Содержание книги

  1. Аудандық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясының төрағасы


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Аудандық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясының төрағасы



 

    Денисовка ауылы                                                                                                    село Денисовка                                                                                                          

 

Мәслихаттың 2020 жылғы  10 қаңтардағы № 2 «Денисов ауданының          2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 109-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Мәслихаттың «Денисов ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 2 шешіміне (2020 жылғы         15 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8881 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Денисов ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 

1) кірістер – 5 827 939,6 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсімдер бойынша – 919 161,0 мың теңге;  

салықтық емес түсімдер бойынша – 7 300,0 мың теңге; 

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 5 000,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 4 896 478,6 мың теңге;   

2) шығындар – 5 941 364,9 мың теңге; 

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 43 707,0 мың теңге, оның iшiнде: 

бюджеттiк кредиттер – 63 624,0 мың теңге; 

бюджеттiк кредиттердi өтеу – 19 917,0 мың теңге;   

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге, оның iшiнде: 

қаржы активтерiн сатып алу – 0,0 мың теңге;    

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 157 132,3 мың теңге;       

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –        157 132,3 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 4 тармағы мынадай мазмұндағы 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын:

«10)  «Автомобилист»  стадионының футбол алаңын ағымдағы жөндеу;

11) Қазақстан  Республикасында төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтердің төлемі бойынша халықтың төлемақысын өтеу.»;

5-тармағындағы:

18) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 19) - 25) тармақшалармен толықтырылсын::

«19) Қостанай облысының аумағындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою;

20) Денисовка а. Патрис Лумумба көшесіндегі 43 ғимаратты тұрғын үйге қайта жаңарту. Инженерлік желілер;

21) Денисовка а. Патрис Лумумба көшесіндегі 43 ғимаратты тұрғын үйге қайта жаңарту. Абаттандыру;

22) адамның иммун тапшылығы вирусы бар балаларға жәрдемақы тағайындау;

23) амбулаториялық емделуде жатқан туберкулезбен ауыратындарға әлеуметтік көмек тағайындау;

24) штаттық режимде жұмыс істейтін жалпы білім беретін мектептер үшін маскалар мен қолғаптар сатып алу;

25) Денисовка ауылының №40 бөбекжай-бақшасын ағымдағы жөндеу.»;

10-тармағындағы:

4) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) ауылдар мен ауылдық округтер аппараттарының шығыстарын өтеу.»;

көрсетілген шешім келесі мазмұндағы 13-1 тармағымен толықтырылсын:

«13-1. 2020 жылға Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін аудан бюджетіне кредит беру қарастырылғаны ескерілсін, оның ішінде:

Денисовка а. Патрис Лумумба көшесіндегі 43 ғимаратты тұрғын үйге қайта құру. Түзету.»;

көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің                                1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Денисов аудандық мәслихатының хатшысы

 

 

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 2; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.143.255.36 (0.006 с.)