Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Asteraceae (астралар - астровые).↑ Стр 1 из 3Следующая ⇒ Содержание книги
Поиск на нашем сайте
Астралар тұқымдасынан негізгі эфир майлы өсімдіктер мыналар: 1. Achillea millefolium (кәдімгі мыңжапырақ - тысячелистник обыкновенный). 2. Achillea setaceae (түкті мыңжапырақ - тысячелистник щетинистый). 3. Chamomilla recutita (дәрілік ромашка - ромашка обыкновенная). 4. Tanacetum vulgare (кәдімгі түймешөп - пижма обыкновенная). 5. Tanacetum pseudaoachillea (жалған мыңжапырақ түймешөбі - пижма ложнотасячелетни-ковая). 6. Ajania fastigiata (қалқан аяния - аяния щитковая). 7. Ajania fruticulosa (бұташық - аяния кустарничковая). 8. Artemisia proceraeformis (бұта жусан - полынь кустарниковая). 9. Artemisia austriaca (австрия жусаны – бөрте жусан -полынь австрийская). 10. Artemisia santoliniflora (Сантолин жапырақ жусан - полынь сантолиолистая). 11. Artemisia obtusiloba (мұқыл жусан – полынь туподольчатая). 12. Artemisia frigida ( мұзжусан - полынь холодная). 13. Artemisia sericea (жібек жусан - полынь шелковистая). 14. Artemisia rutifolia (рутожапырақтыжусан- полынь рутолистая). 15. Artemisia siversianа (Сиверс жусаны – полынь сиверская ) 16. Artemisia dracunlus (шыралжып жусан - полынь эстрагон) 17. Artemisia schenktana (Шренк жусаны - полынь шренкоская). 18. Artemisia saissanica (Зайсан жусаны - полынь зайсанская). 19. Artemisa semiarida (құрғақ жусан – полынь полусуxая ). 20. Artemisia gracillescens (жіңішке жусан - полынь тонковатая). 21. Artemisia lessingiana (Лессинг жусаны - полынь лессинговская). 22. Artemisia albida (ақшыл жусан – полынь почти белая ). 23. Artemisia scoparia (шашақты жусан - полынь метельчатая). Енді осы астраларға жататын 23 эфир майлы өсімдіктің кейбір өкілдеріне қысқаша сипаттама беріп өтейік. 1. Achillea millefolium (кәдімгі мыңжапырақ - тысячелистник обыкновенный). Көпжылдық, биіктігі 20-60 см, тамырсабағы жіңішке жылжымалы. Сабақтары онша көп емес, кейде дара. Қазақстанның орманды, орманды дала және дала аймақтарында және таулардың шалғынды баурайларында көбірек таралған, жалпы алғанда Кавказда, Батыс және Шығыс Сібірде, Орта Азияда, Орталық Европада, Жерорта аймағында, Балқанда, Кіші Азияда, Иранда, Батыс Қытайда, Монғолияда кездеседі. Өсімдіктегі эфир майының мөлшері өсімдіктің фазасына және тіршілік ететін ортасына байланысты өзгереді 0,25-0,46 % және эфир майының құрамында 8-10% цинеол, 30% проазулен, 10-13% борнилацетат, камфор, тунон және тағы басқа қосымша заттар болатындығы анықталған (Горяев, 1952, Гурова, 1974). Кәдімгі мыңжапырақ ғылыми және халықтық медицинада пайдаланылады. Бұл өсімдіктің эфир майлары бактерияларды өлтіретін қасиеттері бар. Косметикада бастың терісінің саңырауқұлақ жұқтырған ауруын емдеуге, күйікті емдеуге пайдаланылады. Сабақтың гүлдеп тұрған жоғарғы бөлігі сүт және арақ-шарап өндірісінде пайдаланылады. 2. Chamonillа recutita (дәрілік ромашка - ромашка обыкновенная). Біржылдық биіктігі - 10-35см. Сабағы түбінен бастап бұтақтанған, тамыр мойнындағы жапырақтары ұзынша, қауырсын немесе екі рет қауырсынды сағақсыз. Үйлердің айналасында, бау-бақшаларда, қоқыс тастарда жерлерде өседі. Бұл өсімдіктегі эфир майының мөлшері 0,5 -0,660мк шамасында (І00 гр құрғақ шикізатта). 3. Tanacetum vulgare (кәдімгі түймешөп - пижма обыкновенная). Көпжылдық, биіктігі - 30-150см, түктенген. Сабақтары дара немесе көп, жоғарғы үш жағында тармақталған тамыр мойнындағы жапырақтары тез өліп қалады, сабақтың төменгі жағындағылары ұзын сағақты, ал жоғарғы жапырақтары сағақсыз. Орман және дала аймақтарында, өзендердің жағасында, алқабында өседі. Бұл өсімдіктің бүкіл жер бетіндегі мүшелері эфир майлы 0,34-0,70% шамасында. Эфир майының құрамында: камфора, борнеол, туион, изотуион, кадинин, фелогдрен, азулендер, кариофиллен, изоболен болады. Кәдімгі түймешөп эфир майлары медицинада орта ғасырлардан бері пайдаланылады. Өйткені бұл өсімдіктің микробтарды өлтіретін қасиеті бар. Бұл өсімдік тамақ және химиялық фармацевтика өндірісінде пайдаланылады. Өсімдіктің жапырақтары ет өнімдерін консервілегенде және кулинарияда тағамдарды хош иістендіру үшін пайдаланылады. 4. Ajania fastigiata (калқан аяния - аяния щитковая). Көпжылдық, биіктігі - 30-90см, қалың түктенгенген содан түсі бозғылт. Сабақтары түптеріндесүректенбейді, қалың жапырақты, ортаңғы және жоғарғы жапырақтары қанатты сағақты. Тасты баурайларда және далаларда, бұталар арасында өседі. Алматы облысы Түрген шатқалында өскен қалқан аяниядаэфир майының мөлшері 0,55-0,71мл шамасында болған. 5. Artemisia santolinifolia (Сантолин жапырақ жусан - полынь сантолиолистая). Жартылай бұта биіктігі – 7-45см, тамыры жуан. Сүректенген, төменгі бөлігінде күшті бұтақтанған. Жапырақтары жұмыртқа тәрізді, қысқа сағақты. Қазақстандатаулардың субальпі белдеуінің тасты, майда тасты тау баурайларында, шалғындық-дала баурайларында өседі. Жалпы таралуы- Оңтүстік Орал, Орта Азия, Батыс және Шығыс Сібір, Монғолия, Қытай, Тибет. Сантолин жапырақ жусаннан алғаш рет эфир майын алған О.А.Прохорова және И.М.Лебедев (1932) жаңа ылғал өсімдіктен 1%, ал құрғағынан 0,46%. Бұлөсімдіктің эфир майының құрамында фенолдар - 16%, альдегидтер - 14%, спирт - 20%, борнеол - 2,3%, крезол - 9%, органикалық қышқылдар - 8% болады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ: 1. Өсімдіктер құрамындағы эфир майлар 2. Эфир майларының шаруашылық маңызы 3. Аромотерапия – ежелгі емдік тәсілі ретінде 4. Қазақстандағы эфир майлы өсімдіктердің түрлік құрамы 5. Эфир майларының емдік қасиеті 6. Қылқанжапырақтылар – эфир майлы өсімдіктердің негізгі өкілдері 7. Орта Азия флорасындағы эфир майлы өсімдіктер 8. Қазақстанда жусанды мәдениелендіру проблемалары 9. Эфир майлары бар медициналық препараттар түрлері 10. Бұрыш жалбыздың емдік қасиеттері 11. Өсімдік майларының типтері 12. Климат факторлардың майдың түзілуіне әсері 13. Майлардың химиялық қасиеті 14. Сұйық майлар туралы түсінік 15. Қатты майларды түзетін өсімдік түрлері 16. Зәйтүн майлардың сипаттамасы 17. Күнбағыс майының шикізаттық маңызы 18. Мақта майының адам өміріндегі рөлі 19. Кастор майының емдік қасиеті 20. Арахис майының тағамдық маңызы Балды өсімдіктер
• Ара шаруашылығының халық шаруашылығындағы маңызы • Тозандану, тозаң, нектар және прополис туралы түсінік • Тозаңдардың химиялық құрамы • Eгiс даласының, бау-бақшалардың, орман алқаптарының және шалғындықтардың бағалы балды өсімдіктері
Ара шаруашылығы ауыл шаруашылығының маңызды қосымша шаруашылығы болып саналады. Ара шаруашылығы көптеген ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруда және малазықтық шөптерге қатысты тұқым шаруашылығында дамытуда бағалы тағам өнімдерін өндіруде табиғат байлығын, өндірістік шикізатты тиімді пайдалануда және де пайдалы медициналық препарат өндіруде өте маңызды рөл атқарады. Азық қорын тиімді пайдаланып, ара шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру шаруашылыққа үлкен табыс әкеледі. Мысалы, кеңес үкіметі кезінде кейбір колхоздарда шаруашылықтағы жалпы табыс-кірістің 35-50 %-ын ара шаруашылығы беретін еді. Одан басқа насекомдармен тозаңданатын дақылдардың аралармен тозаңдануы оған қосымша алдыңғы қатарлы агротехниканы қолдану өнімділікті 20-30 пайызға көтереді. Жоғары өнімді ара шаруашылығы мәдени және табиғи фитоценоздардағы балды өсімдіктерді тиімді, ебін тауып дұрыс пайдалануға негізделген. Сондықтан ара шаруашылығын дұрыс жолға қойып табыс табу үшін сол регион флорасындағы балды өсімдіктерді зерттеп, олардың биологиялық ерекшеліктерін білудің маңызы зор. Нектар (тәтті шірне) беретін өсімдіктер өте көп болғанымен, олардың ішінде мол балдылары өте аз. Балды өсімдіктердің көп не аз болуы ол ара ұяларының тұратын жерінің өсімдіктеріне байланысты. Орманды жерде, әрине балды өсімдіктер көп болады, ал батпақты жерлерде балды өсімдіктер аз болады. Аралардың тіршілігі гүлді өсімдіктермен тығыз байланысты, гүлді өсімдіктердің тұқымдары гүл түйінінің ішінде дамиды және жеміс қабырғаларымен қорғалған. Көп өсімдіктердің гүлдері қосжынысты, бірақ жиі гүлде біздер тек аталықты немесе тек аналықты көреміз, мұндай гүлдер біржыныстық деп аталады. Егерде аталық және аналық гүлдері өсімдіктің бір индивидінде орналасса, оларды бір үйлі, ал әртүрлі индивидтерге орналасса, екі үйлі деп атайды. Бірүйлі өсімдіктерге, мысалы, асқабақ (Cucurbita - тыква), емен (Querсus - дуб), қияр (Cucumis - огурец) сияқты өсімдіктер жатады. Ал екі үйлі өсімдіктерге тал (Salix - ива), терек (Populus -тополь), кенешөп (Cannabis - конопля), құлмақ (Humulus -хмель) жатады. Кейбір өсімдіктердің қосжынысты гүлдерімен қатар бір-жынысты гүлдері бар. Ол гүлдердің екі типі де әртүрлі комбинацияда кездеседі. Мұндай өсімдіктер көп үйлі немесе көп некелі деп аталады. Өсімдіктердің гүл тобына үйеңкінің (Acer - клен) түрлері, шаған (Ғraxinus - ясень), қарамық (Fagоpyrum - гречиха), қауын (Мelо - дынь), күнбағыс (Нelianthus - подсолнечник) және т.б. жатады. Жеміс тек гүлдерде пайда болады, гүлдерде жемістікболады. Жемістің пайда болуы үшін аталықта тозаңдар пісіп-жетіліп әртүрлі жолдармен аналықтың аузына барып түсуі керек. Бұл процесс тозаңдану деп аталады. Содан кейін сперма барып жұмыртқа клеткасымен қосылады. Бұл процесті ұрықтану деп атайды. Табиғатта тозаңдану өздігінен және айқас тозаңдану деп бөлінеді. Екеуін салыстыратын болсақ, әрине айқас тозаңданудың биологиялық маңызы жоғары, айқас тозаңдану табиғатта желдің, судың, насекомдардың, аралардың қатысуымен іске асады. Тозаңдану желдің көмегімен болса анемофильдік өсімдіктер, ал насекомдармен тозаңданғандар энтомофильдік өсімдіктер деп аталады. Тозаңдану және ұрықтану туралы айтқанда табиғат айқас тозаңданудың маңыздырақ екендігін көрсетті. Өйткені өздігінен тозаңдануға жол бермей тозаңданудың айқас болуына біраз бейімделушілік бар екендігін көруге болады. Мысалы, 1) дихогамия - аталық пен аналықтың әртүрлі уақытта пісіп-жетілуі. Егерде аталық ерте пісіп-жетілсе, ал аналық әлі дайын болмаса, оны протерандрия деп атайды, ал егер керісінше болса протерогиния деп атайды. Мысалы, күнбағыс (Heliantһus - подсолнечник) және сылдыршөпте (Sielene - смолевка) аталықтары ерте пісіп-жетіледі, ал бақажапырақта (Plantago - подорожник), шалғындық байменеде (Cardamine - pratensis - сердечник луговой) аналықтары бұрын жетіледі. Табиғатта протерандрия жиірек кездеседі; 2) гетеростилия - аталықтың және аналықтың биіктіктері әртүрлі. Сондықтан өсімдіктің аталықтары және аналықтары бірдей уақытта пісіп-жетілгенімен бір гүлдің өзінде аталықтың тозаңы аналықтың аузына барып түсе алмайды. Мысалы, қарамық (Fagopyrum - гречиха). Өсімдіктерден шырынды және тозаңды жинап аралар оны ұяларына алып барады. Ұяларында шырынды балға айналдырады, ал тозаңдарды пергаға (бал арасының қорегі) айналдырады. Бал және перга - ересек аралардың қорегі, олармен аралардың личинкалары да қоректенеді. Бал және перганы пайдаланған аралар воск - балауыз өндіреді. Бір жылда араның семьясы 90 кг бал пайдаланады. Сол 90 кг-нан қалған бал және балауыз пасеканың (омартаның) товарлық өнімі болып саналады. Ара шаруашылығының маңызы тек өнім, яғни бал алуда ғана емес. Бал өндіретін аралар бал өндіруден басқа бақшалардың, егістіктердің, баулардың өнімділігін арттырады. Өсімдіктер аралармен тозаңданғанда өнімнің мөлшері ғана емес сапасы да артады. Мысалы, ара шаруашылығымен айналысатын ғылыми - зерттеу институтының мәліметтері бойынша арамен тозаңданған күнбағыста толық пісіп - жетілген тұқымдар - 85,3%, ал термин қоршап жауып қойған күнбағыста толық пісіп - жетілген тұқымдар мөлшері 40%болған, ал торды қосымша дәкемен жауып қоршап қойғанда 14,2% ғана болған. Мәскеу жанындағы бірінші көкөніс фабрикасында қолмен тозаңдандыруды арамен тозаңдандырумен салыстырғанда арамен тозаңданғанда 1 гектардан қияр 110кг артық алынған. Аралардың өсімдік гүлдерінен негізгі жинайтындары: 1) нектар; 2) тозаң; 3) клей (прополис). Нектар. Нектарды аралар өздерінің ұяларында өңдеп балға айналдырады. Ол бал араларға қыс бойы тамақ болады. Аралар балмен тек қыс айларында қоректенеді. Өсімдіктерде нектардың екі түрі болады: 1) гүлдік; 2) гүлден тыс пайда болатын нектарлар. Гүлдік нектарлар гүлдің барлық мүшелерінде кездесуі мүмкін: тостағаншаларында, күлтелерінде, аталықтарында және аналықтарында. Гүлден тыс пайда болған нектарлар: жапырақтарда, жапырақ сағақтарында, сабақтарда және гүл жапырақтарының болуы мүмкін. Нектарлар өте қарқынды түрде таңертенгі 900 шамасында және түнде сағат 24-те бөлінетіндігі анықталған. Нектардың дұрыс бөлінуі үшін өсімдіктің барлық бөліктері жақсы күйінде болуы керек. Яғни, тіршілікке қабілетті күйінде болуы керек және жеткілікті мөлшерде сулы болуы керек. Тозаңданғаннан кейін гүлдік нектарлардың бөлуі тоқтайды. Гүл өзінің күлтелерінің түсін өзгертеді, қанттар жемістерді қоректендіруге жұмсалады. Бөлінетін нектар мөлшері өсімдіктер түріне байланысты өзгереді. Мысалы, кәдімгі жөке ағашының (липа обыкновенная) бір гүлі 0,15-7,46мг нектар бөліп шығарады, ал жапырақты жөке ағашы 0,50-11,54 мг бөледі. Таңқурай (Rubus - малина) гүлі орташа 14мг нектар бөледі. Кейде бір гүлдегі нектар мөлшері онша көп болмағанымен, мысалы, түйежоңышқаның бір гүлінде 0,16 % мг нектар бар, ал өсімдіктің бір индивидінде гүлдің саны 1 гектарда 1,77 млн, сондықтан бал өндіру түйежоңышқадан 1 гектарға шаққанда 216кг, ал Salvia (шалфей) өсімдігінен 917кг бал жинауға болады. Нектардың химиялық құрамына келетін болсақ көптеген өсімдіктердің клеткаларында тек бір инвертацияланған қант болады, яғни глюкоза және фруктозағаайналған қант. Кейбір өсімдіктердің нектарлары құрамында инвертацияланған қантпен бірге қамыс қанты да болады. Қанттан басқа нектар құрамында аз да болса декстриндер, маннит қышқылдар, эфир майлары, азотты және минералды қосылыстар (минералды заттардың құрамы 60-98% шамасында) болады. Нектардағы қанттың концентрациясы өсімдіктің табиғатына және қоршаған орта факторларына байланысты. Мысалы, таңқурайда (малина) - 25%, күнбағыста - 44,6%, ал аткаштанда (каштан конский) 74,5% шамасында болады. Нектар қалайша балға айналады? Бұл процесс, әрине араның асқазанында басталады. Нектардың құрамында су азаяды және сілемейлі бездер ферменттерінің әсерінен нектардың құрамы өзгереді. Ара нектарды алып келіп, кәрезге (саты) орналастырады. Кәрездегі нектардың құрамы басқаша. Бірақ бұл затты әлі бал деп айтуға болмайды. Өйткені оның құрамында әлі 60% су болады. Кәріздің ұяларында бал пісіп-жетіледі. Балдағы судың мөлшері 18-20% шамасында болады, қамыс қанты (тростниковый сахар) түгелімен глюкозаға және жеміс қантына айналады. Сосын жаңа ферменттер пайда болады. Сол жаңа ферменттердің әсерімен бал толық пісіп-жетіледі. Кәріздің ұялары толық балға толғанда ол қоюланады, ара ұяны жауып бекітеді. Балдың нектардан айырмашылығы химиялық құрамында судың мөлшері 18-20% ғана болады, қарапайым қанттар басым болады, 18-20% судан басқаның бәрі қанттар. В.Г.Чудаков (1963) мәліметтері бойынша балдағы қарапайым қанттардың орташа мөлшері - 68-73%. Ал жалпы алғанда 55,9-84,4 % аралығында болады. Қарамық (Fagopyrum - гречиха) балында орташа қарапайым қанттар мөлшері - 71,4%, жөке ағашы (Тіlіа - липа) балында -74,7%, түйежоңышқа (Mellilotus - донник) балында 74,4% болады. Балдың құрамы нектардың құрамына байланысты. Егерде нектардың құрамында жүзім қанты көп болса, балдың құрамында жүзім қанты көп болады. Балдың кристалдануы нектардың құрамындағы жүзім қантының мөлшеріне байланысты. Жүзім қанты көп болған сайын бал тезірек отырады (кристалданады). Мысалы, жөке ағашы (Тіlіа), қарамық (Fagoulum), ақ беде (Trifolium) балдары тез кристалданады. Ал ақ акация балында жеміс қанты көп болады, сондықтан бірнеше ай бойы кристалданбайды. Нектардың балға айналуының биологиялық мәнісі мынада: 1) бал қанттардың қою ерітіндісі және оптимальды жағдайларда ашымайды; 2) күрделі қанттардың қарапайым қанттарға айналуының ара семьясының қыстан қиналмай шығуы үшін маңызы үлкен. Тозаң (пыльца). Аралардың дұрыс тіршілік етуі үшін қанттан басқа оларға белок және май керек. Белокты, майды және қажетті витаминдер мен минералды тұздарды аралар тозаңнан алады. Аралар гүлдерден нектар алғанда тозаңдарды қосып алады. Аралар ұяларына алып келгенде нектар мен тозаңдарды кезек орналастырады да, сілекеймен ылғандандырады. Араның бір семьясы ұяларына бір сезонда 60 кг тозаң алып кетеді, ал оларға қажеттісі - 30 кг. Тозаңдары мол өсімдіктер қатарына тал (Salіх - ива), бақбақ (Taracsacum - одуванчик), ақ беде (Trigolium repens - белый клевер), эспарцет (Onobruchis - эспартет), көк гүлкекіре (Centaurea - cyans - василек синий) және басқа көптеген өсімдіктер жатады. Нектар бермей тек қана тозаң беретін өсімдіктер түрлері бұрынғы КСРО территориясында 1000-нан асады. Бұл өсімдіктерді екі топқа бөлуге болады: 1) желмен тозаңданатындар; 2) насекомдармен тозаңданатындар. Бірінші топқа екіншімен салыстырғанда көбірек өсімдіктер түрлері жатады. Бірінші топқа, мысалы, қандағаш (Alnus - лещина), қоға(Турһа -широлистный рогоз), қияқөлең (Саrex – осока), өлеңшөп (Scirpus - камыш) және тағы да басқа көптеген өсімдіктер жатады. Бұл өсімдіктер тобына көптеген кәдімгі арамшөптер, мысалы, көкпек (Atriflex - лебеда), гүлтәжі (Amaranthus - щирица), қалақай (Urtica - крапива), қымыздық (Rumех - шавель) сияқты өсімдіктер де жатады. Бұл топқа жататын өсімдіктердің гүлдері майда, көмескі немесе көкшілдеу өте көп болады. Аталықтары және аналықтары әртүрлі гүлдерде орналасқан (қос жарнақтыларда). Бұл өсімдіктердің барлығы, яғни бірінші топқа жататын өсімдіктер желмен тозаңданады және өте көп тозаң береді. Сондықтан ол өсімдіктердің көпшілігі ара шаруашылығы үшін өте пайдалы. Нектар бермейтін өсімдіктердің екінші тобы насекомдармен тозаңданатын айқын ашық гүлділер. Көбісінің гүлдері өте ірі, мысалы, раушан (Rosa - роза, шиповник), көкнәр (Papaver - мак), желайдар (Anemone - ветреница), жібілген (Clematis - ломонос), бузина (Sambucus - бузина), аюқұлақ (Verbascum - коровяк).және басқа өсімдіктер тозаңдарының химиялық құрамы (3 кесте) келтірілгенКоморовтың (Глухов, 1974 бойынша) мәліметтері бойынша. Кесте 3 Тозаңдардың химиялық құрамы
Бұл кестедегі мәліметтерден (3 кесте) өсімдік тозаңдарының құрамында көмірсулар, май, белок және минералды тұздар болатындығын көреміз. Өсімдік тозаңдарының құрамында Коморовтың (Глухов, 1974) мәліметтері бойынша әртүрлі витамндер де болады (4 кесте) 4 кесте Әртүрлі өсімдіктер тозаңындағы витаминдер мөлшері (мг – 1г құрғақ тозаңда)
Өсімдіктер тозаңдарындағы аминқышқылдарының құрамы И.Е.Перельсон (1962) бойынша келтірілген (5-кесте) Өсімдіктер тозаңдарында минералды заттар болады. Тозаңға толық анализді Я.Свобода (1940) жасаған. Сол Я.Свободаның мәліметтері бойынша өсімдік тозаңдарында әртүрлі элементтердің мөлшері орташа мынадай: Натрий - 5,83-18,68 %, кремний - 3,35-7,96 %, алюминий -0,19-3,82 %, фосфор - 22,76-39,93 %, күкірт - 1,08-8,69, хлор -0,44-2,90, калий - 24,19-44,57%, кальций - 3,48-8,68, марганец -0,20-1,51, темір - 0,4-3,78 және мыс - 0,06-9,70.
5 кесте Кейбір өсімдіктердің тозаңдарының аминқышқылдарыны құрамы (құрғақ заттағы %)
Тозаңда жоғарыдағылардан басқа әртүрлі ферменттер болады. Мысалы, инвертаза, диастаза, пектиназа, протеолитикалық ферменттер, редуктаза, пектиназа, пепсиназа, пепсин, трипсин, эрипсин, липаза, цитаза. Сонымен бірге тозаңда липидтер, қаныққан май қышқылдары және де көптеген басқа да қанттар болады. Сирек те болса кейде аралар улы өсімдіктердің тозаңдарын жинап, өліп қалатын да жағдайлары болады. Мысалы, бұрынғы КСРО-ның әртүрлі региондарынан жіберілген өлген аралар денесіне анализ жасағанда олардың ішектерінде тамыр дәрі (Veratreum - чемерица) өсімдігінің тозаңдары бар екендігі анықталды. Профессор В.И.Полтев (1964) өзінің «Болезни пчел» деген кітабында аралар тозаңдарды жинап, сілекейлерімен ылғалдандырып ұяларына алып келіп жинап, үстіне бал құятыны және ол заттың перга деп аталатыны туралы жазады. Оны аралар белокты, витаминді және минералды азық ретінде пайдаланады.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Последнее изменение этой страницы: 2016-12-30; просмотров: 453; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.118.166.45 (0.009 с.) |