Разрядты кернеуді таратуға электрмагнитті өрістің әсерін білу. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Разрядты кернеуді таратуға электрмагнитті өрістің әсерін білу.

Поиск

Вольтамперли сипаттамасынын курт сызыктык емес ,мырыш оксидинини негизинде ,110-500кВ номинал кернеуге сызыктык емес аскын кернеу шектеуиштери курастырылган ,ол озимен а=0,04 жогары сызыктык емес коэфицентимен сызыктык емес резистор болып келеди.Ол разрядты аралыктарсыз корпгалатын обектиге паралель ди косылады .Бари жаксы болады 5 аламыз

33.Кернеу разрядына асер ететин факторлары-кернеуге байланысты разрядтын пайда болу узактыгы.коргалатын обектин нин сипат.разрядтауыштын волт сикундты сипат томен журу керек жане разрядтауыштын сипат бос болу керек.2разряд ушкынды аралыгы импульстер жане онеркасиптик жиликтер 50гц кезинде накты кепилди болу керек.

Таж кубылыс-кисыктыгы улкен беттери бар биртекти емес ортада пайда болады.

34.Разрядттауыштар турлери –тутикти разядтауыштар.Вентиьди разрядтауыштар.Туракты ток разядтауыштар.аскын кернеу шектеуиштер

35.Қосалқы станцияның жүктеме графигін түрғызу . Трансформатордың рұқсат етілген жүйелі асқын жүктелуін есептеу үшін нақты графигі эквивалентті екі сатылыға түрлендіріледі. Графикте, асқын жүктеме деп жылулық импульс аталады. Графикті тұрғызу кезінде 3 жағдай қарастырылады: 1. 1 жылулық импульс. Бұл жағдайда ілгері келе жатқан оңсағаттық периодтың ұзақтығы асқын жүктеме периоды басталғанға дейін шегеріледі. 2. 2 жылулық импульс, үлкен импульс кіші импульстен кейін болады. Оңсағаттық периодтың ұзақтығы жылулық импульсі бойынша азырақ максимум жағына қалдырылады (аз max ескеріледі). 3. 2 жылулық импульс, кіші импульс үлкен импульстен кейін болады. оңсағаттық периодтың ұзақтығы дәл осындай жылулық импульсы бойынша азырақ максимум жағына қалдырылады.

36.Тұтынушылар жүктемесінің тәуліктік графиктері
Жүктеме графиктері пайдалану және типтік болып бөлінеді. Пайдалану графигі өздігінен жазатын (самописцы) немесе әрбір сағат сайын тіркеп және бекітіп отыратын құралдар арқылы тұрғызылады.Бірінші жағдайда график үзіліссіз күрделі қисық сызық ретінде, ал екінші жағдайда өлшелінген нүктелерді бір-бірімен қосатын сынық сызықтармен көрсетіледі (1-сурет. Көрсетілген графиктерді пайдалану ыңғайсыз (қолайсыз), сондықтан оларды сатылы түрге айналдырады. Бұл жағдайда екі өлшенген уақыттың арасындағы жүктеме тұрақты деп есептелінеді (2-сурет).

37.Жүктеме графиктерінен техника-экономикалық көрсеткіштер Активті жүктеме графигі қисығымен шектелген, аудан, қарастырылып жатқан жылда тұтынушыларға қосалқы станция шиналарынан жіберілген энергияға тең [4]: Wn = Σ Pi ·Ti МВт·с . График бойынша қарастырылып отырған жылдағы Орташа жүктеме тең: Pср= W п / T МВт,. Қондырғының жұмыс істеу графигінің біркелкі еместігі толтырылу коэффициентімен сипатталады. Kзап.= Wп / Pmax · T= Pср/ Pmax Жүктеме графигінің толтыру коэффициенті, кондырғының жүктемесі барлық уақытта максималды болған жағдайда, қарастырылып отырған мерзімдегі шинадан жіберілген электрэнергия көлемі қанша есе дәл осы уақытта қосалқы станция шиналарынан жіберілген электрэнергия көлемінен аз екенін көрсетеді.Қосалқы станцияның толық қуат графигін тұрғызу ҚС-дағы трансформаторлардың асқын жүктемеге қабілеттілігін тексеру және таңдау үшін қажет. Ол үшін жүктеме графигінің әр сатысы үшін жүктеме қуатының орташа өлшенген коэффициентін есептеу керек - [8] бойынша - tg φсв (i) : tg φсв(i) = P1(i) · tg φ1 + P2(i) · tg φ2 +…/ ∑ P1-n(i) Ары қарай қосалқы станция толық қуаты графигінің әр сағаты үшін табылған орташа өлшенген коэффициентті ескере отырып, толық қуат анықталады [8]: S(i) = P∑(i) · МВА,

38.Трансформаторлар қуаты мен санын таңдау және асқын жүктеме қабілеттілігін есептеу Қосалқы станцияларда орнатылатын барлық категориялы трансформаторлардың саны, әдетте, екіден көп болмауы керек. Қосалқы станциядағы трансформатор қуаты жұмыстан біреуі шыққанда екіншісі қосалқы станцияның негізгі жүктемесін апаттан кейінгі режимде мүмкін асқын жүктемені және мүмкін үшінші категориялы тұтынушылардың уақытша ажыратылуын есепке алып қабылдайтындай болу керек. Трансформатордың жүктелу қабілеттілігі – бұл шамадан артық жүктелу мен рұқсат етілген жүктеме жиынтығы. Рұқсат етілген жүктеме – бұл ұзақ мерзімді жүктелу кезінде жұмыстың номиналды режиміне сәйкес келетін ескіруден аспайтын, қызудан болатын орама оқшаулағыштарының есептік ескіруі. Трансформатордың шамадан тыс жүктелуі – бұл ұзақ мерзімді жүктелу кезінде жұмыстың номиналды режиміне сәйкес келетін ескіруден асып түсетін, қызудан болатын орама оқшаулағыштарының есептік ескіруі. Мұндай режим трансформатордың номиналды қуатынан жүктеме көп болғанда немесе қоршаған ортаның температурасы қабылданған есептік температурадан көп болғанда пайда болады.

39.Қосалқы станцияның электр сұлбасын негіздеу және таңдау Басты сұлбаны таңдау қосалқы станцияның электрлі бөлігін жобалауда маңызды орын алады, себебі осы арқылы элементтердің толық құрылымын және байланысын көре аламыз. Осы сұлба келесі талаптарды қанағаттандыру керек: а) сенімді болу;б) қарапайым, анық болу; в) экономикалық жағынан тиімді болу; г) кеңейтуге мүмкіншілігі болу. Қосалқы станцияда негізінен жүктеме астындағы автоматты түрде трансформация коэффициентін өзгерте алатын трансформатор саны екіден артық болмауы тиіс. Жоғары кернеулі ашық тарату құрылғысының сұлбасы жинақтаушы шиналарсыз болуы керек. Ал жабық тарату құрылғысының төмен кернеу жағында тек бір ғана жинақтаушы шина жүйесі қабылданады. Қосалқы станцияның ЖК АТҚ (жоғарғы кернеулі ащық тарату құрылғысы) екі желімен қоректендірілген болса, автоматты немесе автоматты емес мойнақпен (перемычка), «көпір» («мостик») сұлбасын қарастыру керек.

40.Электр жүктемелердің графиктері. Белгіленуі, кұрылуы Техника-экономикалық есептеулерге кіріспес бұрын, берілген тапсырма бойынша барлық кернеулерде графиктер тұрғызу, жүктеме балансын құру жөне станцияның жүктеме графигін тұрғызу, жүйеге берілетін қуаттың графигін тұрғызу керек және осы есептеулер бойынша электрлік бас сұлбаның екі немесе үш вариантын құру керек. Жүктеме графигі екі сатылы 7-00 және 21-00 сағатта болады. Графиктерді есептеу әрбір ТҚ шиналарындағы жүктеменің максимал қуаты бойынша тапсырмада берілген минималды жүктеменің максимал жүктемеге қатынасын ескере отырып жүргізіледі. Станцияның жүктемелік графигін тұрғызу кернеу бойынша жүктемелік графигінің қосындыларымен станцияның өзіндік мұқтаж шығынын есепке ала отырып жасалады. Станцияның жүктемелік графигі тұрғызылғаннан кейін, ұзақтылық бойынша және жүйеге берілетін куаттың гафиктері түрғызылады. Бұл график станцияның жүктеме графигі мен генератор өндірген қуатының айырмасы болып саналады. Барлық графиктер максимал және минимал режимдер үшін, яғни жаз бен қыс үшін тұрғызылады, бірақ тапсырмада жүктеме графигі екі сатылы болып берілгендіктен, графиктің мерзімі есепке алынбайды. Одан ары жүктеме балансы құрылады. Баланс түрі әр түрлі болуы мүмкін. Ол элементтен және тізбектің бас сұлбасынан ағатын барлық қуат жайында тура көріністі беру керек. Баланстың шығын бөлігінде станцияның кернеу бойынша берілген жүктемелері, желілер мен трансформаторлардың шығындарын және өзіндік мұқтаждың тұтынуын көрсетеді. Пайда бөлігінде генераторлардың қуаты мен энергожүйеден желі байланысымен алынатын қуатты төмендегідей әдіспен көрсетеді.

7.Зерттеу орны немесе олар жататын энергия жүйесінің элементі бойынша графиктерді келесі топтарға бөлуге болады:
1)қосалқы станциялардың шиналарында анықталатын тұтынушылардың жүктеме графиктері;

2) жүктеменің тораптық графиктері – аудандық және түйінді қосалқы станциялардың шиналарында;

3) энергия жүйесінің нәтижелік жүктемесін сипаттайтын энергия жүйесі жүктемесінің графиктері;

4) электрстанциялар жүктемесінің графиктері.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 2; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.90.244 (0.008 с.)