Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Internet деген не және ол не үшін қажет.↑ Стр 1 из 2Следующая ⇒ Содержание книги
Поиск на нашем сайте
Компютерлік желі деп әр-түрлі ресурстарды, мысалы, программаларды, құжаттарды, және принтерларды бірігіп пайдаланатындай етіп, бір-бірімен кабельдің көмегі арқылы қосылған компьютерлер тобын айтады. Компьютерлік желілерді құру үшін арнайы аппараттық және арнайы программалық жабдық қажет. Компьютерлерді желіге олардың ресурстарын бірлесіп пайдалану үшін және ақпаратпен алмасу үшін біріктіреді. Ресурстар 3 түрлі (типті) болады: аппараттық, программалық және ақпараттық. Мысалы, Қатты дискілердің сыйымдылығы ақпараттық ресурс болып табылады. Программалық ресурсқа мысал, өте күрделі және ұзақ есептеулерді орындау үшін шалғайдағы үлкен ЭЕМ-ға қосылуға және оған есептелінетін тапсырманы жіберуге, соңынан есептеу нәтижесін алуға болады. Алыстағы (удаленный) компьютерларда сақталынатын мәліметтер ақпараттық ресурсты құрайды. Бұған мысал ретінде Интернетті алуға болады. Орналасқан компьютерлерінен ғана қол жеткізуге болатын ресурстар жергілікті деп аталатын желінің басқа компьютерлеріне де ашық компьютер ресурстары ортақ немесе желілік деп аталады. Жергілікті және ортақ ресурстар түсініктері шартты.Бұл-жергілікті ресурсты ортақ етуге болады және, керісінше, ортақ ресурсқа жергілікті мәртебесін беруге болады деген сөз. Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп аталады. Сервердегі ақпаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланылатын компьютерлер клиенттер немесе жұмыс станциялары деп аталады. Есептеу желілері желілік ОЖ-лер басқарумен жұмыс істейді. Негізгі желілік ОЖ-ге Novell Netwone, Windows NT, OS/2 т.б кіреді. Windows95, 98 ОЖ-де құрамдас желілік құралдар бар. Желілік ОЖ пайдаланушыларға желінің бір компьютерінен басқасына файлдар көшіруге, желінің бір компьютеріде басқасында орналасқан деректерді өңдеуге мүмкіндік береді. Компьютерлік желілерді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді: § ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі; § ақпараттың сақталу сенімділігінің жоғарылауы; § ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қоғауды жақсарту; § ұйымның бөлімшелері мен қызметкерлері арасында жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі. Желі топологиясы - компьютердің бір–біріне қатысты физикалық орналасуы. Желі топологиясы түрлі желілеррді салыстыру және жіктеу әдісін береді. Топологяның типі бар (жұлдызша, сақина және шина). ”Жұлдызша” топологиясы бар желідегі барлық компьютер орталық компьютерлермен немесе концентраторлармен жалғастырылады. Мұндай желідегі екі компьютерлер арасында тікелей қосылу болмайды. Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректер пакеттері әр компьютерден концентраторға бағытталған. Концентратор өз кезегінде пакеттерді тиісті жерге жеткізеді. “Жұлдызша” топологиясының жетістігі компьютерлер мен концентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанымен, бүкіл желі жұмыс істей береді. Оның кемшілігі осы негізгі жетістігінен шығады. “Сақина” топологиясында жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайды (міндетті түрде шеңбер емес). Бұндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады. Сақина топологиясының кемшілігі желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтан қалады және деректер біреулердің желілік компьютері арқылы өтетіндіктен, ақпаратты басқалардың ұстап қалуы болып табылады. “Шина” топологиясы бір жеткізетін каналды, яғни шина д.а коаксильді кабельді пайдаланады. Барлық компьютерлер “шинаға” тікелей қосылады. “Шина” топологиясы бар желіде деректер екі бағытта да бірдей жылжиды. Кабель-шинаның екі шетінде арнайы Терминаторлар орнатылған. Желінің бір жерінде қосылудың бұзылуы жұмысты бірден тоқтатады. Ауқымды компьютерлік (телекоммуникациялық) желі - бұл бір-бірінен қашықта тұрған жеке компьютерлердің және көптеген жергілікті желілердің бірігуі. Қазіргі уақытта 20-дан аса ауқымды желілер (СоmpuServe, Аmerica On Line, МS Network және басқалар) бар, бірақ олардың ең танымалысы – Internet желісі. Internet - миллиондаған компьютерлерді қосатын, көптеген жергілікті, аймақтық және корпоративті желілерді біріктіретін ауқымды компьютер желісі. Немесе Internet — бір-бірімен байланыс арналары және бірегей мәліметтерді беру, қабылдаудың бірыңғай стандарттары мен біріктірілген өзара байланысқан компьютерлер мен компьютер желілерінің жиынтығы. Ол жер шарын қамтитын ауқымды бүкіләлемдік ақпарат жүйесі болып табылатындығын білдіреді. 20-ғасырдың соңында ақпаратты өңдеу, сақтау, беру ерекше орын ала бастайды. Ақпараттарды алыс жерлерге әр түрлі күйде беру үшін (мәтін, сурет, дыбыс) радио, телетайп, телеарна сондай ақ әлдеқашан пайда болған телекс, телефакс, компьютерлік коммуникациялар сияқты әртүрлі техникалық әдістер жасап шығарылған. Қазіргі уақытта ақпаратты дистанционды берудің бұл түрлерін “телекоммуникация” деп атайды. Гректің tele - алыс, қашық және латынның communicatio - қатынас деген сөздерінен шыққан. 60-жылдардың соңында мемлекеттік ұйымдардың компьютерлерді қолдану масштабының өсуіне байланысты барлық мәліметтерді ортақ пайдалану мүмкіндігін кеңейту қажеттігі туды. Осы мәселені шешу мақсатында ARPA (Advanced Research Projects Agency) ұйымы APRANET деп аталатын компьютерлер торабын құрды. Содан кейін ARPA және басқа үкіметтік ұйымдардың бірлесуі арқылы осы торапқа басқа да бір-бірінен үлкен қашықтықта орналасқан ұйымдар да қосылды. Бұл торап та APRANET деп аталды. Кейіннен осы торап Internet-тің бастамасы болды. APRANET торабындағы компьютерлер саны күннен күнге жоғары қарқынмен өсіп отырды. Internet-ке жақындатқан тағы бір қадам 80-жылдарда жасалды. Бұл кезде National Science Foundation (NSF) ұйымы әскери мекемелер мен басқа да ұйымдарға өздерінің суперкомпьютерлерінің ресурстарына кіруге мүмкіндік берген еді. Сөйтіп NSFNET торабы пайда болды. World Wide Web (немесе жай ғана Web) 60-жылдарда жасалған әлемдік компьютерлік торапта Internet-тің қолданылуын ыңғайлатады. Алғашқы кезде Internet-пен жұмыс істеу (сонымен қоса, осы торапқа қосылған компьютерлерден мәлімет алу) қолданушының көптеген командаларды білуін қажет етті. Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Internet – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі. Internet сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (INTERnational NETwork). Internet – бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемі тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көпетеген мүмкіндіктер ұсынады. Internet-тегі ақпарат веб-сайттар түрінде ұсынылады. Веб-сайт (сайт, интернет қор көзі, портал) – ортақ тақырыппен, навигациямен, ортақ URL-мекенжайымен біріктірілген, өзара еренсілтемелер көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан веб-беттері жиынтығы. Әрбір веб-сайттың өзінің бірегей мекен жайы – URL (ағылш. Uniform Resource Locator) бар, оны желіден осы мекенжай бойынша тауып алуға болады. Веб-сайтқа арналған URL-дің көрінісі мынадай болады: http://www.атауы.үйшік. Веб-сайттың атауы оны сәйкестендіру үшін пайдаланылады (мысалы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ресми сайтының мекен жайы – http://www.akorda.kz, ал ҚР Үкіметі сайтының мекенжайы – http://www.government.kz.). Үйшік Internet желісінің ірі бөлігін белгілейді, ол мемлекетті (.kz – Қазақстан, .ru – Ресей, .ua – Украина, .uk – Ұлыбритания, .fr – Франция және т.б.) немесе қызмет саласын (.com – коммерциялық ұйымдар, .org – коммерциялық емес ұйымдар үшін, .edu – білім беру қор көздеріне арналған, т.с.с.) білдіреді. Желі қатысушыларының ортақ пайдалануы үшін бөлінген компьютер сервер деп аталады. Провайдер — бұл ұйымдар мен жеке тұлғаларға Internet қызметтерін ұсынатын компания. Провайдер ретінде жекеменшік арнайы маманданған фирмалар да, ірі телефон компаниялары да қызмет істей алады. Әдетте провайдерлер біркелкі қызметтер жиынтығын ұсынады, бірақ олардың қызметі түріне және сапасына қарай ерекшеленетіндіктен, төлемақысы да әр түрлі болады. Өз қажетіңізге лайықты провайдерді таңдай отырып, бірнеше шартты ескерген абзал: · Мәліметтерді жеткізу жылдамдығы – уақыт бірлігінде модем арқылы өтетін ақпараттың биттер саны. Ұсынылатын жылдамдық провайдер жабдықтарының техникалық мүмкіндіктеріне байланысты. · Қосылым түрі. Коммутацияланатын желі бойынша модем арқылы қосылу – бұл Internet-ке қосылудың ең сенімді, бірақ ең баяу түрі. Қосылымның бұл түрі көптеген Internet-те жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз етеді, бірақ ақпараттың үлкен көлемін (дыбыстық файлдар, жан бітірілген сызбалық файлдар, бейне, интерактивті ойындар) жеткізуде қиындықтар туындауы мүмкін. Енді бір түрі – кабельді модем, DSL, жерсерігі арқылы кең жолақты қосылым болып табылады. Қосылымның бұндай түрі жоғарғы жылдамдықпен байланысуға мүмкіндік беріп, шынайы уақыт режімінде аудио және бейне файлдарын жеткізуді қамтамасыз етеді. Internet желісінде адасып қалмау үшін шолғыш – браузер деп аталатын арнайы бағдарлама қажет. Браузер – бұл веб-бетінің мәліметтерін Сіздің компьютеріңіздің бейне бетіне шығаруды қамтамасыз ететін, Internet қор көздерін қарауға арналған бағдарлама. Windows амалдық жүйесінің құрамына Internet Explorer браузері кіреді. Журнал – сіздің Internet-те жасаған саяхатыңыздың барысын қарап шығуға мүмкіндік беретін жүйе. Internet Explorer Сіздің Internet-те жасаған әрбір қадамыңызды өз бетімен тіркеп отырады. Сіз кіріп-шыққан әрбір веб-торапқа деген сілтемелері бар бұл жазбалар Журнал қалтасында сақталып тұрады. Ол қалтаны шақырудың ең оңай тәсілі – шолғыштың жоғарғы үстеліндегі Журнал батырмасын басу. Чат (chat) сөзі ағылшын тілінде сөйлесу дегенді білдіреді. Internet желісіндегі Чат – бұл Сізге желінің өзге қатынаушыларымен шынайы уақыт режімінде тілдесуге мүмкіндік беретін қызмет. Форумның міндетті қасиеті – ондағы хабарламалар тредтерге (ағылш. thread – «жіп») біріктірілуінде. Сіз форумдағы бір хабарламаға жауап берген кезіңізде, жауабыңыз бастапқы хабарламаға «байлаулы» болады. Осындай жауаптардың реті, жауапқа жауаптың реті тағы с.с. тредті құрайды. Нәтижесінде форум тредтерден құралған ағаш тәрізді құрылымға ие болады.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.144.4.54 (0.012 с.) |