Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

оғамдық дамудың Өркениеттік теориясы

Поиск

Экономикалық, мәдени, саяси байланыстардың өрістеуі нәтижесінде экономикалық, әлеуметтік, саяси формалар-дың (институттардың) біртектілігі (гомогеңдігі) күшейіп, халықтардың мәдени, ұлттық және діни салалардағы өзіндік ерекшеліктерін сақтауға ұмтылысы артады. Жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың оптимальды және тиімді механизмдерін айқындау процесі жүріп, жалпы адамзат игіліктерінің ортақтығы планетарлық өркениетті қалыптастырары даусыз айқын бола бастады. Сонымен бірге мұның өзі қоғамдық дамудың өркениетті теориясы қалыптасуының алғашқы кезеңі екенін де ескеруіміз керек. Мұндай теорияның қажеттілігі айқын сезілуде. Жоғарыда да атап өткендей, жалпы әлеуметтік және экономикалық мәселелердің кепшілігін дүрыс түсіндіргенімен, формациялық теория қазіргі күнгі түбірлі мәселелерді шешудің жолдарын іздестіруге негіз бола ал-майды.

Бүл халықаралық қатынастар саласы, қазіргі әлемдік мәселелер, экономикалық жаңғырту (реформа) және т. б. проблемалар.

Қоғамдық дамудың өркениеттік теориясын жасау жолындағы аса маңызды мәселелердің бірі — жүйе айқындаушы белгілерді іздеу болып табылады. Өркениетті тәсілдердің (бағдардың) негізінде адамзаттың негізгі мәселелерінің жалпы әлемдік сипат алуы және де өзара байланыстар мен өзара тәуелділіктің күшеюінің нақтылы фактілері, жалпы адамзаттық игіліктердің таптық, топтық, үлттық мүдделерден артықшылығын жете түсіну құбылысы жатыр. Шаруашылық өмірдің халықаралық сипат алуы, интеграциялық құбылыстардың дамуы материалдық және рухани өмірдегі қоғамдық универсалды формаларын айқындап, оларды дұрыс түсінуге мүмкіндік тудырады да, бүларға ең алдымен, жеке меншік институты (қүқығы) және оның нарықтық іс-әрекет ету механизмі, саяси қүры-лымдардың демократиялық принциптері, адамгершілік игіліктер мен адам қүқығы жатады. Сонымен өркениетті теория материалдық және рухани дамудың бірлігін айқындаушы белгілі бір формалар мен принциптердің жал-пылама және универсалдылығын мойындаудан туындайды. Бұдан өркениетті бір жүйелілік функционалды, яғни іс-әрекеттік немесе өзара әрекеттесуші және мән құраушы (яғни, мән-мазмүндық) сипаты бар екенін көреміз.

Халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, мамандану мен кооперациялық байланыстар белгілі дәрежеге жетіп, қоғамдық ұдайы өндіріс циклдерінің үндеушілігі дүние-жүзілік экономиканың нақты сипатына айналады.

Бұл өндірушілер мен түтынушылар арасындагы негізінен рыноктық байланысқа құрылған бір үдай іс-әрекет етуші экономикалық организм — біртұтас бүкіл әлемдік ұдайы өндіріс процесін қалыптастыруға алып келеді.

Сонымен қатар, адамдардың өзіңдік қоғамдық және адами болмысын терен түсінуге ықпал ететін күштердің ортақ сипаттарының күшейгені байқалады. Бұл сипаттардың негізін адамдар іс-әрекетіне белгілі мән бере алатын және олардың мақсаты мен бағдарын айқындаушы қабілеті бар жалпы адамзаттық қүндылықтар қалайды. Жалпы адамзаттық құндылықтар өркениеттіліктің іргетасын құрайтын объективті категориялар. Өркениеттің қазіргі типі ортағасырдың соңын ала қалыптаса бастады, ол кезеңде адам мен табиғат арасындағы өзара қарым-қатынас та алдыңғы қатарда техниканы, технологияны қолдануы, іс-әрекет, тәжірибеде пайдаланыла бастады.

Бүл өркениет техногендік деген атау алып, адамның қоғамдағы жаңа жағдайын, ең алдымен, теңдікті қамтамасыз ету мен жеке іс-әрекеттің еркіңдігін талап етеді. Соған қарамастан, жеке іс-әрекетті жүзеге асыру кезінде рынок заңдарының ықпалымен бәсекелестік нәтижесінде нақтылы теңсіздік пен тәуелділік көрініс береді. Бірақ та қоғамдық санадағы теңдік және еркіндік принциптерінің орнығуы, институциялық формалар (қүқықтық және саяси) мен қоргау шараларының қалыптасуы техногеңді өркениеттің өзіндік туындысы ретінде бүл қоғамдық емірдің принциптерін сақтауға мүмкіндік береді. Бүл өркениеттің қалыптасуыңда капитализмнің рөлі күшті екені даусыз. Техногендік өркениеттің рынок, жеке меншік, бәсеке, жалдамалы еңбек сияқты белгілері соның жүйесінде дамыды. Қоғамдық дамудың мәнін айқыңдаушы факторлардың мазмүны мен рөлінің (орнының) күшеюі экономикалық рыноктық механизмі, іс-әрекет сақталып отырғанымен де адамдардың емір сүру жағдайлары тек қана экономикалық қатынастардың жүйесімен ғана емес, көп жағдайда, өндірістік қатынастарға сыртқы фактор болып есептелетін қатьшастармен де анықталады. Сол себепті қазіргі Батыс елдеріне тән әлеуметтік әділеттік принципі, табысы ең аз топтар мүддесі үшін қайта бөлу, әр түрлі топтық мүдде-лерді еркін қорғау мүмкіңдігін және оларды мемлекеттік саясатта үйлестіріп отыру жағын капиталистік қоғамның артықшылықтарымен түсіндіруге әсте болмайды. Рынок өз мәнін экономикалық әрекеттердің универсалды әрі өте тиімді әдісі ретінде сақтай отырып, қоғамдық дамудың гуманистік принциптерінен туыңдайтын жаңа факторлардың өзгертуші әсеріне бейімделуі тиіс. Сонымен, "Рынок экономикасы" адамзаттың экономика-лық тарихындағы сапалы өзгеріс. Бүл жерде өндірушінің монополиялық статусы жойылып, ол сатып алушы (түты-нушының) рыногға айналады. Өндіруші (сатушы) өз алдына рынок құра алмайды. Рынок тек қана ерікті, өзінің тұтыну пайдасын таңдап алушы, сатып алушы болғанда ғана құрылады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 3; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.143.237.203 (0.006 с.)