Немертиндер типi – nemertini 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Немертиндер типi – nemertini



 

Басым көпшiлiгi теңiз жағалауларында еркiн тiршiлiк ететiн жануарлар, тек кейбiр өкiлдерi тұщы суларда және паразиттiк тiршiлiк етуге бейiм. Топырақ арасында мекендейтiн түрлерi де кездеседi.

Денесi құрт тәрiздi созылыңқы, аздап арқа - құрсақ бағытында сығылған немесе цилиндр пiшiндес денесінің алдыңғы жақ ұшында қозғалмалы ұзын тұмсығы бар. Сол арқылы өзiнiң қорегiн аулап ұстайды. Ол қарулы болуы да мүмкiн.

Iшкi құрылысы турбеллярияларға ұқсас: дене қуысы жоқ, iшкi мүшелер арасындағы кеңiстiктi паренхима толтырып жатады; зәр шығару жүйесi протонефридиялы; нерв жүйесi ортогон құрылысты; тыныс алу жүйесi де дамымаған.

Сонымен, қатар ерекше күрделi белгiлерi де бар: ас қорыту жүйесiнде артқы iшек пен аналь тесiгi және алғаш рет жақсы жетiлген қан - айналу жүйесi пайда болған.

Бұл типке бiр ғана класс жатады - немертиндер класы - Nemertini. Олардың 750 ден аса түрi белгiлi.

 

ЖҰМЫР ҚҰРТТАР немесе АЛҒАШҚЫ ҚУЫСТЫ ҚҰРТТАР ТИПI - NEMATHELMINTHES немесе ASHELMINTHES

 

Жұмыр құрттардың көптеген түрлерi теңiздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, топырақта қозғалып өз бетiмен тiршiлiк етсе, бiразы өсiмдiктер мен жануарлардың, адамның паразиттерi. Бұлардың планета биосферасында кездеспейтiн ортасы жоқ. Сондықтан бұлар космополиттiк топ болып табылады.

Жұмыр құрттардың жалпақ құрттардан басты айырмашылығы iшкi мүшелерiнiң арасында дене қуысының болуы. Бұл қуыстың өзiндiк қабырғасы болмағандықтан оны алғашқы қуыс немесе схизоцель деп атайды. Сондықтан кейде жұмыр құрттарды алғашқы қуыстылар деп атайды. Денесiнiң iшкi қуысындағы сұйық заттың бiркелкi қысымда болуы оның дене жұмырлығын тұрақты етедi. Құрттардың денесi жұмыр болып келетiндiктен типтің аталуы да солай.

Типтiң негiзгi сипаты: денесi бөлшектенбеген (сегменттелмеген); зәр шығаружүйесi дамымаған, зәрдi денеден терi бездерi шығарады, немесе протонефридияльды; қан айналу және тыныс алу жүйесi дамымаған; ас қорыту жүйесiнде артқы iшегі және аналь тесiгi дамыған; нерв жүйесi ортогонды, сезiм мүшелерi нашар дамыған; дара жыныстылар, жыныс жүйесiнiң құрылысы өте қарапайым.

Жұмыр құрттар типi 5 класқа бөлiнедi: 1. Нағыз жұмыр құрттар класы - Nematoda 2. Құрсақ кірпікшелілер класы - Gastrotricha 3. Киноринхалар класы - Kinorhyncha 4. Түкті құрттар класы - Nematomorpha 5. Коловраткалар класы - Rotatoria

 

НАҒЫЗ ЖҰМЫР ҚҰРТТАР немесе

НЕМАТОДТАР КЛАСЫ - NEMATODA

 

Нематодтар түр саны жағынан (27000-нан астам), кеңiстiкке таралуы сипаты жағынан да ең жоғары тұрған топ. Бұлардың бүкiл әлемде кездеспейтiн ортасы жоқ. Мұхиттар мен теңiздер түбiнде, тұщы суларда, топырақ арасында еркiн қозғалып тiршiлiк етсе, паразиттiк түрлерi өсiмдiктер мен жануарлардың барлық мүшелерiнде кездеседi. Құстар мен насекомдардың паразитi ретiнде олар ауа қабатын да меңгерген деп айтуға болады. Айналамызда жүрiп жатқан шiру процесiнiң барлығы осы нематодтардың қатысуы арқылы жүредi. Кеңiстiкке таралуы тұрғыдан оларды бактериялар мен бiрклеткалы организмдермен салыстыруға болады.

Нематодтардың тiршiлiк ету орталарының алуан түрлi болып келуiне қарамастан құрылыстары бiрдей.

 

Классификациясы. Нематодтардың систематикасы сезiм мүшелерiнiң және зәр шығару жүйесiнiң ерекшелiгiне негiзделген. Нематодтар классы екi класс тармағына бөлiнедi: аденофореа-Adenophorea және сецерненттер- Secernentea.

 

АДЕНОФОРЕА КЛАССТАРМАҒЫ– ADENOPHOREA

Бұлар теңiздерде, тұщы суларда, топырақта тiршiлiк ететiн нематодтар. Кейбiр түрлерi өсiмдiктердiң, жануарлардың паразиттерi. Терi сезу мүшелерi - қылтаншалар, папиллалар түрiнде. Зәр шығару жүйесiндегi мойын безi шомбал типтi, түтiкшесi қысқа. Маңызды өкiлдерi: Dioctophyme renale - алып свайнiгi, Trichocephalus trichiurus - түкбасты құрт, Trichinella spiralis - спиральды трихинелла.

 

СЕЦЕРНЕНТТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - SECERNENTEA

 

Топырақта, тұщы суларда, шіріктік ортада кеңiнен тараған нематодтар, сонымен қатар көптеген түрлерi адамның, жануарлардың және өсiмдiктердiң паразиттерi (шамамен 3000-ға жуық паразиттiк түрлерi белгiлi).

Терi сезу мүшелерi - папиллалар түрiнде тек бас бөлiмiнде орналасқан. Зәр шығару жүйесiндегi мойын безi бұтақталған, екi немесе бiр бүйiр экскреторлы каналы бар. Кутикуласы берiк, қорғаныш қабiлетi жақсы.

Сецерненттер класс тармағы бiрнеше отрядтарға бөлiнедi, солардың iшiнде ең маңызды отрядтары: Ascaridida, Rhabditida және Spirurida.

Ascaridida отряды. Адамның және сүтқоректiлердiң iшегiнде паразиттi тіршілiк ететiн түрлер жатады; адам аскаридасы - Ascaris lumbricoides, жылқы аскаридасы - Parascaris equorum, шошқа аскаридасы - Ascaris suum т.б. Туғызатын аурулары - аскаридоз.

Адам аскаридасы бүкiл әлемде кең тараған және ең зиянды құрттардың бiрi. Аналығының ұзындығы 20-40см, аталығы - 15-25см (40,А-сурет). Ересек түрлері адамның ащы iшегiнде паразиттiк тiршiлiк етедi. Ұрықтанған жұмыртқалар нәжiс арқылы iшектен сыртқа шығарылып, суға, топыраққа түседi. Жұмыртқалар тығыз қабықшамен қапталынған, сондықтан ортаның әртүрлi қолайсыз жағдайларына өте берiк, төзiмдi.

Аскарида жұмыртқалары сыртқы ортаның оттегiсi мол, қолайлы

 

Rhabditida отряды

Қең тараған нематодтар, көп түрлерi топырақта, тұщысуларда, өсiмдiк пен жануарлардың денесiнде тiршiлiк етедi. Rhabditida отрядына көптеген тұқымдастары жатады, солардың iшiнде адамға, жануарларға және өсiмдiктерге аса зиян келтiретiн негiзгi тұқымдастарының өкiлдерiн қарастырамыз: Oxyuridae тұқымдасының өкiлi балалар острицасы- Enterobiusvermicularis; Strongyloididae - ның өкiлiiшек угрицасы - Strongyloidesstercoralis; Ankylostomidae тұқымдасының өкілі-он екi елiiшектiң свайнигi - Ankylostomaduodenale; Tylenchidae тұқымдасының өкiлдерi насекомдардың паразитi (түктi араның) - Sphaerulariabombi және өсiмдiктердiң паразит нематодтары, бұзғынша (галла) нематодасы - Meloidogyneincognita, қызылша - Heteroderaschachtii, бидай - Anguinatritici, картоп сабақ нематодасы - Ditylenchusdestructor.

Балалар острицасы-Enterobius vermicularis адамның, көбiнесе балалардың тоқ және ащы iшегiнде тiршiлiк етедi. Аталығының ұзындығы 2-5 мм, денесiнiң артқы ұшы спираль тәрiздi оратылған, аналығының - 9-12 мм, артқы ұшы бiз тәрiздi сүйiрленген (40,Б-сурет). Ұрықтанған аналық острица иесiнiң аналь тесiгiне өтiп, оның қыртыс аралығына жұмыртқаларын салады.

Iшек угрицасы - Strongyloidesstercoralis адамның он екi елiiшегiнде және ащы iшекте паразиттiк тiршiлiк етедi. Дамуында екi ұрпағы болады: бiреуi паразиттiк немесе iшектiк; екiншiсi - еркiн тiршiлiк етушi немесе топырақтық. Iшектiң iшiнде гермафродиттi формасы дамиды. Ұрықтанған жұмыртқалар нәжiс арқылы сыртқа шығарылып, топыраққа түседi. Жұмыртқалардан екi типтi личинкалар дамиды: бiрқатары топырақ арасында еркiн тiршiлiк етiп, ересек күйге айналмай, бiрнеше рет түлейдi де су арқылы немесе терi арқылы адамның iшегiне өтiп гермафродиттi құртқа айналады; қалғандары топырақ арасында еркiн тiршiлiк етiп, кейiн аталық және аналық ересек формасына айналады да, ұрықтанып личинкаларын тiрiдей туады. Осы личинкалар су немесе терi арқылы адамның iшегiне өтiп гермафродиттi құртқа айналады. Осылайша гетерогония процесi байкалады.

Он екi елiiшектiң свайнигi - Ankylostomaduodenale адамның он екi елi және ащы iшектiң iшiнде паразиттiк тiршiлiк етедi. Көбiнесе тропикалық, субтропикалық елдерде және Оңтүстiк Европада кездесiп, адамды анемия немесе қаны аз ауруына шалдықтырады, өлiмге душар етуi мүмкiн. Бұл кiшкене қызғылт түстi құрт, ұзындығы 10-18мм. Ауыз қуысындағы хитиндi тiстерiмен ішектiң сiлекейлi қабырғасына жабысып, iшектiң эпителий клеткаларымен қоректенедi және қан сорады. Сонымен қатар бұл паразит зиянды токсиндер бөлiп шығарады (40,Ә-сурет).

Жұмыртқасы нәжiспен бiрге сыртқа шығарылып, дымқыл жерде немесе суда дамиды. Жұмыртқадан бiр немесе бiрнеше күннен соң личинка шығады, ол екi рет түлейдi де инвазиялық сатысына айналады. Адамға жұғу жолы күрделi, алдымен личинка адам терiсiн бұрғылап тесiп қанға өтедi, қан арқылы өкпеге, одан тыныс жолы арқылы ауыз қуысына, жұтылғаннан соң ащы iшекте тоқтайды.

Анкилостомоз ауруы көбiне жер қазу жұмыстарымен (шахтада, туннель бұрғылауда) айналысқан жағдайларында кездеседi.

Бұзғынша (галла) нематодасы - Meloidogyneincognita көп қоректi зиянкестер, олар бақша және көкөнiс, сонымен қатар жемiс - жидек және техникалық дақылдардың тамырларын қатты зақымдайтын паразиттер. Құрттардың жыныстық диморфизмi ерекше. Аталықтары жiп тәрiздi, жiңiшке, ұзындығы 1,2-1,8мм, аналықтары алмұрт немесе құмыра тәрiздi, ұзындығы 0,8-1,0мм.

Топырақ арасына түскен личинкалар өсiмдiктердiң тамырына өтедi. Осы жерде олар тамырдың шырынымен қоректенiп, төрт рет түлеп, өседi. Бұзғынша нематодаcымен зақымданған өсiмдiктер өспей ерте солып қалады. Оларға қарсы әрекеттердiң бастысы - ауруға төзiмдi сорттарды таңдап алу, арам шөптердi құрту, топыраққа нематоцид препараттарын шашу, жабық жайлар (парник) топырақтарының температурасын жоғары көтеру.

Қызылша нематодасы- Heteroderaschachtii көкөнiстiк, мал азықтық, техникалық және қант қызылшасының тамырын зақымдайтын паразит.

Қызылша нематодасы, бұзғынша (галла) нематодасы сияқты жыныстық диморфизмiмен ерекшеленедi. Аталықтары жiп тәрiздi, жiңiшке, ұзындығы 1,0-1,2мм, аналықтары лимон тәрiздi, ұзындығы 0,8-1,3мм.

Топырақ арасына түскен личинкалар қызылша тамырының түбiршiктерiне өтедi. Осы жерде личинкалар қоректенiп, бiрнеше рет түлеп, өсiп, ересек түріне айналып, ұрықтанады. Зақымданған қызылшаның жапырақтары солып, сарғайып қурайды, тамыр - жемiсiнiң құрамындағы қанттық процентi азайып және өнiмдiлiгi төмендейді.

Құрттар, қызылша өсiрiлетiн аудандарда кең тараған. Қазақстан үшiн карантин объектiсi. Қызылша нематодасына қарсы бағытталған агротехникалық шараларды дұрыс қолдану қажет.

Бидай нематодасы- Anguinatritica, бидай және басқа да астық тұқымдастар дақылдарының кең таралған зиянкестерiнiң бiрi және фитонематодтар iшiндегi ең iрiсi. Аналығының ұзындығы 5мм, көлденеңi 0,2мм.

Топырақ арасына түскен личинкалар бидайдың сабағына өрмелеп бидай көгi жапырағының қолтығына шоғырланып, кейiн бидай жас масақтарта бастағанда гүл түйiнiне өтедi. Сол жерде, личинкалардың тiршiлiк әрекетiне байланысты, өсiмдiк клеткаларынан бұзғынша (галла) түзiледi. Бұзғыншаның iшiнде личинкалар өсiмдiк шырынымен қоректенiп, өсiп ересек түрiне айналады да, ұрықтанып, жұмыртқа салады (15000-17000-ға жуық). Жұмыртқалардан шыққан личинкалар бiрнеше рет түлеп, инвазиялық сатысына ауысады. Құрғап кеткен бұзғыншаның iшiнде бұлардың тiршiлiк уақыты анабиоз күйiнде өтедi және осы жағдайда 20 жылға дейiн өлмей өмiр сүре алады.

Spirurida отряды. Өкiлдерi тропикалық, субтропикалық елдерде кең тараған, адамның және жануарлардың қауiптi паразиттерi. Маңызды өкiлдерi Filariidae тұқымдасынан: ришта - Dracunculus medinensis; Банкрофт жiпшесi – Wuchereriabancrofti.

Ришта - Dracunculus medinensis ақшыл түстi, жiп тәрiздi, жiңiшке құрт, аналығының ұзындығы 32-100см, аталығы-2см. Риштаның дамуы иесін алмастыру жолымен өтедi. Ересек түрлерi адамның терiсiнiң астында дәнекер тканінде тiршiлiк етiп, дененi iрiңдетiп (ойық жара) жарақаттайды. Iрiңнiңiшiнде аналығы шумақталып бүктетiлiп жатады. Ауызы ашылған жарадан, ірің мен бiрге личинкалар сыртқа шығарылып тұрады. Әрi қарай дамуы үшiн личинкалар суға түсiп, аралық иесi циклоптың (шаянтәрiздiлер) денесiне түседi. Циклоптың iшек қабырғасын тесiп дене қуысында микрофилярия деп аталатын келесi личинка сатысына айналады. Егерде, адам сумен бiрге циклопты жұтса, онда микрофилярия адамның iшегiн тесiп, қан тамырлары арқылы терi астының дәнекер тканіне енiп, сол жерде мекендеп ересек формасына айналады.

 

БУЫЛТЫҚ ҚҰРТТАР ТИПI - ANNELIDA

 

Аннелидтер (латынша "annulus"- сақина) немесе буылтық құрттар типi- жоғарғы сатыдағы құрттар, целом қуысты (Coelomata) жануарлар. Буылтық құрттар төменгi сатыдағы құрттардан морфологиялық жағынан да, биологиялық жағынан да ерекше. Бұлардың денесi кезектесiп қайталанып келетiн сегменттерден немесе метамерлерден (сақина тәрiздi буылтықтардан) құралған. Дене сегмент аралықтары қыналған белдеумен бөлiнiп тұрады, әрi iшкi мүшелерi де сегменттелген, яғни сыртқы метамериясы iшкi метамериясына сәйкес. Тағы бiр ерекшелiгi дененiң екiншi қуысы немесе целом қуысы бар. Ол бiрiншi қуысты (схизоцель) ығыстырып, өзiндiк қабықталған қабаты бар қуысқа айналады. Қуыс сегменттелген және сұйық затқа толы. Целомның (қуыстың) қалыптасуына байланысты қан айналу жүйесi де дамыған.

Буылтық құрттардың денесi арқа - құрсақ (дорзо-вентральды) бағытына қарай жалпақтау, ұзындығы бiрнеше миллиметрден 2,5 метрге дейiн. Буылтық құрттар теңiздерде, тұщы суларда, топырақтарда кездеседi, паразиттiк тiршiлiк ететiн өкiлдерi де бар, 9000-ға жуық түрлерi белгiлi.

Буылтық құрттар типi екi тип тармағына бөлiнедi: белдеусiздер - Aclitellata және белдеулiлер - Clitellata.

 

БЕЛДЕУСIЗДЕР ТИП ТАРМАҒЫ - ACLITELLATA

 

Белдеусiздер тип тармағына - теңiздерде тiршiлiк ететiн, дара жынысты, жыныс сегменттерiнде белдеулерi болмайтын, дамуында трохофора деп аталатын личинкасы бар құрттар жатады. Бұларға бiр класс жатады - көпқылтандылар - Polychaeta.

 

КӨПҚЫЛТАНДЫЛАР КЛАСЫ - POLYCHAETA

 

Полихеттердiң 5000-нан астам түрi бар, көпшiлiгi теңiздерде тiршiлiк етедi, тек Manayukia baicalensis тұщы суларда кездеседi. Денелерiнiң ұзындығы бірнеше миллиметрден үш метрге дейiн (Eunice gigantea). Басым көпшiлiгi жүзiп, ал кейбiреулер бекiнiп немесе топырақты қазып тiршiлiк етедi, "үйшiктер", түтікшелер жасайды. Паразиттiк тiршiлiк ететiн түрлерi де кездеседi.

КЕЗБЕШІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ –ERRANTIA

 

Бас қалақшалары және параподиялары жақсы дамыған, сегменттерi гомономды, нефридиялары метамерлi орналасқан, көбiнесе еркiн жүзiп немесе жорғалап жүретiн жыртқыштар.Теңiз жағалауларында, литораль аймағында мекендейдi, 1 метрден 8 метрге дейiн тереңдiкте де кездеседi, ал Alciope vanadis- планкттонды, мөлдiр полихет. Негiзгi тұқымдастары: Aphroditidae, Phyllodocidae, Tomopteridae, Syllidae, Nereidae, Eunicidae.

Polygordiidae, Protodrilidae тұқымдасының өкiлдерi су түбiн қазып, ал Dinoph ilidae - жiп тәрiздi балдырлардың арасында тiршiлiк етедi. Денелерi өте ұсақ, қарапайым құрылысты. Бұлар алғашқы полихеттерге (Archiannelida) жатады.

Myzostomida тобындағы полихеттер тiкентерiлiлердiң (теңiз жұлдызы, теңiз

ОТЫРҒЫШТАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - SEDENTARIA

 

Бас қалақшалары және параподиялары нашар дамыған, кейде редукцияға ұшыраған, сегменттерi гетерономды, нефридиялары және желбезектерi дененiң алдыңғы сегменттерiнде орналасқан, iн қазып немесе түтiкше, "үйшiк" жасап, солардың iшiнде тiршiлiк етедi, ұсақ организмдермен, детритпен қоректенетiн жануарлар. Негiзгi тұқымдастары: Arenicolidae, Chaetopreridae, Serpulidae, Sabellidae. Құм құрттары (Arenicola marina), ұзындығы 30 см-ге дейiн, құмға iнсалып, қалғандары терiсi шығаратын заттардан жасалынған мүйiздi, iзбестi түтiкшенiң iшiнде тiршiлiк етедi. Отырғыштар теңiз формалары, тек Manayukia baicalensis (Sabellidae тұқымдасынан) тұшы суларда кездеседi. Байқал көлiнде табылған.

 

БЕЛДЕУЛIЛЕР ТИП ТАРМАҒЫ – CLITELLATA

Бұл тип тармағының өкiлдерi топырақта, тұщы суларда тiршiлiк ететiн, гермафродиттi, жыныс сегменттерiнде белдеу аймағы (clitellum) бар, личинкасыз дамитын жануарлар.Тип тармағы екi класқа бөлiнедi: азқылтандылар - Oligochaeta және сүлiктер - Hirudinea.

 

АЗҚЫЛТАНДЫЛАР КЛАСЫ – OLIGOCHAETA

 

Олигохеттердiң 3400-ге жуық түрi бар.Топырақта, тұщы суларда тiршiлiк ететiн гермафродиттi буылтық құрттар. Жыныс жүйесi денесiнiң алдыңғы сегменттерiнде жинақталған.

Классификациясы. Азқылтандылар класы екi отрядқа бөлiнеді: найдоморфа - Naidomorpha және люмбрикоморфа - Lumbricomorpha.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2017-01-19; просмотров: 157; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.8.42 (0.054 с.)