Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бап. Тауарды беру мiндетiн орындау мерзiмi

Поиск

1. Сатушының сатып алушыға тауарды беру мiндетiн орындау мерзiмi шартта белгiленедi, ал егер шартта мерзiмдi белгiлеуге мүмкiндiк болмаса, осы Кодекстiң 277-бабында көзделген ережелерге сәйкес белгiленедi.
2. Егер мерзiм бұзылған кезде сатып алушының шартты орындауға мүдделiлiгi жоғалатындығы шарттан айқын туындайтын болса, сатып алу-сату шарты оны қатаң белгiленген мерзiмде орындау талабымен жасалды деп танылады.
Сатушының мұндай шартты онда белгiленген мерзiм басталғанға дейiн немесе бiткеннен кейiн сатып алушының келiсуiнсiз орындауға құқығы жоқ.
Заң актiлерiнде немесе шартта сатып алу-сату шартын бөлiп орындау жағдайлары (шартты орындаудың аралық мерзiмдерi) белгiленуi мүмкiн.

410-бап. Сатушының тауар беру мiндетiн орындау кезi

1. Егер сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмесе, сатушының сатып алушыға тауар беру мiндетi:
1) егер шартта тауарды жеткiзiп беру бойынша сатушының мiндетi көзделсе, сатып алушыға немесе ол атаған адамға тауарды берген;
2) егер тауар сол тауар орналасқан жерде сатып алушыға немесе ол атаған адамға берiлуге тиiс болса, сатып алушының билiгiне тауар берген кезiнде орындалған болып есептеледi.
Тауар шартта көзделген мерзiмде тиiстi жерде беруге дайын тұрған және сатып алушы шарт талаптарына сәйкес тауардың беруге дайын екендiгi туралы хабардар болған кезде тауар сатып алушының билiгiне берiлген болып есептеледi. Егер тауар таңбалау арқылы немесе өзгеше түрде шарт мақсаттары үшiн сәйкестендiрiлмесе тауар берiлуге дайын емес деп танылады.
2. Тауарды жеткiзiп беру немесе сатып алушыға оның орналасқан жерiнде тауар беру жөнiнде сатып алу сату шартынан сатушының мiндетi туындамаған жағдайларда, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарды тасымалдаушыға немесе сатып алушыға жеткiзу үшiн байланыс ұйымына берген кезде сатушының тауарды сатып алушыға беру мiндетi орындалған болып есептеледi.

411-бап. Тауардың кездейсоқ жойылу қаупiнiң ауысуы

1. Егер сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмесе, тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi сатушы заң актiлерiне немесе шартқа сәйкес сатып алушыға тауар беру жөнiндегi өз мiндетiн атқарды деп есептелетiн кезден бастап сатып алушыға ауысады.
2. Жолда келе жатқан кезде сатылған тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi, егер шартта немесе iскерлiк айналым ғұрпында өзгеше көзделмесе, сатып алу-сату шарты жасалған кезден бастап сатып алушыға ауысады.
Егер шарт жасасқан кезде сатушы тауардың жоғалтылғанын немесе бүлiнгенiн бiлсе немесе бiлуге тиiс болса және бұл туралы сатып алушыға хабарламаса, тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi сатып алушының талап етуi бойынша тауар бiрiншi тасымалдаушыға өткiзiлген кезден бастап сатып алушыға ауысатындығы туралы шарт талабын сот жарамсыз деп тануы мүмкiн.

412-бап. Сатушының сатылған тауарды сақтау жөнiндегi
мiндетi

Меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығы сатып алушыға тауарды берместен бұрын ауысқан кезде сатушы тауарды бергенге дейiн оның нашарлауына жол бермей сақтауға мiндеттi.
Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, сатып алушы сатушыға бұған қажеттi шығындарды өтеуге мiндеттi.

413-бап. Сатушының үшiншi тұлғалардың құқықтарынан тыс
тауарды беру мiндетi

1. Сатып алушы үшiншi тұлғалардың құқықтары жүктелген тауарды қабылдауға келiскен жағдайды қоспағанда, сатушы үшiншi тұлғалардың кез келген құқықтарынан тыс тауарды сатып алушыға беруге мiндеттi.
Егер тауарға үшiншi тұлғалардың құқықтары туралы сатып алушының бiлгендiгi немесе бiлуге тиiс екендiгi дәлелденбесе, сатушының бұл мiндеттердi орындамауы сатып алушыға сол тауардың сатып алу бағасын кемiтудi не шартты бұзуды және залалдарды өтеудi талап ету құқығын бередi.
2. Тауарды сатып алушыға беру кезiнде үшiншi тұлғалардың оған қатысты талаптары болып, ол жөнiнде сатушы бiлген жағдайда да, егер бұл талаптар кейiннен белгiленген тәртiппен заңды деп танылса, тиiсiнше осы баптың 1-тармағында көзделген ережелер қолданылады.

414-бап. Сатып алушыдан тауарды алып қойған жағдайдағы
сатушының жауапкершiлiгi

1. Шартты орындауға дейiн пайда болған негiздер бойынша үшiншi тұлғалар сатып алушыдан тауарды алып қойған кезде сатушы, егер сатып алушы осы негiздердiң болғаны туралы бiлгенiн немесе бiлуге тиiс екенiн дәлелдей алмаса, сатып алушыға оның шеккен залалын өтеуге мiндеттi.
2. Үшiншi тұлғалардың сатып алушыдан сатып алған тауарын талап еткен жағдайда тараптардың сатушыны жауапкершiлiктен босату немесе жауапкершiлiгiн шектеу туралы келiсiмi жарамсыз болады.

415-бап. Тауарды алып қою туралы талап арыз берiлген
жағдайдағы сатып алушы мен сатушының мiндеттерi

1. Егер үшiншi тұлға шарт орындалғанға дейiн туындаған негiздер бойынша сатып алушыға тауарды алып қою туралы талап арыз қойса, сатып алушы сатушыны бұл iске қатысуға тартуға мiндеттi, ал сатушы бұл iске сатып алушы тарапынан араласуға мiндеттi.
2. Егер сатушы iске қатыса отырып, сатылған тауарды сатып алушыдан алып қоюды болдырмайтынын дәлелдей алса, сатып алушының сатушыны iске қатысуға тартпауы сатушыны сатып алушы алдындағы жауапкершiлiктен босатады.
3. Сатып алушы iске қатысуға тартқан, бiрақ оған қатыспаған сатушы сатып алушының iстi дұрыс жүргiзбегенiн дәлелдеу құқығынан айырылады.

416-бап. Тауар беру мiндетiн орындамаудың салдары

1. Егер сатушы сатып алушыға сатылған тауарды беруден бас тартса, сатып алушы сатып алу-сату шартын орындаудан бас тартуға құқылы.
2. Сатушы белгiлi бiр жеке затты беруден бас тартқан жағдайда сатып алушы сатушыға осы Кодекстiң 355-бабында көзделген талаптарды қоюға құқылы.

417-бап. Тауарға қатысты керек-жарақтар мен құжаттарды
беру мiндетiн орындамаудың салдары

1. Егер сатушы өзi беруге тиiстi (осы Кодекстiң 408-бабының 2-тармағы) Тауарға қатысты керек-жарақтарды немесе құжаттарды сатып алушыға бермесе немесе беруден бас тартса, сатып алушы оларды беру үшiн оған қисынды мерзiм тағайындауға құқылы.
2. Сатушы тауарға қатысты керек-жарақтарды немесе құжаттарды аталған мерзiмде бермеген жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушы тауарды қабылдаудан бас тартуға құқылы.

418-бап. Тауардың саны

Сатып алушыға берiлуге тиiс тауар саны шартта тиiстi өлшем бiрлiктерiне сәйкес немесе ақшалай түрде көзделедi. Тауарлардың саны туралы талап оны айқындау тәртiбiн шартта белгiлеу жолымен келiсiлуi мүмкiн.

419-бап. Тауардың саны туралы шарт талаптарын
бұзудың салдары

1. Егер сатушы шарт талаптарын бұза отырып, сатып алушыға тауар санын шартта белгiленгенiнен кемiрек берсе, сатып алушы, егер шартта өзгеше көзделмесе, не тауардың жетiспейтiн санын берудi талап етуге, не берiлген тауардан және оған ақы төлеуден бас тартуға, ал егер ақысы төленiп қойған болса, оған төленген ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.
2. Сатушы сатып алушыға тауарды шартта көрсетiлгенiнен артық мөлшерде берген жағдайда сатып алушы бұл туралы сатушыға осы Кодекстiң 436-бабының 1-тармағында көзделген тәртiппен хабарлауға мiндеттi. Егер сатып алушыдан хабар алынғаннан кейiн қисынды мерзiмде сатушы тиiстi тауарға билiк етпесе, шартта өзгеше көзделмегендiктен, сатып алушы бүкiл тауарды қабылдауға құқылы.
3. Сатып алушы тауарды шартта белгiленгенiнен артық мөлшерде қабылдаған жағдайда тиiстi тауарға ақы, егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше баға белгiленбесе, шартқа сәйкес қабылданған тауар үшiн белгiленген баға бойынша төленедi.

420-бап. Тауарлардың түр-түрi

Егер сату-сатып алу шарты бойынша түрлерiне, үлгiлерiне, мөлшерiне, түстерi мен өзге де белгiлерiне (түр-түрi) қарай белгiленген тауарлар берiлуге тиiс болса, сатушы сатып алушыға тауарларды тараптар келiскен түр-түрi бойынша беруге мiндеттi.

421-бап. Тауарлардың түр-түрi туралы шарт талаптарын
бұзудың салдары

1. Сатушы шартта көзделген тауарлардың түр-түрiн шартқа сәйкес келмейтiн етiп берген кезде сатып алушы оларды қабылдаудан және ақы төлеуден бас тартуға, ал егер оларға ақы төленiп қойған болса, төленген ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.
2. Егер сатушы сатып алушыға түр-түрi шартқа сәйкес келетiн тауарлармен қатар, олардың түр-түрi туралы шарттың талаптарын бұза отырып тауарлар берсе сатып алушы өз қалауы бойынша:
1) түр-түрi туралы шарттың талаптарына сәйкес келетiн тауарларды қабылдап, қалған тауарлардан бас тартуға;
2) берiлген барлық тауарлардан бас тартуға;
3) түр-түрi туралы шарттың талаптарына сәйкес келмейтiн тауарларды шартта көзделген түр-түрiндегi тауарлармен алмастыруды талап етуге;
4) берiлген барлық тауарларды қабылдап алуға құқылы.
3. Түр-түрi шарттың талаптарына сәйкес келмейтiн тауарлардан бас тартқан немесе түр-түрi туралы шарттың талаптарына сәйкес келмейтiн тауарларды алмастыру жөнiнде талап қойған жағдайда сатып алушы бұл тауарларға ақы төлеуден бас тартуға да, ал егер ақы төленiп қойған болса, төленген соманың қайтарылуын талап етуге құқылы.
4. Егер сатып алушы түр-түрi туралы шарттың талаптарына сәйкес келмейтiн тауарларды алғаннан кейiн он бес күн мерзiмде өзiнiң тауарлардан бас тартатынын сатушыға хабарламаса, олар қабылданған болып есептеледi.
5. Егер сатып алушы түр-түрi шартқа сәйкес келмейтiн тауарлардан бас тартпаса, оларға сатушымен келiсiлген баға бойынша ақы төлеуге мiндеттi. Сатушы бағаны он бес күн мерзiмде келiсу жөнiнде қажеттi шаралар қолданбаған жағдайда, сатып алушы тауарға шарт жасалған кезде әдетте сол сияқты мән-жайларда ұқсас тауарлар үшiн алынатын баға бойынша ақы төлейдi.
6. Егер сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмесе, осы баптың ережелерi қолданылады.

422-бап. Тауардың сапасы

1. Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетiн тауар беруге мiндеттi.
2. Шартта тауардың сапасы туралы талаптар болмаған жағдайда сатушы сатып алушыға әдетте осы сияқты тауар пайдаланылатын мақсаттарға жарамды тауар беруге мiндеттi.
Егер сатушы шарт жасасу кезiнде сатып алушыға тауарды сатып алудың нақты мақсаттары туралы хабарламаған болса, сатушы сатып алушыға осы мақсаттарға сәйкес пайдалануға жарамды тауар беруге мiндеттi.
3. Тауарды үлгiсi бойынша және (немесе) сипаттамасы бойынша сатқан жағдайда сатушы сатып алушыға үлгiге және (немесе) сипаттамасына сәйкес келетiн тауар беруге мiндеттi.
4. Егер сатылатын тауардың сапасына заң актiлерiнде белгiленген тәртiпке сәйкес, мiндеттi талаптар көзделсе, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға осы мiндеттi талаптарға сәйкес келетiн тауар беруге мiндеттi.
Сатушы мен сатып алушы арасындағы келiсiм бойынша, заң актiлерiнде көзделген тәртiппен белгiленген мiндеттi талаптармен салыстырғанда, сапаға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес келетiн тауар берiлуi мүмкiн.
5. Сатушы сатып алушыға беруге мiндеттi тауар оны сатып алушыға берер кезде, егер тауардың бұл талаптарға сәйкестiгiн айқындаудың өзгеше жағдайы шартта көзделмесе, осы бапта көзделген талаптарға сәйкес келуге тиiс және қисынды мерзiм шегiнде әдетте осы тектес тауар пайдаланылатын мақсаттар үшiн жарамды болуға тиiс.

423-бап. Тауардың жарамдылық мерзiмi

1. Заңдарда, ұлттық стандарттардың мiндеттi талаптарында немесе басқа да мiндеттi ережелерде бiтуiне қарай тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналатын уақыт кезеңi (жарамдылық мерзiмi), сондай-ақ тауарда оның жарамдылық мерзiмi көрсетiлетiн жағдайлар белгiленуi мүмкiн. Z040603
2. Сатушы жарамдылық мерзiмi белгiленген тауарларды сатып алушыға жарамдылық мерзiмi бiткенге дейiн олардың мақсаты бойынша пайдалануға болатындай есеппен беруге мiндеттi.
Ескерту. 423-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

424-бап. Тауардың жарамдылық мерзiмiн есептеу

Тауардың жарамдылық мерзiмi оның дайындалған күнiнен бастап есептелетiн, осы мерзiм iшiнде тауар пайдалануға жарамды болатын уақыт кезеңiмен, не ол басталғанға дейiн тауар пайдалануға жарамды болатын күнмен белгiленедi.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-09-17; просмотров: 539; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.147.86.246 (0.007 с.)