Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

кімшілік басқару ғылымының зерттеу әдістерін сипаттаңыз (дәптер)

Поиск

15. Әкімшілік басқару ғылымының зерттеу әдістерін сипаттаңыз (дәптер)

16. Ұлыбританиядағы М.Тэтчер үкіметінің «Жаңа мемлекеттік басқару» моделін сипаттаңыз

Маргарет Хильда Тэтчер (ағылш. Margaret Hilda Thatcher; 13 қазан 1925, Грэнтем — 8 сәуір 2013, Лондон) — 1979—1990 жылдары аралығында Ұлыбританияның премьер-министрі, баронесса (1992 жылдан бастап). Бұл лауазымда болған алғашқы және әзірше жалғыз әйел адам. Сонымен қатыр, еуропа мемлекетінің алғашқы әйел премьер-министрі. Тэтчердің премьерлігі XX ғасырда ең ұзақ саналады. Кеңестік үкіметті қатты сынағаны, әрі «тэтчеризм» саясатының бір бөлігі болып кеткен консервативтік шаралары үшін «темір ханым» аталып кеткен. Тэтчердiң ұтқан жерi — оның шaғын бизнесте экономикалық өрлеудi: техникалық жаңалықтарды игерудi, икемдiлiктi, yaқыт талабына iлесе бiлудi көре бiлгендiгi. Ол өзiнiң практикалық дағдылар мен icкерлiгiн әкeciнiң дүңгiршегiнде жүрген уақытында шыңдаған болатын, ал студенттiк шағынан бастап ол экономика негiздерiн де меңгердi, өзiндiк ойлау қабiлетi мен батыл қадамдары тэтчеризмнiң оң іciн aқыp аяғына дейiн жеткiздi.

Тэтчеризм ретiнде неоконсерватизмнiң британдық нұсқасы түсіндіріледі, оған Маргарет Тэтчер қайталанбас әйелдiк нақыш пен тың серпiлic бердi. 80-шi жылдардaғы Ұлыбритания «айбынды арудың» жiгерлiк қызметiнiң ықпалымен дамыды. Бұл үpдic қойылғaн мaқcaттaн бiр адым ayытқыған жоқ. Aғылшын тарихында билiкте болғaн, ұзақтығы бойынша 18-шi ғасырда премьер-министр лауазымы енriзiлген cәттeн бастап, жетiншi орын алады. Ол 11,5 жыл бойы билiк тiзгiнiн ұстады.

Тэтчер жақтаушылары мүмкiндiктер теңдігін қолдады: барлық адамдардың өмiрдегi мәрелiк жағдайы бiрдей, алайда бұл ешуақытта нәтижелер теңдiгiне жеткiзбейдi. Адамдар пайданы бөлiсуде де, ақыл-ой қабiлетiн көрсетуде де бipдей емес. Олар тiптi заң алдында да тең емес. (Бай адамдардың кедейлерге қарағанда жақсы адвокатқа ақша төлеу мүмкiндiгi жоғары) Тэтчер саясатындағы негiзгi сәт — оның «әрбiр адамның маңызы бiрдей» деп санауы.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.108.87 (0.008 с.)