Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Дидактикалық ойын: «Аққалаға көмектесейік»

Поиск

Түлкінің шарты.

Дидактикалық ойын: «Аққалаға көмектесейік»

Шарты: Геометриялық пішіндерді орналастыру.

- Балалар біз түлкінің тапсырмасын орындасақта, қу түлкі қулығын асырып, бауырсақты жібермей тұр.

- Мен 7 саны туралы көп білгім келіп тұр дейді. Олай болса 7 саны қандай сан екенін, бұл санның қасиетін келген қонақтарға да айта кетейік.

- 7 саны бұрынғы заманнан бері құпияға толы қасиетті сан.

- Жеті ата. Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

-Жеті қазына. Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл білім, қыран бүркіт, құмай тазы, жүйрік ат,берен мылтық.

- Жеті шелпек. Жеті апта.

- Мінекей балалар қу түлкі де 7 саны туралы көп білгесін бауырсаққа тиіспеді.

- Ал бауырсақ болса келген ізімен домалап орманды аралап ата – әжесіне аман – есен қауышады.

- Балалар, тапсырмаларды орындау барысында қай санды көбірек естідік?

7 санын.

7 саны сандық қатарда алтыдан кейін тұрады.

1,2,3,4,5,6,7,

7 саны жеті бірліктен тұрады.

1+1+1+1+1+1+1

Сандар туралы санамақ айтқызу.

1 – дегенім бесік, шықтым содан өсіп,

2 – дегенім елім, далам, тауым көгім.

3 – дегенім үміт, үміт артар жігіт.

4 – дегенім төзім, төзе білем өзім.

5 – дегенім бақыт, бағалайтын уақыт.

6 – дегенім ақыл, тыңдағаның мақұл.

7 – дегенім жалау, жүректегі алау.

 

Рефлексивті-коррекциялаушы

Дәптермен жұмыс

Қорытынды:

- Кемірқосақта неше түс бар?

- Бір аптада неше күн бар?

- Мысықта неше аяқ бар?

- Қолымызда неше саусақ бар?

- Аю үлкен бе, қоян үлкен бе?

Бүгінгі сабағымыз аяқталды. Балалар біз сандар туралы көп білетіндігіміздің арқасында,мейірімділігіміздің арқасында бауырсақты да құтқардық. Бауырсаққа ақылды бол дейміз. Бауырсақ тарату.

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Тура және кері санауды, геометриялық пішіндер мен денелерді ажыратып,сұраққа толық және нақты жауап бере біледі.

Меңгеруі: Жеті санының қасиетін ұғынып, жеті санына қатысты ұғымдарды тереңірек меңгереді.

Жасай алуы: Әртүрлі геометриялық пішіндерден танграммалық бейне құрастырып, не жасағандарын түсіндіріп айтып бере алады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.146.152.147 (0.005 с.)