Содержание книги

  1. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
  2. Дескриптор. Сабақтың ортасы. Жаңа сабақ.. Біржан. Дескриптор. Сабақтың соңы. Кері байланыс. Бағалау.
  3. Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Дескриптор. Сабақтың ортасы. Жаңа сабақ.. Біржан. Дескриптор. Сабақтың соңы. Кері байланыс. Бағалау.



Дескриптор

- Айтыс және айтыс түрлерін ажыратады

- Айтыс түрлерінің ерекшелігін анықтайды

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

10мин

Жаңа сабақ.

«Біржан ­Сара айтысы» – түр жағынан да, мазмұн жағынан да, өзге айтыстардан оқшау тұрған әлеуметтік және көркемдік маңызы бар айтыс.

                                                    С.Мұ­қа­нов

Сара Тастанбекқызы (1853-1907) — айтыскер ақын. Туған жері қазіргі Алматы облысының Қапал ауданы. Руы Найман.Сара Тастанбекқызының бейіті

Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын көріп, әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған Сараның шығармашылық жолы тым ауыр да күрделі жол. Ол үш жасында әкесінен айырылып, еңсе басқан жетімдік пен жоқшылықтың зардабын көріп өседі. Бұл аз дегендей, сырттай болса да жалғыз сүйенер тірегі немере ағасы Жайсаңбек «өгіз ұрлады» деген жаламен түрмеге түседі. Жоқшылық өтінде жеке қалған жетім бала, жесір әйелге қамқоршы болып, ауылына көшіріп әкелген Тұрысбек қажы Сараны шырылдатып, өзінің теңі емес, жаратылысынан кеміс туған, бай баласы Жиенқұлға атастырады.Жетім қыз үшін мал алған Тұрысбек қажының әрекетін естіген Есімбек қажы дау шығарып, Сараны өз ауылына көшіріп алады. Бірақ бұдан Сараға жақсылық болмайды. Ақырында бар шаруа екі қажының қыздың қалың малын тең бөліп алуға келісуімен тынады.Осылайша қаршадайынан басы дау шарға түскен ақын қыздың бағының ашылуына осы кезде найман елін аралап, серілік жасап жүрген атақты Біржан салмен кездесіп, шаршы топтың алдына онымен айтысуы үлкен себепші болады. Бұл айтыс Сараның халық алдындағы беделін арттырып, атағын алысқа жаяды. Елдің құрметіне бөленіп, халықтың махаббатына ие болған ақын қыздың тағдыр тізгінін өз қолдарынан сусып шығып бара жатқанын сезген қажылар да көпке көренеу қарсы шыға алмай, оның басына бостандық береді. Сөйтіп ақын Сара өзінің асқан дарынының арқасында теңдікке қол жеткізіп, он тоғыз жасында өз теңі Алтынбекұлы Бекбай дегенге тұрмысқа шығады. Теңдікке жетіп, теңіне қосылып, көзі ашылғандай болған осындай күндердің бірінде Верный қаласынан Әбіштің (Әбдірахманның) сүйегін алып қайтқан жолда Қапалда Абайға көңіл айтуға келген Найман елінің игі жақсылармен бірге Сара да келіп, ұлы ақынмен көріседі, аяулы баласынан айырылған ауыр қайғысына ортақтастығын білдіреді.Жастай жоқшылықты көп көріп, ауыр тұрмысты бастан кешкен теңсіздіктің зардабын шегіп, қайғы мұңды серік еткен ақын қыз көп ұзамай ауруға шалдығып, жалғанның қызығын жарытып көре алмай, ерте көз жұмады.

Сара Тастанбекқызының Біржан салмен айтысы ғасырдан ғасырға үзілмей жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің шоқтығы биік, көркем үлгісі болып саналады. Ақынның бұл айтыстан басқа «Жүрек», «Ашындым», «Арсалаң аға алдында», «Жүрек сыры», « Жайлауда», « Әбіштің аруағына», « Хош бол, елім» секілді көптеген өлеңдері мен «Тұзақ» атты дастаны бар.

 

Ол 1834 жылы Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келіп, 1897 жылы алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп, той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары. Орта жүз Керей тайпасы Ақсарынан шыққан.1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар. Біржанның үлкен әкесі - Қожағұл, өз әкесі Тұрлыбай қарапайым шаруа болған. Біржан алғаш ауыл арасында ән салып, өнер куған, бертін келе өз жанынан да ән шығара бастайды. Ол — қазақтың әншілік-орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген аса дарынды халық композиторы. Біржан сал әндері өзі өмір кешкен заманның неше алуан окиғаларын, адамгершілік, ізгілік мәселелерін толғап, адам жанының нәзік сезім күйлерін лирикалық әсем сазға бөлейді. Біржанның алғашқы әндерінің бірі — «Біржан сал» әні. Мұнда жастық шақтың от-жалыны да, салдық, серілік салты да, сұлулык атаулыға қызығу да көрініс береді. «Айтбай», «Ақтентек», «Алтын балдақ», «Бірлен», «Ғашығым», «Мәті-Дәулен» сияқты әндер Біржан сал шығармашылығындағы шоқтығы биік, сыршыл шығармалар. Мысалы «Ләйлім-Шырак» немесе «Көлбай-Жанбай» әнінде жоғалған шідерін тілге тиек ете отырып,өзі қонып шыққан үйдің сұлу қызы Ләйлімге деген ішкі жан толкынысы, көніл күйі паш етіледі. Біржан сал патриархалды-феодалды заманның етектен тартқан ескілігіне, қарадүрсін заңжосығына, зорлықшыл ісіне, әлеуметтік әділетсіздігіне асқақ әндерімен, уытты жырларымен қарсы тұрған суреткер. Оның «Жанботасы» тек Азнабай болыстың ғана зорлықшылдығын әшкерелеп қоймайды, сол сияқты озбыршыл Жанботаларға деген акынның ашу-ызасын білдіреді. Ал «Адасқақ» атты әнінде осы ойын, шонжарларға деген іштегі ыза-кегін одан әрі айқындай түседі. Заманының әділетсіздігіне, зорлық-зомбылығына деген Біржан салның наразылығы, өкініш үні тіпті оның өмірінің соңғы кезеңінде шығарған «Жамбас сипар», «Теміртас», «Қарасу есік алды» деп аталатын трагедиялық әндерінен де айқын сезіледі.

1-тапсырма. «Ілмек сұрақтар» әдісі Топтық жұмыс

1 топ Бұл қандай айтыс түріне жатады? Сол кездегі қазақ қыздарының әлеуметтік теңсіздігімен күресі

2 топ Айтыста қандай өзекті мәселелер қозғалған?

3 топАталған айтыстан үзінділер келтіре отырып, берілген сызба негізінде кейіпкерлерге мінездеме береді

 

Біржан

Сара

даналық

инабатшыл

жанашырлық

шешендік

 

Дескриптор: 

-Айтыс түрін анықтайды, өзекті мәселені табады

-Аталған айтыстан кейіпкерлердің мінезін ашады

-Қазақ қыздарының әлеуметтік

теңсіздігін анықтайды

-Айтыстың идеясын ашады

2-тапсырма.«Оқырман конференциясы» әдісі толтырылған кестедегі көркем шыгарманың сюжеттік -композициялық құрылымын тауып талдау

1.Айтыстың шешімі

2.Айтыстың шарықтау шегі

3.Айтыстың шиеленісуі

4.Айтыстың дамуы

5.Айтыстың басталуы

Дескриптор

- Айтыстың сюжеттік композициялық құрылымын реттейді

- Айтыстың құрылымына талдау жасайды

3-тапсырма. Топтастыру.
1топ әнші сал сазгер

ақын Біржан замана бұлбұл

үздік айтыскер
   талант иесі ақын

2топ

ақын шешен айтыскер ақын

әнші Сара сұлу

                                                     үздік замана талант иесі заман құрбаны

3топ

қыз бен жігіт ақындар

салт айтыс бәдік
АЙТЫС          жұмбақ айтыс                      жар-жар                 өлі мен тірінің жануарлар

                                             мен адамның айтысы  

4-тапсырма Венн диаграммасын қолданып, Біржан мен Сараны салыстырыңдар

Біржан

Сара


Дескриптор:

-Әйел теңсіздігі туралы айтылған жерді табады;

-Біржанмен Сараны салыстырады

 

 

 

    

 

Дәптер,қалам

 

Кітап,дәптер

Сабақтың соңы

    5мин

Үйге тапсырма: 5-тапсырма 114-бет



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 2; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.15.137.75 (0.008 с.)