Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Топырақ сулары мен топырақтың сулы қасиеттері

Поиск

Топырақ суы жер беті маңында орналасып, топырақтағы қуыстарды толтырады. Әдетте бүл су гигроскоп, жарғақ немесе қылтүтік түрінде болады. Топырақ суының режимі өте тұрақсыз, яғни маусымдык температура ауытқуына тэуелді. Су жаз кезінде топырақ ысыса толық буланып кетеді, қыста қатып қалады, ал жауынды мерзімдерде топырақты мол қанықтырады. Шөлейт алқаптарда топырақ суы жартылай булану нәтижесінде тұздарға канығып, аса минералдыға айналады. Топырақ суы толық буланып, тұздар кристалданған кезде сортаңдар мен сорлар жаралады.

Топырақ ылғалы. Топырақ қопсытылған су сыйымдылығы бар дене болғандықтан, оның құрамында әр уақытта азды-көпті ылғал болады.. Ылғал топыраққа ауадан түскен жауын-шашын мен жер бетіндегі судан және жер астының ыза суынан келеді. Топырақ ылғалының мөлшері әр жерде әрқилы. Бір жерлерде топырақтың ылғалдылығы мол болса, екінші жерлерде аз. Топырақта кездесетін ылғалдың түрлері де өсімдіктерге сіңімділігі де әр түрлі болып келеді. Ылғалдың кейбір түрлері өсімдіктерге тіпті сіңбейді. Жалпы топырақтағы ылғалды төмендегідей бірнеше түрге бөледі.

Химиялық байланысқан су. Бұл топырақ минералдарының құрамына енген, өте тығыз байланысқан су. Сондықтан топырақтағы биологиялық процестерге қатыспайды. Бу күйіндегі су - топырақ кеуектерінде кездесетін, судың жоғары температурада булануынан пайда болады. Бу күйінде ол өсімдіктерге сіңбейді, тек тамшыға айналғанда ғана оны өсімдіктер жақсы сіңіре алады. Гигроскопиялық су - топырақтың беткі қабаты арқылы сіңірілген молекула күйінде болады. Ол өсімдіктерге пайдасыз. Топырақпен тығыз байланысқан, сондықтан бұл суды тек 1000 астам температураға дейін қыздыру арқылы ғана түгел буға айналдыруға болады.

Қылтүтік суы топырақ қылтүтіктеріндегі су, ол жоғары-төмен жылжи отырып өсімдіктер бойына оңай сіңеді. Гравитациялық су өз салмағымен топырақтың жоғары бетінен төменгі қабаттарына жылжиды. Өсімдіктерге оңай сіңеді. Бірақ өз салмағымен тез жылжитындықтан, өсімдіктер оны көп пайдалана алмайды, ол су топырақ астындағы жер асты ыза суының қорына қосылып кетеді.

Қатты күйіндегі судың қатарына мұз, қар жатады. Қатты күйінде өсімдіктерге сіңімсіз, ал еріген кезде топыраққа сіңеді, өсімдіктер ол күйінде пайдалана алады. Табиғатта олардың көлемі негізінен суық аймақтарда, Антарктидада түгелдей, терістік мәңгі тоң тараған алқаптарда жыл бойы кездеседі, кей бір аймақтарда тек жылдың қыс айларында ғана болады, ал кейбір аймақтарда тіпті жылдың қыс айларында да болмауы мүмкін. Себебі, әлемде қыс болмайтын жерлер де кездеседі. Жер асты ыза суы топырақтың, ал көбіне топырақ түзуші тау жыныстарының әр түрлі тереңдіктерінде әдетте, су өткізбейтін қабат үстіне жиналады. Жер асты ыза суы көбіне топырақ қабатынан көп тереңдікте жататындықтан топыраққа және өсетін өсімдіктерге еш әсері тимейді. Ал керісінше, кей жағдайларда, әдетте, ТМД елдерінің батыс және теріскейде жатқан ылғал мол түсетін аудандарында, өзен бойлары мен сағаларында және суармалы егіс алқаптарында топырақ астындағы ыза сулар жер бетіне жақын жатып топырақтүзуге, өсімдіктер өміріне өте үлкен әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда көбінесе шалғынды топырақтар түзіледі. Топырақ суын абсолюттік таза су деп түсінбеуіміз керек. Оның құрамында суға еріген әр түрлі заттары бар топырақ ерітінділері. Өсімдіктер барлық қоректік заттарды тек осы ерітінділерді бойына сіңіру арқылы алады. Сондықтан да топырақ суы – оның құнарлылығының негізгі шарттарының бірі. Академик Г.Н.Высоцкий топырақ суының өсімдіктер үшін маңызын айта келіп, оны адамдардың тамырларындағы қанымен салыстырған (Высоцкий Г.Н., 1962)

 

Қорытынды

Табиғаттың баға жетпес ең қымбат қазынасының бірі су. Су - тірішілік көзі, жердің нәрі. Жердің климатын жасаған су. Егер су болмаса, біздің планетамыз баяғыда – ақ суынып, жер бетіндегі тіршілік жойылған болар еді. Сусыз ешбір организм өмір деуге болады. Су жердің геологиялық тарихында, ғаламшарда, климаттың қалыптасуында, тіршіліктің пайда болуында аса маңызды рөл атқарады.

 

Су – барлық жер бетіндегі тіршіліктің ең басты экологиялық факторлары болып табылады. Зат алмасу үрдістерінің қоршаған ортамен байланысының негізіне су еріткіш және зат алмасу ретінде қажет.

 

Жер бетіндегі өсімдік үшін судың булануы фотосинтез өтетін кеңістіктің үлкендігіне байланысты.

 

Өсімдік құрамының көп бөлігі судан тұрады . Кез келген өсімдіктің жапырағының , сабағының сынған жерін байқасаң шырыны шығады . Бұл өсімдік бойындағы су . Суды өсімдік тамыры топырақ арқылы сіңіреді. Топырақтағы қоректік заттардың бәрі өсімдікке сумен араласып барады . минерал тұздар өсімдікке топырақтан су ерітіндісі түрінде өтеді.

Өсімдік сусыз тіршілік болмайды.Өсімдіктің барлық мүшелерінде су болады, тұқымның ұзақ тыныштығы кезінде де өсімдікте су болады.. Жапырақта 90%, сабағында 70-80%, тамырда 50-60%, тұқымда 10%, қабықта 50% судан тұрады . Су өсімдіктерді қызып кетуден сақтайды . Егер өсімдікті күнде суармасаң қурап өліп қалады. . Су, тургорлық қысым арқылы тірегі жоқ өсімдіктердің жер үстінде ұсталып тұруын қамтамасыз етеді. Суда тіршілік ететін аздаған өсімдік түрлеріне су - өмір сүру ортасы болып табылады

 

 

 Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Экология (оқулық) — Алматы, 2008

2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—Алматы: «Мектеп» баспасы", 2003

3. Химия: Жалпы білім беретін мектептің сыныбына арналған оқулық. Усманова М. Б., Сақариянова Қ.Н. -Алматы: Атамұра, 2009.

4. Байбатша Ә.Б.Жалпы геология (Жер динамикасы): Оқулық.Алматы: ҚазҰТУ. -364 б.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.15.3.17 (0.007 с.)