E. трикуспидальды жетіспеушілік 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

E. трикуспидальды жетіспеушілік



106. 55 жастағы әйел, машинистка, қол саусақтарының ауырғанына шағымданды. Қарағанда II-III-IV саусақтардың шеткі фаланга негізінде тығыз шодыр анықталды, тері және жұмсақ тіндер ісінген, қызарған, ауырсынумен; дистальды фалангааралық буындардың қозғалысы шектелген, ауырсынумен. Сонымен қатар, тізе буынындағы, мойын және бел аймағындағы омыртқалардың сыздап ауырғандығы байқалады. Дене салмағы жоғарылаған. АҚҚ – 160/90 мм с.б.б. Қан анализінде: гемоглобин - 120 г/л, лейкоциттер - 7,2х109/л, ЭТЖ - 12 мм/сағ. Аталған мәліметтер негізінде қандай алғашқы диагноз қоюға болады:

A. ревматизм

B. ревматоидты артрит

C. жүйелі қызыл жегі

+D. Геберден түйіндерімен остеоартроз

E. құяң

107. Ревматоидтық артриттің дебютінде қандай буындардың зақымдануы бұл диагнозды жоққа шығарады:

+A. алақанның шеткі фалангаралық буындары

B. білезік буындары

C. тізе буындары

D. алақанфаланг буындары

E. проксимальды фалангаралық буындар

108. 30 жастағы науқас 4 жыл бойы ревматоидтық артритпен ауырады. Соңғы 6 ай ішінде лимфоаденопатия, гепатоспленомегалия. Қанында: НВ-85 г/л, лейк.- 3тыс., ЭТЖ-34мм/сағ., СРБ+++, Ваалер-Розе реакциясы 1:128. Науқастың диагнозы:

+A. Фелти синдромы

B. жүйелік көрністермен созылмалы белсенді гепатит

C. ЖҚЖ

D. Остеоартроз

E. Стилл синдромы

109. 25 жастағы науқаста, инсоляция процедурасынан кейін қызба пайда болды, бетте эритема, лимфотүйіндерінің ұлғаюы, буындар және бұлшықеттердегі ауырғандық, анальгинді дәрілік көтере алмаушылық. 6 айдан кейін беттегі, аяқтағы ісікті байқады. Жалпы несеп анализінде: белок 1,5 г/л, лейкоциттер 8-10 көрі аймағында, көп мөлшердегі сілтілік эритроциттер көру аймағында, цилиндрлер 5-6 көру аймағына дейін. Сіздің диагнозыңыз:

+A. люпус – нефрит

B. бүйрек туберкулезі

C. бүйрек амилоидозы

D. созылмалы гломерулонефрит

E. созылмалы пиелонефрит

110. Ұлпалардың жайылмалы зақымдануы салдарынан нефриттің гистологиялық суреті, «сым ілмек», фибриноидтық, гиалиндік тромбтар, ядроның патологиясы симптомдарымен сипатталатын қызба қандай ауруға тән:

A. ревматоидтық артрит

B. Крон ауруы

C. түйінді периартериит

+D. жүйелі қызыл жегі

E. созылмалы гломерулонефрит

111. 27 жастағы әйел. Жарты жыл ішінде, бір немесе бірнеше саусақтарының қысқа уақытты бозаруына көңіл аударады, соңғы ай ішінде – алақан-фалангалы және білезік буындарындағы үнемі болатын ауырғандыққа шағымданды. Жүрген кезде пайда болатын ентікпе және жүректің шалыс соғуы байқалады. Қарағанда: саусақ сыртындағы тері, қол саусақтары, иықтарында, маңдайында, кеудесі – тығыз, жылтыр, қыртыстанбайды; алақан-фалангалы және білезік буындары ісіктің салдарынан айқын дефигурацияланған, өкпе артериясында II тон акценті, тахикардия; өкпенің төменгі бөлігінде – аздаған мөлшерде крепитацияланған сырылдар. Қандай алғашқы диагнозыңыз ең негізді:

+A. жүйелі склеродермия

B. дерматомиозит

C. жүйелі қызыл жегі

D. жедел ревматикалық қызба

E. остеоартроз

112. Н. деген 45 - жастағы науқас, сол жақ тізесі және өкшесіндегі ауыру сезім және ісінуге шағымданады. Анамнезінен шамамен бір ай бұрын дизентериямен емделген. Қарап тексергенде: сол жақ тізе буынының және оң өкше аймағының пішіні өзгерген, гиперемиясы. Өкпесінде везикулалық тыныс. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс, пульс- мин. 84 рет, іші жұмсақ, ауырмайды. Қанда: эр-4,2 млн., лей-11 мың., ЭТЖ-26 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз?

A. жедел ревматикалық қызба

B. ревматоидты артрит

C. септикалық артрит

+D. реактивті артрит

E. құяң

113. Т. деген 16 жастағы науқасты вирусты инфекциямен ауырғаннан кейін ірі буындарының ауыруы, субфебрилитет, бас ауыруы, бас айналуы, көз көру өткірлігінің жедел төмендеуі, дене қызуының 38°С дейін көтерілуі, дене салмағының төмендеуі мазалайды. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары солға ығысқан, жүректің барлық нүктелерінде мойын тамырлары, құрсақ қолқасына берілетін систолалық шу естіледі. Сол жақ шыбық артериясының пульсациясының бәсеңдеуі АҚ оң қолында 230/130 мм с.б., сол қолда 150/130 мм с.б., аяқта 220/110 мм с.б. Көз түбі тамырларының өзгерген. Сіздің диагнозыңыз?

A. жедел ревматикалық қызба

B. ревматикалық емес миокардит

C. гигантты жасушалық артериит

D. артериальды гипертония

+E. спецификалық емес аортоартериит

114. Ревматоидты артритте ревматоидты түйіндер нені көрсетеді:

А. аурудың жоғары активтілігін

+В. ревматоидты васкулит

С. аурудың ұзақ созылуын

D. аурудың асқынулары

Е. басқа патологияның қосылуы

115. Ревматоидты артритке тән асқыну?

+А. бүйрек амилоидозы

В. екіншілік инфекция

С. өкпе жетіспеушілігі

D. сүйек сыңғыштығының жоғарлауы

Е. Фелти синдромының дамуы.

116. Артрозға қарағанда аталған белгілердің қайсысы артритке тән:

A. буындардың қозғалыста ауырғандығы

B. буындар сытыры

C. сүйек тінінің өсуі

+D. ісіну және жергілікті қызудың жоғарлауы

E. қозғалыстың шектелуі

117. Жеделдеу шашыранды туберкулезінде рентгенологиялық сурет қандай?

A. бүкіл өкпе алаңында бір бірімен қосылмайтын көп ұсақ ошақтар

+B. жоғарғы және ортаңғы бөлімдерінде екі жақта полиморфты ошақтар, кейде біртекті емес, фокустарға қосылған, бұғана асты зоналарда дөңгелек пішінді ыдырау қуыстары бар

C. жоғарғы және ортаңғы бөлімдерінде екі жақта полиморфты ошақтар, кейде ыдырау қуыстары бар біртектісіз фокустарға қосылған, диффузды фиброз, өкпенің төменгі бөлімдерінде эмфизема

D. бүкіл өкпе алаңында қуысы жоқ ірі мақта тәрізді ошақтар

E. бүкіл өкпеде тоталды, бір жақты ошақты диссеминация басым

118. Созылмалы шашыранды туберкулезінде рентгенологиялық сурет қандай?

A. бүкіл өкпе алаңында бір бірімен қосылмайтын көп ұсақ ошақтар

+B. жоғарғы және ортаңғы бөлімдерінде екі жақта полиморфты ошақтар, қосылуымен біртекті емес, фокустарға айналған, кейде түзілген каверналар, фиброзды өзгерістер, плевралды жабысулар, өкпенің төменгі бөлімдерінде эмфизема

C. ортаңғы бөлімдерінде ірі ошақтар, түбір зонасында фокустарға қосылған, диффузды пневмосклероз, жоғарғы және төменгі бөлімдерінде өкпе суреті күшейген және деформирленген

D. бүкіл өкпе алаңында қуысы жоқ ірі мақта тәрізді ошақтар

E. бүкіл өкпеде тоталды, бір жақты ошақты диссеминация басым

119. Екі өпке алаңында диффузды пневмосклероз фонында әр түрлі өлшемді және интенсивті ошақты қараюлар туберкулездің қандай түріне тән?

A. ошақты

+B. созылмалы шашыранды

C. инфильтративті

D. фиброзды-кавернозды

E. милиарлы

120. Милиарлы өкпе туберкулезінің рентгенологиялық суреті:

A. жоғары өкпе бөліктерінде басым аз және орташа интенсивті әр түрлі өлшемді ошақты қараюлар

+B. екі өкпеде симметриялы, тары тәрізді аз интенсивті ошақты қараюлар

C. екі өкпеде түбір зонасында орналасқан аз және орташа интенсивті ошақты қараюлар

D. екі өкпеде сипаты полиморфты ошақты қараюлар

E. IV қабырғадан және диафрагмаға дейін бір жағында өкпе суреті күшейген, деформирленген, перибронхиалды және перивазалды инфильтрация

121. Шашыранды туберкулездің қандай түріне рентгенологиялық екі жақты тоталды симметриялы мономорфты ұсақ ошақтар зақымданулар сәйкес?

A. гематогенді жеделдеу

B. гематогенді созылмалы

C. лимфогенді

D. бронхогенді

+E. милиарлы

122. Науқас В., 40 жаста, туберкулезге қарсы стационарға оң өкпе жоғарғы бөлігінің туберкулезіне күдікті болып жатқызылды. Бірінші күні оң өкпе S2 зақымдалуы анықталды:

A. анамнез анықтау арқылы

B. лабораторлық зерттеу арқылы

C. иммунологиялық зерттеу арқылы

+D. өкпенің рентгенографиясы тіке проекцияда

E. объективті зерттеу арқылы

123 Науқас В., 40 жаста, туберкулезге қарсы стационарға оң өкпе жоғарғы бөлігінің туберкулезіне күдікті болып жатқызылды. Зақымдалу аймақта өкпе ұлпасының ыдырауы табылды:

A. бронхоскопия арқылы

+B. томография арқылы

C. перкуссия арқылы

D. биопсия арқылы

E. бронхография арқылы

124. Науқас В., 40 жаста, туберкулезге қарсы стационарға оң өкпе жоғарғы бөлігінің туберкулезіне күдікті болып жатқызылды. Туберкулездің ашық түрі келесі тексеру арқылы анықталды:

+A. бактериоскопия арқылы қақырықты зерттеу

B. биохимиялық

C. иммунологиялық

D. сәулелік

E. объективті

125. Науқас В., 40 жаста, туберкулезге қарсы стационарға оң өкпе жоғарғы бөлігінің туберкулезіне күдікті болып жатқызылды. Құралды зерттеу пайдалану жолымен – оң жоғары бөліктік бронх туберкулезінің асқынуы анықталды:

A. бронхография

+B. бронхоскопия

C. аускультация

D. томография

E. трансторакалды пункция

126. 12 жасар оқушыны профилактикалық тексеруінде Манту сынамасына оң реакция анықталған. Туберкулезбен инфицирленгенге күдікті болған, өйткені өмір анамнезін сұрастырғанда, ол тығыз қатысқаны анықталған:

A. инфицирленген оқушымен

B. СОӨА ауыратын және қақырық бөлетін туысымен

+C. түрмеден босатылған көршімен

D. 15 жыл бұрын сәулелі әдістермен тексерілген және жөтелгенде қақырық тұрақты бөлетін әжесімен

E. қайнатылмаған сүтті ішкені

127. 12 жасар оқушыны профилактикалық тексеруінде Манту сынамасына оң реакция анықталған. Болжамды инфекция көзін анықтау мақсатпен барлық адамдарға сәулелі зерттеу әдістердің біреуімен тексеру нұсқалды:

A. кеуде мушелерінің рентгеноскопиясы

B. өкпе томографиясы (көлденеңнен кесінді)

C. өкпе компьютерлік томографиясы

+D. флюорография

E. бронхоскопия

128. Науқас К., 25 жаста, медиальды проекцияда өкпе түбірінде II және IV қабырға арасында қараю фокусы, қақырықта ТМБ анықталған. Болжамды өкпе туберкулезі түрі болатын:

A. ошақты өкпе туберкулезі

+B. инфильтративті өкпе туберкулезі

C. цирротикалық өкпе туберкулезі

D. алғашқы туберкулез комплексі

E. кавернозды туберкулез

129. Науқас К., 25 жаста, медиальды проецияда өкпе түбірінде II және IV қабырға арасында қараю фокусы, қақырықта ТМБ анықталған. Аурудың болжамды фаза:

A. инфильтрация

+B. ыдырау

C. ұрықтану

D. фаза көсертілмеген

E. әктену

130. 5 жасар балада профилактикалық тексеруде 2 ТБ Манту сынағына оң мәнді реакция, 8 мм папула байқалды. Диагноз: туберкулин сынамасының «виражы» (біріншілік туберкулез инфекциясы, ерте кезеңі) деп төмендегіге байланысты қойылды:

A. папуланың көлемі

B. туберкулезбен ауыратын туысымен қатынаста болуы туралы мәлімет

C. туберкулиннің жіберілген дозасы

+D. бұрынғы жылы Манту сынамасына теріс реакция болуы

E. баланың жасына

131. Перзентханада алты айлық бала БЦЖ вакцинациясын алмаған. Қәзір туберкулезге қарсы вакцинацияға қарсы көрсетпе жоқ. Вакцина енгізу алдында туберкулин сынамасы жасалды:

A. Пирке сынамасы

+B. Манту сынамасы

C. градуирленген Пирке сынамасы

D. Кох сынамасы

E. туберкулинді титрлеу

132. 10 жасар балада Манту сынағына везикуламен папула 12 мм реакция байқалды. Бұрынғы жылғы туберкулин сынамалары оң. Болжамды диагноз қойылды:

A. туберкулезбен инфицирленген

B. туберкулин сынамасының «виражы» (біріншілік туберкулез инфек-циясының ерте кезеңі)

+C. туберкулинге гиперэргиялық реакция

D. вакцинациядан кейінгі аллергия

E. созылмалы туберкулез интоксикациясы

133. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша өкпе туберкулезі науқастарын анықтаудың негізгі әдісі:

A. флюорография

B. рентгенография

+C. ТМБ-ға қақырықты үш мәрте жәй микроскопиясы

D. ТМБ-ға қақырықты себу

E. туберкулинанықтау әдісі

134. Туберкулезде «жасырын микробизм» кезеңінің ұзақтығы қанша?

A. 1-2 апта

+B. 3-8 апта

C. 8-10 апта

D. 10-12 апта

Е. 1 жылдан астам

135. Берілгендердің қайсысы тырысқаққа тән?

А - инкубациялық кезеңі 2 тәуліктен 10 таулікке дейін ауытқиды

+В - жұғу механизмі фекальды-оральды

С - жүрек гликозидтері негізгі емдеу препараттары болып саналады

D - экспресс зерттеуде оң мәнді жауапты 1 сағаттан кейін алуға болады

Е - типтік жағдайда ауру дене қызуының көтерілуінен басталады

 

136. Парагрипптің негізгі клиникалық көріністері қандай?

А - қалтырау, дене қызуының жоғарлауы, жүрек айну, құсу, жұтынғанда тамақтың ауырсынуы, бадамша бездеріндегі көп мөлшердегі жабынды, жақ асты лимфа түйіндердің зақымдалуы, беттегі, иық белдеуіндегі дақты-папулезді бөртпе

В қалтырау, маңдай бөлігінде қатты бас ауру, дене қызуының жоғарлауы, бұлшықет ауырсынуы, әсіресе арқа бұлшық еті, тамағының жыбырлауы, құрғақ жөтел, мұрын бітуі, жарықтан қорку

+С - біртіндеп басталуы, аздаған бас ауруы, жеңіл қалтырау, қызуы субфебрильді, мұрын бітуі, құрғақ жөтел, дөрекі «үрмеліге» ауысады, дауысының қарлыгуы, мұрынның бітуі ринореямен ауысады

D - маңдай-төбе бөлігіндегі бас ауруы, тамағының жыбырлауы, құрғақ жөтел, мұрын бітуі, арандағы өзгерістер – жұмсақ таңдай, таңдай доғасының, бадамша баздерінің шамалы қызаруы, жұтқыншақтың артқы қабырғасының ісінуі және айқын қызаруы. Лимфоидты фолликулдардың гиперплазиясы

Е - бас ауруы, жұтынғандағы аздаған тамақ ауырсынуы, дене қызуының жоғарлауы, жақ асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы, арандағы өзгерістер – бадамша бездеріндегі пленкалы жабынды таңдай доғасына, тілшікке және жұтқыншақтың артқы қабырғасына өтеді

137. Тұмау кезінде аранда қандай өзгерістер болады

+А – Аран гиперемияланған, цианоз, гиперемия жайылмалы көріністе беріледі, гиперемия доға аймағында өте айқын, жұмсақ таңдай және жұтқыншақтың артқы қабырғасына таралған, жұмсақ таңдайдың бұдырлануы

В – Жұмсақ таңдай және жұтқыншақтың артқы қабырғасы аздап гиперемияланған, кейбір науқастарда жұмсақ таңдайдың бұдырлануы

С – Аран гиперемияланған, айқын гиперемия жұтқыншақтың артқы қабырғасында байқалады. Аздап ісінген, бұдырланған

D – Жұмсақ таңдайдың бадамша бездері, таңдай доғаларында гиперемия айқын емес

Е – Бадамша бездер, тілшік, жұтқыншақтың артқы қабырғасы әлсіз ісінген және гиперемияланған, бадамша бездерінің бетінде әртүрлі көлемдегі ақшыл-сары жабынды байқалады, болбыр, оңай алынады

138. Тікелей билирубин, АлАТ, АсАТ, сілтілік фосфатазаның жоғарлауы қандай вирусты гепатитке тән?

А - ВГА

+В - холестатикалық компонентпен ВГВ

С - ВГВ

D - ВГД

Е - ВГЕ

139. Төмендегі көрсетілген симптомокомплекстердің қайсысы сальмонеллездің бастапқы кезеңіне тән?

А - ауру жедел, іш өтумен, іштің ауырсынусыз басталады, қалыпты қызу фонында «күріш суы» тәрізді көп мөлшердегі сұйық нәжіс

В - ауру жедел, қалтырау және қызуының болуымен басталады дене температурасының көтерілуі, әлсіздік, бас ауруы, сол жақ мықын аймағындағы толғақ тәрізді ауырсыну, аз мөлшерлі сұйық нәжіс

+С - науқас эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, көп ретті құсуға, сасық иісті, жасыл түсті көп мөлшердегі, сұйық нәжіске шағымданады

D - ауру жедел қызуының көтерілуімен басталады, құсу, сұйық, сулы нәжіс, эпигастрий аймағындағы ауырсыну, мұрын бітелуі, тамағының жыбырлауы, ауырсынуы болады

Е - ьауру жәй токсикоздың орташа белгілерімен басталады, нәжіс сұйық жылтыр кілегей және «таңқурай қайнатпасы» тәрізді қан аралас

140. Вирусты гепатит кезіндегі сарғаю синдромының сипаттамасы:

+А – склера және тері қабатының сарғаюы, бауырдың үлкеюі, тікелей билирубиннің көтерілуі, Алт активтілігінің жоғарлауы

В - склераның сарғаюы, зәрдің қоңырлауы, нәжістің түссізденуі, тікелей билирубиннің көтерілуі

С- склераның сарғаюы, зәрдің қоңырлауы, тікелей емес билирубиннің көтерілуі

D - склера және тері қабатының сарғаюы, Курвуазье симптомының оң болуы, сілтілік фосфатазаның жоғарлауы

Е - склераның сарғаюы, эритроцитопения, тромбоцитопения, тікелей емес билирубиннің көтерілуі

 

141. Дизентерияның типті түріндегі тән нәжіс

А – сұйық, аз мөлшерлі, «құлпынай қайнатпасы» тәрізді

+В – сұйық, аз мөлшерлі, қан талшықтары мен кілегей аралас

С – сұйық, көп мөлшерлі, қоспасыз, түссіз

D – сұйық, көп мөлшерлі «бұршақ сорпасы» тәрізді

Е – сұйық, көп мөлшерлі, сасық иісті

142. ВГВ холестатикалық вариантының дамуы туралы синдромды көрсетіңіз?

А – қанда сарысулық темір деңгейінің жоғарлауы

В – қанда тіке билирубиннің жоғарлауы

+С - холестерин және сілтілі фосфатаза активтілігінің жоғарлауы

D - АЛТ, АСТ активтілігің жоғарлауы

Е – сулема сынамасы көрсеткішінің төмендеуі

 

143. ЖИТС (Жүре пайда болған иммунды тапшылық синдромы) кезінде болатын синдромды көрсетіңіз?

А – лейкоцитоз нейтрофильді ығысумен

+В- пневмоцисті пневмония созылмалы ағыммен

С- бадамша бездерінің фибринозды қабынуы

D- лимфо түйіндеріндегі серозды-геморрагиялық қабыну

Е- терминальді илеит

 

144. Қай анықтама аденовирусты инфекцияда дұрыс болып саналады?

+ жоғарғы тыныс жолдары, көз, ішек кілегей қабаттарының лимфоидты тінінің зақымдалуымен және интоксикация симптомымен сипатталатын жедел респираторлы ауру

жоғары температура, айқын токсикоз белгілерімен қысқа қызбалық реакциямен және катаралды көріністермен сипатталатын жедел вирусты ауру

айқын интоксикациямен және тыныс алу жолдарының төменгі бөлігінің зақымдалуымен сипатталатын жедел респираторлы ауру

мұрын кілегей қабатының айқын зақымдалуымен және әлсіз интоксикация симптомымен көрінетін жедел респираторлы ауру

токсикоз белгілерімен және көмей зақымдалуымен жүретін жедел респираторлы ауру

145. Бауыр жасушалардың цитолизін сипаттайтын лабораториялық тесті көрсетіңіз:

А - жалпы билирубиннің жоғарлауы

+В – АлАТ жоғарлауы

С – лейкопения

D – холестериннің жоғарлауы

Е - сілтілі фосфатазаның жоғарлауы

146. Дегидратацияның белгісі қайсысы:

+А- тері серпінділігінің төмендеуі

В – гемодинамикалық бұзылыстар

С – ентікпе

D – сана сезімінің бұзылуы

Е – жиі сұйық нәжіс

147. Аталған субстраттардың қайсысында АИВ табылады:

А – сперма

В – қан

С – вагинальды бөлініс

D – ана сүті

+Е– барлығында

148. Тырысқақтағы сусызданудың II-ші дәрежесін көрсетіңіз:

А - дене салмағынан 1-3% жою

+В - дене салмағынан 4-6%

С - дене салмағынан 7-9%

D - дене салмағынан 10%

Е - дене салмағынан 10 % жоғары

149. Респираторлы-синцитиальды инфекция клиникасында қандай синдром басымырақ кездеседі?

А – фарингит

В – трахеит

С – ларингит жалған круп дамуымен

D – ринит айқын ринореямен

+Е – астматоидты компонентпен бронхит

150. Сусызданудың III дәрежесі даму үшін сұйықтық жоғалту көлемі:

А - дене салмағынан 1-3 %

В - дене салмағынан 4-6 %

+С - дене салмағынан 7-9 %

D - дене салмағынан 10 %

Е - дене салмағынан 10 % жоғары

 

 

III - ДЕҢГЕЙ

 

1. Ауруханадан тыс пневмонияның патогенін анықтағанға дейін барынша тиімді антибактериальды терапияны тағайындаңыз:

A. гентамицин

B. тетрациклин

+C. ровамицин

D. бисептол

E. кефзол

 

2. Созылмалы алкоголизм және өкпенің созылмалы обструктивтік ауруларымен ауыратын егде жастағы ер адам қарақат желесі тәрізді, күйген ет иісті, тұтқыр қиын бөлінетін қақырық пен жөтелге шағымданады. Объективті: айқын интоксикация, ентігу, өкпеде аздаған сырылдар. Рентгенде «бал арасының ұясы тәрізді таралаған өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдықты қуыстар, пневмосклероз анықталды. Қандай қоздырғыш анықталуы мүмкін:

A. хламидия

+B. клебсиелла

C. микоплазма

D. вирус гриппы

E. ішек таяқшалары

 

3. Өкпенің созылмалы обструктивтік ауруымен және өкпе текті жүрекпен ауыратын, жағдайы тұрақты науқастың өмірлік болжамының жақсаруы келесі шараға байланысты болуы мүмкін:

+A. тұрақты оттегілік терапия

B. бета-блокаторларды ұзақ қолдану

C. варфарин курсын жылына 2-3 рет тағайындау

D. кезеңдік трахеобронхиальды санация

E. ұзақ әсерлі нитраттарды қолдану

4. Тыныс тұншықпасын реттейтін дәріні атаңыз?

А. эуфиллин, теофиллин

В. адреналин, эфедрин

С. жүйелі кортикостероидтар

+D. ингаляцилық кортикостероидтар, бета - 2 - стимуляторлар

Е. бета - адреноблокаторлар

5. Тыныс тұншықпасының бірінші қатарын емдеуде қолданылатын дәріні атаңыз:

+А. ингаляциялық бета - 2 - адреномиметиктер

В. ингаляциялық кортикостероидтар

С. теофиллиннің ұзартылған түрдегі дәрілері

D. жүйелі кортикостероидтарды пайдалану

Е. комплекстік ем

6. Тыныс тұншықпасының үшінші қатарын емдеуде қолданылатын дәрілерді атаңыз:

А. ингаляциялық бета - 2 - адреномиметиктер

В. ингаляциялық кортикостероидтар

С. теофиллиннің ұзартылған түрдегі дәрілері

D. жүйелі кортикостероидтарды пайдалану

+Е. комплекстік ем

7. Өкпе ісігінің қандай сатысында сәулелік ем қолданылады:

A. Бірінші

B. Екінші

C. Үшінші

+D. Төртінші

E. Тек ісіктің гистологиялық құрылымына байланысты

8. Инфильтративті туберкулезбен өкпенің орталық ісігі екшеу диагностикасын жүргізу үшін тиімді әдіс болып табылады:

A. Томография

+B. Биопсия мен бронхоскопия

C. Қақырық микроскопиясы

D. Биопсия мен медиастиноскопиясы

E. Диагностикалық торакотомия

 

 

9. К. атты 28 жастағы науқас тұншығуға, ұстама тәрізді құрғақ жөтелге шағымданады. Соңғы аптада түнде 2рет тұншығудан оянған, ұстама беротекпен басылған. Күніне 10мг преднизолон қабылдайды. Қарағанда: ТАЖ-22 рет мин., тыныс шығарудың жылдамдық шыңы 68%. Сіздің болжам диагнозыңыз:

A. тыныс тұншықпасы, жеңіл дәрежелі, өршуі ТЖ І

B. тыныс тұншықпасы, ауыр ағымы, өршуі, ТЖ ІІІ

C. тыныс тұншықпасы,орташа дәрежелі, өршуі, ТЖ ІІ

+D. тыныс тұншықпасы, ауыр ағымы, гормон тәуелді түрі, өршуі, ТЖІ

E. тыныс тұншықпасы, орташа дәрежелі, гормон тәуелді түрі, өршуі, ТЖ ІІ

10. Әскери бөлімде әскери қызметкерлерінің жаппай аз қақырықты жөтелмен жүретін және айқын интоксикациямен көрініс берген пневмониямен ауырған. Рентгенологиялық суретте жиі екі жақты өкпе түбірінде өкпе суретінің күшеюі, полиморфты ошақты қабыну инфильтрациясы анықталды. Ампициллин, гентамицин, цефалоспориндермен жүргізілген ем тиімсіз. Пневмонияның негізгі себебі болуы мүмкін:

A. алтын түсті стафилококк

B. клебсиелла

+C. микоплазма

D. пневмоциста (Р. саrini)

E. пневмококк

 

11. Науқас 49 жаста, қарқынды емдеу бөлімшесіне жедел трансмуральдық инфаркт миокардтісімен жеткізілді. Ентігу басталды, тахипноэ, АҚҚ 90/60 мм, с.б.б., дейін төмендеген, тахикардия 120 рет мин. өкпенің төменгі бөлігінде ылғалды сырылдар естіледі. 3-4 қабырға аралықта айқын шоқырақ ырғақты систолалық шу естіледі. Сіздің болжам диагнозыңыз:

A. қарыншаның сыртқы қабырғасының жыртылуы

B. өкпе артериясының эмболиясы

C. тромбоэндокардит

+D. қарынша аралық перде жыртылысы

E. эпистенокардиялық перикардит

12. 45 жастағы науқас сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасында орналасқан жедел миокард инфарктісімен интенсивті палатаға түсті. АҚҚ 150/100 мм.с.б., ЖСЖ 100 рет мин. 2 күннен кейін ентігу ұстамасына шағымданды. АҚҚ 100/70 мм. с.б.б., ЖСЖ 120 рет мин., ТЖ 32 рет/мин. Өкпесінің төменгі бөлігінде ылғалды сырылдар. Төстің төменгі жағында голосистоликалық шу, шоқырақ ырғағы естіледі. Диагнозды қою үшін нақты зерттеуді таңдаңыз:

A. 12 тіркеме мен ЭКГ

B. Өкпе рентгенографиясы

C. Өкпе артериясындағы қысымды өлшеу

+D. ЭхоКГ

E. Артериальдық қандағы қысымды өлшеу

13. 55 жастағы науқаста көп физикалық күш түскеннен кейін сол жақ иыққа таралатын, кеуде артындағы қатты қысып ауырғандық пайда болады. Ауырғандық көк тамырға морфин ерітіндісін енгізгеннен кейін басылды. Түскен кезде: науқас тежелген, терісі бозғылт, ылғалды, еріні көгерген, т.а.ж. 24 рет 1 минутына, өкпесінде қатқыл тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйық, пульсі 115 рет 1 минутына, толықтылығы әлсіз. АҚҚ 95/75мм с.б. бойынша. Бауыры сипағанда анықталмайды. Ісіктер жоқ. ЭКГ-де: I, AVL, V5-6 тіркемелерінде ST жоғарыланған, III, V1-2 тіркемелерінде ST төмендеген. Сіздің болжам диагнозыңыз?

A. өкпе артерияларының тромбоэмболиясы

B. артқы диафрагмальды миокард инфарктісі

C. алдыңғы жайылмалы миокард инфарктісі

D. алдыңғы перде аралық миокард инфарктісі

+E. алдыңғы бүйір қабырға миокард инфарктісі.

14. 66 жастағы науқаста гипертониялық криз салдарынан өкпе шемені пайда болады. АҚҚ 220/120 мм. с.б. бойынша. Бұл жағдайда қандай препарат қолдану керек?

A. капотен

B. анаприлин

C. дигоксин

D. дилтиазем

+E. лазикс

15. 60 жастағы науқаста гипертониялық криз салдарынан өкпе шешені пайда болды. АҚҚ 220/120 мм сб. б/ша. Бұл жағдайда қандай препарат қолдану керек?

А. капотен

В. анаприллин

С. дигоксин

D. дилтиазем

+Е. лазикс

16. Аталғандардың біреуінен басқасы, миокард инфарктісінің жедел кезеңін дәрімен емдеуде негізгі бағыт болып табылады:

А. ауырғандықты басу

В. ерте тромболизис (миокард инфарктісі басталғаннан кейін 6 сағатқа дейін)

С. антикоагулянттар және аспирин

D. миокардқа келетін күшті азайту

+Е. миокард инфартісі басталғаннан кейін 6-12 сағаттан соң тромболитиктерді қолдану

17. Стенокардия ұстамасын басу үшін қандай дәрі қолданылады?

А. морфин

В. анальгин

С. промедол

D. корнифар

+Е. нитроглицерин

18. Бета – адреноблокаторларды қолдану қандай кезде тиімді?

А. егде жастағы науқастарға

В. семіздігі бар науқастарға

С. қант диабеті бар науқастарға

+D. стенокардиямен біріккен АГ

Е. көп физикалық жұмыс атқарғанда

19. ЖИА, күш түсу стенокардиясы 4-ші ФК мен науқаста жүрек соғу ұстамасы пайда болды. ЭКГ: R-R – 0.4; QRS-0.14. Бұл науқаста қандай ырғақ бұзылысы болуы мүмкін:

A суправентрикулярлық пароксизмальды тахикардия

B синусты тахикардия

+C. қарыншалық пароксизмальды тахикардия

D. дұрыс пішінді жүрекшелер жыбыры

E. қарынша үстілік экстрасистолия

20. Науқас 50 жаста. Соңғы жылы түнгі уақытта төстің жоғарғы үштен бір бөлігіндегі ауырғандыққа шағымданады. Ауырғандық 15 минутқа дейін созылады, өздігінен немесе нитроглицерин қабылдағаннан кейін басылады. АҚҚ-120/80 мм.с.б.б., ЖЖЖ-92 рет минутына, тыныш күйде ЭКГ-де патологиялық өзгеріссіз. Жүктемеге жоғары төзімділік кезінде физикалық жүктеме сынамасы теріс мәнді. Ұстама кезінде ЭКГ-да кеуделік тіркемеде ST сегментінің жоғарылауы анықталған. Сіздің болжам диагнозыңыз:

A. кардиалгия

B. нейроциркулярлы дистония

C. күш түскендегі стенокардия

+D. вариантты стенокардия

E. обструктивті кардиопатия

21. Алкогольді бауыр циррозымен ауыратын науқаста айқын ісінулік- асциттік синдром дамыған. Төсектік режим, тұзсыз асмәзірі және тәулігіне сұйықтықты 1000 мл-ге дейін шектеу. Науқаста 3 күн ішінде ісіктің азаюына әкелген жоқ. Қандай шаралар қолдану керек:

A. парацентез

+B. верошпирон жоғарлатылған мөлшерде

C. лазиксті тамыр ішілік енгізу

D. гипотиазидті ішке қабылдау

E. урегитті ішке қабылдау

22. Жас ер адам 2 жыл бойы қыжылдауға, жүрегінің айнуына, эпигастрий аймағындағы тамақ ішкеннен кейін ауру сезіміне, түнгі аш қарынға ауру сезіміне шағымданады. ЭФГДС-да 12 елі ішектің буылтығының жарасы анықталған.Соңғы уақытта ауру сезімі тұрақтана түскен және арқаға берілген. Ауру сезімінің осылай өзгеруі ненің көрінісі болып табылады:

A. жара перфорациясы

B. кіші ішпердеге жара пентрациясы

+C. жараның ұйқы безіне пенетрациясы

D. қалытқы стенозының дамуы

E. жара малигнизациясы

23. 56 жастағы науқас қыжылдауға, тамақтан кейінгі және еңкею кезіндегі төс артындағы ауру сезіміне шағымданады. Ауырсыну сезіміне байланысты кардиологқа қаралған. Нитраттар қабылдаған, бірақ жағдайы жақсармаған. Сіздің диагнозыңыз:

+A. гастроэзофагеальді рефлюксті ауру

B. тыныш күде пайда болатын стенокардия

C. үдемелі стенокардия

D. кардии ахалазиясы

E. өңеш дискинезиясы

24. 36 жастағы науқас хеликобактер инфекциямен біріккен 12 елі ішектің жара ауруымен ауырады. Стационарда 14 күн эррадикациялық ем жүргізілген (омепразол, кларитромицин, метронидозол, денол). Берілген жағдайда сүймелдеуші терапия уақыты қанша:

A. 2 апта

B. 3 апта

+C. 4 апта

D. 5 апта

E. 8 апта

25. 52 жастағы маскүнем ер адамда, соңғы 3 жыл ішінде эпигастрий және сол жақ қабырға астында ауру сезімі, метеоризм, нәжістің бұзылысы пайда болған. Диареяға байланысты 1 жыл ішінде 6кг-ға арықтаған. Науқастың жағдайы майды толық шектейтін емдәмді сақтағанда жақсарады. Диагнозды дәлелдеуде ең информативті әдіс:

A. ЭРГХГ

B. ЭФГДС

+C. Копрограмма

D. Глюкозаға толеранттылық сынамасы

E. Сутектік тест

26. 45 жастағы әйел адам тері мен склерасының интенсивті сарғыш түске боялуына, күшті тері қышуына, сүйектердегі ауру сезіміне, күндізгі ұйқышылдыққа шағымданады.Тексергенде қабақтарда, шынтақта және алақанда ксантомалар, тамырлық жұлдызшалар, бауыр мен талақ ұлғаюы анықталды. Анализінде Алт мен Аст –ның әлсіз жоғарлауы, сілтілі фофатаза мен ГГТП айтарлықтай жоғарлауы. Ең мүмкін болатын диагноз:

A. аутоиммунды гепатит

B. вирусты гепатит

+C біріншілік билиарлық цирроз

D. бауырдың майлы дистрофиясы

E. гемохроматоз

27. Науқас 50 жаста, ұзақ уақыт бойы алкогольді шектен тыс қолданатын, диспансеризацияланғанда бауыр қабырға доғасынан 5см шығып тұрғаны, тығыз эластикалық консистенциялы, пальпациялағанда ауыратындығы анықталды. Талақ сипағанда анықталмайды, ұзындығы 10см. Тамырлық жұлдызшалар, пальнарлық эритема жоқ. Нв - 134 г/л, 1 мкл-де лейкоциттер – 6,5 мың, ЭТЖ - 26 мм/сағ, қанның жалпы билирубині 16 ммоль/л, АСТ – 1,25 ммоль/л, АЛТ - 1,2 ммоль/л. Мүмкін болатын диагноз:

A. Гемолитикалық анемия

B. Дабин – Джонс синдромы

+C. Бауырдың майлы дистрофиясы

D. Жильбер синдромы

E. Бауыр циррозы

28. 45 жастағы науқас мезогастральді және кіндік аймағындағы ұстама тәрізді ауру сезіміне, дефикациядан кейін азаятын метеоризмге, іш қатуға шағымданады. Обьективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, іші жұмсақ, мезогастрий аймағында ауру сезімі, бауыр мен талағы ұл



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-07-16; просмотров: 332; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.111.183 (0.331 с.)