Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Смарт(smart)-мақсат пен свот(swot)-талдау деген не.↑ Стр 1 из 2Следующая ⇒ Содержание книги
Поиск на нашем сайте
Smart сөзін ағылшын тілінен қазақшалағанда ақылды, тіпті қу немесе тапқыр, епті деген мағынаны білдіреді. Алайда, біз әңгіме жасағалы отырған жағдайдағы SMART ол сөз емес. Ол 1954 жылы Питер Друкер айналымға енгізген аббревиатура. Жалпы айтқанда мақсат дегеніміз ұмтылатын, қол жеткізуді жоспарлап отырған мәселенің ақырғы нәтижесінің сипаттамасы. Алға мақсат қою барысында «Осы мақсат орындалғанда мен неге ие боламын?» деген мәселенің маңызы аса зор. Сол сияқты, ие болатын нәрсе неғұрлым көп, үлкен болған сайын мақсаттың маңызы да арта түседі. Мақсат қою барысында әлемді, ортаны тыңдап, естіп, сезіп, байқай алу керек. Ол алға жылжу барысында пайда болатын кедергілер мен олардан өту жолдарын алдын ала анықтауға үлкен септігі тиеді. СМАРТ жетуді көздейтін мақсатты жүйелейтін әдістемелердің жиынтығы. Демек, мұндай әдістемелер біреу немесе екеу емес. Дейтұрғанмен, мен бұл мақалада аталған мәселені тегі австриялық американ экономисі, педагогы, публицисі, жиырмасыншы ғасырдағы ірі менеджмент теоретигі Питер Фердинанд Друкер(19 қараша 1909 жыл-11 қараша 2005 жыл) енгізген тұрғыда қарастыруды көздеп отырмын. Ал, ол бойынша мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін бес параметр бар. Олардың ағылшын және қазақ тіліндегі баламаларын қатар қарастырып көрелік: Specific- Нақты; Measurable- Өлшенетін(Өлшеуге болатын); Achievable- Қолдан келерлік; Realistic- Шынайы; Timed- Мерзімі анықталған.Демек, алға қойылған мақсат нақты, өлшенетін, қолдан келерлік, шынайы, орындалу мерзімі анықталған болу керек. 1. Мақсат нақты болу керек деген алға қойылған мақсат екіұшты емес айқын болу керек дегенді білдіреді. Атап айтқанда, «Жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз» деген мақсат айқын емес. Ал,ол айқын болу үшін егер жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз десек жоспарды мерзімінен қанша уақыт(сағат,тәулік, ай,жыл немесе т.б) бұрын орындайтынымыз нақтылануы керек. 2.Мақсат өлшенетін болу керек деген мақсаттың іске асқаны немесе аспағаныны байқалатындай, көрінетіндей болу керек дегенді білдіреді. Мысалы, «Жақсы адам болам» деген мақсатты өлшеу өте қиын, ал «Жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсатты өлшеуге болады. 3.Мақсат қолдан келерлік болу керек деген алға қойған мақсатты жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар болу керек дегенді білдіреді.Мысалы, негізгі мектепті тәмәмдап «Мен биыл жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсат қолдан келмейтін нәрсе. 4.Мақсат шынайы болу керек деген алға қойған мақсатты іске асыра алатындай мүмкіндіктер болу керек дегенді білдіреді. Мысалы, елуге келгеннен соң «Мен космонавт(турист емес) болам» деген мақсат ол бұл жаста қол жетпейтін жағдай. 5.Мақсаттың мерзімі анықталған болу керек деген мақсатты жүзеге асырудың нақты мерзімін анықтау керек дегенді білдіреді. Мақсатқа қойылатын осы параметрлерді мұғалімдердің үш айлық біліктілігін арттыру курстарының «Мектептегі тәжірибе» атты екінші кезеңіне байланысты талқылап көрейік. 1. Мақсаттың нақтылығы:мұғалімдердің үш айлық біліктілігін арттыру курсының бірінші айында үйренген, меңгерген теориялық материалдарды, әр түрлі стратегияларды мектеп практикасына қолданады. 2.Мақсаттың өлшенетіндігі:мұғалімдер өз мектептерінде зерттеуші, коуч, тәлімгер ретінде жұмыстар жүргізеді, портфолиоға қажетті материалдар, дәлелдемелер жинастырады. 3. Мақсаттың қолжетімділігі:бұл мақсат қолжетімді себебі, тыңдаушылар қажетті құзырлылықтарды игерді. 4. Мақсаттың шынайылылығы:бұл мақсат шынайы себебі, мұғалімдерге өз мектептерінде тәжірибеден өтуге мүмкіндік туғызылады, жағдай жасалады. 5. Мақсаттың уақытпен шектелгендігі:бес апта. Жалпы, 45 минуттық сабақтың мақсатын анықтағанда да осы параметрлер ескеріліну керек.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 4; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.222.91.173 (0.009 с.) |