Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Міне, сонымен таң намазы толығымен аяқталды.

Поиск

Міне, сонымен таң намазы толығымен аяқталды.

 

Алла тағала ықыласпен оқыған намазымызды қабыл етсін!

Ескертулер:

  • «Ъ» әріпі қойылған жер араб тіліндегі «айн» әрпінің орны. Сондықтан ол жердегі әріп тамақтан қысыңқы жаңғыра дыбысталады.
  • «Һ» әріпі жеңіл іштен шығып, тамақта кедергіге ұшырамай дыбысталады.
  • «З» асты сызылған әріптер сақау болып дыбысталады.
  • «ИИ» екі рет жазылған әріптер созылып оқылады.
  • Қосымша сүре дегеніміз намазда Фатиха сүресінен кейін оқылатын кез келген сүрелерді айтамыз. Сондай-ақ, бір намазда қосымша сүре ретінде жазылған сүрелерді міндетті түрде оқу керек деп түсініп қалмаңыз. 114 сүренің кез келген сүресі мен аяттарын оқуға болады. Алайда, Фатиха сүресінен кейін бір сүре немесе ең кемі 3 аят яки ұзын 1 аят оқылуы тиіс.
  • Фатиха сүресінен кейін оқылатын қосымша сүрені «Бисмилләсіз» бірден оқиды.
  • Құран сүрелері мен намаз дұғаларының намаз кітаптарында әртүрлі берілетін жағдайлар кездеседі. Мәселен, бір кітапта «хәсәнатән» делінсе басқа кітапта «хәсәнәһ» деп беріледі. Мұның себебі, араб тілінің оқылу ережесіне сай жалғастырып оқығанда «хәсәнатән», ал тоқтап оқыған жағдайда «хәсәнәһ» болып өзгереді. Әр кітапта әртүрлі болып берілуінің себебі осында. Бұл екі үлгі де дұрыс болып саналады.
  • Имамға ұйып намаз оқитын адам ниет еткенде «ұйыдым осы имамға» деген сөзді қосады.
  • Таң, ақшам, құптан намаздары жария намаздарға жатады. Ал, бесін мен асыр намаздары құпия намаздарға жатады. Жария намаздардың парыздары жамағатпен оқылған жағдайда міндетті түрде жария оқылуы тиіс. Ал, жеке оқыған адам құпия оқуына болады. Алайда, құпия оқылатын намаздар жамағатпен де жеке оқылғанда да құпия оқылады.
  • Әйел адамдар парыз намаздарда қамат айтпай, бірден оқи береді.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.44.101 (0.007 с.)