Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

арағанды мемлекеттік медицина унверситеті

Ф КГМУ 4/3-04/01

ИП №6 УМС при КазГМА

От 14 июня 2010 г.

Қарағанды мемлекеттік медицина унверситеті

Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы

Дәріс

Тақырыбы:Жасушаның бөліну түрлері. Митоз. Мейоз.

Мамандығы:051301 «Жалпы медицина»

Курс:1

Уақыты:50 мин.

Қарағанды 2009

Молекулярлық биология және медициналық генетика кафердасының отырысында талқыланды

 

Хаттама №_________

«_____» ___________2009 ж

 

 

Молекулярлық биология және

медициналық генетика каф. меңг., б. ғ. д, профессор Б.Ж.Құлтанов

Дәрістің құрылымы

Тақырыбы:Жасушаның бөліну түрлері. Митоз. Мейоз.

 

Мақсаты: жасушалық циклдің тіршілік циклін оқу. Жасушалық

Цикл, митоз және мейоз этаптарын оқып білу.

Дәрістің жоспары:

1. Клеткалық циклге сипаттама.

2. Интерфаза және оның кезеңдері.

3. Клеткалық циклдің жүйелігі.

4. Митозға сипаттама.

5. Клеткалық циклдегі бақылаушы пунктер.

6. Митоздың биологиялық маңызы.

Дәріс тезистері

        Аналық клетканың бөліну арқылы түзілген жаңа клетканың өзіндік бөлінуге дейінгі кезеңді клеткалық немесе клетка циклі деп атаймыз. Клеткалық циклдің міндетті компоненттері арнаулы қызмет атқарады, ол пролиферативті немесе митотикалық цикл болып саналады.

Клеткалық циклдің үш басты кезеңі белгілі: 1. Интерфаза. Бұл кезең жылдам синтез және өсуден тұрады. Интерфаза соңында ДНК репликациясы және екіеселену жүреді. 2. Митоз /кариокенез/. Бұл ядроның бөліну процесі және хроматидтер бір-бірімен ажырап жаңа клеткаға тепе-тең бөлінеді. 3. Цитокенез – цитоплазманың екі жаңа клетка арасында бөлінуі.

    Интерфаза 3 фазаға бөлінеді: G1, S, G2. G1- фазасы жылдам синтезбен сипатталады: митохондрия, Гольджи комплексі, ЭПТ, ядрошық, рибосомалардың түзілуі. Сонымен қатар клеткада құрылымдық және функциональды белоктар түзіліп клетканың өсуі жүреді.

    S фазада ДНК репликациясы немесе екіеселену процестері жүреді. Гистонды белоктардың синтезі жүреді. Әрбір хромосомалар екі хроматидтеге бөлініп өзара центромера немесе кинетохормен байланысады.

    G2 фазада биосинтез процесі жүреді және АТФ немесе макроэргтар түрінде энергия сақталады, митохондрия бөлінеді. Бөліну ұршығы түзіледі және центриолдер репликациясы жүреді. Клетканың М фазаға өтуі М қолдаушы факторлармен бақыланады. Интерфаза біткеннен кейін кариокенез немесе митоз басталады. Митоз бес кезеңге бөлінеді. Митоздың кезеңдері: профаза, прометафаза, метафаза, анафаза, телофаза.

Профаза. Бұл фазада хроматидтер қалыңдап қысқарады және ширатылу мен конденсация процестері іске асады. Центриолилер клетка полюсіне ажырайды, әрбір центриолиден қысқа микротүтікшелер бөлінеді, жұлдыз тәрізді күйге ауысады. Ядрошық кішірейіп нуклеин қышқылы белгілі хромосома жұбына жартылай ажырайды.

Прометафаза. Бұл фазада мембрана қабыршағы еріп майда мембрана көпіршігіне айналады. Бөліну ұршығының микротүтікшелері ядро аймағына еніп кинетохорамен бекінеді. Бөліну ұршығының микротүтікшелері үш категорияға бөлінеді – кинетохорлы, полюсті, астральді. Микротүтікшелер хроматидтердің екі жағына бекініп хромосомаларды жылдам қозғалысқа алып келеді. Микротүтікшелер саны әрбір кинетохорамен байланысқан, адам баласында 20-40 тең болады.

    Метафаза. Микротүтікшелер хромосомаларды экватор аймағына алып келеді, метафазалы пластинка түзеді және клетка экваторына перпендикуляр орналасады.

    Анафаза. Бұл өте қысқа фаза. Әрбір центромера ыдырап екіге бөлінеді және бөліну ұршығының жіптері центромераны қарама-қарсы полюстерге ажыратады. Ажырау сигналы Са ионының жылдам босануына байланысты болады. Бір-бірінен бөлінген хроматидтерді центромера өзімен бірге тартып хромосомалар түзіледі. Хромосомалардың ажырау процесіне кинетохорлы микротүтікшелер /қысқару/, полюсті /ұзару/, астральды /полюсті итеруші/ қызмет атқарады.

Телофаза. Хромосомалар клетка полюстеріне келіп, ширатылуы тарқатылады. Бөліну ұршығы жойылады, центриоли репликациясы жүреді. Әрбір хромосомалар айналасында ядро қабықшасы түзіледі. Ядрошық түзіліп цитоплазманың бөлінуі цитокенез құбылысы өткеннен кейін хромосома жиынтығы диплоидты екі клетка түзіледі.

    Цитокинез. Клетка экватоында цитоплазмалық мембрана ішке қарай ойық түзеді. Бұл процестерге микрофиламенттер қатысады.

    Митозға әсер етуші факторларға температура, жарық жатады, ал реттеуші факторларға белокты комплекс жатады.

Ұлпалар принциптері бойынша келесі топтарға бөлінеді: тұрақты, өсуші, түзуші.

Өсуші ұлпалар митоздық жолмен бөлінеді. Мысалы: бүйрек, ішкі секреция бездері, қаңқа және жүрек бұлшық еттері.

Түзуші ұлпаларға –эпидермис, жілік майы, асқорыту және ішек клеткасы жатады.

    Митоздың маңызы: генетикалық тұрақтылық, өсу, жыныссыз көбею және регенерация.

Апоптоз – генетикалық бағдарланған клетканың өлімі. Апоптоз энергияны қажет ететін белсенді процесс болып саналады. Бұл құбылыс эмбриогенезде, қартаюда, тіршілік циклін тоғаруда үлкен қызмет атқарады. Егер ағзада генетикалық аппарат зақымдалса апоптоз патологиялық құбылыс болып саналады.

Әдебиет:

Негізгі

1. Стамбеков С.Ж., Петухов В.Л. Молекулалық биология. Оқулық/ҚР. Новосибирск: Семей МУ, 2003. –216 бет.

2. Әбилаев С.А. Молекулалық биология және генетика. Шымкент.2008, 424 б

3. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Н. Молекулярная биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов, Москва: Наука, 2003,544 с.

4. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки, Руководство для врачей. Пер с англ. М.: БИНОМ – Пресс,2003- 272 с.

5. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М., Медицина,2003.

6. Генетика. Учебник для ВУЗов / Под ред. Академика РАМН В.И. Иванова. – М.: ИКЦ «Академкнига»,2006.-638 с.:ил.

Қосымша:

1. Уилсон Дж., Хант Т. Молекулярная биология клетки. Сборник задач. Пер. с англ. –М.,Мир, 1994 -520 с.

2. Казымет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов. – Астана,2006,2007.

3. Медицинская биология и генетика/ Под.редакцией Куандыкова Е.У., Алматы,2004

Бақылау сұрақтары:

1. Профазадағы негізгі құбылыстарды атаңыз.

2. Бөліну ұршығының пайда болу механизмі.

3. Микротүтікшелердің негізгі түрлері.

4. Цитотомаға сипаттама.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 4; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.137.215.202 (0.009 с.)