Бап. Кеме жалдау (чартер) шарты 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бап. Кеме жалдау (чартер) шарты



Кеме жалдау (чартер) шарты бойынша бiр тарап (кемемен жалданушы) басқа тарапқа (кеме жалдаушы) жолаушыларды, теңдеме жүктi және жүктердi тасымалдау үшiн бiр немесе бiрнеше көлiк құралын толық немесе оның сыйымдылығының бiр бөлiгiн бiр немесе бiрнеше рейске ақы төлеттiрiп беруге мiндеттенедi.
Кеме жалдау шартын жасасу тәртiбi, сондай-ақ оның нысаны мен түрлерi көлiк туралы заң актiлерiмен белгiленедi.

692-бап. Тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар

Жүйелi түрде тасымалдауларды жүзеге асыру қажет болған кезде тасымалдаушы мен жүк жөнелтушi тасымалдауларды ұйымдастыру туралы ұзартылған шарттар жасаса алады.
Жүктердi тасымалдауларды ұйымдастыру туралы шарт бойынша тасымалдаушы белгiленген мерзiмде жүктi қабылдауға, ал жүк жөнелтушi - келiсiлген көлемде тасымалдауға жүк берiп тұруға мiндеттенедi.
Тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартта тасымалдау көлемдерi, мерзiмдерi, сапасы және көлiк құралдарын беру мен тасымалдауға жүктердi берудiң басқа да жағдайлары, сондай-ақ тасымалдауды ұйымдастырудың заң актiлерiнде көзделмеген өзге де жағдайлары белгiленедi.

693-бап. Көлiк ұйымдары арасындағы шарттар

Әртүрлi көлiк ұйымдары арасында жүктердi тасымалдауды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру туралы шарттар (тораптық келiсiмдер, жүктердi орталықтандырылған түрде әкелу (әкету) шарты және басқалар)жасалуы мүмкiн.
Мұндай шарттарды жасасу тәртiбi көлiк туралы заң актiлерiмен белгiленедi.

694-бап. Тiкелей аралас қатынас

Көлiк ұйымдарының жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi әртүрлi көлiк түрлерiмен бiрыңғай көлiк құжаты бойынша (тiкелей аралас қатынас) тасымалдау кезiндегi өзара қарым-қатынастары, сондай-ақ осындай тасымалдауларды ұйымдастыру тәртiбi тiкелей аралас тасымалдау туралы заң актiлерiне сәйкес тиiстi көлiк түрлерi ұйымдарының арасындағы жасалатын келiсiмдермен белгiленедi.

695-бап. Жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау

1. Коммерциялық ұйым жүзеге асыратын тасымалдау, егер заң актiлерiнен, өзге нормативтiк құқықтық актiлерден немесе осы ұйымға берiлген лицензиядан (патенттен) бұл ұйым жолаушыларды, жүктердi және (немесе) теңдеме жүктi кез келген азаматтың немесе заңды тұлғаның өтiнiшi бойынша тасымалдауды жүзеге асыруға мiндеттi екенi туындайтын болса, жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау болып танылады.
2. Жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау шарты жария шарт болып табылады (осы Кодекстiң 387-бабы).

696-бап. Көлiк құралдарын беру, жүктi тиеу (түсiру)

1. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiге жүк тиеуге қабылданған өтiнiмде (тапсырыста), тасымалдау шартында белгiленген мерзiмде тиiстi жүктi тасымалдауға жарайтын күйiнде ақаусыз көлiк құралдарын беруге мiндеттi.
Жүк жөнелтушi тиiстi жүктi тасымалдауға берiлген жарамсыз көлiк құралдарынан бас тартуға құқылы.
2. Жүктi тиеудi (түсiрудi) көлiк ұйымдары мен жүк жөнелтушi (жүк алушы) көлiк туралы заң актiлерiнде және оларға сәйкес шығарылған ережелерде белгiленген талаптарды сақтай отырып, шартта көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырады.
3. Жүк жөнелтушiнiң (алушының) күшiмен және құралдарымен жүзеге асырылатын жүк тиеу (түсiру), егер мұндай мерзiмдер көлiк туралы заң актiлерiнде және оларға сәйкес шығарылған ережелерде белгiленбесе, шартта белгiленген мерзiмде жүзеге асырылуға тиiс.

697-бап. Кiре ақысы

1. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жүктердi, жолаушыларды және теңдеме жүктi тасымалдау үшiн тараптардың келiсiмiнде белгiленген ақы төленедi.
2. Жалпы пайдаланыстағы көлiкпен жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi тасымалдауға ақы төлеу көлiк туралы заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн тарифтер негiзiнде айқындалады.
3. Жүк иелерiнiң талабы бойынша орындалатын және тарифтерде көзделмеген жұмыстар мен қызмет көрсетулерге ақы тараптардың келiсiмi бойынша төленедi.
4. Тасымалдаушының өзiне тасымалдау үшiн берiлген жүктер мен теңдеме жүктi оған тиесiлi кiре ақысын және тасымалдау жөнiндегi басқа да төлемдердi (осы Кодекстiң 292-бабы) қамтамасыз ету үшiн, егер заң актiлерiнде, тасымалдау шартында өзгеше белгiленбесе немесе мiндеттеме мәнiнен туындамаса, ұстап қалуға құқығы бар.

698-бап. Жүктi, жолаушыны және (немесе) теңдеме жүктi
жеткiзу мерзiмi

Тасымалдаушы жүктi, жолаушыны және (немесе) теңдеме жүктi тиiстi пунктке көлiк туралы заң актiлерiнде айқындалған және оларға сәйкес тасымалдау ережелерiнде белгiленген мерзiмде жеткiзуге мiндеттi.
Егер жүктi, жолаушыны немесе теңдеме жүктi жеткiзу мерзiмi белгiленбесе және тараптар бұл мерзiмдi шартта көздемеген болса, жеткiзу қисынды мерзiмде жүргiзiлуi тиiс.

699-бап. Жүкке билiк ету құқығы

1. Жүк жөнелтушi немесе жүкке билiк ету құжатының иесi тасымалдаушыға тасымалдауды тоқтатуды немесе жүктi қайтаруды талап ете алады не басқа да өкiм бере алады. Бұл жағдайда тасымалдаушы жасалған тасымалға ақы төлеудi, сондай-ақ жасалған өкiмге байланысты келтiрген шығындарды өтеуiн талап етуге құқылы.
2. Жүк баратын жерiне жеткеннен кейiн жүк алушыға жүктi берген кезде жүк жөнелтушi алдыңғы тармақта көрсетiлген құқықтардан айырылады.
3. Жүк алушы ерекше сақталу жағдайларын қажет ететiн (тез бүлiнетiн) жүктi алу жөнiндегi мiндеттемелердi орындаудан жалтарған кезде, мұндай жүктi сақтау мүмкiн болмаған және оның бүлiнуiне әкеп соғуы ықтимал жағдайда жүк жөнелтушiнiң оған қалай иелiк ету керектiгi жөнiнде нұсқауы болмаса, тасымалдаушының жүктi сатуға құқығы бар.
Жүктi сатудан түскен сома тасымалдаушыға тиесiлi соманы шегергеннен кейiн нотариустың атына депозит шартымен салынады.
Ескерту. 699-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 260 Заңымен.

700-бап. Жолаушылардың құқықтары

Көлiк туралы заң актiлерiнде көзделген тәртiп бойынша жолаушының:
1) өзiмен бiрге балаларды тегiн немесе өзге де жеңiлдiктi жағдайларда алып жүруге;
2) белгiленген нормалардың шегiнде өзiмен бiрге қол жүгiн ақысыз алып жүруге;
3) теңдеме жүктi тариф бойынша ақы төлеп, тасымалдауға тапсыруға құқығы бар.

701-бап. Тасымалдау жөнiндегi мiндеттемелердiң бұзылғаны
үшiн жауапкершiлiк

1. Тасымалдау жөнiндегi мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiстi дәрежеде орындалмаған жағдайда, тараптар осы Кодексте, көлiк туралы заң актiлерiнде, өзге заң актiлерiнде, сондай-ақ тараптардың келiсiмiнде белгiленгендей жауапты болады.
2. Көлiк ұйымдарының жолаушылармен және жүк жөнелтушiлермен (жүк алушылармен) заң актiлерiнде белгiленген жауапкершiлiктi шектеу немесе жою туралы келiсiмдерi, жүктi тасымалдау кезiнде мұндай келiсiмдер жасау мүмкiндiгi көлiк туралы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда, жарамсыз болады.

702-бап. Тасымалдаушының көлiктi бермегенi үшiн және
жөнелтушiнiң берiлген көлiк құралдарын
пайдаланбағаны үшiн жауапкершiлiгi

1. Тасымалдаушы қабылданған өтiнiмге (тапсырысқа) немесе өзге шартқа сәйкес жүктi тасымалдау үшiн көлiктi бермегенi үшiн, ал жөнелтушi жүктi ұсынбағандығы не өзге себептер бойынша берiлген көлiк құралдарын пайдаланбағаны үшiн көлiк туралы заң актiлерiнде, сондай-ақ тараптардың келiсiмiнде белгiленгендей жауапты болады.
2. Тасымалдаушы және жүктi жөнелтушi көлiк құралдары берiлмеген немесе уақтылы берiлмеген не көлiк құралдары пайдаланылмаған жағдайда, егер ол:
1) дүлей күштiң
2) көлiк туралы заң актiлерiнде көзделген тәртiппен белгiленген белгiлi бiр бағыттарда жүктердi тасымалдауды тоқтатудың немесе шектеудiң
3) заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайлардың салдарынан болса, жауаптылықтан босатылады.

703-бап. Тасымалдаушының тiкелей аралас қатынас
кезiндегi жауапкершiлiгi

Тасымалдаушылар тiкелей аралас қатынаста жүктiң жоғалғаны, бүлiнгенi, зақымданғаны, кем шыққаны үшiн жүктi жөнелтушiнiң (жүк алушының) алдында ортақтасып жауап бередi.
Кешiктiргенi үшiн, егер кешiктiру тасымалдаушылардың кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, соңғы тасымалдаушы жауапты болады.

704-бап. Тасымалдаушының жолаушыны жөнелтудi кiдiрткенi
үшiн жауапкершiлiгi

1. Жолаушыны тасымалдайтын көлiк құралын жөнелтудi кiдiрткенi немесе мұндай көлiк құралының баратын жерiне кешiгiп барғаны үшiн (қалалық және қала маңы қатынастарындағы тасымалдауды қоспағанда) тасымалдаушы, егер кiдiрту немесе кешiгу дүлей күштiң салдарынан орын алғанын дәлелдемесе, жолаушыға көлiк туралы тиiстi заң актiлерiнде белгiленген мөлшерде айыппұл төлейдi.
2. Жолаушы көлiк құралы жөнелтiлуiнiң кiдiруi себебiнен тасымалдаудан бас тартқан жағдайда, тасымалдаушы жолаушыға кiре ақысын толық көлемiнде қайтаруға, сондай-ақ жолаушыға осындай кiдiртуге байланысты ол шеккен залалдың орнын толтыруға мiндеттi.

705-бап. Жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалғаны, кем
шыққаны және зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн
тасымалдаушының жауапкершiлiгi

1. Тасымалдаушы жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдауға қабылдап алған кезден бастап және алушыға, ол жүктi алуға уәкiлеттi адамға немесе теңдеме жүктi алуға уәкiлеттi адамға бергенге дейiн олардың сақталуын қамтамасыз етедi.
2. Егер тасымалдаушы жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалуы, кем шығуы немесе зақымдануы (бүлiнуi) өзiнiң кiнәсiнен болмағандығын дәлелдемесе, ол жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалғаны үшiн жауап бередi.
3. Жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдау кезiнде келтiрiлген зиянды тасымалдаушы:
1) жүк немесе теңдеме жүк жоғалған немесе кем шыққан жағдайда - жоғалған немесе кем шыққан жүктiң немесе теңдеме жүктiң құны мөлшерiнде;
2) жүк немесе теңдеме жүк зақымданған (бүлiнген) жағдайда - оның құнының төмендеген сомасының мөлшерiнде, ал зақымданған жүктi немесе теңдеме жүктi қалпына келтiру мүмкiн болмаған кезде - оның құны мөлшерiнде;
3) тасымалдауға құны жарияланып тапсырылған жүк немесе теңдеме жүк жоғалған жағдайда - жүктiң немесе қол жүгiнiң жарияланған құны мөлшерiнде өтейдi.
Жүктiң немесе теңдеме жүктiң құны оның сатушының шотында көрсетiлген немесе шартта көзделген бағасының негiзiнде, ал шот болмаған немесе шартта баға көрсетiлмеген кезде, салыстырмалы мән-жайлар кезiнде әдетте осыған ұқсас тауарлар үшiн алынатын бағаны негiзге ала отырып белгiленедi.
4. Тасымалдаушы жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалуынан, кем шығуынан немесе зақымдануынан (бүлiнуiнен) келтiрiлген белгiленген зиянның орнын толтыра отырып жөнелтушiге (алушыға), егер бұл ақы жүк құнына кiрмейтiн болса, жоғалған, кем шыққан, бүлiнген немесе зақымданған жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдау үшiн алынған кiре ақысын қайтарады.
5. Жүктiң немесе теңдеме жүктiң сақталмау себептерi туралы тасымалдаушы бiржақты тәртiппен жасаған құжаттар, (коммерциялық акт, жалпы фирманың актiсi және т.б.) дау туған жағдайда, жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдаушының, жөнелтушiнiң не алушының жауапкершiлiгi үшiн негiз бола алатын мән-жайларды куәландыратын басқа құжаттармен бiрге соттың бағалауына жатады.

706-бап. Жүктердi тасымалдау жөнiндегi талаптар мен
талап қоюлар

1. Тасымалдаушыға жүктi тасымалдаудан туындайтын талап қоюға дейiн оған көлiк туралы заң актiлерiнде көзделген тәртiпте талаптар қойылуы мiндеттi.
2. Жүк тасымалдаудан туындайтын талаптар бойынша талап қою мерзiмi бiр жыл деп белгiленедi.
3. Осы баптың ережелерi жолаушыны және теңдеме жүктi тасымалдаудан туындайтын талаптарға қолданылмайды.

707-бап. Жолаушының өмiрi мен денсаулығына зиян
келтiргенi үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi

Жолаушының өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiрiлуi салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша тасымалдаушының жауапкершiлiгi, егер заң актiлерiнде немесе шартта тасымалдаушының жоғары жауапкершiлiгi көзделмесе, осы Кодекстiң 47-тарауындағы ережелер бойынша белгiленедi.

35-тарау. Көлiк экспедициясы

708-бап. Көлiк экспедициясы шарты

1. Көлiк экспедициясы шарты бойынша бiр тарап (экспедитор) сыйақы үшiн және басқа тараптың (клиенттiң - жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының немесе экспедитор қызметтерiне мүдделi өзге тұлғаның) есебiнен жүктi тасымалдауға байланысты экспедиция шартында белгiленген қызмет көрсетулердi орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға, оның iшiнде клиенттiң атынан немесе өз атынан жүктi тасымалдау шартын (шарттарын) жасасуға мiндеттенедi.
Көлiк экспедициясы шартында қосымша қызметтер көрсету ретiнде экспорт немесе импорт үшiн талап етiлетiн құжаттарды алу, кедендiк және өзге шарттылықтарды орындау, жүктiң саны мен жай-күйiн тексеру, оны тиеу мен түсiру, клиентке жүктелетiн баждарды, алымдар мен басқа да шығындарды төлеу, жүктi сақтау, оны баратын жерiнде алу, сондай-ақ өзге де операцияларды орындау мен қызмет көрсетулер сияқты жүктi жеткiзу үшiн қажеттi операцияларды жүзеге асыру көзделуi мүмкiн.
Клиенттiң келiсiмiмен экспедитор клиенттiң мүддесiн, тарифтер деңгейiн және жеткiзу мерзiмдерiн ескере отырып, клиенттiң жүгiн көлiктiң қай түрiмен тасымалдауды өзi белгiлей алады.
2. Осы тарауда реттелмеген бөлiгiнде экспедиция шартына қатысты қатынастарға, егер шарт талаптары бойынша экспедитор клиенттiң атынан iс-әрекет жасаса, осы Кодекстiң 41-тарауының ережелерi қолданылады, егер ол өз атынан iс-әрекет жасаса, осы Кодекстiң 43-тарауының ережелерi қолданылады.
Ескерту. 708-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

709-бап. Шарттың нысаны

1. Көлiк экспедициясы шарты жазбаша түрде жасалады.
2. Клиент экспедиторға, егер ол оның мiндеттерiн атқаруға қажет болса, сенiмхат беруге тиiс.
Ескерту. 709-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

710-бап. Экспедиторға берiлетiн құжаттар мен
басқа да ақпарат

1. Клиент экспедиторға жүктiң қасиеттерi, оны тасымалдау ережелерi туралы құжаттарды, сондай-ақ экспедитордың шартта көзделген мiндеттердi орындауына қажеттi өзге де ақпаратты беруге мiндеттi.
2. Экспедитор клиентке алған ақпараттың анықталған кемшiлiктерi туралы хабарлауға, ал ақпарат толық болмаған жағдайда, клиенттен қажеттi қосымша деректердi сұрауға мiндеттi.
3. Клиент қажеттi ақпаратты бермеген жағдайда, экспедитор осындай ақпарат берiлгенге дейiн өзiнiң тиiстi мiндеттерiн атқаруға кiрiспеуге құқылы.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ақпаратты беру жөнiндегi мiндеттердi бұзуына байланысты экспедиторға келтiрген залалдары үшiн клиент жауапты болады.
Ескерту. 710-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

711-бап. Экспедитордың мiндеттерiн үшiншi
тұлғаның атқаруы

1. Егер экспедиция шартынан экспедитордың өз мiндеттерiн жеке өзiнiң атқаруы мiндетi туындамаса, экспедитор өз мiндеттерiн орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы.
2. Мiндеттеменiң орындалуын үшiншi тұлғаға жүктеу экспедиторды шарттың орындалуы үшiн клиенттiң алдындағы жауаптылықтан босатпайды.

712-бап. Ұстап қалу құқығы

Экспедитор жүктi тек оның экспедициялық қызмет көрсетулерi үшiн алуы тиiс сыйақының төленбеуiне байланысты ғана ұстап қалуға құқылы.

713-бап. Көлiк экспедициясы шарты бойынша экспедитордың
жауапкершiлiгi

1. Экспедиция шарты жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн экспедитор осы Кодекстiң 20-тарауындағы ережелерге сәйкес белгiленген негiздер мен мөлшер бойынша жауапты болады.
2. Егер экспедитор мiндеттi бұзу тасымалдау шарттарының тиiстi дәрежеде орындалмауынан пайда болғанын дәлелдесе, экспедитордың клиент алдындағы жауаптылығы да экспедитордың алдында тиiстi тасымалдаушы жауап беретiн ережелермен белгiленедi.
Ескерту. 713-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

714-бап. Көлiк экспедициясы шартын орындаудан
бiржақты бас тарту

1. Клиент немесе экспедитор, бұл туралы басқа тарапқа қисынды мерзiмде ескерте отырып, көлiк экспедициясы шартын орындаудан бас тартуға құқылы.
2. Шартты орындаудан бiржақты бас тарту кезiнде бас тартуды мәлiмдеген тарап екiншi тарапқа шарттың бұзылуынан келтiрiлген залалды өтейдi.
Ескерту. 714-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Тарау. Заем

Бап. Заем шарты

1. Заем шарты бойынша бiр тарап (заем берушi) басқа тараптың (заемшының) меншiгiне (шаруашылық жүргiзуiне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектiк белгiлерiмен айқындалған заттарды бередi, ал осы Кодексте немесе шартта көзделген жағдайларда оларды беруге мiндеттенедi, ал заемшы заем берушiге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегi және сападағы заттардың тең мөлшерiн уақытында қайтаруға мiндеттенедi.
2. Орындалуы ақша немесе тектiк белгiсiмен айқындалған заттарды беруге байланысты шарттарда заем, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе және тиiстi мiндеттемелердiң мәнiне қайшы келмейтiн болса, аванс, алдын ала ақы төлеу, тауарларға (жұмысқа және қызмет көрсетулерге) мерзiмiн ұзартып және бөлiп-бөлiп төлеу түрiнде беру көзделуi мүмкiн.
3. Заңды тұлғалар мен азаматтарға кәсiпкерлiк қызмет ретiнде азаматтардан заем түрiнде ақша тартуға тыйым салынады және мұндай шарттар олар жасалған кезден бастап жарамсыз деп танылады.
Бұл тыйым салу заемшылар депозиттер қабылдауға уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы бар банктер болған жағдайларда, сондай-ақ шығарылуы заңдарда белгiленген тәртiппен тiркелген бағалы қағаздарға ақшаны айырбасқа қабылдау жағдайларында қолданылмайды.
Ескерту. 715-бапқа өзгерту енгiзiлдi Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шiлдедегi N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

716-бап. Заем шартының нысаны

1. Заем шарты осы Кодекстiң 151-152-баптарының ережелерiне сәйкес нысанда жасалуға тиiс.
2. Заем шарты заемшының облигациясы, қолхаты немесе оған заем берушiнiң белгiлi бiр соманы немесе заттардың белгiлi бiр мөлшерiн бергендiгiн куәландыратын өзге де құжат болған жағдайда да тиiстi жазбаша нысанда жасалды деп танылады.

Бап. Заем шартын жасасу

Заем шарты, егер осы Кодексте немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, ақша немесе заттар берiлген кезден бастап жасалды деп есептеледi.
Шартта ақшаны немесе заттарды бөлшектеп (бөлiп-бөлiп) беру көзделген жағдайларда, егер шартта өзгеше көзделмесе, олардың бiрiншi бөлiгi берiлген кезден бастап шарт жасалды деп есептеледi.

718-бап. Қарыз шарты бойынша сыйақы

1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, қарыз нысанасын пайдаланғаны үшiн қарыз алушы шартта айқындалған мөлшерде қарыз берушiге сыйақы төлейдi.
2. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржы ұйымдарының және кредиттiк серiктестiктердiң қарыз алушыларының құқықтарын қорғау қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты қарыз берушi алатын сыйақыны, комиссиялардың барлық түрлерiн және өзге де төлемдердi қамтитын және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен есептелетiн жылдық тиiмдi сыйақы мөлшерлемесiнiң шектi мөлшерiн белгiлеу арқылы қамтамасыз етiледi.
Жылдық тиiмдi сыйақы мөлшерлемесiнiң шектi мөлшерi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiсiмен айқындалады.
3. Егер қарыз шарты бойынша қарыз алушыға заттар берiлсе, сыйақы төлеу оның көлемi мен нысаны (ақшалай немесе заттай) шартта көзделген жағдайда жүргiзiледi.
4. Сыйақы төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi қарыз шартында белгiленедi.
Егер сыйақы төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi шартта белгiленбесе, ол ай сайын төленедi.
5. Егер қарыз алушы қарыз нысанасын мерзiмiнде қайтармаса, сыйақы қарыз нысанасын пайдаланған бүкiл кезеңге төленедi.
Ескерту. 718-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.11.26 N 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Бап. Заем нысанасын беру

1. Заем нысанасы шартта көзделген мерзiмде, мөлшерде және жағдайда берiледi.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасы оны заемшыға берген немесе оның банктегi шотына тиiстi ақша қаражаты есептелген кезден бастап берiлген деп есептеледi.
2. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, заемшы заем берудiң шартта белгiленген мерзiмiне дейiн заем берушiнi бұл туралы хабардар ете отырып, заем алудан толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.
3. Тектiк белгiлерiмен айқындалатын заттарды заемға берген кезде олардың саны, түр-түрi, жинақтылығы, сапасы, ыдысы және (немесе) буып-түйiлуi туралы шарттарды орындау, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарларды сатып алу-сату шарттары туралы (осы Кодекстiң 406-492-баптары) ережелерге сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.

Бап. Нысаналы заем

1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасыз болады және заемшы алынған заем нысанасын өз қалауы бойынша пайдаланады.
2. Шарт заемшының заем нысанасын белгiлi бiр мақсатқа пайдалануы шартымен (нысаналы заем) жасалған жағдайда, заем берушiнiң заемның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар, ал заемшы заем берушiнiң осындай бақылауды жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Заемшы заем нысанасын нысаналы пайдалану жөнiндегi мiндеттердi, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындамаған жағдайда заем берушi заем нысанасының берiлмеген бөлiгiне қатысты шартты орындаудан бас тартуға және заемшыдан заем нысанасын және ол бойынша сыйақыны мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.

721-бап. Заемшының мiндеттемелерiн орындауын
қамтамасыз ету

1. Заем нысанасын қайтару және сыйақы төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi орындау осы Кодексте көзделген әдiстермен қамтамасыз етiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда заемшы, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, заем берушiге заемның қамтамасыз етiлуiн бақылауға мүмкiндiк беруге мiндеттi.
2. Заемшы заем нысанасын қайтаруды және сыйақы төлеудi
қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi орындамаған кезде, сондай-ақ заем берушi жауап бермейтiн мән-жайлар бойынша қамтамасыз етудi жоғалтқан немесе оның шарттарын нашарлатқан жағдайда заем берушi заем нысанасының тиiсiнше ұсынылмаған бөлiгiне қатысты шартты орындаудан бас тартуға және заемшыдан заем нысанасын және ол бойынша сыйақыны мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.

722-бап. Заем нысанасын қайтару

1. Заемшы шартта көзделген тәртiппен және мерзiмде заем нысанасын қайтаруға мiндеттi.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасы оны заем берушiге берген немесе оның банктегi шотына тиiстi ақша есептелген кезде қайтарылды деп есептеледi.
Егер заем нысанасын қайтару мерзiмi шартта белгiленбесе, оны заемшы ол туралы заем берушi талап еткен күннен бастап отыз күн iшiнде қайтаруы тиiс.
Сыйақы төлеу туралы шартсыз берiлген заем нысанасы мерзiмiнен бұрын қайтарылуы мүмкiн. Сыйақы төлеу шартымен берiлген заем нысанасы заем берушiнiң келiсiмiмен не, егер ол шартта көзделсе, мерзiмiнен бұрын қайтарылуы мүмкiн.
Егер шартта өзгеше белгiленбесе, заем бойынша сыйақы кез келген уақытта мерзiмiнен бұрын төленуi мүмкiн.
2. Заем берушiнiң келiсiмiмен заемшының мiндеттемелерi: ақша заемы шарты бойынша - борыш есебiне тектiк белгiлерiмен айқындалған заттарды қабылдаумен; заттар заемы шарты бойынша - борыштың есебiне ақша қабылдаумен орындалуы мүмкiн. Аталған заттардың құны тараптардың келiсiмiмен айқындалады.
3. Егер шартта заемды бөлшектеп (бөлiп-бөлiп) қайтару көзделсе, заемшы заем нысанасының кезектi бөлiгiн қайтару үшiн белгiленген мерзiмдi бұзған жағдайда заем берушi заем нысанасының қалған барлық бөлiгiнiң тиесiлi сыйақымен бiрге мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
4. Егер шартта заем бойынша сыйақыны заем нысанасының өзiн қайтару мерзiмдерiнен бұрын төлеу көзделсе, сыйақыны төлеу үшiн белгiленген мерзiм бұзылған жағдайда заем берушi заемшыдан заем нысанасын тиесiлi сыйақымен бiрге мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.

723-бап. Заем нысанасын мерзiмiнен бұрын қайтару туралы
талапты қанағаттандыру мерзiмi

Заем берушi 720-баптың З-тармағында, 721-баптың 2-тармағында, 722-баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген негiздер бойынша заем нысанасын мерзiмiнен бұрын қайтару туралы талаптар қойған кезде заем нысанасын қайтарудың және ол бойынша сыйақыны төлеудiң жаңа мерзiмi осы Кодекстiң 722-бабының 1-тармағында белгiленген ереже бойынша есептеледi.

724-бап. Заем шартын даулау

1. Заемшы заем берушiден өзiнiң заем нысанасын (ақшаны немесе заттарды) iс жүзiнде алмағандығын немесе шартта көрсетiлгеннен аз мөлшерде немесе аз санда алынғанын дәлелдей отырып, заем шартын даулауға құқылы.
2. Заем шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс жағдайларда (осы Кодекстiң 716-бабы), шарт алдаудың, күш қолданудың, қорқытудың, тараптар өкiлдерiнiң қаскүнемдiк келiсiмiнiң немесе ауыр мән-жайлар тоғысуының ықпалымен жасалған жағдайларды қоспағанда (осы Кодекстiң 159-бабының 9 және 10-тармақтары), оны куәгерлiк көрсетулер арқылы даулауға жол берiлмейдi.

725-бап. Заем шартында мiндеттеменi жаңалау

1. Сатып алу-сату, мүлiктi жалға алу немесе өзге негiздегi мәмiлелерден пайда болған кез келген мiндеттеме тараптардың келiсiмi бойынша заем шартымен ресiмделуi мүмкiн.
2. Мiндеттеменi заем шартына ресiмдеу жаңалау туралы талаптарды (осы Кодекстiң 372-бабы) сақтай отырып жүзеге асырылады және заем шарты үшiн көзделген (осы Кодекстiң 716-бабы) нысанда жасалады.

Бап. Мемлекеттiк заем шарты

1. Мемлекеттiк заем шарты бойынша заемшы - мемлекет, ал заем берушi - азамат немесе заңды тұлға болады.
2. Мемлекеттiк заемдар ерiктi болып табылады.
3. Мемлекеттiк заем шарты заем берушiнiң шығарылған мемлекеттiк облигацияларды, сондай-ақ заем берушiнiң заемшыдан одан қарызға берiлген ақшаны немесе заем талаптарына байланысты өзге де мүлiктiк баламаны, белгiленген сыйақыны немесе өзге де мүлiктiк құқықтарды осы заемды айналымға шығару шарттарында көзделген мерзiмде алу құқығын куәландыратын басқа да мемлекеттiк бағалы қағаздарды (құжаттық немесе құжаттық емес) алу жолымен жасалады.
4. Мемлекеттiк заем шартынан туындайтын өз мiндеттемелерi бойынша, заемшы тиiстi қазынаның мүлкiмен жауап бередi.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк заем қатынастарына қатысу ерекшелiктерi заң актiлерiмен белгiленуi мүмкiн.

Бап. Банк заемы шарты

1. Банк заемы шарты бойынша заем берушi заемшыға төлемдiлiк, мерзiмдiлiк, қайтарымдылық шарттарымен қарызға ақша беруге мiндеттенедi.
1-1. Ислам банкi заем берушi болып табылатын банк заемы шарты бойынша ақша заемы мерзiмдiлiк және қайтарымдылық талаптары бойынша және ақшаны пайдаланғаны үшiн сыйақы алынбай жүзеге асырылады. V095687
2. Банк заемы шартына осы Кодекстiң 728-бабында көзделген ерекшелiктерiмен қоса заем шартына қатысты ережелер қолданылады.
Ескерту. 727-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.12. N 133-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

728-бап. Банктiк қарыз шартының ерекшелiктерi

Банктiк қарыз шартының мынадай ерекшелiктерi бар:
1) уәкiлеттi мемлекеттiк органның ақшалай нысанда қарыз беруге лицензиясы бар банк немесе өзге де заңды тұлға қарыз берушi ретiнде әрекет етедi;
2) шарттың нысанасы алдағы уақытта берiлуi мүмкiн ақша болып табылады. Соңғы жағдайда, егер осы шартта өзгеше көзделмесе, шарт жасалған кезiнен бастап (осы Кодекстiң 393-бабының 1-тармағы) күшiне енген болып есептеледi;
3) шарт жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Жазбаша нысанды сақтамау банктiк қарыз шартының жарамсыздығына әкеп соғады;
4) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шартта банктiң немесе уәкiлеттi мемлекеттiк органның ақшалай нысанда қарыз беруге лицензиясы бар өзге де заңды тұлғаның шарт талаптарын бiржақты өзгерту құқығын көздейтiн талап қамтылмайды;
5) Қазақстан Республикасының банктiк заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, банктiк қарыз шартына осы Кодекстiң 722-бабы 2-тармағының ережелерi қолданылмайды;
6) осы Кодекстiң 722-бабы 3 және 4-тармақтарының ережелерi қарыз алушы қарыз нысанасының кезектi бөлiгiн қайтару және (немесе) сыйақы төлеу үшiн белгiленген мерзiмдi күнтiзбелiк қырық күн мерзiмнен асырып бұзған кезде банктiк қарыз шартына қолданылады.
Банктерге осы банк эмитентi болып табылатын акциялармен қамтамасыз етiлген қарыздар беруге не осы акцияларды сатып алуға арналған қарыздар беруге тыйым салынады.
Ескерту. 728-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

37-тарау. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру (факторинг)

729-бап. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру
(факторинг) шарты

1. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру шарты бойынша бiр тарап (қаржы агентi) ақшаны басқа тараптың (клиенттiң) билiгiне бередi немесе беруге мiндеттенедi, ал клиент қаржы агентiне клиенттiң (кредит берушiнiң) осы үшiншi тұлғамен (борышқормен) қатынастарынан туындайтын өзiнiң ақшалай талабын қаржы агентiне бередi немесе беруге мiндеттенедi.
Борышқорға ақшалай талабын клиент қаржы агентiне сонымен бiрге клиенттiң қаржы агентi алдындағы мiндеттемелерiн атқаруын қамтамасыз ету мақсатында да беруi мүмкiн.
2. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру шарты бойынша қаржы агентiнiң мiндеттемелерi клиент үшiн бухгалтерлiк есеп жүргiзудi және берудiң нысанасы болып табылатын ақшалай талаптарға (ақшалай талаптар бойынша шоттар ашу) қатысты құжаттар ұсынуды, сондай-ақ клиентке осы талаптарға байланысты өзге де қаржылық қызмет көрсетудi қамтуы мүмкiн.
3. Осы Кодекспен белгiленген (осы Кодекстiң 339-347-баптары) талаптарды беру туралы жалпы ережелер, егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, ақшалай талапты берiп қаржыландыруға қолданылады.

730-бап. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру
туралы шарттың нысаны

Ақшалай талапты берiп қаржыландыру шарты осы Кодекстiң 346-бабында белгiленген талаптарды сақтай отырып жазбаша түрде жасалуға тиiс.

731-бап. Қаржыландыруды алу мақсатындағы
берiлген ақшалай талап



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-09-17; просмотров: 941; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.137.195.121 (0.085 с.)