Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Педагогтармен жұмыс жасауСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Педагогтармен жұмыс жасау - білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету сұрақтары бойынша психологиялық құзыреттілікті жоғарылату; - балаға дара тәсілдемені жүзеге асыру бойынша ұсыныстар, білім алушылардың тұлғалық қасиеттерін зерттеу бойынша жұмысты үйлестіру; - білім алушылардың ата-аналарымен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын үйрету; - сыныптың балалар ұжымын дамыту, қолайлы микроклимат жасау бойынша ұсыныстар; - педагогтың балаға қатынасын түзету, онымен жұмыс жасау әдістерін ұсыну, баланы позитивті ынталандыру әдістемесін пайдалану, баланың психологиялық артық жүктемелерін шешу; - рефлексивті ойлауды, педагогтардың мінез-құлқын дамыту; - педагогикалық шындықты адекватты қабылдау шарты ретінде мұғалімнің эмоционалдық артық жүктемелерін алып тастау. Жұмыс консультациялар, педагогикалық кеңестер, тренингтер арқылы жүзеге асырылады. Тренинг бағдарламалары ретінде мыналар ұсынылады: 1. Мұғалімдер мен оқушылар арасында өзара әрекеттесуді жақсарту бағдарламалары мектепте әлеуметтік-қолдайтын климат тудыру мақсатымен мұғалімдердің тренингтерін, мұғалімнің өзін-өзі бағалауымен және мен-тұжырымдамасымен жұмыс жасауды, тұлғалық бақылау және әлеуметтік дағдылар тренингтерін енгізеді. 2. Мұғалімдер тарапынан балаларға әлеуметтік қолдау көрсету топтарын құру бағдарламалары. II. Әлеуметтік көмек (әлеуметтік педагог іске асырады) Отбасымен жұмыс жасау: - оқу-тәрбиелеу процесінде ата-аналардың педагогтармен өзара әрекеттесулерін ретке келтіруде көмек көрсету; - отбасыда өмір жағдайларының және жағдайдың өзгерістерін зерттеу және қадағалау мақсатымен ішкі істер органдарының есебінде, мектепішілік есепте тұрған және әлеуметтік қауіпті жағдайдағы оқушылардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру - бала үшін режимнің ұйымдастырылуын бақылау, оның бақылаусыздығын жою; - бала үшін режимді ұйымдастыруды бақылау, оны бақылаусыздықты жою; - әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасыларды анықтау, балаларды оқытуда және тәрбиелеуде оларға көмек көрсету, осы отбасыларда жағдайды сауықтыруға ықпал ету; - әлеуметтік жәрдемақыларды, жеңілдіктерді ресімдеуде көмек көрсету (құзыреттілік шектерінде) - баланың сабақтан тыс қызметін ұйымдастыруда көмек көрсету (ойын, еңбек, шығармашылық, қоршаған әлемді тану, отбасындағы қарым-қатынас); - «тәуекел» тобындағы, қиын өмірлік жағдайға душар болған отбасылардан шыққан білім алушыларға бақылау істерін жүргізу. Білім алушылармен жұмыс жасау: - мекемелерде, ұйымдарда және білім алушылардың мекен ету жерлері бойынша тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру: - баланың құқықтарын қорғау, тұлғаға әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік қорғау; - білім алушылардың тұлғаларының ерекшеліктерін, олардың микроорталарын, өмір сүру жағдайларын зерттеу; - кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру; - әлеуметтік қауіпті жағдайдағы, сондай-ақ білім беру мекемелеріндегі сабақтарға дәлелсіз себептермен бармайтын немесе жүйелі түрде өткізетін кәмілетке толмағандарды анықтау және есепке алу, оларды тәрбиелеу және олардың негізгі жалпы білім алулары бойынша шаралар қолдану; - әлеуметтік бейімделуде қиындықтар сезінетін балалар жөнінде мәліметтер базасын жасау; - «тәуекел» тобындағы білім алушыларды үйірмелерге, спорт секцияларына, жасөспірімдер клубтарына, қызығушылықтар бойынша клубтарға қатысуға тарту; - кәмелетке толмағандардың заңға бағынушылық жүріс-түрісін қалыптастыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру, сабақтарды өткізу; - салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыс, білім беру процесі барысында білім алушылардың өмірін қорғауды және денсаулықтарын қамтамасыз ету; - білім алушыларға психологиялық жайлылық және қауіпсіздік жағдайын құруға, әлеуметтік ортада адамгершілікті, салауатты қатынастарды орнатуға жәрдемдесу; - баланың қызығушылықтарын және мұқтаждықтарын, қиындықтарын және мәселелерін, мінезіндегі ауытқуларын анықтау және әлеуметтік көмек пен қолдау уақытылы көрсету; - баланың жағымды қызығушылықтарын және бейімділіктерін пайдалану негізінде баланы белсенді қызметке қосу; - білім алушылардың әлеуметтік маңызды қызметінің әр түрлі түрлерін, әлеуметтік бастамаларды дамытуға, әлеуметтік жобаларды және бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру; - отбасының, баланың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін басқа мекемелермен өзара әрекеттесу. Педагогтармен жұмыс жасау– әлеуметтік бейімделу мәселелері бойынша кәсіби құзыреттілікті жоғарылату.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 4; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.89.181 (0.007 с.) |