Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Елік – косуля - Capreolus capreolus Linnacus, 1758.↑ ⇐ ПредыдущаяСтр 3 из 3 Содержание книги
Поиск на нашем сайте
Қазақстанда Алматы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Көкшетау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының орман – жоталарында таралған. Ертеректе дәмді еті үшін жыл сайын 1000-5400 шамасында елік ауланатын. Қазіргі кезде бар – жоғы әуесқойлық жолмен 200 – 250 елік ауланады. Терісінен сырт киім, аяқ киім, төсеніш, қайыс былғары жасайды. Соңғы кезде етімен қатар мүйізінде пайдалана бастады. Одан түрлі сыйлық бұйымдар жасалады. Арқар - Ovies ammon Linnacus, 1758.
Бұландар туысы (кабырчовые) – Alcer Grаy, 1821. Бұлан – Alcer alser Linnacus, 1758. Бұландар Қазақстанның 10 облысында кездеседі. Әсіресе, Жайық, Есіл, Тобыл, Елек, Ертіс өзендерінің бойындағы орман – торғайларда көбірек кездеседі. Дәмді етімен сәнді мүйізі үшін есепсіз аулау нәтижесінде Қазақстанда XIX ғасырдың аяғында бұлан саны күрт азайып кеткен. Одан кейін қорғауға алу нәтижесінде оның саны өсіп, 1972 жылдан бастап бұл аң арнаулы рұқсат қағазы бойынша ауланатын болды. Республика жерінде бұланның негізгі мекендері – қайың, самырсын, шырша, қарағай өскен орман алқаптары. 2) Құдырлар тұқымдасы (кобырчовые) – Moschidae Grаy, 1821. Қазақстанда бұл тұқымдасқа бір туыс – құдырлар жатады. Құдыр туысы – Moschus Linnacus, 1758. Республикамызда Шығыс Қазақстан облысының таулы, қылқан жапырақты аудандарында таралған. Жалпы есеп бойынша Қазақстанда шамамен 1000-1200 құдыр бар. Ерте уақыттан бері Шығыс және Еуропа медицинасында және парфюмерия өнеркәсібінде құдырдың «мускус» бездері қолданылған. Соңғы жылдары құдырдың саны өте аз болғандықтан, Қазақстанда әуесқойлық жолмен жылына оның 15-20 – сы ғана ұсталады. 3) Жабайы шошқалар (қабандар) тұқымдасы (свиньи) – Suidae Gray, 1821. Шошқалар немесе доңыздар – жұптұяқтыларға жататын орташа келген жануар. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Әсіресе, Алматы, Қызылорда облыстарында көбірек кездеседі. Доңызды қамыс құрақты қопалар мен батпақты жерлердің тұрғыны деп есептейді. Іле Алатауында олар теңіз деңгейінен 1000 м биіктіктен 3500 м биіктікке дейін кездеседі. Жабайы шошқа тұяқтылардың ішінде кәсіптік және әуесқойлық жолмен ауланатын аңның бірі. Орта есеппен әр доңыз 50 кг ет, 10 кг май, 250 дм2 тері және 0,5 кг қыл береді. Республикамызда жылына 2500 жабайы шошқаны аулап 100 т сапалы ет дайындап тұруға болады. VII.Тақтұяқтылар отряды. Бұл отрядқа қазірде 3 тұқымдас (жылқы, тапир, мүйізтұмсықтар) жатса, Қазақстанда тек жылқы тұқымдасына жататын түрлері кездеседі. Жылқылар тұқымдасы. Тұқымдастың өкілдері ашық далада тіршілік етуге бейімделген. Африкада және Азияда таралған. Жабайы жылқылар – үй жылқыларының тегі. Қазақстанда бұл тұқымдасқа жататын 1 түр – құлан тіршілік етеді. Құлан – Equus hemionus Pallas, 1775. Республикамызда жойылып кеткен құландарды жерсіндіру 1953 жылы басталды. Сол жылы Арал теңізіндегі Барсакелмес аралына Түркіменстаннан әкеліп, 8 құлан жіберілді. 1982 жылдан бастап құландарды Қапшағай мемлекеттік қорық аңшылық – шаруашылығына жерсіндіру жұмысы қолға алынды. Ал 1986 жылы Бетпақ даланың оңтүстік шығысында Андысай шағын қорығына жіберілді. Бұл аталған аудандарда құлан жақсы өніп - өсуде. Өткен ғасырда шипалы, дәмді еті үшін кәсіптік жолмен ауланатын аңдардың бірі болатын. Оның бауыры көз ауруларын емдеуге, ал майлары қияқ, туберкулез ауруларын емдеуге пайдаланылған. Сол кезде қазақтар қысқа азық ретінде құлан етін көптеп дайындайтын болған.Қазіргі кезде бұл аса бағалы аңның саны бүкіл дүние жүзінде азайып кетті. Сондықтан да құлан халықаралық және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізіліп, қорғауға алынған. Қазақстанда келешекте Үстіртте, Еділ – Жайық өзенді аралығында, Бетпақ дала мен Балқаш көлі маңында құландар қайта толатын болады. (Бекенов және т.б., 1999)
Құлан – Equus hemionus Pallas
VIII. Ескекаяқтылар отряды – Pinni – Pedia Jlliger, 1811. Ескекаяқтылар уақытының көпшілігін суда өткізеді. Олар демалу, шағылысу, бала туу және түлеу үшін жағаға шығады. Бұл отрядқа итбалықтар тұқымдасы (настоящие тюлени)-Рһосіdae Gray,1821 жатады. Бұл тұқымдасқа жататын андардың суда тіршілік етуіне байланысты дене құрылымында сол ортаға бейімделген терісі болады. Итбалық дене тұрқы 1,2 м-ден 6,5 м-ге дейін, салмағы 50-60 кг –нан 2-3,5 т-ға дейін болады Қазақстанда оның бір-ақ түрі-Каспий итбалығы ғана кездеседі. Каспий теңізінде мекендейтін итбалық жалпы саны шамамен 500-600 мыңдай. Каспий итбалығы - кәсіптік маңызы бар аң, XVIII-XIX ғасырларда жыл сайын 160 мыңға жуық итбалық терісі дайындалған. Олардың майлары пайдалы, терілерінен әйелдердің ішіктері, бас киімдері тігіледі. Майын және белогын медицинада және парфюмерияда кеңінен қолданады. Итбалықтың майын былғары жасау, сабын қайнату, кейде медициналық «балық» майын жасау үшін пайдаланады. Нағыз итбалықтар (Настоящие тюлени). Жоғарғы қатар, солдан оңға: гренландия итбалығы (гренландский тюлень), буылтық нерпа (кольчатая нерпа), каспий итбалығы (каспийский тюлень), ларга. Төменгі қатар, солдан оңға: теңіз қояны (морской заяц), тюлень Уэделла, теңіз қабыланы (морской леопард), жерорта теңізінің итбалығы (средиземноморский тюлень-монах) БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ: 1. Қазақстандағы территориялық белгілері 2. Өсімдіктерді территориялық белгілері бойынша аудандарға бөлу 3. Солтүстік Қазақстанның ресурстық ерекшеліктері 4. Шығыс Қазақстанның ресурстық ерекшеліктері 5. Оңтүстік Қазақстанның ресурстық ерекшеліктері 6. Батыс Қазақстанның ресурстық ерекшеліктері 7. Солтүстік Қазақстанның бағалы өсімдіктер қоры 8. Шығыс Қазақстанның бағалы өсімдіктер қоры 9. Батыс Қазақстанның бағалы өсімдіктер қоры 10.Оңтүстік Қазақстанның бағалы өсімдіктер қоры № 14 Тақырып Қазақстанның негізі кәсіптік ауланатын және сирек кездесетін жануарларын есепке алу қажеттілігі туралы және оның тәсілдері
· Қазақстанның негізгі кәсіптік ауланатын және сирек кездесетін жануарларын есепке алу тәсілдері туралы түсінік · Арқарды, ақбөкенді және ителгіні есепке алу тәсілдері
Қазақстан Үкіметінің 1995 жылғы 21 тамыздағы Қазақстан Республикасы территориясында жануарларды мемлекеттік есепке алу және жануарлар дүниесіне мемлекеттік кадастр жүргізу туралы №1153 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Зоология институтының жетекші ғалымдары «Қазақстанның негізгі кәсіптік ауланатын және сирек кездесетін жануарларын есепке алу тәсілдерін» (2003) дайындап ұсынды. Бұл жұмыстың жауапты редакторы – профессор А.Б. Бекенов. Жануарларды есепке алу тәсілдері біріңғай жоспармен жасалған, оның ішінде кіріспе, есептеудің қазіргі бар тәсілдері сипатталған және олардың экологиялық дәлелдеуі бар. Региондар және есептеуді жүргізудің мерзімдері көрсетілген. Ұйымдастыру дайындық бөлігінде дайындалу тәртібі және қажетті құжаттарды дайындаудың реті, қаражат және еңбек шығындары, сонымен бірге есептеудің орындаушыларды нұсқаудан өткізіп дайындау регламенттері берілген. Қажетті мәліметтер жинау реті және есептеу маршруттарын алдын ала жоспарлау толық сипатталған. Жануарларды нақты есепке алудың реті және жүйелілігі, популяциялар құрамын анықтау және есептеу мәліметтерін жазу формалары толық сипатталған. Жануарларды кәсіптік аулаудың мөлшерін анықтау реті келтірілген. Методикалық нұсқаудың соңында жасалған жұмыс туралы қалай есепті құрастыру керек екендігі туралы ұсыныс берілген. Зоология институты мамандары жасаған методикалық нұсқауды Қазақстанның барлық аймақтарында, ландшафтарында жануарларды сапалы есепке алуды ұйымдастыруға пайдалануға болатындығы туралы айтылған. Жоғарыда аталған методикалық нұсқауда ақмарал (блогородный олень), арқар, Үстірт арқары, суырлар (сурки), жұпар тышқан (выхуколь), ителгі (балабан), бүркіт (беркут), аққұйрық су бүркіті (орлан белохвостый), қырғауыл (фазан) және шек дуадақ (джек) сияқты негізгі кәсіптік ауланатын, сирек кездесетін және өте пайдалы жануарларды есептеу тәсілі берілген. Аталған методикалық нұсқау орыс тілінде жазылғандықтан, біз бұл оқу құралдарын қазақ топтары студенттеріне түсінікті болу үшін сол жоғарыда аталған «Методы учета основных охотничье-промысловых и редких видов животных Казакстана» (2003) жинағынан тек ақбөкенді (сайгак) және ителгіні (балабан) есепке алу тәсілдері туралы мәліметтер келтіріп кетейік. Ақбөкен (сайгак). Ю.А.Грачев (2003) ақбөкенді есепке алудың мынандай тәсілін ұсынды. Есепке алу тәсілдері. Ақбөкендер, негізінен, шөл, жартылай шөл және дала аймақтарының ашық және тегістік кеңістіктерін мекендейді. Олар Қазақстанда батысында Каспий теңізі және Еділ өзені, шығысында Балқаш көлі, оңтүстігінде Тянь – Шань таулары, солтүстігінде Орынбор облысы шекарасына дейінгі кең - байтақ кеңістікті мекендейді. Мұндай үлкен территорияда ақбөкендердің жалпы саны жер бетіндегі тәсілдермен анықтау мүмкін емес, сондықтан оларды есепке алудың жалғыз жолы – ол авиацияны пайдалану. Қазақстанда ақбөкендерді авиация көмегімен есепке алу XX ғасырдың 50-жылдарынан басталды. Есептеу тәсілдері Зоология институтының сүтқоректілер лабораториясында жасалды. (Раков, 1957; Фадеев, Слуцкий, 1982 және т.б.; Ю.А.Грачев, 2003), сол саладағы бұрыңғы істелген жұмыстарды пайдалана отырып, өзінің методикалық нұсқауын ұсынды. Региондар және есепке алуды жүргізу мерзімдері. Ю.А.Грачев (2003) бойынша Қазақстанда ақбөкендердің 3 популяциясы мекендейді: 1) Бетпақдала және оған жақын территориялар; 2) Үстірт және оған жақын территориялар; 3) Орал – Еділ өзендері аралықтары. Бұл айтылған популяциялар бір-бірімен араласпайды. Сондықтан оларды есепке алу әрқайсысында жеке жүргізілу керек. Соңғы мәліметтер бойынша (Грачев, 2008; «Караван» газеті 2008 жылы №31 (053) 1 тамыз) Қазақстандағы ақбөкендер саны – 60 мың Қазақстанда 1970 жылдары ақбөкен саны 1 млн шамасында болған. Ақбөкендерді есепке алуды көктем шыққанда қар ерігеннен кейін жүргізген дұрыс, өйткені осы кезде ақбөкендердің ақ түрлері өсімдіктер жабынының және топырақтың қара күрең фонында жақсы көрінеді. Оған қосымша осы мезгілде ақбөкендердің миграциясы басталып, олар қыстаған жерінен солтүстікке қарай қоныс аудара бастайды және салыстырмалы аз территорияда болады. Тағы бір ескеретін нәрсе, егерде ақбөкендерді есепке алуды жаз айларының соңында жүргізген болса, онда жоғарыда келтірілген артықшылықтар болмайды: 1) ақбөкендердің терісінің сарғыштануы олардың күнге күйіп кеткен өсімдіктер жабыны фонында есепке алуды қиындатады; 2) жаз айларында ақбөкендердің таралу территорясы мөлшері көктеммен салыстырғанда анағұрлым артық болады. Сондықтан санақ жұмыстарын жүргізу экономикалық жағынан шығынды көбейтеді. Есептеу жұмыстарын қыс айларында жүргізу тиімсіз, өйткені ақбөкендердің терісінің ақ түрлерін қарда ажырату қиын. Көктемде ақбөкендерді есептеу жұмыстарын жүргізу ең қолайлы мерзім 20 наурыздан 2 сәуірге дейін, климат жағдайына байланысты шамалы ауытқулар болуы мүмкін. Ұйымдастыру-дайындық жұмыстары. Құжаттарды дайындау. Қазіргі уақытта ақбөкендерді есепке алу жұмыстарына методикалық жетекшілік ететін –Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Зоология Институты, ал есепке алу жұмыстарын жалпы ұйымдастыру және қаражаттандыру жағын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігіне қарайтын.”Охотзоопром” өндірістік бірлестігі қамтамасыз етеді. Қаржы және еңбек шығыны. Қазіргі уақытта ақбөкендерді есепке алуды қаржыландыруды өндірістік бірлестік ”Охотзоопром” қамтамасыз етеді. Қазақстан территориясындағы ақбөкендерді авиация көмегімен есепке алу үшін 160-200 сағат ұшу керек. Ол үшін әртүрлі ұшақтарды пайдалануға болады. Мысалы, ЯК-18,АН-2 немесе тікұшақтары. АН-2 ұшағымен және тікұшақпен ақбөкендерді есептеу үшін ең кем дегенде 3 адам болуы керек. 1 адам пилоттың кабинасында, 2 адам оң және сол қанаттары жағында отыру керек. Жұмысты техникалық қамтамасыз ету. Ақбөкендерді есептеуді авиация күшімен жүргізуге жарайтын ұшақтар – АН-2, ЯК-18, тікұшақтар – КА-26, Ми-4, МИ-8 және т.б. Ұшақта есептеушілерге қажетті құрал-жабдықтар: 1) журнал, 2) қалам, 3) кішкентай магнитофон, 4) фотоаппарат, 5) дүрбі, 6) топаграфиялық карта маштабы: 1: 1000000 немесе 1:5000000 болуы керек. Орындаушыларды дайындау және оларға нұсқау беру. Есеп жүргізетін авиа бригада есептеу жұмыстарына қатысып жүрген қызметкерлерден құралады. Бригада құрамына жұмыстың жетекшісі, сол және оң борттарындағы бақылаушылар кіреді. Есептеу жұмыстарынан бұрын қатынаспаған қызметкерлермен ұшар алдында және ұшып бара жатқанда тәжірибелі қызметкерлер жаттығулар жүргізу керек. Алдын ала және қосымша мәліметтер жинау. Жұмысты бастау алдында жануарлар жайылатын территориялар туралы сұрау жүргізіп, мәліметтер жинау қажет. Жануарлардың шоғырланған аудандарды аң аулау инспекциясы қызметкерлеріне, аңшыларға, жергілікті ұшақтардың ұшқыштарына белгілі болады. Мұндай алдын ала жүргізген жұмыстар нәтижесінде ұшудың санын азайтып, қаражатты үнемді жұмсауға мүмкіншілік береді. Есеп жұмыстары жүргізілетін территорияны алдын ала бөлу. Алдын ала жұмыс жүргізілетін территорияларды картаға қарап бір күнде бітіруге болатын учаскелерді бөліп қою қойылған мақсатқа сәйкес болады. Мұндай алдын ала картаға қарап бөліп қою жұмыстары сол жергілікті территориялардың физика-географиялық жағдайын әртүрлі құрылыс объектілерін және т.б. нәрселерді ескере отырып жасалуы керек. Мысалы, ақбөкендердің Бетпақдаладағы популяцияларын есепке алу жұмыстары жеке:1) Мойынқұм шөлінің, 2) Шу және Шу-Іле таулары аралықтарының, 3) Қазақ таулы өлкесі мен Арал маңындағы Қарақұмдар арасының,4) Сарысу өзені және Қарақан көлі арасының және т.б. ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілуі керек. Ал ақбөкендердің Үстірттегі популяцияларын есепке алуда жеке көңіл бөлінетін нәрселер: 1) Атырау Октябрьск темір жолымен Ембі өзені арасы; 2) Ембі өзені мен Солтүстік Үстірт аралығы және т.б. Ал енді ақбөкеннің Оралдағы популяциясын есепке алғанда жеке көңіл аударатын учаскелер: 1) Орал мен Қамыш Самарск көлдері аралығы, 2) Хакисор сор топырақтары және Қамыш Самарск көлдері аралығы және т.б. Есептеу жұмыстары жүргізілетін территорияларды былайша алдан ала карталарды зерттеп, учасклерге бөлу дұрыс бағытта жұмыс жүргізіп алынған мәліметтерді жергілікті жер ерекшеліктеріне байланысты өңдеуге мүмкіндік береді. Далалық жұмыстарды жүргізу. Ауа райы жағдайы және есептеу жұмыстарын жүргізу уақыты. Ақбөкендерді есепке алу ұшақ ұша алатын ауа райы жағдайында ғана мүмкін. Жел қатты болса ұшақпен есептеу жұмыстарын жүргізу қиынға соғады. Жұмыстың жетекшісіне мұндай, яғни қатты жел болған жағдайда маршрутты картаға түсіру қиынға соғады. Сондықтан таң ертең және кешкі сағаттарда желсіз күндерде ұшқан дұрыс нәтиже береді. Бақылау жүргізу және жазып алу. Ақбөкендер Қазақстанда өте кең кеңістікте таралғанына байланысты оларды есепке алу жұмыстары сол территориялардың кейбір учаскелерінде ғана жүргізіледі де, олардың жалпы санын экстраполяция (бір құбылыстың бір бөлігіне қатысты жасалынған қорытынды оның басқа бөліктеріне де тарату) әдісімен есептеп шығарады. Ақбөкендерді есепке алу бір-бірінен 10-15 км қашықтықта қатарласа салынған маршруттарда жүргізіледі. Ол маршруттар әдете солтүстіктен оңтүстікке немесе батыстан шығысқа қарай салынады. Маршруттардың бағытары әр региондағы ақбөкендер миграциясының ерекшеліктеріне байланысты салынады. Жануарлардың жасын және жынысын анықтау. Қосымша мәлімет ретінде мүмкіншілігінше ақбөкендердің жынысын көрсеткен дұрыс, негізінен мүйіздері бар - жоқтығына байланысты. Ол үшін дүрбіні пайдаланады. Кейде жануарлардың тек еркектерінен немесе тек ұрғашыларынан құралған үйірлері кездеседі, ал жиірек олар аралас болады. Ақбөкендердің жынысын толығырақ анықтау үшін қосымша төменірек ұшулар ұйымдастырылады және фотоаппараттар пайдаланылады. Жануарлардың санын есептеу. Бастапқы мәліметтерді есептеуге дайындау. Борттағы журнал бойынша картада көрсетілген маршруттарда ақбөкендердің кездескендерін белгілейді. Ақбөкендердің кездескен нүктелерін келесі маршруттардағы нүктелерімен қосып салыстыру арқылы олардың жалпы мекендейтін территориялары қосылады, яғни контуры жасалады. Әр бір маршруттағы ақбөкендердің саны есептеледі. Картадағы ақбөкендер мекендейтін учаскелердің бәрі есептеліп, ақбөкендердің таралған территориясының ауданы есптеледі. Жануарлардың санын есептеудің реті. Экстрополяцияланған жануарлар саны (N) мынадай формуламен есептеледі: 1 n N = z (S – q) + n,z = —— ∑ z1, z1 = —— (1). K 1 q1 Мұндағы z – барлық маршруттардағы жануарлардың орташа тығыздығы; S – экстраполяция жасалатын территорияның мөлшері, км2 ; q-барлық маршруттардағы есептеу учаскелердің мөлшерінің жиынтығыы; n-барлық маршруттардағы кездескен жануарлар саны; n1 – бірінші маршруттағы кездескен жануарлар саны; q1 - бірінші маршруттағы есептеу ауданының мөлшері, км2 ; z1 - бірінші маршруттағы жануарлардыың тығыздығы; K – маршруттар саны; ∑ - барлық маршруттар мөлшерінің жиынтығы.
Экстрополяцияланған сандардың m(n) статистикалық қателігі мынандай формула бойынша есептеледі.
S(S-9) m (n) =√ — ∑ (z-z) (2). K(K-1)
Егер есептеу бірнеше жеке учаскелерде жүргізілген болса (а,б) және ол учаскелер бір-бірінен әртүрлі қашықтықта орналасса, онда территориядағы жануарлар санын бағалау (N0) сол жеке учаскелердегі сандарын қосады.
(N0) = Na+Nb+ Мұндағы Na Nb – «а» және «б» учаскелеріндегі сандарын №1 формула көмегімен есептеп бағалау. Барлық территориялардағы жануарлардың экстрополяцияланған сандарының статистикалық қателігі (m(N0)) мынадай формуламен есептеледі:
m(N0) = √m2 (Na)+m2 (Nb)+……….(3) Мұндағы m(Nа), m(Nв) – учаскелердегі жануарлардың санын бағалаудағы №2 формула бойынша есептегендегі статистикалық қателігі. Барлық территорияларда (z0) жануарлардың орташа тығыздығы мынадай формуламен есептеледі:
Z0 = N0 ∕ S0 (4) S0 - учаскелердің қосылуынан шыққан территориялардың ауданы. Жануарлардың санын бағалаудың сенімді шегін есептеу үшін қосымша мөлшер А есептеліп шығарылады.
A = m(N0) / N0 – n0 (5) Мұндағы n – барлық учаскелердегі есептеу маршруттарында кездескен жануарлардың жалпы саны. Одан әрі мөлшері есептеледі.
t1 = 1/(0,61+A) t2 = 3,28 – t1 Бұл формула көмегімен төменгі (Nm) және (Nж) сенімді шектерін бағалайды (сенім деңгейі 95% болған жағдайда). Мынандай формула бойынша:
N1=N 0 - t1 * m (N0) Na = N0 + t2 m (N 0)
Есепті құрастыру. Есеп құрамында мынадай бөлімдер болуы керек. 1. Жалпы бөлім. 2. Ақбөкендердің санын есептеу. 3. Ақбөкендердің экологиясы туралы мәліметтер. 4. Алынған мәліметтерді талқылау. Жалпы бөлімде жүргізілген есеп жұмыстары туралы негізгі мәліметтер: мезгілі, есептеуге қатысушылар құрамы, авиатехника типтері, жұмыс жүргізу жағдайы, Ауа райы туралы, ұшқан сағат саны, маршруттардың ұзындығы, зерттелген территория ауданы, кездескен ақбөкендердің жалпы саны. «Ақбөкендердің санын есептеу» бөлімінде ақбөкендердің саны туралы бастапқы, алғашқы мәліметтер әртүрлі тығыздықтағы популяциялар бөлу арқылы дәлелденді. Маршруттар және ақбөкендердің шоғырланған жерлері көрсетілген карта-жоба тіркеледі. «Ақбөкендер экологиясы туралы мәліметтер және олардың территориялық таралуы» бөлімінде ақбөкендердің кеңістікте таралуы қысқаша сипатталады, олардың осы жылғы өнімділігі, жыныстық және жастық құрамы туралы мәліметтер келтіріледі. «Алынған мәліметтерді талқылау» бөлімінде түр популяциясының жалпы жағдайына талдау жасалады, өткен жылдармен салыстырғанда санын және кеңістіктегі құрамының өзгеру бағыттары көрсетіледі. Ителгі (балабан) Ителгіні есепке алудың тәсілін Н.Н.Березовников (2003) ұсынған, төменде сол тәсілдің жобасы келтірілген. Есепке алу тәсілдері. Маршруттық іздеу тәсәлдері. Ителгілердің мекендей алатын, ұя салатын жерлерін жаяу немесе машинамен аралап шығу. Мұндай жерлерге бос жартастар массивтері және тау сілемдері, арналар, өзендер бойындағы жарларды және қарағайлы ормандардың шеткі учаскелерін жатқызуға болады. Автомобиль тәсілі Машинамен ұзақ маршруттарға шығып, барлық кездескен ителгілерді тіркеуге алу. Күз, қыс кезеңдеріндегі жұмыс нәтижелі болады, өйткені бұл мезгілдерде ителгі жиірек кездеседі. Әсіресе, тау және өзен аңғарларында, көп ойпаттарында, тау баурайларында, электр желісі бойында. Авиация көмегімен есептеу Есептеу жұмыстары, негізінен МИ-8 тікұшағын пайдаланылып жүргізіледі. Тікұшақта ұшқыштан басқа 5 есептеуші отыру керек, 2 адамнан сол және оң бортта, 1 адам ұшқыштың кабинасында, әр есептеуші қызметкерлер барлық ителгілерді кездескен уақытын көрсетіп жазулары керек. Бақылау алаңдарындағы есептеу жұмыстары. Бұл тәсіл, негізінен ерекше қорғалған территорияларда, қорықтарда, ұлттық саябақтарда қолданылады, аталған ерекше қорғалатын территорияларда ителгілердің ұялары жыл бойы бақылауда болады. Мысалы, бұл тәсіл Наурызым қорығында жақсы нәтиже береді. Элеваторларда есептеу жұмыстарын жүргізу. Қазақстанның Оңтүстік–Шығыс региондарында (Алматы, Талдықорған, Жамбыл, Шымкент, Қызылорда және т.б.), ірі-ірі элеваторларда және нан өнімдерін шығаратын комбинаттарда кептерлер және торғайлар (воробьи) көптеп шоғырланған. Ителгі аталған құстарға шабуыл жасайды. Сондай жерлерде биік үйлердің шатырында отырып дүрбі жәрдемімен ителгілерді санайды. Региондар және есептеуді жүргізу мезгілдері. Ителгілердің Қазақстанда кең таралуына байланысты есептеу жұмыстарын ұйымдастыру облыстық принциптер бойынша жүргізу мақсатқа сәйкес болады. Есептеу жұмыстарын ителгілердің мекендейтін аудандары соңғы жылдары белгілі болған облыстарда жүргізуден бастау керек. 1. Алматы облысы (Шу-Іле таулары, Кіндіктас, Беріктас, Торыайғыр, Боғыты, Сюгаты, Кетмен, Шарын, Жоңғар Алатауы сілемдері, Матай, Шолақ, Малайсары, Шебенді және т.б.). 2. Шығыс Қазақстан облысы (Тарбағатай жотасының солтүстік және батыс беткейлері, Мыңырақ, Зайсан, Қалбы тау өлкесі, Нарын жотасының сілемдері, Күршім таулары, Арқарлы, Арғанат, Қарақұлтас, Шығыстану, Делбегетей, Семейтау және т.б. таулары). 3. Қостанай облысы (Наурызым қарағай ормандары, Терсек, Аман-Қарағай, Сыпсын). 4. Маңғыстау облысы (Үстірт, Маңғышылақ тау массивтері). Басқа облыстарда мәліметтер жиналуына байланысты учаскелер белгіленіп бөлінеді. Есептеу жұмыстарын сәуір-мамыр айларында ителгілер ұя салатын мерзімде жүргізген дұрыс. Ұйымдастыру-дайындау жұмыстары. Құжаттарды дайындау. Ителгілерді есепке алу жұмыстары тапсырыс беруші мекеме және тапсырыс орындаушы мекемелердің бір-бірімен келісілген бұйрықтары бойынша жүргізіледі. Бұл бұйрықта орындаушылар жұмыс жүргізілген орындар, есептеу уақыты көрсетіледі. Қаржы және еңбек шығыны. Есепке алу жұмыстары мемлекеттік қаржыдан және табиғатты қорғау қоры есебінен жүргізіледі. Есептеу жұмыстарының жалпы бағасы авиатехниканы, автомашинаны жалға алу бағасынан, жұмысты орындайтын қызметкерлердің далалық және ғылыми өңдеу жұмыстарын төлеуден және осы жұмыстарды орындауға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға кеткен қаржыдан құралады. Техникалық қамтамасыз ету. Ителгілерді есепке алу үшін жалғыз жерлерде жүре алатын автомашиналар, УАЗ-469, джиптер, ал ұзақ уақытқа экспедицияға шығу үшін жүк машиналары ГАЗ-66 және т.б. керек. Әрбір есептеуші қызметкерде 10-12 рет үлкейтетін дүрбі, далалық күнделік, сағат, қалам, қарандаштар болуы керек. Әрбір есептеуші топта бинокулярлық телескоп (100 есе үлкейтетін), координаттарда анықтауға геогрофиялық авигациялық жүйе, ірі масштабты топографиялық карта, теңіз бетінен биіктікті анықтайтын құрал, фотоаппарат жұмысты орындауға қажетті әртүрлі өлшеу құралдары (таразы, штангоциркуль сызғыш, өлшеу ленталары және т.б.) болу керек. Жұмыс орындаушыларды дайындау және инструктаж жүргізу. Ителгілерді есепке алу үшін 2-3 арнайы мамандығы бар мамандардан топ құралады, ол топтың жауапты орындаушысы бекітіледі.Әр топқа бірге еріп жүретін бір аңшы инспектор бекітіледі. Сосын әр облыста жұмыс орындауға қатысушы ретінде жергілікті бір зоолог бекітілуі керек. Далалық жұмыстарды жоспарлау. Алдын ала және қосымша мәліметтер жинау. Есептеу жұмысы алдында бүкіл тиісті әдебиеттерді, фонтдағы материялдарды зерттеп танысудан, орнитологтардан, аңшылардан обаға (чума) қарсы станциялар қызметкерлерінен толық мәліметтер жинаудан тұратын дайындық кезеңінен өту керек. Жүргізілген жұмыстың сапасын арттыру үшін жергілікті халық өкілдерімен тығыз байланысып, олардың берген мәліметтерін дұрыс пайдалану керек. Есептеу жүргізу жоспары үшін территорияларды алдын ала бөлу. Бар мәліметтерге сүйене отырып әр облыстың территориясында таулы және орманды массивтерді өзен арналарына және басқада ителгілер мекендейтін жерлерді бөліп, маршруттық іздеу жоспарлары жасалады. Есептеу маршруттары жасалып картаға түсіріледі. Бақылау жүргізу. Ителгінің болуының көрсеткіштері – саршұнақтардың (суслик), құмтышқандар (песчанка) және торғайлардың (воробьи) болуы. Өйткені бұл аталғандар ителгілердің сүйекті қоректері. Осындай көрсеткіштер болса сол маңайдағы шатқалдарға, жарларға жаяу экскурсиялар жасап, ителгінің ұяларын табуға болады. Сосын сол ұяларды бақылауға алу керек. Табылған ұялар ылғи бақылауда болуы керек. Сосын оның орналасқан жерлері де картаға ендіріліп белгіленеді. Далалық жағдайда зерттелетін құстың түрін анықтау. Ителгі – ірі сұңқар, мөлшері қарғадай. Денесінің жоғары жағы қара-қоңыр, төменгі жағы сары-қызыл, ақшыл, тамшы тәрізді қоңыр нүктелері, қанаттарының және құйрығының астыңғы жағы ала-құла, шұбар. Басы арқасынан ақшылдау. Балауыз – көз айналасындағы дөңгелек және аяғы, пұшпағы (лапы) сары, тұмсығы – көгілдір, мүйіз тырнақтары- қара. Ителгінің ұрғашылары еркектерінен ірілеу. Ұрғашылардың қанаттарының ұзындығы – 370-410 мм, ал еркектерінікі – 375-385 мм, ұрғашыларының салмағы- 1000-1300 гр, еркектерінікі – 700-800 гр. Есепке алу мәліметтерін жазу. Маршруттық ізденіс барысында күнделікке алғашқы мәліметтер жазылады: күні, жотаның аты, шатқал (ущелье, урочища) аты, оның ұзындығы, есепке алу алқабының ені, ұялардың және жалпы кездескен жұптар саны, жеке особьтар саны, маршрут біткеннен кейін бұл мәліметтер есебінің кестесі біріктіріледі (14-кесте). 14 - кесте Ителгілерді маршруттық есепке алу нәтижелері (Березовиков,2003)
Автомабильмен есептегенде күнделікті маршруттардың күні, айы, жылы, маршруттың басталған және аяқталған нүктелері, есептеу басталған және аяқталған уақыты. Спидометр бойынша қанша км екендігі, кездескен жеке ұялық және территориялық жұптар, кездескен уақыты және жері (шатқал), спидометр көрсеткіші. Бұл мәліметтердің бәрі күнделікті жазылып, картада белгіленеді. Есептеу жұмысы біткеннен кейін алынған мәліметтер өңделіп, 15-кестедегідей дайындалады. 15-кесте Ителгілерді автомобильмен есепке алу нәтижесі (Березовиков, 2003)
Бірнеше географиялық және әкімшілік аудандарда кесіп өткен маршруттық есептеу нәтижелері 16-кестедегідей жинақталады. Ұялар туралы карточка толтырғанда №3 пунктіде мекеннің географиялық аты, шатқал, ең жақын елді мекенге дейінгі қашықтық көрсетіледі. Ұяларды сипаттау мақсатында ұялар туралы карточкалар мынадай формада жазылады (18-кестеде). №4 географиялық навигациялық жүйенің (ГНЖ) көрсеткіші бойынша координаттары келтіріледі. №5 мекен-жайдың қысқаша ландшафтардың сипаттамасы беріледі.
16-кесте Шығыс Қазақстан облысында автомабильді көмегімен ителгілерді есепке алудың нәтижелері 25-31.05.1996 (Березовиков, 2003)
|