Содержание книги

  1. Ержанов Т.Е., Садуақасов С.С.


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ержанов Т.Е., Садуақасов С.С.



ӘОЖ 633.31: 631.5

 

Ержанов Т.Е., Садуақасов С.С.

 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

 

ГОЛЬФ АЛАҢДАРЫНДА КӨКТЕМГІ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

 

Аңдатпа

Гринкипинг – бұл спорттық газон құру және оны күту жұмысымен айналысатын агрономияның бір бағыты болып табылады.Спорттық газонға - футбол алаңдары, теннис корттары және регби алаңдары кіреді. Бірақ, ең алдымен, гринкипер мамандығының пайда болуы гольф ойынына байланысты. Гольф алаңы – күрделі жүйе. Алаңның әр учаскесі белгілі бір талаптарға сай болуы қажет. Гринкипердің міндеті гольф ойыны үшін ыңғайлы жағдай құрып қана қоймай, алаң элементтерін белгілі ретпен орналастырып, оны тамаша күйінде сақтай білу. Бұл жұмыста гольф алаңдарын көктемгі қайта қалпына келтіру және өңдеу жұмыстары қарастырылды.

Кілт сөздер:

Кіріспе

Көктемгі қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру барысы және қарқындылығы, көгалдың (грин) жай-күйіне және олардың қыстық кезеңнен қалай қыстап шыққанына байланысты. Негізінен көпшілік алаңдардың беткі қабатын қалпына келтіру үшін тамыр жүйесінен тыс азықтандырады. Ал топырақтың беткі қабатының кеуектілігін қолдау, аэрациялауды қажет етеді. Аэрациялау топырақ профилін оттегімен байытуға көмектеседі. Осы процестен кейін көгалды керекті тыңайтқыштармен қоректендіруге болады

Гольф алаңының әрбір учаскесінде ерекше күтімді талап ететін әр-түрлі сорттағы шөптер өседі. Соған байланысты жұмыс істеу тәсілдері де ерекшеленеді.

Жалпы көгал үшін ортақ талаптарда бар. Біріншіден, гольф ойынына арналған немесе кез-келген спорттық көгал тапталуға төзімді болуы тиіс . Ал бұл шөптің сортына емес, топырақ конструкциясына, оның тығыздығына және дренаждық қасиеттеріне байланысты.

Температура шамамен 10-13°C болған жағдайда алаңның көптеген учаскелерінде фотосинтез процесі жүре бастайды. Осы жыл мезгілінде ауа температурасының жоғарылауын ескерсек, сәуір айы бастапқы тыңайтқыш енгізілетін оңтайлы уақыт болып табылады. Енгізілген тыңайтқыш өсімдіктердің тезірек бой көтеруіне түрткі болады.

Мұндай әрекеттер шөптің топырақтан алатын қоректік заттар тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі (азот, фосфор, калий, сондай-ақ микроэлементтер). Вегетациялық кезең алдында негізгі енгізілетін тыңайтқыштарды таңдау үшін, үнемі топырақ үлгілерін алып отыру қажет.

Қоректендірудің мөлшері алаңның қажеттіліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Қазір көптеген гринкиперлер тыңайтқыштар ай сайын, "аз-аздан" және "жиі" тәсіліне сүйене отырып енгізеді.

Қоректендіру бағдарламасы алдын ала топыраққа талдау жүргізу нәтижесі бойынша әзірленуі тиіс. Көгалға жіне шөптің беткі қабатына қажетті қоректі заттардың деңгейін алдын ала анықтау қажет. Ол керекті тыңайтқышты таңдау үшін маңызды ақпарат болып табылады. Қазіргі уақытта шөптердің жақсы бой көтеруін қамтамасыз ететін керекті тыңайтқыштар саны көп.

Арзан азықтық заттар құрамындағы құм қиыршықтары бөлшектерінің көлемі ірі болады. Гольф алаңдарына арналған құмдағы құм қиыршықтарының мөлшері орта есеппен(0.25 мм - 0.5 мм) болуы тиіс.

Сауатты таңдалған шөптердің құрамы бүлінген топырақты қалпына келтіріп, проблемалық учаскелерде жедел сапалы өсімдік жамылғысын құрады. Осындай жер алқаптарын қалпына келтіру үшін топырақты дайындау бойынша агротехникалық іс- шаралар жүргізілгеннен кейін шөп қоспалары егілуі тиіс.

Газон шапқыш машиналар үнемі техникалық байқаудан өтіп тұруы маңызды. Жүзі зақымдалмаған және кесу биіктігі дұрыс орнатылғанын қадағалап отыру қажет. Егерде бұл сипаттамалар дұрыс болмаса, ол көгал бетіне кері әсерін тигізеді.

Жаңа маусым алдында автоматты суару жүйесін алдын ала тексерістен өткізіп, қажет болған жағдайда жөндеу жұмыстары жүргізіледі . Барлық контроллерлер, клапандардың жұмыс жағдайы және әрбір спринклердің жұмыс уақытын, суды бөлу сипатын, бүркуін мұқият тексерістен өткізу керек. Сондай-ақ, барлық қолмен басқару жүйесін, шлангілер, тозаңдатқыштар және сорғыларды қайта қарап шығу тиіс.

Көктемгі қайта қалпына келтіру бағдарламаларын іске асыру кезінде көгалды суару қажеттілігі туындауы мүмкін , себебі ауа температурасы көтеріліп, күн ұзарады. Ал бұл өз кезегінде топырақ және көгал беткі қабатының құрғауына алып келеді.

Көктемгі қайта қалпына келтіру жұмыстарының барлығы орындалғаннан кейін, күнделікті гольф алаңдарын өңдеу жұмыстарымен айналыса беруге болады.

Материалдар мен зерттеу әдістері

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 3; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.144.35.122 (0.007 с.)