Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Visual Basic программалау ортасы жайлы.

Поиск

Қазіргі кезде Pentium типті дербес компютерлерге мүмкіндігі мол Windows операциялық жүйелерінің бірі және олар арқылы визуальды графикалық интерфейсті пайдаланып жұмыс істейтін Exel электрондық кестесі, Access берілгендер қорын басқару жүйесі, Word мәтіндік редакторы, және т.б ірі қосымшалар (қолданбалы программалар) қосылған (не қосып қоюға болады). Визуалды графикалық интерфейстің қолайлылығы – пайдаланушы көбінесе экранда көрінген терезенің түймелерін шерту арқылы нәтиже алады. (visual-көзбен шолу). Қосымшаны дайындаушылар алдын ала экранға шығарылатын терезелер, мәзірлер, аспаптар панельдері, шрифтер және т.б қорларды программалар арқылы дайындап, стандартты модульдер түрінде жүйеде сақтап қойған.

VB атауы өзі айтып тұрғандай басқа тілдерден ерекшелігі Visual –ды деген сөздің өзі визуалдық программалауды іске асырады. Жоғарыда атап өткендей VB ортасында программа жазылмайды, жоба құрылады. Ондағы басты мақсат кодтың бірінші қатарын термей жатып жұмыс ортасын құру.

Бүгінгі VB-С++, Delphi сияқты дамытылған, визуальды программалау жүйесі. VB құрамында бірнеше жүз кілттік сөздер бар, олар түрлі операторлар (нұсқаулар, командалар), стандартты функциялар және арнайы символдармен толықтырылған.

VB-ң толық нұсқасы программалау ортасының ықшамдалған нұсқасы Microsoft Visual for Application(қолданбалы Визуал Бейсик) атымен Microsoft Word, Excel, Access және т.б. қосымшалар енгізілген.

 

3.2. Visual Basic программалау ортасын іске қосу.

Visual Basic программалау жүйесі компьютерге орнатылған соң оны іске қосу Windows терезесі арқылы әдеттегідей жүргізіліді: Іске қосу-Программалар=> Microsoft Visual Basic 6.0. Бұл кезде Project Wizard (Проект шебері) программасы іске қосылады да, экранда Microsoft Visual Basic, оның жоғарғы бетінде белсендірілген New Project (Жаңа проект) сұхбаттық терезесі көрінеді. Терезеге үш қосымша бет енгізілген: New (Жаңа), Existing (Қолданылған), Recent (Жақында қолданылған файлдар).

New бетіне енгізілген жоба типтпрі:

- Standard.EXE (стандартты exe-файл);

- VB Application Wizard (Қолданбалы VB шебері);

- Add-In (қосымша қондырма);

- Internet’те Web-беттері құруға мүмкіндік туғызатын ActiveX файлдар, т.б.

 

Жаңа жоба терезесі.

Жаңа жобаны ашу үшін New Project терезесіне орналастырылған Standard EXE, белгішесін таңдап, Ашу түймесін шерту жеткілікті. Бірнеше компоненттері бар, интегрелданған біртұтас ортасы (IDE, Intergrated Development Enviroment) не Visual Basic программалау ортасы деп аталатын терезелер көрінеді. Оларды қысқаша Орта деп те атайды. Егер компоненттердің кейбіреуі көрінбесе, оларды арнайы командалар арқылы орнату қиын емес.

 

3.3. Visual Basic Интегралданған ортасының элементтері.

1 - негізгі мәзір (Menu);

2 - аспаптар панелі(Toolbar);

3 - жоба терзесі(Project 1);

4 - форма терезесі (Form 1);

5 - қасиеттер терезесі (Properties);

6 - элементтер панелі (Toolbox);

7 - форма конструкторы (Project Container);

VB жұмыс ортасы көбінесе интегралданған (жинақталған) жұмыс ортасы деп аталады. Себебі бұл программада жобалау, түзету, компиляция және тексеру барлығы қосыла отырып жұмыс істейді.

Интегралданған ортасының элементтері мыналардан тұрады:

Тақырып қатары. Мұнда программаның аты мен ағымдағы жобаның аты жазылады.

Мәзір қатары. Мұнда VB программасының жұмысын басқаратын бұйрықтар тізімі орналасқан. File, Edit, Window, Help, View стандартты мәзір қатарларымен қоса программалауға арналған арнайы мәзір қатарлары орналасқан: Project, Format,

Жанама меню (Context). Бұл мәзір қатары программамен жұмыс жасау барысында белгілі бір іс-әрекеттерді жылдам орындау үшін қолданылады. Жанама мәзірді шығару үшін қажетті объектіні белгілеп алып тышқанның оң жағын басу керек.

Құрал-саймандар панелі. Бұл қатарда программамен жұмыс істеу ішкі қолданатын бұйрықтар тізімі батырмалар ретінде орналасқан (кнопка - батырма). VB-ті іске қосқан кезде үнсіз келісім бойынша стандартты құрал – саймандар қатары пайда болады. Құрал – саймандар қатарын іске қосу үшін немесе оны экраннан алып тастау үшін мына бұйрықтарды орындау қажет: View→Tool Bars.

Құрал-саймандар терезесі: Бұл қатарды басқару элеметтерін жоспарлау кезінде оларды формаға енгізуге арналған әр түрлі аспаптар орналасқан. Бұл қатарды экранға шығару және алып тастау үшін мынадай бұйрықтарды орындау қажет: View®Tool Box

Project explorer терезесі. Бұл терезеде ағымдағы жобаның формасы мен модульдарының тізімдері орналасқан. Осы терезе арқылы жобаның қажетті элементіне өтуге болады. Терезені іске қосу үшін немесе оны экраннан алып тастау үшін: View ®Project explorer бұйрықтарын орындау қажет.

Объектілерді көру терезесі. Мұнда жобада қолданылатын және програмаларда жылдам түрде іске асатын объектлер тізімі орналасқан. Сонымен қатар VB объектілерін зерттеу үшін және басқа да қосымшалардан көрініп және осы обьектілерге қандай методтарды және қасиеттерді қолдануға болатындығын көрсетеді.

Форманы жобалау терезесі. Мұндапрограммалармен жұмыс жасау барысында програмалаушы өзінің интерфейсін жобалау үшін қолданады, формаға басқару элементтері графикалық элементтері және әртүрлі кесінділер қажетті сыртқы түрде алу форманың өзінің формасынның жобалау экраннан алып тастау үшін: View→Object→ бұйрықтарын орындау қажет.

Программаның редакторлау терезесі: Бұл терезе программакосымшасында текст жазу үшін пайдаланылады. Әрбір форма мен программа модулі үшін программалыредакторлау терезесі болады. Мұны іске қосу немесе экраннан алып тастау үшін: View → code -ні іске қосу керек.

Форма шекарасы түрінің терезесі. Бұл терезе форманы қосымшада графикалық түрде экранды кішірейтіп көрсетеді. Бұл терезені іске қосу немесе экраннан алып тастау үшін: View layont Window -ды орындау қажет.

VB -те қосымшаларды құру үш этаптан тұрады:

1. Интерфейс құру

2. Қасиеттерді орнату

3. Программаның кодын орнату

Интерфейс құру бұл қосымшаны құру барысындағы ең негізгі рөль атқарады. Себебі қолданушы интерфейсі үшін бұл программаның өзі саналады. Программамен жұмыс жасау барысында неғұрлым ыңғайлы болу үшін оның интерфейсіне байланысты болады.

Басқару элементтерін формаға келесі түрде орнатуға болады:

1. Құрал-саймандар терезесінде қажетті басқару элементінтаңдау керек.

2. Курсор көрсеткішін формаға алып бару керек және курсор көрсеткіші крест түріне айналады.

3. Формада курсорды қажетті жерге сырт еткізгеннен кейін тышқанның сол жақ батырмасын басып ұстап қажетті өлшемді алғаннан кейін батырмасын жіберуге болады.

Нәтижесінде формада басқару элементі пайда болады. Басқаша әдіс бойынша қажетті басқару элементінде тышқанды екі рет шерітсе форманың ортасында үнсіз келісім бойынша басқару элементі пайда болады. Бұл басқару элементін қолданушы өзінің ыңғайына қарай қажетті жеріне апара алады. Немесе оның өлшемін өзгерте алады. Басқару элементтерін формада тіркеп қатырып қою үшін (закрепить) мынадай бұйрықты орындау керек.

Format ® Lock controls

Екінші кезеңде формаға орнатылған басқару элементтерінің қасиеттері орнатылады. Ол үшін қасиеттер терезесі қолданылады және ол терезе мынадай элементтерінен тұрады:

1. Object box – объектілердің тізімі. Объектінің атын көрсетеді. Объектілер тізімінің оң жағындағы мегзегіш ағымды форманың объектілерінің тізімін шығарады.

2. Shont tab – қасиеттер тізімін алфавитті түрде немесе араласқан түрде шығарып көрсетеді. Мысалы: логикалық категориясына, шрифт түрін, шамасына байланысты.

3. Properties list – Қасиеттер тізімі. Сол жақтағы калонкада белгіленген объекті үшін барлық қасиеттері көрсетіледі. Ал оң жақтағы калонкасында қасиеттерді көруге және оларды редакторлап жазып орнатуға болады.

3.4. Программаның кодын жазу.

Дайындалып жатқан қосымша үшін кодты редакторлау терезесінде программа коды жазылады. Программа командалардан, тұрақтылардан және хабарландырулардан тұрады. Кодты редакторлау терезесінде программа кодын жылдам түрде қарап шығуға және оны түзетуге болады. Программаны редакторлау терезесі келесі элементтерден тұрады:

1. Объектілер тізімінің терезесі. Бұл терезеде таңдалған объектінің аты көрсетіледі

2. Процедуралар тізімінің терезесі. Бұл терезеде объект үшін процедуралар немесе жағдайлар (события) тізімі беріледі. Терезенің ішінде таңдалған процедураның аты көрсетіледі. Мысалы: click процедурасы. Объект үшін барлық процедураны көрсету үшін терезенің оң жағындағы мегзегішті басу керек.

VB қосымшасының программасы процедурасының атына сәйкес кішігірім өлшемдерге немесе бөліктерге бөлінеді. Қосымша орындалып жатқан кезде (мысалы: қолданушы тышқанды шерткен кезде) оның процедурасы орыдалады және ол кодтардан тұрады. Басқару элементі үшін қосымшаның процедурасы басқару элементінің өзінің атынан (Name қасиетінде көрсетілген) символынан және қосымшаның атынан тұрады. Мысалы: command1 атты команда батырмасын басқан кезде қосымша процедурасын шығару керек болса, онда command1-click процедурасын қолдануға болады. Қосымшаның процедурасын төмендегідей түрде іске қосамыз.

1. Objeсt тізімдер терезесінде басқару элементінің атын таңдап.

2. Procedure тізімдер терезесінде таңдалған объект үшін қосымша атын таңдаңыз.

3. Sub and End Sub операторларының арасында программа кодын жазамыз.

Visual Basic - бірнеше файлдар жиынтығы (exe-файл). Аспаптар панеліне мәзірлерге енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналастырылған. Стандартты түймелер:

- Standard.exe типті жобаны іске қосу (Add Standard EXE Project);

- Форма қосу (ADD Form);

- Жобаны ашу (Open project);

- Жобаны сақтау (Save project);

- Көшіру (Copy);

- Кірістіру (Paste);

- Жоба терезесін шығару (Project Explorer);

- Қасиеттер терезесін шығару (Property Windows);

- Программаны тіске қосу (Start);

- Программа жұмысын аяқтау (End);

- Мәзір редакторы (Menu Editor);

- Элементтер панелі (Toolbox) т.б.

 

Жоба. Жоба терезесі.

Visual Basic - қосымшалар құруға арналған күрделі программа. Онда жиі қолданылатын компоненттер, жоба, форма, басқару элементтері, модуль және т.б.

Жоба (Project)-дайындалатын программада қандай формалардың, модульдер мен элементтер панелі пайдаланатынын көрсететін арнайы файл. Қосымша құрайтын барлық объектілер жоба арқылы басқарылады және жобада сақталынады.

VB-те жоба үшін Project терезесі қарастырылған. Жоба терезесі Windows терезесіне шамалас. Оған енгізілген проект, форма бумаларын ашуға не жабуға болады. Ол үшін алдарында көрінген ауыстырып қосқыш белгілерін шертсе болғаны.

 

 

1-View Code түймесі;

2-View Object түймесі;

3- жоба терезесіне енгізілген формалар белгішесін ашу/жабу түймесі (Toggle Forders).

View Code түймесі шертілген кезде, программа жазылатын (не жазылған) Visual Basic редакторы терезесі көрінеді. Оны программалық код терезесі деп не қысқаша кол терезесі деп атайды.

Форманы экранға шығарудың бір әдісі - View Object түймесін шерту. Жоба терезесінде қосылулы тұрған жоба мен форма, олардан соң жақшалар ішінде Visual Basic -тің нақты файлдарға меншіктеген атаулар жазылып қойылады. Алғашқы рет меншіктелген атаулар: Project1, Form1. Форма дайындалып, форма мен жоба жаңа атаулар бойынша сақталған кезде, олар осы атауларға өзгертіліп қойылады. Кейде жоба терезесі экранда көрінбеуі де мүмкін. Оны ашу үшін View-Project Explorer командасын беру жеткілікті. Бір проектімен жұмыс аяқталған соң оны сақтау керек. Жаңа жобаны ашу командасы: File- New Project.

3.6. Visual Basic ортасының компоненттері.

Microsoft VB 6.0-ның негізгі компоненттеріне қысқаша сипаттама берілген. Қалған компоненттердің түсініктемесін анықтама жүйесі арқылы табуға болады.

 

1) Көрсеткіш (Указатель-Pointer).

Көрсеткіш деп аталатын бірінші батырманы шертіп, пішінде жасалған басқару элементін таңдауға, оның өлшемін өзгертуге, жылжытуға немесе қасиеттерін өзгертуге болады.

2) Графикалық өріс (Графическое поле-PictureBox).

PictureBox компоненті пішінде графикалық файлды бейнелеу үшін қолданылады. Бұған қоса графикалық өріске әр түрлі әдістер көмегімен мәтін шығаруға, геометриялық фигураларды салуға және басқа да графикалық обьектілерді кіргізуге болады.

Жазу (Метка-Label).

Жазу компоненті мәтінді пішін бетіне шығару қызметін атқарады және оның қасиеттері пішін бетіндегі мәтіннің түрін және орналасуын анықтайды.

4) Мәтін өрісі (Текстовое поле-TextBox).

Мәтін өрісі компоненті мәтін енгізу үшін немесе программаланған есептердің нәтижелерін шығару үшін қолданылады.

5) Жақтау (Рамка-Frame).

Ауыстырып қосқыштарды атқаратын қызметтеріне байланысты бірнеше топтарға бөліп, әр топты бөлек-бөлек жақтауға, яғни жақтау (Рамка-Frame) немесе графикалық өріс (Графическое поле-PictureBox) элементтерінің ішіне орналастырады.

6) Басқару батырмасы (Кнопка управления-CommondButton).

CommondButton компоненті - командалық батырма.

Жалауша (Флажок-CheckBox).

Рұқсат етілген екі мәннің бірін қабылдайтын деректерді пішінге орналастыру үшін Жалауша компоненті пайдаланылады. Бұл басқару элементі тәуелсіз ауыстырып қосқыш болып табылады.

8) Ауыстырып қосқыш (Переключатель-OptionButton).

Ауыстырып қосқыш топтарда орналасқан бірнеше мәндердің бірін таңдауға мүмкіндік береді. Бұл басқару элементінің күйі топтың басқа батырмаларының күйімен анықталатын, тәуелді батырма болып табылады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-04-23; просмотров: 3485; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 52.14.66.242 (0.012 с.)