Содержание книги

  1. Ересектер тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ересектер тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы



Ересектер тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Машықтанушы:Тумырза Жансая

Білім беру саласы: «Денсаулық».

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Дене шынықтыру », «Емдік массаж».

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Тепе-теңдікті сақтай жүріп, гимнастикалық орындықтың үстімен жүру.»                                                                                                                 

Мақсаты:                                                                                                                               а) Балаларды тепе-теңдікті сақтап жүруге үйрету;                                                     б)Балалардың қимылдық белсенділігін дамыту және дене жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын қалыптастыру, табиғат әлеміндегі жануарлар әлеміне қызықтыру, маусымдық өзгерістер туралы білімдерін толықтыру;                                                                                                                                           в  Балаларды достық, жолдастық қасиеттерге, табиғатты қорғай білуге, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды және тіршілік ету ортасындағы жанарларды аялай білуге тәрбиелеу.                                                                            Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру,мадақтау,қайталау,ойын.

Көрнекіліктер: доп, гимнастикалық орындық , себет,сырғанақ.       

Билингвалдық компонент: қыс-зима-winter; түлкі-лиса-a fox; тауық- курица-a hen. 

                           Іс-әрекет кезеңдері

 

                                                                                     

         Тәрбиешінің іс-әрекеті

 

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Баяу табиғат әуені ойналып тұрады. (Құстардың сайрағаны, шуылы естіліп тұрады)                                                                    - Сәлеметсіздер ме, балалар. Мен сендермен қысқы бақ ішінде серуендеп қайтқым келеді. Қазір бізде қандай жыл мезгілі?                                          - Қазір қыс мезгілі.

- Қыс мезгіліндегі табиғат қандай болады?                                                                 - Табиғаттың бәрі аппақ көрпеге оранады. Айнала аппақ.(Балалар жауабы)                                                                    - Қысқы табиғатты серуендей жүріп, бой жазу жаттығуларын, яғни, жануарлардың қимылдарын жасайық.Қане, бәріміз, оңға бұрылып, сап бойымен «түлкі» сияқты жүреміз. «Түлкі» жануарының қимылын салып, шеңберге тұрамыз да, бой жазу жаттығуларын музыка әуенімен жасаймыз.

 

Ұйымдастырушы-ізденуші

 

Бой жазу жаттығуларын жасау.

«Шөп, шөп шөжелерім» әнінің музыка әуені ойналады,

 

Ізденуші -

ұйымдастырушы

 

балалар «Тауықтар мен балапандар» жаттығуларын

жасайды.

а)шеңбер бойымен жүру;

ә) қолды белге қойып, басты оңға-солға ию;

б) қолды белге қойып, иықты көтеріп тусіру;

в) қолды белге қойып, оңға-солға жартылай бұрылу

г) қолды жан-жаққа сермеу

д) жүгіру, дем алу жаттығулары

Таңғажайып сәт.

Педагог:

- Ал, балалар, тыңдаңдаршы, мен біреудің жылаған дауысын

естіген сияқтымын. Сендер естіп тұрсыңдар ма?

Тауық:

- Балапандарым, сендер мында екенсіндер ғой. Мен

сендерді іздедім. Түлкі біздің жұмыртқамызды ұрлап,

орнына хат тастап кетіпті: «Егер жұмыртқаларыңды

қайтарып алғың келсе, онда хаттағы тапсырмаларды

орында»,-деп жазыпты. Енді не істеймін?

Педагог:

- Сіз бізге ол хатты беріңіз. Біз балалармен ол тапсырмаларды

орындап, сіздің жұмыртқаларыңызды қайтарып аламыз.

Солай ма, балалар?

Тауық:

- О-о, жақсы болды ғой, менің балапандарым маған

көмектеспекші.

- Ендеше, бірінші тапсырманы орындайық .

1 тапсырма: «Допты себетке салу ». Допты себетке салу

арқылы сурет құрастырамыз. Сол суретте келесі

тапсырманың суреті шығуы тиіс.

Шарты: Әр балаға бір-бір доптан беріледі. Сол допты

белгіленген жерде тұрған себетке жүгіріп барып салады. Ал

допта жапсырылған суреттер мен сандар болады. Сол сандар

арқылы суреттерді құрастырады. (Бұл жерде балалар санды

санау және құрастыруды көрсетеді) Ойын ақырғы ойыншы

бітіргенше жалғаса береді.

Педагог:

- Жақсы, балалар, сендер бірінші тапсырманы тамаша

орындадыңдар. Сендер допты себетке жинау арқылы,

яғни, суретті құрастыру арқылы екінші тапсырманың

суретін шығардыңдар.

- Бұл ненің суреті?

- Ия, дұрыс айтасыңдар, бұл суретте «Гимнастикалық

орындықта жүріп келе жатқан бала» суреті. Дұрыс

таптыңдар. Ал, екінші тапсырмамызды орындайық..

2-тапсырма «Тепе-теңдікті сақтай жүріп,

 

гимнастикалық орындықтың үстімен жүру».

 Гимнастикалық орындықтын үстінде тепе-теңдікті

сақтап жүреміз.

Педагог жүріп көрсетеді. Балаларды да бір-бірден

гимнастикалық орындық үстінде тепе-теңдік сақтап

жүргізеді.

- Керемет, балалар, біз бұл тапсырманы да жақсы

орындадық.

Тауық:

- Менің балапандарым жақсы екен ғой. Мен бұларды әлі

кішкентай деп жүрсем... Енді үшінші тапсырманы

көрейік.

3-тапсырма.

Педагог:

- Мұнда, балалар, бізге аздап сергіп алуға берілген тапсырма

екен. Ендеше барлығымыз шеңберге тұрып, музыка әуеніне

билеп алайық. (балалар музыкалық сергіту сәтін жақсы

көрсетеді).

- Ой, тамаша балалар! Мен енді жұмбақ жасырамын, соны

тауып беріңдерші. (тауық, түлкі, қыс)

Аяз қысып,

Өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып, бет домбығып,

Сырғанап балалар ойнайды.

Бұл қай кезде болады? (қыс)

Қырда жүрер ол жортып,

Іні де жоқ бармайтын.

Құйрымен бұлтартып,

Қандай аң ол алдайтын. (түлкі)

Қыт-қыт етіп жүреді,

Балапанын ертеді.

Сап-сары мамықтай

Үлпілдек түрлері. (тауық)

Педагог:

- Балалар, тапқан жауаптарымызды біз үш тілде айтып

көрейік: қыс-зима-winter; түлкі-лиса-a fox; тауық-курица-

a hen.

Балаларға үш рет қайталату.

Тауық:

- Жарайсыңдар, менің балапандарым, сендер барлық

тапсырмаларды керемет орындадыңдар. Ал, балалар,

қараңдаршы, анау ағаштың бойында не жатыр?

Түлкі:

- Ұйқыдан оянып, сендер мені тәтті ұйкымнан ояттыңдар.

 

Барлық тапсырманы орындап болдыңдар ма? Ендеше,

сендерге жұмыртқаларыңды қайтарып берейін.

Тауық:

- Рахмет сізге, түлкі ханым! Менің себетімде қанша

жұмыртқа жатқанын білесіз бе?

Түлкі:

- Мен санай алмаймын ғой, Қане, балалар санасын?

Балалар сендер санай аласыңдар ма?

Балалар жұмыртқаны себеттен санап алады.

Түлкі:

- Балалар, сендер себеттен санап алдыңдар, енді соны

қайтадан кері санап, себетке салу керек? Қолдарыңнан

келеді ме?

Балалар, тез кері санап себетке салады.

Түлкі:

- Ал, сендер біз туралы тақпақ білесіңдер ме?

(Түлкі туралы тақпақ айтылады. Айкөркем, Рамина

тақпағын мәнерлеп оқып береді. Балалардың

коммуникативті-тілдік білімдері жетілдіріледі).

Айкөркем:

Түлкі деген қу ғой,

Жүрген жері шу ғой.

Жатып алып жағада,

Іздегені ду ғой.

Рамина:

Түлкі, түлкі қутыңдайсың,

Айналаңнан тың тыңдайсың.

Қанша қулығыңды асырсаң да,

Қасқырдан сен құтылмайсың.

Тауық:

- Рахмет, балапандарым. Сендер жақсы көмекші

екенсіңдер.

Түлкі: Жарайды, сау болыңыздар.

 

 

Рефлексивті-түзетуші

Іс-әрекетті қорытындылау:

 

Педагог: Үлкендер кішіге қамқор болу үшін не істеуіміз

керек?

Біз қандай үй құстарына (үй жануарлары) көмектестік?

Жануарлар қандай табиғатқа жатады? (тірі табиғат).

(балалармен әлеумет-мәдени қарым-қатынастар)

Балалар, түлкі сияқты болмауымыз керек, біз керісінше,

мейірбан болып, бір-бірімізге көмектесуіміз қажет.

Балалар, енді біз достығымызды көрсету үшін, қане, бәріміз

біріміздің артымызға біріміз тұрып, гимнастикалық

орындықтың үстінен өтіп, сырғанап көрсетейік. (балалар

бүгінгі жаттығуды қорытындылап, көрсетеді). Тауық балаларды мадақтайды. Сый-сыяпаттарын таратып

береді.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 2; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.149.234.188 (0.007 с.)