінші жұбы қоректі шайнау және ұнтақтау қызметін атқарып, хелицераға айналған (тип тармақтың атауы да осыдан), екінші жұбы педипальпалар - сезу, қармалау, кейбір түрлерінде шағылысу қызметін атқарады, ал қалған төрт жұбы - жүру аяқтары.

Хелицералылардың негізгі ерекшелігі - бас қалақшасындағы (акрондағы) мұртшасының немесе антеннуласының редукцияға ұшырауы.

Хелицералылар тип тармағына үш класс жатады: Семсерқұйрықтылар -Xiphosura, Алып қалқаншалылар - Gigantostraca және Өрмекшітәрізділер -Arachnida.

 

СЕМСЕРҚҰЙРЫҚТЫЛАР КЛАСЫ – XIPHOSURA

 

Семсерқұйрықтылар қазіргі кезде құрып кетуге жақын, саны аз ғана, не бары 5 түрі бар, палеозой эрасында кең тараған, теңіздерде тіршілік ететін буынаяқтылар. Ұзындығы 50-90 см, ал Limulus polyphenus-тың ұзындығы 0,5 м болып келеді.

Қазіргі кездегі семсерқұйрықтылар тропикалық және субтропикалық теңіздерде тараған, біреулері Limulus polyphenus - Атлант мұхитында, Солтүстік және Орталық Америка жағалауларында, қалғандары Малай Архипелагында, Филиппин және Жапон аралдарында (Tachypleus, Carcinoscorpius), су жағалауларында 4-10 метртереңдігінде тіршілік етеді. Аналықтары жұмыртқаларын судың жағасындағы құмға салады. Семсерқұйрықтылардың қалдықтары триас дәуірінен табылған, ал Hemiaspis силур дәуірінен белгілі.

 

АЛЫП ҚАЛҚАНШАЛЫЛАР КЛАСЫ - GIGANTOSTRACA

 

Буынаяқтылар типінің толығымен жойылып кеткен класы. Бұлар палеозой эрасында суда тіршілік еткен ірі жануарлар, 200-ге жуық түрі болған. Қазба түрлері құмтастарында, Шотландияның ерте замандағы қызыл құмында табылған. Денесі баскөкіректен және артына қарай жіңішкерген 12 сегментті ұзын кұрсақтан құралған. Құрсағы алдыңғы және артқы бөлімдерге бөлінген. Соңғы сегменті аналь қалқаншасына (тельсонға) айналып тақта, тікенек немесе ине түріне өзгерген. Алдыңғы құрсағында түрі өзгерген жапырақ тәрізді жыныс қақпақшалары және төрт жұп желбезек аяқтары болған. Баскөкірек бөлімі бірігіп тұтас біткен қалқаншамен жабылған, оның жоғарғы жағында қарапайым көзшелері, ал бүйірінде күрделі көздері орналасқан. Хелицералары қысқыш тәрізді. Кейбіреулерінде педипальпа мен бірінші жұп аяқтары қармалауыштарға айналып, ал артқы аяқтары ескектәрізді болып жүзу қызметін атқарған. Eurypterus туысының өкілдері силур мен кембрий дәуір шөгінділерінде кездескен. Бұлар жыртқыштар, су түбінде тіршілік еткен, ұзыңдыгы 1,8 метрге жететін алып жануарлар.

 

ӨРМЕКШІТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ – ARACHNIDA

 

Өрмекшітәрізділер құрлықта тіршілік ететін, өкпемен немесе трахеямен тыныс алатын буынаяқтылар. Денелері - баскеуде және құрсақ болып екіге бөлінеді. Ал кенелерде (Асагі) баскеуде мен құрсақ бөлімі бірігіп кеткен. Баскеуде бөлігінде 6 жұп аяқтары орналасқан, оның бір жұбы ауыздың үстінде, ал қалған 5 жұбы ауыздың артқы жағында орналасқан. Аяқтарының алғашқы жұбы - хелицералары (сһеіісегае) қысқарған екі-үш буыннан тұрады, ол қысқыш немесе тырнақ тәрізді. Көпбуынды аяқтарының екінші жұбы -пышақтәрізді және олар қорегін ұстау мүшесінің қызметін және сезу қызметін атқарады - бұлар педипальпалар (pedipalpi), ал қалған 4 жұбы - жүргіш аяқтары.

Денесінің артқы бөлігі - құрсақ - әдетте сегменттелген. Өрмекшітәрізділер класында оншақты отряд, 60000-нан астам түрлері бар. Ұзындығы 0,1 мм-ден 17 см-ге дейін.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2017-01-19; просмотров: 191; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.218.38.125 (0.113 с.)