нер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин) 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

нер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)

Поиск

ІІІ айналым «Ойлан, тап»

Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр оқушыға 1 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу қажет.Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан .Егер шығарманы тауып, авторын таба алмаса 1 ұпай береміз.

 

1.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

(«Қыс». А.Құнанбаев)

 

 

2. Өнер, білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды.

(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)

3. «Құлыным, Қайрошым... Қайда жоғалып кеттің...-деп, әлсіз ғана шыққан дауыс естіледі.Осы төрт-бес сөз өзің ес білгелі ана дегенді танытатын қандай мейірім, қандай сезім болса, соның бәрін бір-ақ көшіріп әкеп, ып-ыстық етіп жүрегіме құйып жібергендей болды.»

(«Ана құшағында» Ғабит Мүсірепов)

 

4.Кейде күнмен теңесем,

Таласып күнмен мен өсем,

Гүл теремін жерімнен,

Бірге туған елімнен

Өсіп келе жатырмын.! («Өсіп келе жатырмын» Төлеген Айбергенов)

 

5. «Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты.Жұрт асырауға көнеді десті.Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойып алды. Ертеңді-кеш айналасынан шықпайды.Өзіне жеке асқұйғыш-итаяқ әзір болды.»

( «Көксерек» М.Әуезов)

 

6. «Кадет корпусында оқитын балалар да түс ауа осы Ертіс бойына келеді.Омбы қаласына келіп, оқуға түскен кішкентай Шоқан қаланың қамау көше, тар үйлерін тосырқап, көпке дейін үйрене алмай жүрді.»

(«Қырдың жас түлегі» Сапарғали Бегалин)

Мұғалім:

Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім

Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,

 

IV айналымды бастаймыз «Айшықты сөздер»

Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр оқушыға 2 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан қойылады. Осы айналымнан кейін тағыда ұпай саны аз 3 оқушымен қоштасамыз.

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)

2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)

 

1. Қой аузынан шөп алмас (жуас)

2. Қабағынан қар жауды (ашуланды)

 

1. Бетінен оты шықты (ұялу)

2. Ит өлген жер (алыс)

 

1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)

2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)

 

1.Таяқ тастам жер (жақын)

2.Жүрегі тас төбесіне шықты (қорықты

 

1.Қас пен көздің арасында (тез, жылдам, лезде)

2.Ат құлағында ойнайды (шабандоз)

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 56; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.215 (0.006 с.)